Балабақша – бақыт мекені


Күтілетін нәтиже: Нені игерді



бет8/10
Дата30.05.2017
өлшемі2,6 Mb.
#17219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Күтілетін нәтиже:
Нені игерді:
Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін игеру.
Нені меңгерді: Гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды меңгеру.
Нені біледі: Бөлме гүлдерін күтіп –баптау жолдарын білу.
Ашық ұйымдастырлған оқу қызметі. Білім беру саласы:"Таным" Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: «Абайлаңыз,бағдаршам»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Билингвальды компонент: Бағдаршам-светофор, жол белгілері-дорожные знаки, жол қауіпсіздігі- безопасность дорожного движения.

Мотивациялық-қозғаушылық:
Сәлемдесу. Психологиялық сәт.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
Ұйымдастырушылық-іздестіру: Жұмбақ жасыру
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? -«бағдаршам».
- дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін біз «Абайлаңыз,бағдаршам» атты тақырыпты өтеміз, яғнижолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)
- суретте не көріп тұрсыңдар?
- үш түсті дөңгелек бар.
- үш түсті кім атап береді?
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
-Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. - Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.
Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру, мағынасын түсіндіру. Сергіту сәті.
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.
- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ. Рефлексиялық -түзетушілік:
- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
- Бағдаршам туралы.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
- Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
- Балалар, оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін.

Ашық ұйымдастырлған оқу қызметі. Білім беру саласы:"Таным" Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: «Өмірімізді сақтайтын - бағдаршам»
Мақсаты:
балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер. Теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету. Түрлі – түсті қарындаш, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.

Билингвалды компонент: Бағдаршам-светофор ,Көлік -транспорт ,көше-улица,жол-дорога , жиек жол-граница дороги ,аялдама-остановка . Мотивациялық қозғаушылық:
Армысың - Алтын Кун
Армысың – Көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос
Жарқырасын күніміз. Ұйымдастырушылық -іздестіру: - Балалар, Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың күз мезгілі
- Күз айларын кім айтады?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Ал қазір күздің қай айы?
- Қазір қыркүйек айы.
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Күн суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді.
Жұмбақ жасыру:
Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрлі нұр шашады.
- ол бағдаршам.
- Өте дұрыс жауап.
Осы кезде бағдаршам есік қағып кіреді, балалармен амандасады.
- Балалар бұл не?
- Бұл бағдаршам.
- Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер?
- Көліктер өтетін жолдан көреміз.
- Бағдаршамның қызметі қандай?
- Жол тәртібін реттеуші.
- Қай жолмен жүреміз?
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жиек жол болмағанда ше?
- Жер асты жолымен жүреміз.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан отырамыз.
- Бағдаршам туралы тақпақтарымызды айтайық.
Досжан:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта, сақтан, жол ашық
Жүрме жолға таласын
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Гүлфайруз:
Қызыл жанды тоқтағын
Көрдің жұрттың тосқанын
Сары жанды дайындал
Айналаңа қарап ал
Жасыл жанды тыңдағын
Жолың ашық тұрмағын
Ермек:
Мен көшеде өтерде
Бағдаршамға қараймын
Қоймаған ғой бекерге
Жәрдемшісі ол талайдың.
- Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
- Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. «Қай топ данышпан». Ол үшін үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз.
I.Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
II.Сары түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?
2. Көлік аттарын атаңдар?
3. Бағдаршамның қызметі қандай?
III.Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма? 3. Адамдар қай жолмен жүру керек?
Сергіту сәті:
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.) Рефлексиялық -түзетушілік: - Өте жақсы балалар, сендер данышпансыңдар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Жолда жүру ережелерімен таныстыңдар. Бағдаршамның адамға көмегі бар екенін түсіндіңдер. Алғашқы пайда болған бағдаршамның екі түсті, қазіргі уақыттағы бағдаршамның үш түсті көзі бар екенін білдіңдер. Ендігі болашақта қандай бағдаршам болса деген өз қиялындағы ойларыңды ақ қағаз бетіне түрлі - түсті қарындашпен бағдаршамның суретін салыңдар.
Әр бала салған суреттерін әңгімелеп береді

Ашық ұйымдастырлған оқу қызметі. Білім беру саласы:"Таным" Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру. Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар.
Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, сахналау. Билингвальды компонент: Бағдаршам-светофор,Жол белгілері-дорожные знаки , көлік-транспорт. Мотивациялық қозғаушылық:
Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады.
- Армысың ардақты аспан ата?!
- Армысың мейірімді жер ана?!
- Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыздар қадірлі қонақтар!
Ұйымдастырушылық-іздестіру: ( жол инспектор киімімен тәрбиеші кіреді)
Әрбір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді екен. Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін - жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.
Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Ұраны:
Жол тәртібін сақтаймыз
Ел үмітін ақтаймыз
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтаймыз.
Жолдауды жастар қолдайды
Тәртіпсіз ел болмайды
Балабақша әрқашан
Амандықпен тыныштықты қорғайды. Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет. Мирас:
Тратуар жүрер жолы жаяудың
Желаяқтың жайбасардың баяудың
Машинаның жолы көше ортасы
Соны ұмытып кете көрме аяулым. -Балалар біз үнемі тротуардан шықпай жүреміз бе?
Жолдардан қалай өтеміз? Ол үшін біз ертегілер еліне барайық.
Көзімізді жұмып, ертегілер елін елестетейік.
(Музыка әуенімен) Ертекші:
Қызыл телпек қыдырып
Әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға
Белгіні еске алмақшы
Жол белгісін білмесе
Әженің үйін таппайды. «Қызыл телпек» әнінің әуенімен:
Бағдаршамның жолы сілтер
Бойында бар түрлі көздер
Жасыл жанса дайындал
Қызыл жанса тоқтайсың
Жолда жүрсең байқағайсың
Абай болшы сен үнемі
Жолды кесіп өткенде.
(Қасқыр шығады)
Жол ережесін білмегеннен жарақаттанады.
- Көмектесіңдерші! Қызыл телпек көмектесші!
Қызыл телпек:
- Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің бе? Асықпасаңшы. Қасқыр:
- Білмеймін.
Қызыл телпек:
- Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың, мен сені жол ережесімен таныстырайын. Тыңда! Белгілер шығады.
Ал енді жол белгілеріне сөз берейік.


Ескерту белгісі: (Ермұхаммед)
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла бұл ескерту белгісі.
Тыйым белгісі: (Назерке)
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым сау мен болам. Көрсеткіш белгісі: (Дильназ)
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
Анықтама белгісі: (Зейне)
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.
Қызыл телпек:
түсіндің бе қасқыржан?
Қасқыр: - иә, түсіндім.
Ендеше мен сені бағдаршамның қызметімен де таныстырайын.
1. Алма кезек үш көзі
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
-Бұл не балалар?
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам
Мекен - жайым тұрақты
Жақсы білем міндетімді
Мүдірмеймін ешқашан.
Ойын « Бағдаршам»
Ән: Бағдаршам « Учат в школе» әнімен:
Бағдаршамды күнде біз
Көшелерде көреміз
Көліктерде,
Жол шетінде
Көшемізде
Қызыл көзде тоқтаңыз
Сары көзде алаңдама - ай
Жүре бергін - 3рет
Ережені бұзбайық,
Тәртіпті біз сақтайық
Бақшада да
Серуенде де
Көшемізде.
Бағдаршамға қарайық
Апат алдын алайық
Жол тәртібін барлық жерде
Біз сақтайық!
Қызыл телпек:
- Олай болса мен сені әжеме алып барайын,
Әже:
- Келді міне немерем.

Аман - есен адаспай


Жол белгісін сақта сен
Апаттарды болдырмай
- Қасқыр, сен менің немереммен дос болыпсың, олай болса менің басқада немерелерімнің жол ережесі туралы тақпақтарын тыңда.
Айдар:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау - саламат жүреміз.
Диана:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Ал кешірім сұраймыз.
Милиционер: Арсен
Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн
Жолдан азап тартпаңдар.
Әдеп, тәртіп сақтаңдар!
Рефлексиялық түзетушілік: -Балалар тақпақ айтады.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін!»
-Бүгінгі мерекеміз айналсын шежіреге,
Әр сәби құлағын сап жүрсін осы ережеге.
Ал қонақтарымызға айтарымыз
Жол тәртібін сақтайық
Ел үмітін ақтайық
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтайық!
Осымен «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!» атты қауіпсіздік оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Ата-аналармен жұмыс жоспары Ортаңғы «Қарлығаш» тобы 2016 -2017 оқу жылы



Өткізу түрі

Мазмұны

Жауаптылар

Қыркүйек айы

1

Ертеңгілік, ойындар, мереке.

«Білім күні»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.

2

Сауалнама

«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.

3

Балабақша аралық мәнерлеп оқудан сайыс

« Тілім менің тірегім »

Барлық топ тәрбиешілері

4

Ата-аналар жиналысы

«Баланың балабақшаға бейімделуі»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г. Қ.

5

Ата-аналарға педагогикалық кеңес

«Баланың балабақшаға бейімделуі»


Тәрбиеші: Мойынбаева Г. Қ. Психолог: Байдрахманова Ж.Б

6

Баспа түріндегі кеңес

«Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік»

«Тұмау (грипп)-өте жұқпалы ауру»



Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Мейірбике: Өтегенова Д.



7

«Ашық есік күні»

Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу қызметіне қатыстыру.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ


Қазан айы

1

Ата-аналар бұрышында денсаулық энциклопедия-сын орналастыру

«Жұқпалы аурулардың алдын алу»

Мейірбике: Өтегенова Д.

2

« Ата-аналарға кеңес»

«Балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

3

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Күз мерекесі ұжымдық шығармашылыққа даярлық.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Ата -аналар төреайымы:



4

Сенбілік

Ата-аналарды сенбілікке қатыстыру

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

5

Сауалнама

"Сіз қандай ата-анасыз?"

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.




Көрме

«Күз мерекесі» (Ата -аналардың ең үздік жұмыстарының көрмесі

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Ата -аналар төреайымы.



7

Ертеңгілік

«Алтын күз»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Қараша айы


1

Сауалнама

« Баланың эмоционалдық ерік жігерін бақылау және зерттеу»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

2

Педагогикалық әңгімелер

Ойланып жүрген тақырыпта ата-аналар-мен әңгіме.Мақсаты:баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

3

Баспа түріндегі кеңес

«Баланың үрейі»

Психолог Байдрахманова Ж.Б.

4

Ашық есік күні

«Балабақшаның бір күні»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Психолог: Байдрахманова Ж.Б



5

Дөңгелек үстел
(кеңес, пікір алысу)


«Бала тілін дамытуда халықтық педагогиканы пайдалану жолдары»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

6

Үйге қатысу

«Балам үйде, қызығы түзде»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Психолог Байдрахманова Ж.Б.



Желтоқсан айы

1

Ата-аналар жиналысы

«Жақсы бала ,ата-ана қуанышы».

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Психолог: Байдрахманова Ж.Б.



2

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ұй- ымдастырылған спорттық сайысы

«Тәуелсіз елдің бақытты бүлдіршіндеріміз».

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

3

Баспа түріндегі кеңес

«Тұмау және ЖРВИ алдын алу»

«Баланың қысқы киімі»



Мейірбике: Өтегенова Д.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.



4

Сауалнама

"Дене тәрбиесі мен отбасы тәрбиесі"

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

5

Ата-аналармен балаларға арналған көрме

«Қыс қызығы»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

6

Шығармашылық шеберхана

Жаңа жыл мерекесіне арналған дайын дық:атрибутпен киімдерді дайындау.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Ата -аналар .



8

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Жаңа жылға ұжымдық шығармашылық даярлық.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

7

Ертеңгілік

«Жасыл шырша жанында!»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Қаңтар айы

1

Денсаулық бұрышы

«Желшешек ауруының алдын алу»

Мейірбике: Өтегенова Д.

2

Педагогикалық әңгімелер

Ойланып жүрген тақырыпта ата-аналар-мен әңгіме.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

3

Отбасылық спорттық сайыс

«Қарлы қалашық»

Тәрбиеші:Мойынбаева Г.Қ

4

Баспа түріндегі кеңес

«Отбасындағы бала тәрбиесі»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

5

Сұрақ - жауап

Балабақша ата-аналардың көзімен

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.







Ақпан айы




1

Сауалнама

«Ата-ананың бала алдындағы міндеті»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

2

Баспа түріндегі кеңес

«Отбасында баланы еңбекке баулу» "Баланың денсаулығы жайлы күтім"

Мейірбике: Өтегенова Д.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.



3

Ашық есік күндері:

Фото стенд: «Балабақшада біз не

істейміз?» − «Балалардың тамақтануын ұйымдастыру».



Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Психолог: Байдрахманова Ж.Б

Мейірбике: Өтегенова Д.


5

Ертегілер апталығы

Қысқы ертегілер әлемі

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Наурыз айы

1

Ертеңгілік

"Менің сүйікті анам",

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

2

Шығармашылық шеберхана

Наурыз мерекесіне арналған дайын дық: атрибутпен киімдерді істеп қою.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

3

Ертеңгілік

"Наурызым - армысың!"

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

4

Экологиялық ақция

Ата-аналармен балалар бірігіп ауланы көгалдандыру

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

5

Баспа түріндегі кеңес

«Отбасындағы қыз тәрбиесі»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

6

Фотокөрініс

«Үлгілі отбасына саяхат»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Сәуір айы

1

Тақырыптық апта

«Ғарышкерлер күні»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

2

Саулнама

«Сіздің балаңыздың қызығушылығы»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Психолог: Байдрахманова Ж.Б



3

Жылжымалы папка

«Жол тәртібін білейік,
 Аман есен жүрейік!»

Тәрбиеші.: Мойынбаева Г.Қ


3

Сенбілік

«Сенбілікке шақырамыз»-тұқымдар , көшеттер дайындау

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

4

Шығармашылық шеберхана

1 мамыр мерекесіне арналған дайын дық: атрибутпен киімдерді дайындау

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

5

Ертеңгілік

« 1-мамыр -Ынтымақ күні»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ




Баспа түріндегі кеңес

«Балаңызбен бірге ойнаныз»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

6

Фотокөрініс

«Отбасындағы баланың тіршілігі»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Психолог: Байдрахманова Ж.Б.



Мамыр айы

1

Бүктеме шығару

«Мәңгілік жадымызда»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

2

Шығармашылық шеберхана

9 мамыр мерекесіне арналған дайын дық: атрибутпен киімдерді жасау.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

3

Ертеңгілік

«Жеңіс күнін тойлаймыз !»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.




Дөңгелек үстел

"Әке - асқар тау",


Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Психолог: Байдрахманова Ж.Б.



4

Баспа түріндегі кеңес

«Ұл тәрбиесі»«Жазғы демалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру»

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ.

Мейірбике: Өтегенова Д



6

Ата-аналар жиналысы

«Бір жылда біз нені үйрендік?»


Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

7

Жыл қорытындысы.

Алғыс хаттар. Ата-аналарға мерекелік концерт.

Тәрбиеші: Мойынбаева Г.Қ

Психолог: Байдрахманова Ж.Б.



Ортаңғы «Қарлығаш»тобының 2015-2016 оқу жылының жылдық есебі.

2015-2016 оқу жылында ортаңғы“Қарлығаш”тобында 28 бала тәрбиеленді. Топ тазалығы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болып қалыптастырылды, балалардың денсау-лығын қалыпты сақтауға,қорғауға сонымен қатар оны насихаттауға көп көңіл бөлінді. Бағдарлау және әдістемелер арқылы экологиялық тәрбие жүйелерін күшейту тірі және өлі табиғатпен шығар-машылық және ізденімпаздық-тәжірибелік жұмыстары жүргізілді. Көркем-эстетикалық даму бағыт-ында театрландырылған рольдік ойындарды,үстел-үсті ойыншықтар, ойындары ертегілер әлемі,салт дәстүр туралы насихатталды.Бейнелеу өнерін оқытуға дәстүрлі емес оқыту түрлерін пайдаланылды. Балабақша бүлдіршіндеріне ең бастысы тәлім-тәрбиеден,білімнен,ой-өрісін дамыту,оқу іс-әрекетінде заманға сай құралдарды пайдалана отырып жұмыс жасалды. Балабақша қабырғасын да ең бастысы тәрбиеге,адамгершілікке,білімге,отан сүйгіштікке, салт-дәстүрге, өнегеге, сабырлық пен ұстамдылыққа тәрбиеленді. Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту, мектепке дейінгі балалар-дың физикалық дамуы-топтың жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Балабақшадағы жұмыс санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау,ұтымды тамақтануды, балаларды шынықтыруды, топта балаларды шынықтыруды,топта балаларға қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы жүзеге асырылды. Оқу жылы барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мемлекеттік стандартқа сәйкес «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жүргізілді. «Зерек бала» бағдарламасында :“Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» салалары бойынша жұмыс атқарылды. Бала денсаулығының мықты болып , қозғалыс,дене құрылысының дұрыс же -тілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала ағза-сының қызметін жетіл діру қабілетін арттыру біздің ең басты міндетіміз болды. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақты- лығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал етіп отырылды. Сондай-ақ, баланың қозғалысын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін шапшаң дық, күштілік ,төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға, тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-әрекетінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылды. Бұл тұрғыда денсаулығын нығайту үшін комплексті әдістерге айрықша мән берілді. Баланы шынықтыру-сауықтыру шаралары «Денсаулық» білім беру саласында көрсетілген. Топта қосымша бағдарламалар және инновациялық технологиялар қолданылды. Күнделікті баланың ақыл-ойын арттыру үшін танымдық мағлұматтар көп берілді.Баланы тұлға ретінде қалып-тастыруда оның дене дамуына көңіл аударылып отырды. Бала ағзасының дұрыс дамуы үшін- топта сауықтыру мен профилактикалық міндеттер күнделікті күн тәртібінде жүйелі орындалды. Денсау-лықты жақсарту үшін баланы шыдамдылыққа, іскерлікке, психологиялық және физикалық үйлесім-ділікке бейімдеу іске асырылды.Денсаулықты дұрыс қалыпта сақтау үшін қажетті негізгі мақсат-тарға тоқталсақ; дені сау бала тәрбиелеу, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, денсаулыққа қажет-тіліктер, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы дұрыс мағлұматтар беру материалдық-техникалық оқу базасын белгілеу, дене жаттығуларын жасау, спорттық бағдарламаларды көбейту, дұрыс тамақтану, іс-әрекетке белсенді түрде қатысу. Топта күн режимі ұйымдастырылды. Ертеңгілік баланы балабақшаға әкелу уақытының да маңызы бар, ата-ана баланы ертемен оятып, жақсы көңіл күймен келген бала мен ұйқысын қандырмай кешіктіріп,өзінің де баланың көңіл-күйі жоқ жағдайда келген баланың арасында айырмашылық болады. Сол себепті ата-аналрмен де тығыз байланыста болды. Ертеңгілік жаттығулардың пайдасы бәрімізге де белгілі , ертеңгі қимыл қозғалыстың үйлесімділігін баланың физикалық дамуына әсер ететін көпте-ген табиғи факторлар бар. Солардың бірі-серуен. Ауада серуендеу баланың денсаулығы үшін өте маң-ызды. Бала таза ауада көп болса оның ағзасы оттегіні жай жүргендегіге қарағанда көп сіңіреді. Ширақ қозғалыста болады, адымдай жүреді,аласа бұтақтан секіреді, сөйлегенде, жүгіргенде қол мен аяқтың қимылын қатар алып икемделеді. Ол үшін қимылды ойындар көп ұйымдастырылды.Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастырылып отырылды. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймай айналадағы құбылыстарды бақылап, көзқарастары қалыптасты. Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болды.Ас мәзірінің құнарлы лығы,сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталды.Жыл мезгіліне қарай берілетін ас мәзірі өзгертіліп бекітіліп тұрды.Дұрыс отыру,тағамдарды ретімен жеу,үстел үстінде өзін дұрыс ұстай білуді үйренді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты биылғы жолдауында «Спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтана білу,жүйелі профилактикалық тексерілу-аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз. «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін ,биылғы оқу жылында денсаулыққа өте көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар “Денсаулық” және де “Шығармашылық “салалары бойынша көрме ұйымдастырылып,”Қарлығаш” тобы І -ші орын иеленді. Инновациялық технологиялар бойынша тәрбиешілер арасында тәжірибе алмасу сақсатында семинар ұйымдастырылды.

“Денсаулық” білім беру саласы: «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу денсаулықтың адамға берген басты құндылығы екенін түсіндіру, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиеттерін жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін қалыптастыру. «Денсаулық» білім беру саласы: дене шынықтыру,қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология бөлім- дерінен тұрады. Осыған орай біздің топта жылдық жоспарға сәйкес балалардың салауатты өмір салтын сақтау және әр баланың ерекшелігіне қарай дене дамуын қалыптастыруға сауықтыру шаралары қаралды,олар: таза ауада дене шынықтыру,ертеңгілік жаттығулар,спорттық ойын-сауықтар, серуен серуендегі қимылды ойындар, сергіту сәттері,ұйқыдан кейінгі гимнастика,массаж, жалаң аяқ жүру,су процедуралары,балабақша алаңында серуендеу, ашық алаңда ойын-сауық,түрлі сайыстар ұйымдастырылды.Қазақ және басқа да халықтардың қимылды ойындарын қызығып ойнады. “ Денсаулық” саласы бойынша балабақшада семинар ұйымдастырылды.Қарлығаш тобының балаларымен “Хайуанаттар бағына саяхат”атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті және де Күннің екінші жартысындағы режимдік кезең көрсетілді. Балалар өз еріктерімен гигиеналық рәсімдерді үйренді,жуынып,тарануға, қолын үнемі таза ұстауға, дәретханадан соң қолын сабындап жууға;тамақтану кезінде дұрыс отырып,қасықты дұрыс пайдалана білуге,тамақ жегенде ауызды толтырмай аздап шайнап,салфетканы қажетіне қарай дұрыс пайдаланып,тамақты жеп болған соң ауызды шаюға үйренді. Ересектердің көрсетуімен шынықтыру шараларын орындады; су,күн және ауа ваннасын қабылдау, жалаң аяқ жүру,массаж. Өзін-өзі ұстау дағдыларымен танысты: көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану,құлап қалу,жарақаттанудан сақтану,таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау,өзіне таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу,таныс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу. Сонымен қатар «Қыс қызығы» атты ата-аналармен бірге спорттық сайыс өткізілді.

«Қатынас» білім беру саласы :“Қатынас” саласында балалардың ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын ана тілінде және басқа тілдерде қарым -қатынас пен өзара іс-әрекет құруға пайдалануға көңіл бөлінді. Тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау және оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта және іс-әрекеттің басқа түрлерінде балалар қолдана білді. Жыл бойы балалар ана тілімен орыс тілді меңгеруге,ересектер және құрдастармен еркін қаты- нас жасауға үйренді.Бұл мақсат тіл дамыту,көркем әдебиет және орыс тілі деген оқу іс-әрекеттер-інде,және сахналау,үстел-үсті,театрландырылған ойындар арқылы іске асырылды. Тіл дамыту оқу іс әрекетінде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету әрі қарай кеңейтіле жүргізілді.Балалар сонымен қатар,сөздің мәнісін түсініп,сөйлеу барысында қолдануға үйренді. Қарым-қатынастың негізгі түрі-диалогты меңгеріп,2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізе білді. Тіл дамыту оқу іс-әрекеті бойынша ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Мәтін-нің мән-мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйренді. Балалардың күз мезгілі бау-бақша өнімдері туралы білімдері кеңейтілді. Жылдың аяғында таныс ертегілерді,өлең-тақпақтарды мәнерлеп айтуға,ойыншықтар жөнінде шағын әңгіме құрастыруға үйренді.Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды және оның қай жанрына жататынын айтуға,ойында әдеби бейнелерді қолдануға үйренді.

«Таным»білім беру саласы :«Таным»білім беру саласында топта балаларға қоршаған ортаға қызығушылығын білдіруге , экология- лық білімдерін кеңейтуге.Сұрақ қоюға,эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар орнату-ға,құрастырымдық іс-әрекеттегі ойды жүзеге асыруға. Заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік берілді. Жыл бойы балалар заттарға тән белгілер мен айырмашылықтарды қолмен ұстап,естіп,иісін сезу арқылы айтуға үйренді.Жанды және жансыз табиғат пен қоғамдық өмірдің себеп-салдарлық қарапайым байланысын түсініп,ол туралы әңгіме айтуға үйренді. Әр түрлі құрылыс материалдарын дербес таңдап,әдемі құрылыс жасауға үйренді.Қағазды бүктеу арқылы,табиғи және қалдық материалдарын қолданып құрастыруға үйренді. Табиғатта өзін-өзі ұстап,өсімдіктердің аттарын,үй және жабайы жануарлардың ерекшелік-терін айтып,оларға ересектермен бірге қамқорлық жасауға үйренді.Балалар өзіне қараған бағытты анықтап қана қоймай,сол бағытта жүре білуге үйренді.Жыл аяғында тәуліктің кезеңдерін айырып, дұрыс қолдана біледі. Балалар шамасы 5 саны көлеміндегі сандарды танып,затты реті бойынша санауға үйренді.жаңа материалдармен экспериментті қызығып жасауға,заттар арасындағы жалпы қатынастарды бейнелеуге,қоршаған ортаның үлгісін жасауға үйренді. Балалар 5 саны көлемінде сандық есептеу дағдысын дамытып,сандарды тура және кері санауға,сандар көршісін атау ұғымдарын дамытты Жол тәртібін білу үшін мынадай оқу іс-әрекеттер өтілді:«Бағдаршам және біз»,«Қызыл, сары, жасыл». Қоршаған ортамен таныстыруда көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастырып,атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада,жерде,суда)топтастырды.

«Шығармашылық»білім беру саласы: «Шығармашылық»білім беру саласында музыка,өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытуға ,көркем туындыларды және халықтық шығармашылыққа өзінің қатынасын білдіруге мүкіндік берілді. Сурет салу барысында балалардың байқампаздығы,эстетикалық қабылдауы мен көңіл-күйі, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілеті кемелдене түсті. Балалар сурет салу оқу іс-әрекетінде қылқалам мен қарындашты дұрыс пайдалануды жалғас-тырды. Бояу кезінде қылқаламды тек бір бағытта жүргізуді-жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай;суретті қарындашпен жай ғана басып бояу,контурдың шегінен шығып кетпеуге үйренді. Дәстүрден тыс әдістерді-саусақпен сурет салу,губкаларды,таяқшаларды және бастырмаларды пай-далану балаларға аса қызықты болды. Мүсіндеу оқу іс-әрекетінде балалар илеу,жалпақтау,қосу,шысшу тәсілдерін пайдаланып, бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуге үйренді.Мүсіндеу барысында ермексазды,саз балшықты,табиғи және қалдық материалдарды пайдалануды үйренді. Жапсыру оқу іс-әрекетінде балалар әр түрлі қию тәсілдермен танысып,жеке бөліктерден тұратын заттарды орналастырып,желімдеуге үйренді.Қайшыны дұрыс ұстап,оны дұрыс қолдана білуді үйренді.Балалар қайшы және желіммен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесімен танысты. Жапсыру оқу іс –әрекетінде балалар жаңа әдістер бойынша жұмыс жасауды үйреніп,саусақ моторикасын дамытты. Балалар мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге:өлең оқуға,ән салуға,би билеуге,ойын ойнауға,ертегі кейіпкерлерін сомдауға қызығып қатысты.Жыл бойы ата-аналардың қатысуымен өткізілген ертеңгіліктер: «Жомарт күз», «Төрлет ,төрлет ,Жаңа жыл», «Ана –біздің күніміз!», «Армысың ,әз Наурыз», « 1-мамыр Ынтымақ күні», «Жеңіс күнін тойлаймыз!».

«Әлеуметтік орта»білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»білім беру саласында ересектермен және құрдастарымен бірлескен қызметке қосылып,қазақ және Қазақстан республикасында тұратын мәдени -құнды-лықтарын түсіне білді. Балалар балабақшада өзін дұрыс ұстай білуге,қоғамдық орында мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білуге үйренді.Үлкендерге,өз құрбыларына ілтипатты болуға,ескертусіз сәлемдесу мен қоштасуға,аты-жөнін атап қатынас жасауға,көрсеткен көмегі үшін рахмет айтуға,үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеуге ,өз ойын әдепті түрде білдіруге үйренді. Қазақтың салт-дәстүрлерімен танысты.қазақ және басқа халықтардың ертегілері мен әдеби шығармаларының арқасында адамдардың қылықтарының ерекшеліктерін бағалауға үйренді. Ересектердің еңбегі мен түрлі мамандық иелері туралы білімін нығайту үшін балалармен вокзал,мұражай,дүкенге ,тағзы алаңына экскурсияға бардық. Ата-аналармен жұмыс. Отбасы-баланы әлеметттендірудің алғашқы институты.Ата-ана немесе басқа заңды өкілдері өз баласының жеке ерекшелігіне,денсаулық жағдайына,басқа денесінің даму деңгейіне,отбасының мүмкіншіліктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар. Балабақшаның педагогикалық ұжымы мен отбасының күш-жігері балалардың жан-жақты үйлесімді дамуымен денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерін шешуге ат салысты. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара түсіністік және сенім орнату,балалардың мүддесіне қарай ынтымақтастықта болуына қажеттіліктер жасалынды. Ата-аналардың қажеттіліктерін , қызығушылықтарын,есепке алынып отырылды.

Жыл бойы ата-аналармен бірлесе отырып мынадай жұмыс түрлері атқарылды:келісім-шартпен танысып,қол қою;ата-аналар жиналыстары;тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі;ашық есік күндері; отбасы жөнінде мәліметтер толтыру; ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы; әр түрлі тәрбиелік шараларға,мерекелік ойын-сауық ертегілерге қатысу;сауалнама жүргізу,әңгімелесу;ата-аналармен тренингтер өткізу;дөңгелек үстел. Бірінші ата-аналар жиналысында ата-аналар бір-бірімен танысу тренингіне қатысып,ата-аналар комитетін сайлады. «Баланың балабақшаға бейімделуі»деген тақырыпта тәрбиешінің баяндамасын тыңдады. Екінші ата-аналар жиналысы «Балалардың денсаулығын нығайтамыз» деп аталады. «Сіз қандай ата-анасыз?»деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Үшінші ата-аналар жиналысы «Отбасы тәрбие бастауы»,отбасындағы бала тәрбиесіне көңіл бөлінелерін қадағалауға ат салысты. «Жазғы шынықтыру шаралары» туралы кеңес беріліп.Ата-аналар шынықтыру шараларына керек құрал жабдықтармен киімдерді әкелуге келісті және балаларын мектепке дайындау керектігі туралы жақсы кеңестер алды. Отбасының бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарын,жіберген қателіктерін,ата-аналардың тұл-ғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын,балалардың жеке ерекшеліктерін анықтау үшін сауалнама, тренинг,әңгімелесу тәсілдерін қолдандық. Отбасының құпиясын жария етпей,қиыншылықтарды ата-аналармен бірлесіп шешуге тырыстық. Кеңестерді екі түрде ұйымдастырдық:жеке дара ата-анаға және топтық.Бұл кеңес ата-аналардың белгілі білімдері,әдістерді меңгеруі,проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсетілді. Ашық есік күндері арқылы ата-аналар балабақшаның дәстүрлерімен, ережелерімен тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен танысып қатысты.Осылайша ата-аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болды. Осындай жұмыс түрлері арқасында ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі артты, балабақша ұжымына деген сенімдік,құрметтеу белгілері жоғарылады. Ата –аналармен “Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі “дөңгелек үстел ,”Қыс қызығы “атты спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ата-аналарға ақыл-кеңестер берілді, әңгімелер жүргізілді. Ата-аналар бұрышындағы балалардың денсаулығын қорғау және нығайту, ағзаны шынықтыру, тыныс алу гимнасти касы, тамақтандыру туралы ақпараттар мезгілімен ауыстырылды.

Топта ұйымдастырылған ойындар :Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарды. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтады. Бұл топта ойын кезінде негізгі мынадай элементтер қолданылды: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі. Ойындар: ұлттық , дидактикалық, қимылды, шығармашылық,сергіту, желілі-рөлдік, жарыс. Ойын кезінде балалар нені және қалай ойнайтынын жалпы анықтамасын түсіне ойнады. Мысалы: желілі – рөлдік ойындар: «Шашатараз», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Құрылыс», «Балалар бақшасы» болып ойнады. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізілді: ойын балаларға оқу іс-әрекетінде де , серуенде де өте қызықты, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болды. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс таба білді. Көбінесе бұл ойындар күннің екі жартысында ойнатылды. Ойынның оқу іс-әрекет кезінде қолданылған түрлері: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап»,«Қайсысы көп, қайсысы аз», «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?» «Қай сурет тығылды?»,   «Кім жылдам», «Ұқсасын тап»,«4 - ші не артық?», «Есіңде сақта» «Жұмбақты шеш», «Жақсы - жаман» «Жалғастыр» т.б. ойындар жүргізілді. Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастырылды. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймады айна-ла дағы құбылыстарды бақылап, көзқарасы қалыптасты. Ойынды таңдай отырып, жыл мез-гілі, ауа райы ескеріліп отырды. Қыс мезгіліндегі ойындар өте пайдалы болды, соның өзінде ойын қозғалыстарымен, жаттығулары демалыспен кезектестірілді.. Ыстық ауа- райында ойындар жай қозғалыста болып өтті.. Ойын қызығымен бала шаршағанын аңғармайда қалды. Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанда, қар ұстап ойнағанда қызығушылық танытты.. Бала бойында осылай қимыл -қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамыды.

Ортаңғы “Қарлығаш” тобының 2015-2016 оқу жылындағы жазғы сауықтыру шынықтыру шараларының есебі Жаз-керемет мезгіл.Жазғы мезгілдегі балабақшаның жұмысының ерекшелігі бар,себебі балғын-дар күні бойы таза ауада болды.Осы мезгілдегі басты мақсат балғындардың денсаулығын күшейту, қозғалыс белсенділігін арттыру,спорттың жазғы түрлеріне қатыстыру,балалардың білімдерін көте-руге жағ-дай жасау болды.Жазғы мезгіл бүлдіршіндердің денсаулықтарын күшейтуге қолайлы мезгіл деп сана-лады.Көп уақыт таза ауада жүруге,ойнауға,күнге күюге болады,оның берген сыйлары таза ауа,күн сәулесі,жылы сумен толыққанды рахаттануға болады.

Жазғы сауықтыру жұмыстарының мақсаты: 1.Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтандыруға,қамтамасыз етуге,зақымдану мен аурулар-дың алдын алуға жағдай жасау. 2.Балалардың денсаулығы мен физикалық дамуына оларды адамгершілікке тәрбиелеу,олардың білімқұмарлығын,танымдық белсенділігін дамытуға, мәдениеттік гигиеналық және еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесін іске асыру. 3.Балаларды жазғы мезгілде тәрбиелеу және денсаулықтарын көтеру сұрақтары бойынша ата- аналардың педагогикалық және санитарлық білімдерін көтеру жұмыстарын іске асыру.Жазғы мезгілде мынадай жұмыстар жасалады:денсаулықты шынықтыру жұмыстары,ата-аналармен жұмыс. Биылғы жаз мезгілінде мезгілге сәйкес топта күн тәртібі жасалды: таңертеңгі қабылдау,таза ауадағы,жаттығу,төрт сағаттан кем емес серуендеу,шынықтыру шаралары:күн ванналары, балалар-дың киімсіз жүруі,ұйқы алдында аяқтарына су құю,білекке дейі қолдарына су құю,ұйқы уақытын ұзар-ту,тамақтың витамині мен калориясын көбейту,дене шынықтыру жұмыстары.Су ішу тәртібі сақ-талды,күнделікті балалар ойнайтын жердегі құм тазаланды,шөтер уақытлы орылып отырды. Таза ауада ойнау әрекеттеріне көп уақыт бөлінді:қогзғалмалылық ойындар, әртүрлі тақырыптағы сюжеттік-рольді ойындар,дидактикалық ойындар.Көркемәдебиеттерді оқуға көп уақыт бөлінді; ертегілер, жұмбақтар, тақпақтар жаттау ата-аналарға мына тақырыпта кеңес дайындалды:“Жаз-шынығу мезгілі”,“Балалардың жазғы демалысы”,“Жазғы мезгілде демалыс күні баламен қайда бару керек?”,“Міне қандай біздің жаз”атты бұрыш жасалды. Ол жерде шынығу туралы балаларға жаттау үшін жаз туралы жұмбақтар,мақалдар, өлеңдер “Балалар жазда немен айналысады?”атты бүктемелер орналастырылды:аталған жұмыс жазғы мезгілге бекітілген жоспар мен жұмыс тәртібіне сәйкес жүргізілді.Тақырыптық жоспар бойынша жұмыстар апта сайын өткізілді,онда балалардың әртүрлі тақырыптық әрекеттері байқалды. Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтандыру жөнінде инструктаждар өткізілді,өрт қауіп-сіздігінің алдын алу жөнінде алдын-ала жұмыстар жүргізілді.Жазғы мезгілде өрт болған жағдайда балаларды балабақша ғимаратынан шығару жөнінде оқу жұмыстары жүргізілді.Ұйқы мезгілінен басқа уақытта балалар көп уақыт таза ауада өткізді.Таза ауада серуендеу уақыты көбейтілді.Осыған байланысты әртүрлі әрекеттер ұйымдастыру мақсатында балалардың қозғалу белсенділігі көбейеді-жаттығу,спорттық және қозғалыс ойындары,ойын-сауықтар,балалардың ойын,еңбек,эксперименталдық әрекеттерін ұйымдастыру.Балаларды таңертеңгілік қабылдау балабақшаның учаскелерінде таза ауада жүргізілді. Жазғы мезгілде мынадай мерекелік іс-шаралар өткізілді.Балалар күніне арналған “Бақытты балалық шақ”,Астана күніне орай облыстық тарихи өлкетану музейіне экскурсия жасалды. “Байтақ елім Қазақстан”тақырыбында тақырыптық өткізілді.Одан басқа Асфальтқа сурет салу, “Спорт-денсаулық кепілі”спортттық сайыс өткізілді. Жаңбырлы күндері мультфилмдер көру,театр ойындарын өткізу,және жоспарға сәйкес басқа да қызықты іс-шаралар өткізілді.Үнемі табиғаттағы өзгерістерге бақылау жүргізілді.Нәтижесінде балалар құстар,өсімдіктер,жәндіктер өмірінен қызықты мағлұматтар білді.жазғы мезгілде құм туралы жоба дайындалып өткізілді.Оның мақсаты құмның құрамы мен қасиеттері туралы білімдері көтеріледі. Балалармен тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс жүргізілді: су,құм,желдің қасиеттері жөнінде тәжірибе мен эксперименттер өткізу,тастар мен жапырақтардан коллекция жинау. Сол кезде ата-аналар мен балаллардың көңіл-күйі ,денсаулығы,асқазан,ішек инфекцияларының алдын алу,микроспорий,педикулез жөнінде әңгімелер жүргізілді. Жазғы мезгілді балаларды шынықтыруға үлкен көңіл бөлінді:күн,ауа,су, табиғи факторлармен бас медбикенің рұқсатымен және қарауымен шынықтыру жұмыстары жүргізілді,одан басқа аяқтың гигиеналық жуу жұмыстары,ашық терезеде ұйықтау,майтабан ауруын алдын алу мақсатында қатты грунт үстінде жайтабан жүру ұйымдастырылды. Балалардың денсаулығын күшейту мақсатында су ішу тәртібі сақталды,мәзірге жаңа піскен жеміс-жидектер қосылды,компоттың витаминизациясы жүргізілді.Балаларды тәрбиелеу жұмысы қызықты етіп ұйымдастырылы.Жаз мезгілінде табиғат балаллардың танымдылық қабілеті

даму үшін көп мүмкіндіктер береді.Балалар табиғатпен танысады,әлемді таниды,қызықты әсерлер алады.Осы жағдайды есептеп балалармен түрлі жұмыстар өткізілді,таза ауада жүруге барлық мүмкіндіктер жасалды. Балабақша ауласында балалармен экскурсиялар жасалды.Ол кезде балалар табиғаттың мынадай нысандарымен танысады(өсімдіктер,гүлдер,жәндіктер,құм,тастар)бақшада арам шөптерді жұлу жұмыстары жүргізілді.Балабақша ауласына пайдалы шөптер өсірілді. Бөлмеден тыс жерде балалардың іс-әрекеттері әртүрлі ойындар,сабақтар өткізу оларды алмастыруға мүмкіндік береді:ойындар, экскурсиялар,әрекеттері.Жазғы мезгілде бағдарламаны меңгеруде кемшілік жіберген балалармен арнайы бөлек жұмыс жүргізілді.Сонымен қатар жазғы мезгілде дарынды балалармен де жұмыс жүргізілді. Жазда балалар шығармашылығын ұйымдастыру жөнінде әңгімелер,экологиялық жолдармен экскурсиялар,балалардың жарақатталу инфекциялық аурулардың алдын-алу жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жазғы мезгілде жаңа оқу жылына үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді,5 сала бойынша жаңа оқу жылына көрнекі құралдар толықтырылды, топта жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет