Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
«Б а л а л а р ә л е м і»
Әдістемелік материалдар жинағы
Орал, 2014
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының
мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама
кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №7 06.05.2014 жыл
Құрастырушы:
Р.Е.Маселова – облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің логопед-мұғалімі
Рецензенттер:
А.Г.Мұхамбетчина – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының оқытушысы.
К.О.Кимбаева – Орал қаласындағы балабақшалардың дефектолог мамандардың әдістемелік бірлестігінің басшысы.
Бұл кітапша мектепке дейіңгі ұйымдарының дефектологтары мен тәрбиешілеріне арналғалған. Осы құралдан мамандар мектепке дейіңгі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстану бағытында өткізетін сабақтардың жоспарлары мен ертенгіліктер сценарийлерін және жұмыс барысында қолданатын әдістемелік құралдарды таба алады. Балабақшалардағы педагогтардың теориялық білімдерін жетілдіру үшін де материалдар беріледі.
Мазмұны
Баяндамалар
Маселова Р.Е. «Тіл кемістігі бар оқушыларды тексеру.....................................3
Нұриденова Д. «Тілдің баланың таза, инабатты, сыпайы болып
өсуіне және ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіруіне ықпалы».....................6
Жалетденова Ф.Б. – Жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу
тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы ...........................................9
Кимбаева К.О. – Использование предметов-заместителей в
коррекционно-развивающем обучениии дошкольников с
задержкой психического развития ....................................................................11
Комина О.А. – Формирование социальной культуры личности в .
процессе развития самосознания дошкольника ....................................... ......17
Сабақтар
Маселова Р.Е. Дыбыстану сабағы «Қ дыбысы» ..............................................20
Ищанова Р. – сабақ «Ақ көжектің туған күні» ................................................22
Ержанова Л. – сабақ «Су және оның қасиеті» .................................................25
Жалетденова Ф.Б. – Жыл басына таласқан жануарлар....................................30
Айтюрина А.Х. – Үй жануарлары және олардың төлдері..............................32
Айтюрина А.Х. – Құстар келді көктемде..........................................................34
Рақымберлиева Қ.А. «Құстар – біздің досымыз» ............................................37
Авчинник Т.Н. – Занятие «Мое имя» ...............................................................43
Лагуточкина В.А.– занятие «В гостях у белочки» ..........................................47
Полищук Е.В. – занятие «Путешествие в страну «Музыка» ..........................49
11. Алиева А.К.,Сапарова Б.С. «Көңілді бақшаға саяхат» ...................................52
Аристанова Г.Р. – Ш.Перро «Красная шапочка»............................................54
Ермолчева В.П. – Сказка «Лиса и журавль» ...................................................58
Ертенгіліктер
1. А.Ешмұхамбетова Ертеңгілік «Наурыз тойы» .................................................63
Қодарова Р.С. – постановка «Жақсы болу - өзіңнен» ....................................65
Айткалиева З.Г. – сценарий сказки «Под грибом» В.Сутеева .....................68
Айткалиева З.Г. – сценарий утренника «Наурыз» ........................................71
Исагалиева Д., Мамбетова Б. – «Ана – асыл адамың!» .................................75
Тәрбиеші Б.С.Сапарова, Ш.К.Иманбаева «Шар әлемі» ................................77
Ойындар жиыны
Ұ.Сүндетова Сюжетті-рөлдік ойыны «Кафеде» ...............................................79
Ширявскова Л.И. – Игра-путешествие «Полет к Марсу» ................................83
Султанова Х. – Мысыққа қонаққа бару........................................................86
Аристанова Г.Р. – Домашняя игротека................................................................89
Тiл кемiстiгi бар оқушыларды тексеру
Р.Е. Маселова
Жоғары санатты логопед-мұғалімі
Балалардың дамуына байланысты бiрiншi қауiптерi әдетте олар оқи бастаған кезде пайда болады. Бұл қауiптер бiреулерде басқалармен қарым-қатынас жасай алмауында болса, бiреулерде есептеу дағдыларын меңгерудiң қалыптаспауының қиындығынан, мектеп ережелерiне бағынбауынан және т.б. көрiнедi. Балада осы жағдайдың туындау себебi, оның психо-физикалық даму ерекшелiктерiне байланысты болса, дәл солай педагогикалық әлеуметтік жағынан қателiктер жiберiп алу, алдын-ала мектепте оқи алмау дағдысының қалыптаспаушылығынан болады.
Көпжылдық зерттеудiң көрсетуiнше, жалпы бiлiм беру мектебiнiң бастауыш сынып оқушыларының үлгермеудiң ең бiр тараған себебi, ауызша және жазбаша тiлдiң әртүрлi жiберген қателерi, дұрыс оқудың және сауатты жазуды қабылдауын қиындатуға себеп болып табылады.
Зерттеуде, арнаулы педагогикалық жолдармен, балалардың тiлді дамыту жағдайымен олардың мектеп бiлiмiн қабылдаудағы мүмкiндiктерiнiң арасындағы байланыстың бар екендiгiн көрсетедi. Тiл кемiстiгi бар оқушылардың әсіресе, жалпы бiлiм алу барысында дамымай қалған дыбыстарды айту кемiстiгi фонематикалық есту қабiлетiнiң қалыптаспағанынан және дыбыстық-әрiптiк талдауын қабылдау қабiлетiнiң төмендiгiнен болады. Баланың дыбыстардың бағдарламалық материалын жақсы игеру үшiн, оқуындағы және жазуындағы фонематикалық дамудың кемiстiгi үлкен кедергi келтiретіні белгілі. Бұл қарым-қатынас дұрыс тiлі дамыған балада мектепте оқытудан көп бұрын құрылады.
Көп қиындықты оқу кезiнде жалпы тiл кемiстiгi бар балалар, дыбыстап айтуда ғана емес, тiлдiң сөздiк-грамматикалық жағынан да сезiнедi. Мектепте қалыпты дамыған оқушылардың ортасына түскен осындай балалардың үлгерiмi нашар, тек өзiнiң тiл дамуының ауытқу себебiнен болады.
Бастауыш сыныптың тәжiрибелi мұғалiмдерi тiл кемiстiгi бар оқушыларды дер кезiнде байқап, олардың ауызша оқып және жазбаша тiлдерiндегi кемшiлiктерi бойынша нақтылы жұмыс жүргiзе отырып, жақсы үлгерiмге жеткiзедi.
Алайда, осындай мысалдарды өкінішке орай аз келтiруге болады. Көбiнде мұғалімдер оқушылардың тiл кемшiлiктерiн, олардың жазу және оқу бойынша үлгерiмiмен байланыстырмайды. Үлгермеушiлiк немесе нашар үлгерiм көпшiлiк жағдайда, оқушылардың алаңғасарлығынан не болмаса олардың оқу жұмысына жауапсыздығынан деп түсiндiрiледi. Осыған байланысты кемшiлiгi бар оқушылар нақтылы көмек алмайды, көбiнесе, бұл жайбарақаттық тұрақты үлгермеушiлiкке әкеледi.
Дер кезiнде тiл кемiстiгiнiң белгiлерiн айыра бiлу және түсiну мұғалiмге өзiндiк оқытудың түбiрiн анықтауға мүмкiндiк бередi, оның принциптiк бағытын көрсетедi. Оқушының үлгермеу себебiн анықтап, мұғалiм тiл кемшiлiгiнiң қай деңгейде екенiне байланысты, баланы облыстық психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес беру мекемесiне тексеруге жолдама беру, не болмаса (ата-ананың тексерiстен бас тарту кезiнде) түзету сабақтарын ұйымдастыруға тырысу керек. Бұл, баланың жалпы мектепте оқуына мүмкiндiк берер едi.
Ал бiрақ та мұғалiмге, арнайы мамандардың қабылдауында болып сөйлесiп алуы қажет, олармен бiрiге отырып баламен жұмыс iстеудің бағытын анықтау керек, арнаулы тәсiлдердi және тiл кемшiлiгi бойынша амалдарды үйрену қажет. Осындай кеңестiк көмектi жалпы мектеп мұғаліміне психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес беру мекемесiнiң (ПДПКБ) мамандары көрсете алады.
Дер кезде балалардың тiл кемiстiктерiн табу, оларға қандай көмек және қай маманға жолдау керегiн анықтауға көмектеседi.
Баладағы тiл дамуының қалыс қалуын байқай отырып, мұғалiм ең алдымен оның тiлдiк дыбыстық жағына байланысты ма немесе тiл жүйесiнiң барлық бөліктерiне қатысты ма екенін түсiнiп алуымыз керек. Сонымен қатар оқушының оқуы және жазуы қандай жағдайда екенiн айыру, тiлiнде күрмелуi барма және ол қандай деңгейде, күрделi немесе жеңiл түрде ме, мұғалiм тек сабақта ғана жақсы анықтай алады.
Дегенмен, баланың тiл кемiстiгiн жүйелеу үшiн, оның себептерiн көз алдына елестете алуы керек. Ата-анамен әңгiмелесу кезiнде: баланың қай жастан бастап оған арнап айтылған сөздi ұғып түсiне бастағаны, бiрiншi сөздердi қашан айтты, үзiк-қысқа сөздердi қашан айтты, бiрiншi қысқа сөйлемдерді айтудағы тiл дамуы қалай жүрдi, бала қайда тәрбиелендi (үйде анасымен бе немесе мектепке дейiнгi мекемеде күндiк немесе тәулiктiк тәртiбiнде ме), арнайы топта болды ма, мамандарға көрiндi ме, ортаның әсерi (екi тiлде), тiл дамуының қалыс қалуы қашан байқалды, түқым қуалау факторы жоқ па?
Мұғалiм сонымен бiрге баланың дәрiгерлiк анықтауларымен танысуы керек, оны ол мектеп дәрiгерiнен немесе баланың дамуының амбулаториялық картасынан анықтауы керек.
Тiлдi тексерудi неден бастау керек?
- Ең бiрiншi сөздi айтудың кемiстiгi неде екенiн айыру, тексеру, бала дыбысты өз алдына және сөзді қалай айтады. Мұғалiм өзiнен кейiн балаға сөздi және өз алдына дыбысты қайталауды жиi талап етедi, ал бала өз бетiмен сөйлегеннен гөрi елiктеп жақсы сөйлейтiнiн ескермейдi.
Бала дыбысты өз алдына шығара алады да, ал сөз арасында оны толық айта алмай шатастырып алатын кездері жиі болады. Сондықтан, дыбысты өз алдына шығаруды және сөз арасында айтылуын тексере отырып, балалардың оларды өз бетiмен сөйлеу тiлiнде қалай қолданатынын анықтау қажет. Осы мақсатпен мұғалiм балалардың тiлiне мұқият көңiл қойып, олардың өз-ара сөйлесу қарым-қатынасын бақылап, олардың сабақтағы жауаптарын дүрыстап тыңдауы керек.
Кейбiр жағдайларда, өз алдына дыбыстар айтылудың нақты кемiстiгi байқалмайды, бiрақ та сөздерде бұл дыбыстар онша анық естiлмейдi, әлсiз артикуляциямен естiледi. Бұл да әдейі тоқталатын жәй, өйткенi түсiнiксiз артикуляция оқу мен жазуда қиындыққа әкелiп соғады.
Дыбыстаудың тексерiлуi барлық балаларда тегiс жүрмейдi, мұғалiм тiл кемiстiгi бар деп ойлаған балаларды ғана, жекелеп, сабақтан кейiн немесе сабақтан бұрын жүргiзедi.
Сондай-ақ, фонематикалық қалыптасу деңгейiн тексеру басталғанға дейiн, оның физикалық есту қабiлетiмен танысу керек. Арнаулы зерттеулердiң нәтижесiмен, ерте жастан болған азғана есту қабiлетiнiң төмендеу салдарынан тiл дыбысы мен анық айыру, дұрыс дыбыстап айту қиындайды. Сондай жағдайды болдырмау үшiн, бұл баланы есту қабiлетi төмен деген күдiкпен сурдолог-дәрiгерге немесе ең болмаса, ЛОР-дәрiгерiне жолдау қажет.
Дыбыстап айту кемiстiгi мен фонематикалық дамудың қателiгi бiрiншi-екiншi сыныптағы оқушыларда басқада кемшiлiктердiң болу салдарынан байқалуы мүмкiн, күрделiрек кемiстiктердiң көрiнiп қалуы, тiлдiң дыбыстық жағын қамти отырып және де мағыналық (лексико-грамматикалық) жағынан да болады. Бұл жағдайларда тек дыбыс шығаруды тексеру мен шектелмей дыбыстау кемiстiгiнiң, балаларда сөздiк қорымен қатынасын және грамматикалық тiлдiң сапқа тұруымен қатыстыруы керек.
Сөздiк қорын тексерген баланың белсендi сөздiгiн тексерумен қатар (ол не айтады), сонымен бiрге жәй сөздiгiн де (тiлдi қалай түсiнедi) тексеру керек.
Қоршаған ортаға байланысты тәрбиеден және басқа себептерден сөздiк қордың баюының немесе шектелiп қалғандығының байқалуы мүмкiн. Сондықтан ол бөлек қаралмай, керiсiнше басқа факторлармен қоса қаралуы керек, демек фонематикалық және грамматикалық тiлiнің сапқа тұру ерекшелiгi мен қаралуы керек.
Оқу барысында баланың тiлiн бақылау негiзiнде, оларға сөйлем құрату жинақталған сюжет бойынша, қысқаша әңгiмелету немесе iс-әрекет жалғасы бар суреттер мен сұрақтарға жауап арқылы айтып беруін талап ету, т.б. сияқты тәсілдерді пайдалануға болады.
Даму деңгейiне байланысты кейбiр балалардын тiл қателерi қалыптыданқиындау жағдай болғанда ғана байқалады. Табылған кемiстiктерге дұрыс баға беру, оларды жою үшін тиімді жол таңдап бiлу оқушылардың үлгермеу себептерiн анықтайды.
Ауызша оқу тiлiмен қатар жазуы да қаралып тексерiледi.
Алдын-ала сынып жұмысы өткiзiлген кезiнде немесе сыныпхат жазғанда дауыссыз әрiптердi айыру үшiн болған арнайы жұмыстар кезінде жiберілген қателер тiркеуге алынады. Бұрын ауызша оқуда тiл кемiстiгi болғандардың жіберген қателері ескеріледі Алайда, есту қабілеті сыныпхат жазудағы ауытқуының толық суретiн ашып бере алмайды. Сондықтан балалардың өз бетiмен жұмысында тексеру керек: бұл тексеріс балалардың тiл ауытқуы бар арнайы қателерiн табуға мүмкiндiк жасайды.
Жазуда ауытқулары бар оқушыларды оқи алуына қарап тексеру керек. Оқып беруi жеке-дара тексерiледi. Оқу барысында ешқандай түзетулер мен ескертпелер жасамау керек. Тексеру материалы арнайы жинақталған тақырыптан болуы мүмкiн, немесе сабақта қолданылмаған, ал бiрақ мәтін бағдарламаға көлемi және мазмұны бойынша сәйкес келуi керек. Оқып беруiнқарап, тексерумынадай ретте жүргiзiледi: алдымен оқу техникасы, соңынан оқығанның мазмұнын түсiну.
Оқып беру техникасын қарап тексергенде оқу ырғағына, қолданылған оқу амалына және жiберген қателерiне көңiл бөлу керек. Оқыған әңгіменің түсiнігін айтқанын тексергенде бiр жағынан оқушының тақырыптың мазмұнын сол күйiнде жеткiзе бiлуiне, ал екінші жағынан оқығанды терең мағыналы түрде түсiнiп жеткiзе бiлуiне мән беру керек.
Жоғарыда айтылғандай тiл ауытқуына есту қабiлетiнiң төмендiгі кедергi жасайтыны ескерілуі керек. Сондықтан қарап, тексермес бұрын ондай балаларды алдын-ала отоларинголог-дәрiгерiне немесе сурдолог-дәрiгерiне есту қабiлетiн тексеруге жiберiп алу керек. Егер арнайы маманның қорытынды анықтамасы болмаса, онда мұғалiм баланың естуiн өзiде жәй сөйлеу немесе сыбырлау арқылы тексере алады.
Дұрыс ести алатын бала мұғалiмнiң сыбырлап, артында 6-7 метр қашықтықта тұрып айтылған дыбыстарды және қысқа сөздердi естiп қайталай алады. Егер бала 3 метр қашықтықта айтқанды естiмесе, онда баланы естiмейтiн немесе нашар еститiн арнайы мектепке оқытуға жiберу мәселесі көтеріледі.
Оқу және жазу кемiстiктерi есту және көру қабілеті төмен балалардағана емес, сонымен бiрге ақыл-есi кем балаларда, психикалық дамуы баяу балаларда да кездеседі. Төмендеген интеллектi немесе психикалық дамуы баяу деп күдiктенген жағдайда мұғалiм балаларды ПДПКБ-ға жан-жақты қарап тексеруге және ары қарай оқыту және нүсқау -ұсыныс жасау үшiн жолдама беруi керек.
Сондықтан ПДПКБ-ға жiберу үшiн оқушының педагогикалық мiнездемесiне ең алдымен оқу әрекетiнiң ерекшеклiктерiн, белгілі мәліметтер арқылы оқушының өзiндiк қасиетiн ашып көрсету керек. Алға қойған мақсатына жетер жолында, зейін қоя бiлу тұрақтылығы немесе бөтен iстермен алаңдаушылық, шапшаң, шаршап шалдығуы, жұмысына кiрiсiп кете алмауы, сыныпқа сiңiп кетуi, сонымен бiрге бiр iс-әрекеттен екiншi iс-әрекетке бiрден ауыса алуы, бiлгiсi келiп қызығушылық таныту мiнезi және де оқу тәртiбi бойынша бағдарламалық материалды меңгеру деңгейiн толық мәліметтермен көрсетуi керек. Сонымен қатар тiлiнiң жалпы мiнездемесi кiрiстiрiледi, дыбыс шығару, сөздiк қор жағдайы сөздер мағынасы бойынша дұрыс қолдана алама, сөздi ауыстырулары және қандай түрде болады, қандай тiл бөлiктерiн қолданады; тiлдiң грамматикалық сапта болуы, тiлдiң жалпы түсiнiктi болуы және ырғағы (айналадағылар оны түсiне алама); сөздiң дыбыстық құрамын талдауы мен қорытындысын меңгеруiнiң қалыптасуын сипаттау, өз бетiмен жазу мен сыныпхат көрсеткiштерiн көрсету керек. Сонымен бiрге оқу техникасын меңгеруiне, оқығанын түсiнуi және жiберген қателерiне мiнездеме беруіне көңіл бөлу керек. Берiлген педагогикалық бақылаудан да балаға мiнездеме берiлуi өте қажет (көңiл бөлу, есте сақтау, ойлау, жұмыскерлiгi, өзiнiң кемiстiгiне көңiл аударуы).
Бұндай күрделi түрде тексерiлу баланың дамуындағы ауытқуының түбiрлi диагнозын қою үшiн керек және осындай ауытқуларды болдырмау үшiн дұрыс түзету педагогикалық әрекеттердi табу негізі болып табылады, бүтiндей алғанда, оқушының озiндiк дамуы және жалпы үлгерiмiнiң көтерілуi үшiн керек.
Тіл – баланың таза, инабатты, сыпайы болып өсуіне және ұлттық қасиеттерімізді ықпал ететінін ұғындыру.
Д.Нуриденова
№ 31 «Балдәурен»
балабақшасының тәрбиешісі
Тіл адамның бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, тілдің қоғамдағы тәрбиелік қызметі ерекше. Тіл – ұлттық мәдениет көрсеткіштерінің бірі.
Таза, мәнерлі тіл – ойлау жемісі. Баланы анатілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тіл мәдениетін қалыптастырады. Баланы тіл мәдениетіне тәрбиелеу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады.
Халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы, тәрбие тірегі – ана тілі. Осындай халық қазынасын меңгерту бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен басталатыны белгілі. Тіл үйрету мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізі болып табылады. Өйткені баланың сөздік қорының молаюы оның танымдық қабілетін арттырып, ой көкжиегін кеңейтеді. Бала ана тілінде сөйлеуге үйрене келе айналадағы дүниені, табиғат тамашаларын танып, қабылдайды. Көрген-білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп, тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысын молайып, күнделікті өмірден алған әсері нығая түсуіне себепші болады.
Тіл дамыту сабағы арқылы балалар өз тілін ардақ тұтып, құрметтеуге үйренеді. Ана тілінің қадыр қасиетін түсініп өскен бала жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты, сыпайы болып өседі және ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпаудың бірден-бір қайнар көзі.
Адамзат жаралғаннан бері ана тілі ар-ождан, адамгершілік айнасы болып келеді.
Ана тілі – әр халықтың өзінің төл бесігі, әрбір адам өз ана тілімен бақытты, ана тілімен биік, әрі асқақ. Өз еліңнің, жеріңнің, халқыңның мерей-мәртебесін биіктету үшін қазынаң – ана тілін жетік білу қажет. Біз өмірге келген күннен бастап бұл тілді анамыздың ауызынан естиміз. Осы тіл арқылы бүкіл жақсы қасиеттерді бойымызға жиямыз. Тіл – рухани байлықтың баға жетпес құдіреті, қуатты қайнар бұлағы. Оның бұлағынан жас бала ана сүтімен ауызданады, алғашқы үнінен бастап сөйлеуді үйреніп, тілі шыға бастайды. Біз халықтың жан дүниесін ана тіліміз арқылы танып білеміз. Біздің ана тіліміздің байлығы ұрпақтан ұрпаққа жазу жоқ кезеңде шешендік сөздер, ертегілер, аңыздар, ауыз әдебиеті арқылы жеткен.
Біздің тіліміз бай. Той-томалақ, жиындар айтыссыз өтпеген. Айтыс суырып салма ақындардың сөз таласы. Айтыскерлер орынды әзіл қалжыңды тапқырлықпен қолдана біледі. Айтыс атадан қалған мұра, оны ұрпаққа жеткізетін балалар.
Тіл дамыту сабағындағы ең басты міндет – дыбысты дауыс ырғағына келтіріп дұрыс айтуға үйрету. 6-7 жас аралығындағы балалар мына дыбыстарды ана тілінде дұрыс айта алмайды: Р, Ң, С, З, Щ, Ч, Қ, Ү, Ш. Бұл дыбыстарды балалар сөз ішінде дұрыс айтуға қиналып, дыбыс екпінін қоя алмайды, айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сондықтан тіл дамыту сабағында жаңылтпаш, санамақ және әр түрлі дидактикалық сөздік ойындарды пайдалану қажет.
Мектепке баратын балалар тобында тіл дамытуға баса назар аударылады.
Баланың тілін дамытуға мынандай міндеттер қойылады:
тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу,
сөздің грамматикалық пішінін анықтау,
сөздік қорын байыту,
байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сабақтарды жоспарлаудан бұрын сабақтың мақсатын, көрнекілігін, әдіс-тәсілдерін, шығармаларда кездесетін сөз тіркестерін, антонимдер мен синонимдерді, балаға қойылатын сұрақтарды алдын ала даярлап алу қажет.
Тіл дамытуда қолданылатын негізгі әдістер:
берілген шығармалар туралы әңгімелеу,
балаларға түсінікті, мәнерлі, дауыс ырғағына келтіріп оқып беру,
сабаққа атрибуттар қолдану,
берілген шығармалар бойынша ролдерге бөліп орындау,
әңгіменің, ертегінің, өлеңнің мазмұнын талдау әдістері,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтер
беру; туған жерге елдің әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тіл баланың жеке басын қалыптастыру, өзіндік дербес іс-әрекетін
дамыту, ой-парасатын жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Тіл дамыту сабағының негізгі мақсаты – баланың санасына ана тілінің
қадыр-қасиетін сіңіру, туған тілді құрметтеуге баулу.
Халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ежелден-ақ ерекше мән берген. Олардың келешегіне үміт артқан. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік қасиеттердің негізі ғасырлар бойы қалыптасқан, хадық педагогикалық танымына сүйене отырып жасалынған.
Балабақшадағы жиі пайдаланатын педагогикалық тәсілдің екі түрі: үйрету мен ойланту – тәрбие әдістерінің негізін құрайтындығын бәріміз жақсы білеміз. Әсіресе, бала тәрбиесіндегі ойланту тәсілінің маңызы ерекше.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып серуендегенде, әр түрлі ойын атқарғанда осы ойланту әдісіне көңіл бөлулері қажет.
Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың түрлі құбылыстары.
К. Д. Ушинский – «Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өздік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол» екенін атап көрсетсек, логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Балалар тілі шыға бастаған кезде-ақ өздерін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасындағы үлкендерден сұрап білгісі келеді. Айталық, балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың, күн мен түннің, аспандағы айдың, жұлдыздардың тағы басқа табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ..
Осыны үлкендерден сұрап білгісі келген бала «Күн қайдан пайда болды?», «Жаңбырмен қар қайдан шығады?» - деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұғындыруға өзгесі жетпеген үлкендер «Оны құдай жаратқан» дей салады немесе «Ол саған неге керек?»-деп жазғырады.
Баланың мәдениетті сөйлеу білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында, мектепте қалыптасады. Баланың тілі жаттықтыру мен ғана шектелмеуі қажет. Бағдарламаның басты мақсаты, баланы жан-жақты дамыта отырып тілін ұстарту.
Баланың ана тіліндегі жүйелі, таза, еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К.Д. Ушинский «Кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамыту тиіс», – дейді. Осы орайда мен негізінен өз тәжірибемді сөз етпекпін.
Тіл дамыту мақсаты көзделгендіктен оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – балалардың суреттер бойынша шағын әңгімелер құрып айту қабілетін дамыту. Оқиғаның болған орынын, уақытын, ол оқиғада не болғаны, кейін не болатынын ойлантып, мазмұнын толық баяндау дағдыларын қалыптастыру.
Тіл дамыту қоршаған ортамен таныстыру көркем әдебиет сабағында балалардың тілін дамытып қана қоймай, ақыл-ой тәрбиесіне де көңіл бөлінеді.
Балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным қабілеттерін жетілдіріп, шешендікке, тапқырлыққа баулып, тілін дамытуда негізгі құрал көркем әдебиетті қолданған.
Тіл – адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы, сондықтан баланы дұрыс сөйлеу білуге үйрету керек.
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де үйдегі өскен баладан өте жақсы дамиды. Онда баланың тілін, ойын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшеліктеріне қарай тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар дұрыс айтуға үйрету, баулу, сөздік қорын байыту.
Халқымыздың тұрмыс-салтын, арман-үмітін танытатын ертегілер. Қандай ертегі алсақ та белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы әртүрлі оқиғалармен бейнеленеді. Мысалы: «Ертөстік», «Ғажайып бақ», «Алтын балық». Мақал-мәтелдер арқылы тіл дамыту негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Сонымен қатар жұмбақтар баланы зеректікке, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын, тілдің дамуына көп әсер етеді. Халықтың шығармалары ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыратын жаңылтпаштар. Ол арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге үйретеді.
Жалпы тіл кемістігі бар балалалардың сөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы
№ 29 «Балауса»
балабақшасының
логопед мұғалімі
Ф.Б. Жалетденова
Тіл – адамның қатынас құралы болса, сөйлеу тілі негізінде ойлаудың өзіне тән ерекшелігі жасалып, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс орнайды. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мектепке дейінгі кезең-ағзаның барлық бөліктерінің және жүйелерінің қарқынды дамып қалыптасу кезеңі. Осы мектепке дейінгі кезеңде баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Балалар арасындағы сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылыс. Көптеген тәжірбиелерге сүйенсек,сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер,соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Халқымыз “Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ”, ”Өнер алды-қызыл тіл” – деп тіл құдіретіне табынса, қолдың да маңызын “Он саусағынан өнер тамған”, ”Бес саусағынан бал тамған”, “Көз – қорқақ, қол - батыр” деп бағалағанын адамның ішкі жан-дүниесін білдіреді.
Бұл ғылыми түрде дәлелденген тұжырым. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын.
Біз жұмыс істейтін №29 “Балауса” балабақшасының ашылғанына бір жылдан астам уақыт болды. Балабақшада екі арнайы топ бар. Әр топта 15 бүлдіршін тәрбиеленеді. Олар әр түрлі жастағы балалар,көпшілігі жалпы тіл кемістігі I – II деңгейі, моторлы алалия, тұтықпа диагнозымен ПМПК шешімімен қабылданған. Өз іс тәжірибемізге сүйене отырып, баланың сөйлеу тілінің дәрежесі саусақтарының жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз және ол қолдың жазуға даярлығына септігін тигізеді.
Балалардың дыбыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, жүйке – психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.
Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:
– Ойын жаттығулары балаларға қызықты, тартымды болуы қажет, ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет;
– Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ауысады.
Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десекте оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика,саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасы күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да, тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек. Мысалы: Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.
Ол екіге бөлінеді: 1) Отырып ойнайтын саусақ ойындары.
2) Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады. Біз “Табиғат” панносы ойының балалармен қызықты өткізу мақсатында жасақтадық.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың да маңызы бар. Қазіргі таңда массаж – ғылыми тұрғыдағы әдіс,ол бүкіл ағзаның дене және ой қызметін қалыпты ұстауда және қалпына келтіруде көптеген ауруды емдеуде және сауықтыруда маңызы зор. Массаж үлкенге де, кішіге де қажет. Ең алдымен массаж дені сау адамдарға жақсы көңіл-күй мен әртүрлі аурулардың алдын алу үшін керек.
Әр түрлі ауытқушылықтар бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі: сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибромассажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спандер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажеры мен саусақ буындарына сақиналарды пайдаланамыз. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар:
1) Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше әдемі музыкалық сүйемелдеумен өткені жақсы;
2) Баланың терісі – құрған, таза, ал массаж жасаушының қолы да-таза, жылы, жарақатсыз, тырнағы алынған болуы керек.
Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл, күн сайын немесе күн аралық. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.
Жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда сондай-ақ әртүрлі жұмсақ конструкторларды құрастыру, моншақты жіпке тізу, бау байлау, мозаикаларды құрастырумен айналысады.
«Использование предметов-заместителей в коррекционно-развивающем обучении дошкольников
с задержкой психического развития»
Учитель-дефектолог
ДО №8 «Сказка»
Кимбаева К.О.
«До пяти лет ребенок – строитель самого себя из чего бы то ни было», – отмечала автор технологии саморазвития М.Монтессори. Она предлагала «утончать» детские способности в воспитывающей среде, представляющей материал для практических умений, развития моторики и сенсорики. Причем, часть такого материала – повседневные домашние предметы.
В работе с детьми 3-5 лет, имеющими общее недоразвитие речи, я использую пластмассовые бельевые прищепки разного цвета и размера. На занятиях и во время свободных игр детей прищепки «превращаются» в различных животных и птиц, помогая педагогам развивать мелкую моторику рук дошкольников, закреплять сенсорные навыки и пространственные представления, развивать коммуникативную функцию речи, воображение.
Безусловно, главная цель использования мной прищепок в группе ЗПР – это развитие тонких движений пальцев рук. По мнению известного исследователя детской речи М.М.Кольцовой «есть все основания рассматривать кисть руки как орган речи – такой же, как артикуляционной аппарат. С этой точки зрения проекция руки есть еще одна речевая зона мозга». Таким образом, в коррекции речевых недостатков у дошкольников с ЗПР правомерно и необходимо применение разнообразных приемов, способствующих становлению полноценной мелкой моторики рук.
Чтобы использованный вид тренинга пальцев не был для детей скучным и утомительным, я озвучиваю действия с прищепками веселыми стихотворными текстами, игровыми приемами. В данных упражнениях, входящих в систему коррекционно-развивающего обучения, я придерживаюсь принципа постепенного усложнения действий и речевого материала.
Подготовительный этап
Дефектолог показывает детям прищепки и рассказывает о их предназначении в быту, предлагает рассмотреть прищепки и поиграть с ними.
Дефектолог показывает каждому малышу, как тремя пальчиками можно прицепить прищепку к краю коробки, держа прищепку вертикально, сопровождает действия словами:
Наша мамочка устала,
Всю одежду постирала.
Милой маме помогу,
Все прищепки соберу.
Затем следует показать, как прищепка может «открыть и закрыть ротик» (держим прищепку в горизонтальном положении большим и указательным пальчиками, локоть опирается на поверхность стола). При возникающих затруднениях взрослый сжимает пальчики ребенка сам, обращая внимание малыша на следующее: для того чтобы «ротик раскрылся», необходимо сильное нажатие. Далее прищепка «превращается» в волка – дефектолог (а затем ребенок) ритмично открывает и закрывает «волчью пасть», приговаривая:
Серый волк – зубами щелк,
Не боимся тебя, волк!
Игровой пальчиковый тренинг детей младшего и среднего дошкольного возраста
Исходное положение для каждого упражнения: рука, согнутая в локте, стоит на столе. Прищепка удерживается указательным и большим пальцами параллельно столешнице.
Первые три упражнения – ритмично «открывать и закрывать ротик» прищепки, сопровождая действия проговариванием стихотворных текстов.
«Лиса»
Хитрая плутовка, рыжая головка,
Ротик открывает, зайчиков пугает.
«Крокодил»
В зоопарке воробей пообедал у зверей,
А зубастый крокодил чуть его не проглотил.
«Гусь»
«Га-га-га, - гогочет гусь,-
Я семьей своей горжусь».
«Аист»
Открыть прищепку до упора и закрыть со щелчком. Прислушаться, как щелкает «клюв» аиста.
Аист крылья расправляет,
Аист клювик раскрывает.
«Птичка»
Локоть на столе. Водить прищепкой вправо-влево. Руку с открытой прищепкой наклонить к поверхности стола и закрыть (повторить несколько раз). Затем рука возвращается в исходное положение.
Птичка клювом повела,
Птичка зернышки нашла.
Птичка зернышки поела,
Птичка песенку запела.
«Черепашка»
Ритмичное открывание и закрывание прищепки по ходу проговаривания текста. При произнесении последней строки прищепка «кусает» за палец левой руки.
Ах, обжора – черепашка!
Панцирь – вот ее рубашка.
Поплывет – и цапнет рыбку,
Съест с довольною улыбкой.
Отдохнет она немножко,
На обед поймает мошку.
Если ужинать пора,
Цап – и схватит комара.
Но еды ей не хватило:
Цап! Меня за пальчик схватила!
(И.Лопухина)
«Угостим Жучку»
Материал: прищепки, плоские картонные косточки не менее 15см длиной (по числу детей), миска.
Детям предлагается взять из миски по одной косточке левой рукой. В правой руке у каждого ребенка прищепка – «Жучка». Правая рука подносится к левой, прищепка «захватывает косточку».
После ужина убрались,
В миске косточки остались.
Косточки мы соберем у каждого ребенка
И собачке отнесем.
Жучка косточку схватила,
В уголочек утащила.
«Глупая ворона»
Материал: прищепки темного цвета, свернутые в виде конфет фантики (по числу детей).
Перед каждым ребенком на столе фантик. Производится наклон кисти с прищепкой к столу, захват фантика. Затем поднять кисть руки в исходное положение.
Увидела бумагу –
Да как ее ухватит.
Думала конфета,
Оказалось… фантик.
В следующих трех упражнениях задействованы обе руки. Ритмичное открывание и закрывание прищепок по ходу проговаривания текста.
«Собаки»
Две собаки лают,
Друг друга не кусают.
Только голос подают.
Видно, зубы берегут.
«Грачата»
Двое маленьких грачат
Целый день в гнезде кричат.
Открывают рты галчата:
Очень есть они хотят.
«Интересный разговор»
Лягушонок: «Квак – квак!»
А утенок: «Кряк – кряк!»
Все сказали, все спросили…
Хорошо поговорили!
(Б.Липанович)
«Зайчик и собака»
Указательный и средний палец левой руки, выставлены вверх, остальные зажаты в кулак. Открывание и закрывание прищепки правой рукой на слова «собака злая лает». Левая рука убирается за спину при словах «зайчик убегает».
Раз, два, три, четыре, пять,
Вышел зайчик погулять.
Вдруг охотник выбегает
И собаку выпускает.
Собака злая лает, Зайчик убегает.
Игры – драматизации с детьми старшего дошкольного возраста
Можно применять прищепки в разыгрывании сценок со старшими дошкольниками. Двое детей воспроизводят диалог персонажей, замещая их «говорящими» прищепками. Я использовала в работе следующие тексты:
«Волк и лиса»
Серый волк в густом лесу
Встретил рыжую лису.
- Лизавета, здравствуй!
- Как дела, зубастый?
- Ничего идут дела, голова пока цела.
«Лисица и утка»
- Уважаемая утка!
Я люблю Вас просто жутко!
Прилетайте же ко мне!
Посидим наедине!
- Ах, спасибо Вам, лисица,
Но мне что-то не сидится!
(М.Дружинина)
«Кошка и курица»
- Хорошо на улице,
- Сказала кошка курице.
- А я и не заметила, -
Курица ответила.
(В.Кротов)
«Петушок и собака»
- Кукареку! Хватит спать!
Всем давно пора вставать!
- Петя-Петя – петушок!
- Не буди меня, дружок!
Спать я ночью не могу
Дом я ночью стерегу.
Сенсорные игровые упражнения с использованием прищепок «Коробочки»
Цель: Обучение детей сличению предметов по цвету.
Материал: Четыре картонные коробки с приклеенными на дно кружками основных цветов, прищепки основных цветов (по 3-4 штуки).
Ход игры
1 вариант
(для индивидуальной работы)
Ребенок выбирает и прицепляет прищепки на края коробок, соотнося цвета прищепок с цветом кружков на дне коробок.
2 вариант
(для подгрупповой работы)
Четверо детей выполняют инструкцию взрослого. Каждый ребенок отбирает и прицепляет прищепки того цвета, который ему назвал дефектолог.
На донышке в коробке
Огонек горит.
Какие брать прищепки
Он нам говорит.
Ты выбирай, не путай,
Внимательно смотри,
Такую же по цвету
Прищепку прицепи.
«Зубастики»
Цель: Упражнение в сличении предметов по цвету, закрепление названий основных цветов.
Материал: Четыре прищепки основных цветов, силуэты из цветного картона (помидор, груша, слива, огурец).
Ход игры
Жили-были разноцветные зубастики. Какого они цвета? (Красный, желтый, синий, зеленый). Зубастики любили все грызть. Но каждый зубастик выбирал только предметы своего цвета:
Красный зубастик ест помидор,
Желтый – за грушей полез за забор.
Синий ест сливу: вот молодец!
Зеленый зубастик ест огурец!
Каждый ребенок «угощает» зубастиков, оречевляя свои действия.
«Разноцветный заборчик»
Цель: Закрепление названий основных цветов, ориентация на плоскости (верх-низ).
Материал: Полоски картона 5х15 см, 8-10 прищепок двух цветов на каждого ребенка.
Ход игры
Каждому из детей раздаются по 8-10 прищепок двух цветов. Дети должны построить заборчик, чередуя прищепки по цвету, прицепляют их к верхней стороне полоски картона (другой вариант – к нижней).
«Платочки»
Цель: Закрепление понятий «большой» - «маленький», «большая» - «поменьше» (прищепка).
Материал: Два квадрата из картона (платочки) разного размера, по 12 прищепок разного размера на каждого ребенка.
Ход игры
Каждому ребенку дефектолог дает по два квадрата разного размера и поднос с шестью маленькими и шестью большими прищепками. Детям предлагается подобрать и прицепить к большому платочку большие «кисти» (прицепки), а к маленькому – маленькие.
«Шаль с бахромой»
Цель: Закрепление понятий «большой»–«маленький».
Материал: Квадрат картона 10х10 («шаль»), прищепки двух размеров на каждого ребенка.
Ход игры
Каждому ребенку дефектолог дает по квадрату и подносу с прищепками двух разных размеров.
Детям предлагается украсить шаль бахромой, чередуя: большая – маленькая.
Использование прищепок при усвоении детьми пространственных представлений
Дошкольники, имеющие ЗПР, как правило, испытывают затруднения при овладении пространственными представлениями. Они плохо ориентируются как в схеме собственного тела, так и на плоскости.
Согласно теории поэтапного формирования умственных действий (Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина) умственное развитие, как и усвоение знаний, навыков, умений, осуществляется как поэтапный переход «материальной» деятельности во внутренний умственный план.
Как показала практика, при ознакомлении со схемой собственного тела эффективно использование прищепок в качестве «материальной опоры», обозначающей такие абстрактные понятия, как «право» - «лево».
Каждому ребенку предлагается яркая прищепка, которая прицепляется им к правому рукаву своей одежды. Эта прищепка служит для дошкольника зрительным напоминанием при выполнении заданий, требующих определения правой и левой стороны собственного тела, а позже – правой и левой стороны листа бумаги.
Дефектолог также может использовать прищепки в упражнениях по закреплению пространственных отношений на плоскости (например, прищепки крепятся к краю листа картона в названной части – в правом верхнем углу, в нижних углах листа и т.п.)
В результате применения мной игровых упражнений с предметами – заместителями (прищепками) дети в группе с задержкой психического развития, быстрее и успешнее овладели сенсорными и пространственными понятиями, приобрели ручную умелость.
Достарыңызбен бөлісу: |