Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда мына қағидалар басшылыққа алынады:
Қазақстан Республикасы белгілеген жалпы орта білім беру деңгейінің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты бағдарлы оқыту тұрғысындағы жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын айқындауға негіз болып табылады.
Бағдарлы оқыту моделі оқушылардың білім алуға деген талап-тілектеріне, оқу орнының білім беру процесін, соның ішінде әлеуметтік серіктестерді қатыстыра отырып ұйымдастыру мүмкіндіктеріне сәйкес таңдалып алынады.
Бағдарлы оқыту бағдарламалары 11-12-ші Бейінді мектеп сыныптарында жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру мазмұны 11-12-ші Бейінді мектеп сыныптарында, сондай-ақ, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың 1–2 курстарында оқытылады.
Білім беру мазмұны оқу бағдарламалары мен әдебиеттерінің вариативтілігін қамтамасыз етуді, интеграцияланған оқу курстарын қолданысқа енгізуді, мектептің өз бағдарлы оқыту бағыты мен бейімін, оқушының өз курстар құрамын таңдап алуын талап етеді.
Оқытуды саралау ісі оқытып-үйретудің тиімді технологиялары арқылы қамтамасыз етіледі. Ол жоғары сынып оқушыларының зерттеу жүргізуін, пікірсайсын, құрастыру, жобалау секілді жұмыстар атқаруын ұйымдастыру мәселелерін де қамтиды.
Бағдарлы оқыту мазмұнын жүзеге асыру кәсіби ой-өрісі кең, технологиялық мәдениеті жоғары педагогтың ғана қолынан келеді.