Базалық жалпы білім беретін пәндер оқыту бағыттарына (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық) тәуелсіз міндетті оқу пәндері болып табылады. Инвариантты компоненттегі базалық жалпы білім беретін пәндердің тізіміне мыналар енеді: ана тілі, қазақ тілі (оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде) / орыс тілі (орыс тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде) шетел тілі, математика, адам және қоғам, өзін өзі тану, жаратылыстану, дене шынықтыру, ақпараттық технологиялар мен жүйелер.
Жалпы білім беретін базалық пәндер жүйесі орта білім беру мазмұнының функционалдық толымдылығын қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, міндетті пәндер базалық білім мазмұнының біртұтас негізі ретінде мемлекет мүддесін білдіреді, оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарға тартады.
Оқу орны бағдарлы оқытудың қандай да бір бағыты аясында қалаған бағдарын ұйымдастырады. Оқыту бағдарының мазмұны жалпы орта білім беруге арналған оқу жоспарының бағдар пәндері, мектеп компонентінің таңдау бойынша міндетті пәндері және ішінара оқушы компонентінің мақсат-мүддесі бойынша курстары есебінен қамтамасыз етіледі. Бағдар пәндерін, міндетті пәндерді, таңдау бойынша міндетті пәндер мен оқушы компонентінің мақсат-мүддесі бойынша курстарды үйлестіру есебінен әмбебап бағдарлы оқыту курсы ұйымдастырылуы мүмкін.
Бағдарлы пәндер жоғары сыныптардағы оқыту бағытын айқындайды. Жаратылыстану-математикалық бағыт физика, химия, биология, география, информатика пәндері құрамымен қамтамасыз етіледі. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытына әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, шешендік өнері пәндері енеді.
Базалық, бағдарлы пәндер жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты деңгейін қамтамасыз етеді.
Мақсат-мүдделер бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компоненті есбінен жүзеге асырылады. Мақсат-мүдделер бойынша курстар жалпы білім беретін бағдарлы пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз етуге немесе оқушылардың таңдап алған бағдарынан бөлек жеке мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Мақсат-мүдделер бойынша курстар қолданыстағы оқу бағдарламалары арқылы немесе оқушының жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып жасалған авторлық бағдарламалар арқылы белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |