9. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім
беру объектілерінде персоналды гигиеналық тәрбиелеуге
(жеке гигиенаға) қойылатын талаптар
312. Объектілерде персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалуы тиіс. Қол жуу үшін араластырғышы бар ыстық және салқын су келтірілген, сабын және жеке немесе бір рет қолданылатын сүлгі орнатуға арналған құрылғымен жабдықталған қол жуатын раковиналар орналастырылады.
313. Персоналдың арнайы киімін жуу кір жуатын ұйымда (бар болғанда) немесе өзге де кір жуатын орында жүргізілуі тиіс.
314. Ас блогының қызметкерлері кемінде үш арнайы киім жиынымен (халат немесе шалбары бар кеудеше, бас киім) және қажетті жеке гигиена қағидаларын сақтау жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын орындайды:
1) жұмыс басталу алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен және щеткамен мұқият жуады;
2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;
3) жұмыс үдерісінде сақина, алқа, сағат және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды;
4) ас блогынан шығатын жерде дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен сабынмен және щеткамен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.
Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.
315. Суық тию немесе асқазан-ішек бұзылу белгілері, іріңдеу, тіліктер, күйіктер пайда болған кезде қызметкер бұл туралы әкімшілікке хабарлайды және медициналық көмекке жүгінеді, сондай-ақ отбасындағы барлық ішек инфекцияларымен ауыру жағдайлары туралы хабарлайды.
316. Қызметкерде ішек инфекциясы, іріңді тері аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, күйіп қалу немесе кесіп алу жағдайлары болса, уақытша жұмыстан шеттетіледі және тиісті тексеру және дәрігердің қорытындысы бойынша медициналық бақылау тексеруден өткізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.
317. Жұмысқа тиісті кәсіби біліктілігі бар аспаздар жіберіледі.
318. Ас блогы алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен жарақталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |