Балабақша – бақыт мекені


Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік



бет2/10
Дата30.05.2017
өлшемі2,6 Mb.
#17219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында» Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың, Мыстан кемпірдің ,тауықтың, хат тасушының карнавалдық киімдер-іне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту; бірлескен ойындар ойнату.Хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Алдын -ала жұмыс:Залды безендіру,Мереке байланысты тақпақтар,әндер ,билер дайындау. Репертуарда: -Ән: 1.Туылып шырша орманда.В лесу родилось елочка; 2. Елочка; 3. Jingle Bells;
4.Шыршаға бардық; 5.Жаңа жыл. -Би: 1.Рок-н-ролл; 2.Ақшақарлар; 3.Аяз аталармен мен ақшақарлар" 4.Балапандар. -Тақпақтар:Барлық балалар. -Ойын: 1. Қар жинау; 2.Шыршаны безендірейік; 3. Кім биші(ата-аналармен); 4.Шырша және томарша. Қатысушылар:Жүргізуші,Аяз Ата, Ақшақар,Тауық,Мыстан кемпір, балалар, ата-аналар, ұстаздар. Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарына қар ұшқынын ұстап келіп, билейді. Жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар:Жаңа жыл! Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар:Шырша! Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншқтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Тақпақтар : 1.Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп жатады. Камила 2.Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді. Александра 3.Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады. Тайсия. 4.Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып. Нұршақ
Аяз Ата келдің бе?
Балаларды сағынып. Жүргізуші:Жарайсыңдар,рахмет!Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық. Ән:"Туылып шырша орманда.В лесу родилось елочка" Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді? Балалар:Аяз ата, Ақшақар. Жүргізуші:Балалар ,тыңдаңдаршы біреу келе жатқан сияқты. Хат тасушы келеді. Хат тасушы:Сәлеметсіңдер ме балалар?Мен сендерге хат алып келдім ,-деп тәрбиешіге тапсырады. Жүргізуші:Балалар,мына хат кімнен келген екен қызық болып тұр маған.Тездетіп ашып оқып берейін сендерге. Хатты оқу: Сиқырлы орманда , Безендіріп шыршаны. Бүгін баршаңызды, Ғажайыбы мол өлкеме шақырамын. Игі тілекпен :Аяз ата ,-деп қойыпты . Жүргізуші:Ал,балалар жаңа жылды қарсы алу үшін сиқырлы орманға аяз атаға барғыларың келе ме ? Балалар:Иә. Жүргізуші:Олай болса бәріміз көзімізді жұмып ,1,2,3-деп санап сиқырлы орманға барайық. Әуенмен Мыстан кемпір атып шығады. Мыстан :Ай -ай -ай менің сиқырлы кітабымды ашып ,менің барлық ойымды құртқан сендер екенсіңдер ғой .Мен қазір сендерге көрсетееееееееееееемін.Сендер мұнда нестеп жүрсіңдер? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы сиқырлы үйшіктің кілтін алып кеттім.Енді Аяз ата сендерге сыйлық бермейді ха-ха-ха. Жүргізуші::Сен неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Мыстан:Ә, бәлем солай ме екен?Мен үйшіктің кілтін қайтару үшін маған сендер қар жинап берулерің керек ,сонда ғана үйшіктің кілті Аяз атаға қайтарылады. Ойын:Қар жинау. Шарты:Мыстан кемпірдің екі шелегіне балалар қарды лақтырып толтыру қажет.Ал,мыстан кемпір қашып жүреді. Мыстан кемпір үйшіктің кілтін алып кетеді. Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі. Балалар :Аяз ата ,Аяз ата,- деп айқайлайды. Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар келе жатыр-ау деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық. Балалар:Аяз ата, Ақшақар! Аяз Ата:Сәлеметсіңдер ме, балалар, Балаларым балғыным, Күнтізбеде жалғыз ғана бір парақ. Өмір гүлі шалғыным. Дайындалдым жыл бойы, Тілегенім жыл бойы Жолға шығар келді уақыт. Сендердің денсаулығың. Шақырымды жүздеген, Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарың құтты Басып өту мен үшін, болсын! Жолда басқа балалаларға кіріп, сыйлықтарын беріп, сендерді күтіп алуға кешігіп қалыппын ғой. Жасыл шырша түбінде, Кездесем деп сендермен Таратсам егер сыйлықтар Одан асқан не сый бар, Қуаныш сыйлау балаға. Одан зор бақыт бола ма! Сендерді көргеніме сондай бақыттымын! Жүргізуші:Қош келдіңіз Аяз ата! Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Балалар:Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат. (3 рет айту керек). Шырша жарқырайды. Жүргізуші:Аяз ата отырып ,біздің балалардың шыршаға арналған тақпағын тыңдаңыз. Тақпақтар: 1.Здравствуй, праздник новогодний, Праздник елки и зимы! Абзал, Всех друзей своих сегодня,             Позовем на елку мы. 2.Наша елка высока, Наша елка велика, Выше мамы, выше папы,         Айқан Достает до потолка. 3.Снег идет, с нег идет! Значит, скоро Новый год! Дед Мороз к нам придет,             Арсен Всем подарки принесет! 4.Шубка, шапка, рукавички. На носу сидят синички. Айару. Борода и красный нос-  Это Дедушка Мороз! Ән:"Елочка" Аяз ата: Қандай тамаша! Шыршамызда әр түрлі шамдар жанып тұр, балаларымыз өте көңілді.Балалар сонда менің Ақшақарым қайда жүр екен? Ол әлі бізге келмеді ма? Кім тауып береді екен маған? Жүргізуші:Аяз ата мүмкін біздің балалар би билеп берер ,сонда сіздің қызыныз келіп қалар. Би:"Рок -н-ролл" Аяз ата:Бәрекелді, бәрекелді!Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай биден кейін кідірмес. Әуен ойналады ақшақарға. Мыстан кемпір келеді. Мыстан кемпір:Мәссаған,қандай керемет ақшақар болған!Керемет қарсы алады екенсіңдер.Биылғы жылдан бастап мен сендердің ақшақарларың боламын.Болды шешілген мәселе. Аяз ата:Жоо,жооқ менің ақшақарым сұлу болған . Мыстан кемпір :Немене мен сұлу емеспін бе сонда ? Жүргізуші:Дұрыс айтасыз аяз ата,сіздің қызыңыз сұлу болған.Балалар сендер көрмедіңдерме ақшақарды? Балалар: Жоооқ көрмедік. Жүргізуші:Аяз ата, мен жұмбақтап жіберсем қайтеді?!Мүмкін сонда келіп қалар ақшақар. Ертегідей орманнан, Көктей өтіп келеді, Сұңқар бойлы бір сұлу Табыңдаршы, аты кім? Балалар:Ақшақар! Әуенмен ақшақар келеді. Жүргізуші: Міне, балалар біздің Ақшақарда келді. Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Орманды көктей жеттім-ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша.

Жаңа жыл құтты болсын! Аяз ата қасына мен де еріп келемін. Сендердей балғын достарға Иіліп сәлем беремін.- Мен шырша тойына келе жатыр едім. Аяқ астынан қатты жел соғып, аздап адасып қалдым. Жүргізуші:Ақшақар қош келдіңіз!Біздің балалардың сізге дайындаған ағылшын тілінде тақпақтары бар,қабыл алыңыз. Тақпақтар: Александар:Winter, winter, winter! The snow is falling, The wind is blowing, The ground is white All day and all night. Регина:Jingle bells, jingle bells,


Jingle all the way.
Jingle bells, jingle bells,
Hurray, it’s Christmas Day! Диана:At the New Year Party New Year day, happy day, We all dance and sing and say, “Welcome, welcome, New Year Day!” Ән: "Jingle Bells "
Аяз ата:
Бәрекелді, балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Олай болса ойын ойнайық балалармен . Ойын :"Шыршаны безендір" Аяз ата: Жарайсыңдар,балалар! Аяз ата :Ой қызым менің сиқырлы үйшігімнің кілті қайда? Ақшақар: Білмедім ата . Аяз ата:Балалар көрмедіңдерме үйшіктің кілтін ? Балалар:Үйшіктің кілтін Мыстан кемпір жаңа алып кетті. Мыстан кемпір:Жоқ ,жоқ менде жоқ. Аяз ата:Кәне мыстан жаныңның барында айт тез.Мендегі заттың бәрі сиқырлы .Қазір мен мына сиқырлы таяғыммен сені қатырып тастаймын. Мыстан кемпір:Жарайды,жарайды (балаларға ренжіп қарап)менің бір шартым бар .Соны орындасаңдар мен сиқырлы үйшіктің кілтін қайтарамын. Жүргізуші:Ол қандай шарт?Айтыңыз біздің балалар барлық шарттарыңызға дайын . Мыстан кемпір:Маған ән орындап берсін.Мен музыканы сондай жақсы көөремін.(ата-аналардың қасына барып отырады,) Ән:"Жаңа жыл" Мыстан кемпір:(ән біткен соң қайта сахнаға жүгіріп келіп )Балалар маган ұнап қалдыңдар сендермен ойын ойнасам болады ма? Балалар: Иә. Ойын:"Шырша және томарша" Мыстан кемпір :Рахмет балалар ,мені аяз ата қатырмай тұрғанда жылдам барып үйшігінің кілтін тауып келейін. Сахнаға тауық шығады. Балапандармен билеп. Тауық:Мен тағы бір қонақпын, Он екі жылда оралар. Үлкендерге ақ ниет, Сіздерге де ақ ниет Сіздерге мың рахмет Тауық:Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба?! Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым. Уақытында жеттім бе? Жүргізуші :Қош келдіңіз Жаңа жыл!Төрлетіңіз біздің балалардың сізге дайындаған өнерлерін тамашалаңыз. Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол жаңа жыл. Тауық: Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар. Аяз ата:Бәрекелді, ал, енді сіз келместен бұрын кішкентай балғындар сізге не әзірледі екен, соны көрейік.

Тақпақтар:1.Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын Досбол
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын 2.Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы, Айсана,
Көз тоймайды қараса.
3.Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді Бақдаулет,
Бізге қарай жылыстап. 4.Даламызға қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді. Гүлнұр. 5.Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді, Аружан.
Жаңа жыл аппақ.
Би:"Аяз аталармен мен ақшақарлар" Жүргізуші:Келесі кезек ата-аналармен ойынға берейік. Ойын : "Кім биші?" Аяз ата:Бәрекелді балалар!Ата -аналарымыз жарқырап айналаға қуаныш сыйлауда.Ата-аналардың құрметіне ән айтып, би билейік. Ән:"Шыршаға бардық " Мыстан кемпір :Міне ,аяз ата сиқырлы үйшігіңіздің кілті ,сыйлығыңызда өзіңізге.Осы үйшіктің кілтін қуамын деп шаршаааааап кеттім.Бір тынымсыз екен өзі. Аяз ата:Міне ,балалар менің сендерге сыйлығым ,-деп қапшығын төгеді.Ішінен қарлар шығады. Аяз ата:Ой ,ой менің сыйлықтарым қарға айналып кетіпті . Мыстан кемпір :Міне ,аяз ата сиқырлы үйшігіңіздің кілті ,сыйлығыңызда өзіңізге.Осы үйшіктің кілтін қуамын деп шаршаааааап кеттім.Бір тынымсыз екен өзі. Аяз ата :Мыстан кемпір ,Ақшақар маған көмектесіңдер,мына қарларды сиқырлы үйшікке салып сыйлыққа айналдырайық. Мыстан кемпір үйшікке қарды салады,ақшақар үйшіктің артынан сыйлықтарды шығарып балаларға ұсынады. Мыстан кемпір :Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін. Барлық жандар бір тілекке қосқан үн, Бақыт боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той боп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым. Аяз ата:Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін алыс жерден шаршап келгенде бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе, қызым?! Ақшақар:Әрине қандай сүйкімді балғындар! Аяз ата:Жаңа жылда бақыт, мол болсын, Уайым-қайғың жоқ болсын, Ұлың назарлы, қызың ажарлы болсын! Әумин. Жүргізуші:Міне, біздің мереке аяқталуға таяп қалды. Кәне, балалар ортаға шығыңдар. Барлығы:Жаңа жыл құтты болсын! Аяз ата:Ақылды, өнерлі болыңдар. Ал, Ақшақар қызым, біз жолға шығайық. Ақшақар:Кездескенше, балалар! Аяз ата:Сау болыңдар, қарақтарым! Балалар:Сау болыңыздар! Жүргізуші:Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда, тек жақсылық көріңіздер.Жылау, ауру, жамандық қастарыңызда болмасын.Сау болыңыздар!

«Қыс қызығы» отбасылық спорттық жарыс. Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да , тәнінің де тазаруы, денсаулы-ғының нығайуы , салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: доптар, кеглилер,қар, шаңғы, үлкен қолғап, себеттер, қаптар,шы рша,шыршаның ойыншықтары,плакат,маркер,түрлі-түсті қалам . Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың, Сауығып айдай толарсың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боларсың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінгі «қыс қызығы » атты отбасылық жарысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Көңілді сайысымызға ортаңғы"Қарлығаш" тобының бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады. Жарысқа қатысушыларды шақырамыз, Әр таңды бақытпенен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Жарысқа қатысуға енді ортаға - командаларды шақырамыз. 1-Аққала командасы. 2-Шырша командасы. Жүргізуші:«қыс қызығы»атты отбасылық сайысы - балабақшамыздағы отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық. Спорттық жарыс ойынының шарттары:

  1. Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.

  2. Мәреге кім бұрын?

  3. Шаңғышылар.

  4. Кім жылдам ?

  5. Кім мерген?

  6. Аяз атаның қабымен секіру

  7. Қар жинау

  8. Шыршаны безендіру

Ал, құрметті халайық Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. Жарысымыздың әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болайық: 1. Тауық жаңа жыл 2. Ақшақар 3. Мыстан І -кезең: «Мәреге кім бұрын?» Ойын шарты:Жүргізушінің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып жалаушадан айна лып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді. ІІ -кезең:«Шаңғышылар» Ойын шарты:Бастапқы орыннан ойыншылар шаңғымен сырғанап,шыршаны айналып келу. Шыршаны айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске жетеді. ІІІ-кезең: «Кім жылдам»ата-аналармен Ойын шарты: Тақтада берілген плакатқа бір ата-ана көздерін жұмып,шыршаны салады,екінші ата-ана сол шыршаны бояу керек. ІV-кезең:«Кім мерген?» Ойын шарты: Алдыда тұрған 5 – 6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар жарылса, сонша ұпай жазылу керек.

Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау, Бойкүйез болма, еріншек. Айналысып спортпен, Талаптан, жаттық еңбекпен. V-кезең: «Аяз атаның қабымен секіру» Ойын шарты:Аяз ата қапшығының ішіне кіріп ,сол қапшықпен секіру қажет. VІ-кезең: «Қар жинау» Ойын шарты:Ойыншы бастапқы орыннан орындық үстімен жүгіріп қасықпен қарды себетке жинау, кері қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші ойыншы ойынды жалғастырады. І - кезең:«Шыршаны безендіру» команда капитандарының сайысы. Ойын шарты:Ортаға команда капитаны әкесі алып шығып ,қыстырғышқа ойыншықтарды іліп ,әкесін шырша етіп безендіреді. Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тарасса бізге жарады. Би: "Кукарелла" (Балдәурен тобының орындауында) Жүргізуші: Жарысымыздың қорытындысын шығаруға әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. Әділ қазы алқалары жарысқа қатысушыларға жүлде беріп ,мадақтамалармен марапаттайды. Жүргізуші:Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!Өмірде бақыттысың денің сауда.Денсаулық терең бақыт деген сөздіҚұр айтпаған Ұлы Абай данамыз да. Құрметті бүгінгі жарысымыздың қонақтары!Сіздерге көп-көп рахмет !

Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік Тақырыбы: «Анашым -асылым» Мақсаты:Әр адам үшін басты тұлға-Ана туралы түсіндіру.Балалардың тілдерін,ойлау қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын,құлпыруын балаларға жеткізу.
Алдын -ала жұмыс:Балаларға тақпақтар жаттату,залды безендіру,мереке байланысты көріністер дайындау.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер,ойынға қажетті құралдар, техникалық құрал.
Репертуарда: -Ән: 1.Көктем; 2.Ақ әжем; 3.Анашым менің,Мамочка моя, Mаmу,dear mаmу ; 4.Мама солнышко мое; 5.Сенің анаң алтын-менің анам алтын. -Би: 1.Қара жорға; 2.Көктем; 3.Әжелер. -Тақпақтар:Балалардың орындауында. -Ойын: 1. Кір жуу; 2.Әжелердің жібін орау; 3. Кім жылдам(әжелермен); 4. Көмекші әкелер(әкелермен); 5. Қыздарға гүл сыйлау. -Көрініс :"Әжелер әзілі" -Диалог :Ұлдар және қыздар арасында.Зал әсем безендірілген.Ұлдар әуенмен залға кіреді. Ортаға 3 ұл шығады: 1)Мереке, мерекеде келіп қалды, Бізде бәрі дайындық. Айдар Қазір қыздар келеді, Сазайыңды береді. 2) Айттымғой мен сендерге , Үлгермейміз қазір деп. Талғар Бәріне қыздар кінәлі, Өлең айтып болғаны. 3)Ұлдар ,ұлдар ұрыспаңдар, Әне өздеріде келіп тұр. Көңілдірек қарсы алайық, Серік Біздің қыздар келіп тұр.
Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
                    жайдарлы бола берсін дейміз! Ортада Ортаңғы "Қарлығаш" тобының бүлдіршіндерінің 3 тілдік құттықтау сөзін қабыл алыңыздар!
Ақсауле:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
           Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
            Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
            Мерекелеріңіз құтты болсын! Дильназ: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
            От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
            Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем! Досжан: Dear Mummy, Dear  Granny!
            I want you to be happy!
            On the eights of March
            I love Mummy, I love Granny
            I wish them health
            I wish them wealth!     Ән:"Анашым менің ;Мамочка моя;Mаmу,dear mаmу, "
Тақпақтар
: 1.Үн қатамын бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым, Назерке Сегізінші наурызбен 2.Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың, Рабиға
Анаға айтар лебізі. 3.Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің. Гүлфайруз
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін 4.Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан Диана
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым! 5.Алақай-ау,алақай Үйге келді мамамыз, Регина Сол сәт барлық балақай Мәз-мейрам боп қаламыз. Диалог: 1.қыз: Жанерке қарашы маған Досжан сақина сыйлады.
               2.қыз: Қойшы Ақсауле сақина сыйлағанша одан да неге би   сыйламайды
               1.қыз: Әрине олардың биі  де дайын Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттерімізді шақырайық. Би: « Қара жорға»   
Жүргізуші:
Рахмет,  жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді  тарту еттіңдер.
           Ал, бүгін қыздардың  да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызға кір жуып көмектесейік....


Ойын: « Кір жуу» 
Шарты:Екі ұл шығып,Әуен баасталғанда ыдыстағы кірленген киімдерді жуып,жаю керек.Әуен біткенде кім бірінші аяқтаса сол жеңімпаз атанады. Диалог: 1.ұл: ( галстугін дұрыстап)Арсен маған қарашы мен әдімімін   бе?
                2.ұл: И....и...Досжан саған не болған?
                1.ұл : Не болушы еді,  қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
                2.ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр, ал біздің қыздар күннен  күнге құлпырып бара жатыр.
                1.ұл:Ия... (күрсініп)
                2.ұл: И... Расул  күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз   
                Бірге: Олай болса қыздарымызды ортаға шақырайық  .
Ән : « Көңілді күн » (Ақсауле,Жұлдыз,Рабиға,Гүлфайруз) Жүргізуші: Баласы үшін анашым  
                      Күндері аз ғой көз ілген
                      Ардақты ана қарызбын өзіңе- дей отырып аналарға тағы ән сыйлайық. Ән: « Мама солнышко мое»  Жүргізуші:  Ақ қар еріп, су көбейіп,
                      Сай салада ағады.
                      Бүршік шашып,
                      Жапырақ  ашып,
                      Гүл бәйшешек басады...
              Мал маңырап, төл  жамырап,
             Жайлау малға толады.
             Айтыңдаршы бөбектерім,  
              Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде! Әуенмен залға гүлдер шашып Көктем кіреді. Көктем: Армысыздар балақайлар!
                   Әзиз әже, назды апайлар!
                    Мол шуақты ала келдім,
                    Қуаныңдар балақайлар,
                    Мен құлпырған көктеммін,
                    Келіп жеттім бүгін мен.
                    Шаттаныңдар мейірімді аналар,
                    Бұл мереке тек сіздерге  арналар. Жүргізуші:Рахмет,Көктем.Біздің балалардың сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ-әндері  мен билері де бар. Тақпақтар:  1.Көктем күні керемет,
Жаңбыр жауар себелеп. Серік
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
                  2. Бар табиғат нәр алып,
                     Шыға келер жаңарып.
                     Қызғалдақ боп құлпырап,
                     Көктем – біздің балалық. Талғар 3.Көктем келді қуантып, Күн шуағы нұрланды. Аналарға келеміз, Құшақ-құшақ гүл алып. Айқан
Ән: «Көктем» Би: «Көктем»
Көктем :
Балалар ,мен сендермен өзімнің гүлдеріммен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: "Қыздарға гүл сыйлау" Шарты: Бес жұп ортаға шығып,Әуен басталғанда вальс билейді.Ортада тұрған гүлді,әуен біткенде гүлді алып,ұлдар өз қыздарына ұсыну қажет. Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
                    Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
                    Әжетай сені жақсы көремін деп,
                    Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.    Ән: «Ақ әжем» Жүрізуші: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізге арнап тақпақ айтып берейік.


Тақпақтар: 1.Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем. Дильназ
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем. 2.Әжем менің әлі де , Ұқсамайды кәріге. Шай қайнатып береді , Асылым Керек десең бәріне. 3.Тірегі болып жаныңда , Бірге еріп жүремін. Жанашырым жанымда , Жұлдыз Тек әжем деп білемін. 4.Балапаным дейді әжем, Балақайым дейді әжем. Ұзақ күнге тынбайды, Ермұхаммед Еркелетіп біздерді. 5.Әжем менің ақ әжем , Аппақ әжем пәк әжем. Басқалардай емессіз, Айдос Сүйкімді сіз әлі әжем. 6.Мен әжемді, Өте жақсы көремін. Жұмсағанда айтқанына көнемін. Оңашада , Жанерке. Үйде қалсақ екеуміз. Өлең айтып ,биде билеп беремін. Ойын:"Әжелердің жібін орау" Шарты:ортаға 4 бала шығып,дөңгеленген жіпті әрі қарай жалғастырып орау қажет.Кім бірінші орап аяқтаса жеңімпаз атанады. Көрініс :"Әжелер әзілі" Би:"Әжелер" Ойын: «Кім жылдам»(әжелермен) Шарты:Ортаға 5 бала өз әжелерін алып шығады.Әжелер қолдарына берілген ботқаны немерелеріне жегізу қажет. Ән: "Сенің анаң алтын-Менің анам алтын" Көктем : Менің балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!
 ( Сыйын үлестіріп болған соң қоштасып шығып кетеді)      
Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер,
                     Біздің балаларымыздың дайындаған,
                      Мерекелік шарамыз  аяқталды! 
                      Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық. Балалардың сіздерге арнап жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар



Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет