- Бүгін сабағымызда құстар жайлы әңгімелейміз. Әлемде 8600 –ге жуық құс түрлері бар. Құстардың ең үлкені - африкалық түйеқұс, ең кішкентайы- калибри құсы. /Суреттері көрсетіледі./
- Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді. Қане, қазір қыс мезгілінде сырттан байқаған құстарды атайықшы.
2. Класстер әдісі бойынша «Құстарды топтастыру» ойыны.
Күннің жанына жыл құстарын, жемшашар жанына қыстап қалатын құстарды қою.
Күн – қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек. Жемшашар - торғай, сауысқан, көгершін, қарға.
Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
- Жыл құстары – олар жылы жаққа ұшып кететіндер.
- Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады?
- Олар қысы-жазы өз мекенінде тіршілік етеді.
Құстар қыста немен қоректенеді деп ойлайсың?
/Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді./
- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
-Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.
3. Сергіту сәті:
Құстар болып ұшамыз. / Қанат жайып ұшу/
Құстарға жем шашамыз / Саусақтармен жем себелеу/
Құстарға ұқсап жем жейміз / Бастарын жоғары –төмен көтеру /
Құстарға ұқсап су ішеміз / Басты шалқайта көтеру/
Құстар болып ұшамыз / Қолды жайып ұшу/
4. Ойын « Шешуін тап» Құстар жайлы тапсырма орындау.
- Бізге орманшы ағай тапсырмалар әкелген. Соларды орындап көрейік.
«Кубизм» әдісі арқылы кубикті тастағанда қай сан түседі сол санның тұсындағы тапсырманы алып, орындайды. Тапсырмаларды орманшының қолдорбасынан алынады.
1-тапсырма
Жаңылтпаш жаттау. Мұғалім жатқа жаңылтпаш айтады. Оқушы оны қайталау керек.
Көк тырна
Көп тырна
Тыраулап тек
Көп тұрма
2-тапсырма Компьютерден құс пазлын құрастыру, пайда болған құс туралы әңгімелеу Тоқылдақ құсы шығады. Бала оны танып , ол туралы әңгімелейді.
3-тапсырма . Бейнелі суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп айту.
4- тапсырма «Болады-болмайды» сергіту жаттығуы
Мұғалім шартын түсіндіреді. Шарты: Құстарды баптауға қатысты іс-әрекеттер айтылады.Дұрыс ,әрі тура мағынадағы сөйлем айтылса, қол шапалақтайды, бұрыс сөйлем айтылғанда келіспесе, аяғын топылдатады.
Құстарды таспен атуға болады.
Құстарды тамақтандыруға болады .
Құстың ұясынан жұмыртқа алып, жаруға болады.
Құстардың ұясын бұзуға болады.
Құстарға қамқорлық жасауға болады.
5. Дидактикалық тапсырма:
Дайын тұрған жолақ қағаздардан тістепілер арқылы қарылғаш мүсінін дайындау.
1. Қысқа қағаздан басын дайындап алу
2. Ұзын қара түсті қағаздан денесін дайындау
3.Тамағына,кеудесіне ақ қағаз жапсыру
4.Тұмсығын, көзін бекіту
5.Қанатын бекіту
-Балалар, айтыңдаршы, сендерге көктем мезгілі ұнай ма? Ендешен көктемнің белгісіндей болған бұл ағашқа қарлығашымызды қондырайық
Достарыңызбен бөлісу: |