Балабақша – бақыт мекені



бет1/10
Дата30.05.2017
өлшемі2,6 Mb.
#17219
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Балабақша – бақыт мекені .
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса құба-құп болар еді. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық №1«А-Айя» балабақшасында Абилова Айман Сергейқызы директорлық қызмет атқарып,осында 28адамды жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. Балабақшада 18 педагог қызмет етеді. Екі жүзге жуық балдырған жеті топ­қа бөлінсе, екі топ орыс тілінде жұмыс істеп тұр. Баланың жасына сай оқу қызметтері, сонымен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі,сөйлеуді дамыту, математика,айналамен таныстыру, валеология, сауат ашу секілді пәндер оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залдар жұмыс жасап тұр. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша ұжымы облыс, қала көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Бірнеше рет алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбие­шінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына ла­йықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балдырғандырымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Мойынбаева Гүлмира Құралбайқызы, Қызылорда қаласы №1«А-Айя» балабақшасының тәрбиешісі.

Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік Тақырыбы:«Күз жомарт» Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пай-дасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Репертуарда: -Ән: 1. «Күз жомарт» 2. «Жаңбыр» 3. «Күзгі жапырақтар» 4. «Күз келгенде». -Би: 1. «Қолшатырлы қыздар» 2. «Көкөністер ». -Тақпақтар:Күз туралы -Ойын: 1. «Егіншілер». 2. «Шалқан». 3. « Кім жылдам?». 4. «Қандай жеміс». Көрініс:Көкөністер таласы:Пияз,қырыққабат,картоп,қияр,қызылша,қызанақ. Таңғажайып сәт:Дәрігер Айболи (Балалар қолдарында жапырақтарды ұстап әуенмен кіріп, билейді.) Жүргізуші: Құрметті ата- аналар,әріптестер «Күз жомарт» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары!Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз.Биылғы жылдың Күз жомарты отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін! Олай болса "Қарлығаш" тобы дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер! Ортаға екі бала шығады: Жұлдыз: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді! Айдар : Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып ән салайық! Жүргізуші: Балалардың әсем әндерін қабыл алыңыздар! Ән: «Күз-жомарт». Көрініс:Көкөністер таласы
Жүргізуші:
Қияр менен қызанақ
Жанжалдасып бір күні
Көкөністер арасында
Туғызыпты күңкілді Көкөністер:
Арамызда біздің
Ең қадірлі кім?
Адамзатқа пайдалы
Қажеттіміз кім?
(осы кезде пияз жылап шығады) Пияз :
Арамызда достарым,
Жасыл түсті баламын.
Айтқаным егер болмаса,
Жылатып өшті аламын.
Қырыққабат:
Маған да сөз берсейші
Борщ менен жасалар

Адамзатқа пайдалы


Еңбегім бар ақ адал Қияр:
Мен қиярмын, қиярмын
Мақтанбай қалай тұрармын
Сендерден бұрын мен пісіп
Дастарханда тұрармын
Қызылша:
Мен әдемі қызылшамын
Қабыл ал менің сәлемім
Мақтанбай – ақ біледі
Мені барлық әлемің Сәбіз:
Дәруменнің өзімен
Адамзатқа пайдам көп
Мен кәдімгі сәбізбін
Бәріңнен де пайдам көп
Қызанақ :
Көп сөйлеме сәбіз сен
Тоқтасаңшы азырақ
Мен тұрғанда мақтанба
Бұл мен көкең – қызанақ Картоп:
Таласпаймын ешкіммен
Өз орнымды білемін
Өйткені мен картоппын
Белгілі өзі – ақ керегім Жүргізуші:
Тоқтатайық таласты
Керегі не жанжалдың
Адамзатқа пайдалы
Бәрің – бәрің қажетсің Балалар бізге көкөністер келіпті,ендеше біз осы көкөністермен ойын ойнайық. Ойын: «Егіншілер». Ойын шарты:Екі топқа бөлініп,себеттерде берілген көкөністерді ,жерді қазып,егіп,оны суғару қажет Қай топ бірінші келеді ,сол топ жеңімпаз. (есік қағылып дәрігер Айболит кіреді) Балалар: Саламатсыз ба ,дәрігер Айболит!!!
Айболит: Аманбысыз, достарым!
Бұл не тартыс, таластарың?
Жүргізуші:
Бар ауруға ем болар ,
Дәрумен көп бойында.
Көкөністің қайсысы,
Өте қажет адамға дауымыз осы АйболитАйболит'> Айболит:
Дені сау күшті болатын бала,
Сүйіктісі көкөністер.
Орның бөлек білсеңдер дара,
Бәрің- бәрің керексіңдер.
Осы сендердің араларыңда кім науқас? Жүргізуші: Жоқ дәрігер Айболит біз бәріміз саумыз! Айболит: Мүмкін мен мекен -жайдан жаңылған шығармын (менің көзілдірігім қайда мына қағазды оқимын) Жүргізуші: Дұрыс. Біздің балабақша, біздің топ. Сізге бұл шақыруды біз жібердік. Біздің ертеңгілігіміздің қонағы болсын- деп , Айболит атай. Айболит: Ой, мен сондай қуаныштымын. Сендердің дендерің сау болса, онда мен сендермен біргемін. (төрге отырады)

Жүргізуші: Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік,тамашалаңыз. Ән: «Жаңбыр». Тақпақтар: Досжан
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз .
Ермұхаммед:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс ,
Алдық өнім сыйыңды.
Ермек:
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз. Жүргізуші: Енді, Айболит атай өзіңізге арналған «Қолшатырлы қыздар » биін қабыл алыңыз. Би: «Қолшатырлы қыздар». Ойын: «Шалқан». Жүргізуші:
Тобымыздан біз бүгін,
Күз аруын таңдайық.
Жеміс болып киінген,
Аруды қарсы алайық.
(ортаға жемістерді шақырамыз)
Жемістер: Алма:
Алма бақта алмамын,
Өте тәтті бар дәмім.
Алтын күздің сыйымын,
Дәруменің бірімін.
Алмұрт: Алмұрт деген жеміспін,
Күз айында мен пістім.
Дастарханның сәнімін,
Мені сүйер бүлдіршін.
Шие:
Мен кәдімгі шиемін,
Бәрінен ерте пісемін.
Бау- бақшаның сәнімін,
Өз орнымды білемін.
Жүзім:
Жүзім, жүзім, жүзіммін,
Жемісіңмін күзіңнің.
Мөлдіреген моншақтай,
Сабағыма тізілдім. Айболит: Балалар сендердің жемістеріңмен ойын ойнайық, қазір ортаға бір баланы шығарып көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз, жемістерді сипап көріп қандай жеміс екенін ажыратамыз. Ойын: «Қандай жеміс?». Ән: «Күзгі жапырақтар». Жүргізуші : Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге арналған «Көкөністердің» биін тамашалаңыздар. Би: «Көкөністер». Айболит: Рахмет сендерге, балалар! Өте өнерлі екенсіңдер. Сендердің мерекелеріңе ата-аналарың келіп отыр екен. Мен олармен ойын өткізейін деген ойдамын!

Ойын: « Кім жылдам?».
(2 ата-ана шығып жемістерді жеу керек. )
Айболит: Өте тамаша. Менің кететін уақытым болды. Рахмет сендерге, балалар,ата-аналар! Келесі кездескенше, сау болыңдар!
Жүргізуші:

Күз тойын осыменен тамамдайық


Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
Ән: «Күз келгенде».

Жүргізуші: Міне, балалар , ата-аналар осымен «Күз жомарт» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз, Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет