11. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен
білім беру объектілеріндегі медициналық қамтамасыз
етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
395 Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылуы тиіс.
Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.
396 Изолятор палаталары өту жолы болмауы, олардың арасында 1,2 м биіктікте әйнектелген қалқа құрылғысы арқылы медициналық кабинетпен жапсарлас орналасуы тиіс.
397 Жабық үлгідегі интернат ұйымдарына, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне, КББО-на және сәбилер үйлеріне жаңа түскен балалар үшін ойын бөлмесінде бір сәбиге ауданы 2,5 м2, жатын бөлмесі – 1,8 м2, дәретхана – 0,8 м2 болатын карантиндік бөлімше көзделуі тиіс.
398 Бейімделген, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, көп пәтерлі тұрғын үйдің 1-ші қабатында, жеке үй иелігінде орналасқан ұйымның медициналық бөлмелерінің жиынтығы мен ауданы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
399. Жалпы білім беру және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да медициналық пункттің үй-жайларының ең аз жиыны ауданы кемінде 18 м2 дәрігер бөлмесі, ауданы кемінде 14 м2 емшара бөлмесі, интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО үшін қосымша ауданы кемінде 6 м2 болатын изолятор көзделеді.
400. Балалар мен жасөспірімдер аз уақыт болатын білім беру мекемелерінде, сондай ақ мектептен тыс білім беру ұйымдарында медициналық кабинет көздемеуге жол беріледі.
401. Емшара бөлмесінде алдын алу екпесін жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшара және алдын алу екпелерін бір мезгілде өткізуге рұқсат етілмейді.
402. Селолық елді мекендердегі медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.
403. ТКБ, ЖОО-да медициналық үй-жайларды жатақханалар мен оқу корпустары жанында орналастырады, мұнда әрқайсының ауданы кемінде 18 м2 болатын дәрігер, емшара кабинеті көзделеді. Жатақханаларда изолятор көзделеді.
Күндізгі бөлімдегі студенттердің саны 3000-нан асатын оқу орындарында студенттік профилакторий ұйымдастырылады.
404. Дене бітімі және ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған арнайы білім беретін ұйымдардағы медициналық үй-жайлар оқшауланған блогта, бірінші қабатта орналастырылады. Дәрігерлік және емшара кабинеттері бейіні бойынша қолданыстағы талаптарға сәйкес көзделеді.
405. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде барлық балаларға арналған физиотерапиялық және көру кемшіліктері мен тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған балаларға арналған сумен емдеу бөлмелері; емдік дене шынықтыру бөлмелері немесе залдары; логопед кабинеті көзделеді.
406. Арнайы білім беру ұйымдарында тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін емдік дене шынықтыру дәрігері, невропотолог, ортопед, протездеу, гипстеу бөлмесі, протездерді және аяқ киімдерді жөндеу шеберханасы, еңбек терапиясы бөлмесі, парафинмен емдеу, озокирит және гидротерапия бөлмелері көзделеді.
407. Ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған ұйымдарда психиатр бөлмелері; есту қабілеті нашар балаларға арналған, сөйлеу мәнері бұзылған балаларға арналған аудиометриялық кабинасы бар отоларинголог бөлмесі, естуді жақсарту және сөйлеуді қалыптастыру бойынша жеке жұмыс жасауға арналған бөлмелер көзделеді.
408. Көру кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында көздің көруін жақсартатын және қалған көзді қорғайтын оптикалық құралдары бар офтальмологиялық бөлмелер көзделеді.
409. Медициналық кабинеттердің жабдықталуы осы Санитариялық қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес қабылданады.
410. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторлары, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулер кезінде анықталған және жекелеген жіті аурулармен ауырған оқушылар диспансерлік есепке алынады және кейіннен сауықтыру арқылы бақылауға алынады.
411. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын ұйымның медицина қызметкері жүргізеді. Балалардың әрбір жас тобы үшін балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шаралар жоспары жасалады.
412. Мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық медициналық тексерулер өткізіледі. Объектілердің балалары, жасөспірімдері және персоналы профилактикалық егулер алуы тиіс.
413. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;
2) балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлайды;
3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;
4) тереңдетілген медициналық тексеру нәтижесі бойынша динамикалық бақылау, дене бітімінің даму деңгейін, дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарды айқындайды;
5) емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізеді (оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау, күнсайын амбулаториялық қабылдау, шынықтырудан және сауықтырудан өту т.б.);
6) жыл сайын сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді (МДТОҰ, интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО, сәбилер үйлерінде – тоқсан сайын) және оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы, ұйымдағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерін іс-шаралар жоспарын бекіте отырып, педагогикалық кеңес және ректораттар отырыстарына шығарады;
7) ұйым қызметкерлерінің профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өтуін бақылауды және осы Санитариялық қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес журналға тіркей отырып, ас блогы қызметкерлерінің денсаулығына күнсайын бақылауды жүзеге асырады;
8) тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеруді өткізу, денсаулық жағдайы бойынша оқушыларды (тәрбиеленушілерді) бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша есептерді жыл сайын және сұратуға байланысты ұсынады;
9) балалардың тамақтануының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады: келіп түскен тағам өнімдерінің сапасы, оларды сақтау мерзімдері мен жағдайлары, дайындалу технологиясы, дайын тағамның сапасы, ас блогының ұсталуы. Балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда (сәбилер үйі, интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО) ай сайын онкүндікте тамақтануға және кейіннен түзете отырып, жекелеген өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізуі тиіс;
10) балалар мен жасөспірімдердің жеке гигиена ережесін сақтай отырып, дене тәрбиесіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
414. Білім беру ұйымдарына түсетін балалар мен жасөспірімдер медициналық тексеруден өтеді.
415. Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды санитариялық-дезинфекциялық өңдеу өткізеді.
416. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, ұйым басшылығы, оның қызметкерлері және медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.
417. Ұйымда осы Санитариялық қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес есепке алу-есеп беру құжаттамасы жүргізіледі.
418. Ұйымның персоналы медициналық тексеруден және гигиеналық оқудан өтеді. Жеке медициналық кітапшасы жоқ және жұмысқа рұқсат белгісі қойылмаған адамдарды жұмысқа қабылдауға жол берілмейді.
"Балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу мен білім беру
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |