10. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен
білім беру объектілерінде балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу, оқыту (мектеп оқулықтарына) және өндірістік
практикаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
319. Жалпы үлгідегі сәбилер үйінде туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі, мамандандырылған сәбилер үйінде (жалпы үлгіді сәбилер үйіндегі топта) 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.
320. Сәбилер үйінде тәрбиеленетін балалардың тиімді саны 100 – 150 құрайды. Топтардың топтасуы туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін – 10 бала; 1,5 жастан 2 жасқа дейін – 13 бала; 2 жастан 3 жасқа дейін – 15 бала.
321. Сәбилер үйлерінің және МДТОҰ-ның күн і осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшада келтірілген ұйқы, демалыс, таза ауада болу, оқу сабақтарын өткізу, дене шынықтыру ұзақтығының нормаларына сәйкес келеді.
322. Жаңадан жүре бастаған балалар үшін топтық үй-жайларда құралдармен және ойыншықтармен жабдықталған еденнің қоршалған бөлігі көзделеді.
323. Әртүрлі ді сақтай отырып, 2 түрлі жастағы балаларды 1 топқа біріктіруге жол беріледі.
324. Сыртқы ауа температурасы – 150 С дейін болғанда балалардың күндізгі ұйқысын дәлізде ұйымдастыруға жол беріледі.
325. 3 жастағы балаларға арналған оқу сабақтарының саны апта ішінде оннан аспауы тиіс. Бір сабақтың ұзақтығы сабақ арасындағы 10 – 15 минут үзіліспен 10 – 15 минуттан аспайды. Сабақтар бір қалыпты қарқындылықты қозғалмалы ойын түрінде өткізіледі. Сабақтың ортасында ұзақтығы 1,5 – 2 минут дене шынықтыру үзілістерін өткізеді.
326. МДТОҰ топтарын, жалпы білім беретін және арнайы (қосалқы) білім беру ұйымдарындағы топтарды (сыныптардың) балалармен толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Әртүрлі жастағы (аралас) топтың контингентін іріктеу әрбір жастағы топтың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне барынша көп сәйкес келетін күнін ұйымдастыру мүмкіндігін ескереді.
327. Шағын жинақталған МДТОҰ-да топтарды толықтыру кезінде мыналар оңтайлы болып табылады:
1) жастары тетелес балалардың екі аралас тобы (сәбилер, мектепке дейінгі);
2) жастары тетелес балалардың екі аралас тобы және бір даярлық тобы.
328. Күндізгі серуеннің ұзақтығы кемінде 1,5 – 2 сағатты, кешке кемінде 2 сағатты құрауы тиіс.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн і осы Санитариялық қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес қабылданады.
329. "Бала күтуші қызметі" қызметтерін көрсететін объектілерде балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың жастарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Күні МДТОҰ-ға қойылатын осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес көзделеді.
330. Сәбилер үйінің, МДТОҰ-ның және интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның күн інде балаларды жалпы шынықтыру рәсімдері көзделуі тиіс. Жалпы шынықтыру рәсімдері ауа ванналарын, су ресімдерін (оның ішінде үлкен ваннада, бассейнде жүзу), серуендеу және ашық ауада ұйықтауды қамтиды. Әдістер мен құралдарды жыл мезгілін, үй-жай температурасын, топтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қолданады.
331. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, "сатылы" оқу сабақтары үшін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45-минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
332. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі бастауыш мектепте кемінде бес сабақты және негізгі мектепте кемінде 6 сабақты құрайды.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары осы Санитариялық қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес келуі тиіс.
333. Сабақ кестесін құрған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік динамикасы ескерілуі тиіс және осы Санитариялық қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес қиындық (балл) бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
334. Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі немесе сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде жеңілдетілген күн көзделеді.
Бір күн ішіндегі баллдың ең көп саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс.
335. Шағын жинақталған мектептерде сыныптарды қалыптастыруды нақты мектеп жағдайларымен, оқушылар және мұғалімдер санымен айқындайды. Бірінші және үшінші сыныптардың, екінші және үшінші сыныптардың, екінші және төртінші сыныптардың, бесінші және алтыншы сыныптардың, алтыншы және жетінші сыныптардың, жетінші және сегізінші сыныптардың оқушыларының бір топқа біріктірілуі оңтайлы болып табылады. Тоғызыншы, оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарды біріктіруге жол берілмейді.
336. Екінші сыныптан бастап компьютерлік технологияларды пайдалануға болады.
337. Сабақтардың кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек құрастырылады. Факультативті сабақтарды міндетті сабақтар санының барынша аз саны бар күндері жоспарланады. Факультативті және міндетті сабақтың соңғы сабағының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы 45 минутты құрайды.
338. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 5 – 9-сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек сабақтарын, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жол беріледі. 10 – 11(12)-сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша өткізуге жол беріледі.
339. Жалпы білім беретін ұйымдардың барлық түріндегі оқушыларға арналған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан кейін әр қайсысы 20 минуттан 2 үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістерді қозғалыс ойындарында таза ауаны барынша көп пайдалану кезінде жүргізеді.
340. Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
341. Мектеп алды сыныптарындағы сабақтардың барынша көп рұқсат етілген саны ұзақтығы 25 – 30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс.
342. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік қызметін және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде 1 балаға кемінде 4 м2 есебімен жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
343. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, КББО-дағы әртүрлі еңбектің жалпы ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспауы тиіс. Оқушылар қоғамдық пайдалы еңбекпен сабақтан тыс уақытта аптасына екі рет: 1 – 4-сынып оқушылары күніне кемінде 30 минут, 5 – 8-сыныптар – кемінде 45 минут, 9 – 11-сыныптар – кемінде 1,5 сағат айналысуы тиіс.
344. Интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да оқушылар мынадай жұмыс түрлеріне:
1) 1 – 2-сыныптар төсек жинауға, гүлдерді суаруға; асхана, тамақ ішетін үстелді дайындау бойынша кезекшілікке;
2) 3 – 4-сыныптар 1-тармақшада көрсетілген жұмыс түріне қосымша киімнің ұсақ жөндеуге және жеке киімдерін (іш киім, шұлық, орамалдар) жууға;
3) 5 – 6-сыныптар 1 және 2-тармақшаларда көрсетілген жұмыс түрлеріне қосымша, жатын бөлмелерді жинауға, үстелді толығымен дайындауға және ыдыстарды жинауға;
4) 7 – 11 (12)-сыныптар өзіне-өзі қызмет көрсету түрлерінің барлығына және қоғамдық пайдалы еңбекке және асүй бойынша кезекшілікке жіберіледі.
345. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқушылардың жүктемесі аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс.
Арнайы түзету білім беру ұйымдарында тәрбиені және оқу сабақтарын ұйымдастыру осы Санитариялық қағидалардың жалпы білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарына сәйкес, сондай-ақ ұйымның ерекшелігіне және бейініне сәйкес көзделеді.
346. Бір сарынды еңбек кезінде (конвейерлік өндіріс, ұсақ бұйымдарды жинау және т.б.) жұмыстың әрбір 50 минутынан кейін 10 минуттық үзіліс сақталуы тиіс; жұмысқа дейін және әрбір 2 сағат сайын өндірістік гимнастика жүргізіледі (7 – 8 минут). Станокта жұмыс істейтін тоқыма өндірісі мамандығы үшін жұмыстың 3 – 3,5 сағатынан кейін 40 – 50 минуттық үзіліс жасалады.
347. Металлургия саласының мамандығына оқыған кезде бірінші 5 – 6 аптада жүктеме жеңілдейді және 6 сағатқа дейін тұрақты өсумен 3 сағатқа дейін жұмыс күнінің ұзақтығы қысқарады. Бір күн ішінде "ыстық" және "салқын" жұмыс түрлері кезектесуі тиіс және қолайлы микроклиматы бар үй-жайларда қосымша үзіліс көзделеді.
348. Құрылыс мамандықтарына оқыған кезде кемінде 15 минут қосымша үзіліс көзделеді, түскі үзіліс кемінде 40 минут болады; ауыз су ішу тәртібі ұйымдастырылады.
349. Ауыл шаруашылығы механизаторы, құрылыс саласы жұмысына оқыған кезде машина жүргізу үшін күніне 3 сағаттан аспайтын уақыт көзделеді. Дала жұмыстарында 3-курс оқушылары үшін түскі үзіліс (практика кезінде) 35 – 45 минут, ал ыстық күндері 3 – 4 сағат көзделеді. Дала жұмыстары бір ауысымда жүргізіледі. Жұмыстың осындай түріне алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеруден, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе және мерзімдік нұсқамадан өткен адамдар жіберіледі.
350. Химиялық саласының мамандығына оқыған кезде бірінші курста оқу шеберханада, зертханаларда немесе оқу ұйымының кабинеттерінде, 2 – 3-курстарда цехта немесе өндірістің жұмыс орындарында жүргізіледі.
351. Өндірістік оқуды тек бірінші ауысымда жүргізеді, оқушылардың технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді. Өндірістік жағдайларда болу уақыты 4 сағаттан аспауы тиіс.
352. Мектептен тыс ұйымдарда балаларды оқыту жексенбіні және каникулды қоса алғанда аптаның кез келген күнінде жүргізіледі. Оқу күндері балалар сабағының ұзақтығы демалыс күндері кемінде 1,5 сағатты және каникул күндері 3 сағатты құрайды. Оқудың 30 – 45 минутынан кейін балалардың демалуы және бөлмені желдету үшін ұзақтығы кемінде 10 минут үзіліс жасалады.
353. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі ғимаратында жалпы ойын аймақтары, жалпы дене дайындығына арналған, мектеп бейініне байланысты үй-жайларға қызмет көрсететін топтармен техникалық және тактикалық дайындыққа арналған спорт түрлері бойынша арнайы аймақтар, әкімшілік-шаруашылық және басқа да үй-жайлар көзделеді.
Алғашқы дайындық топтарындағы сабақтардың ұзақтығы 2 оқу сағатынан аспауы, оқу-жаттығу топтарында күніне кемінде 4 сағаттан аспауы тиіс.
Оқу күндері спорт объектілеріндегі сабақтардың ұзақтығы 1,5 сағаттан, демалыс және каникул күндері 3 сағаттан аспауы тиіс. 30 – 45 минут сабақтан кейін балалардың демалуына және үй-жайды желдетуге арналған ұзақтығы кемінде 10 минут үзіліс жасалады. Сабақтар екі ауысыммен болған жағдайда, күннің ортасында екі ауысым арасында жинау үшін және үй-жайды желдету үшін 1 – 2 сағат үзіліс жасалады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт объектілерінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункттер көзделеді. Спорт және дене шынықтыру сабақтары спорт киімінде және аяқ киімінде жарамды жабдықта жүргізілуі тиіс.
354. Мектептен тыс ұйымдарда теориялық сабақтарды ұйымдастыру үшін ауданы бір адамға кемінде 2,5 м2 есебінен үй-жай бөлінеді. Музыка және би, қойылым, қуыршақ театры, дәріс және т.б. іс-шаралар орындау үшін концерт залы, екі сахналық киім (кемінде 18 м2) бөлмесі, қосалқы (костюмдерді, декорацияларды сақтайтын) үй-жайлар жабдықталады.
355. Жануарларға күтім жасайтын балаларға жануарларды қауіпсіз ұстау тәсілдері және алғашқы медициналық көмек туралы нұсқама жүргізіледі.
356. Объектілерде құс, аң және балық асырайтын тірі табиғат бұрышын ұйымдастырған кезде ветеринариялық ілеспе құжаты болуы қажет.
357. Мектеп оқулықтарын басып шығару осы Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда баспаға жіберіледі.
358. Осы Санитариялық қағидалар жалпы білім беру түзету ұйымдарында оқитын есту, сөйлеу және көру кемшіліктері бар балаларға арналған басылымдарға қолданылмайды.
359. Оқу үдерісінде ақпараттық материалды ұсыну сипатына және көлеміне, оқу үдерісіндегі функционалдық мақсатына және оқушылардың жас санатына байланысты басылымдар осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес сыныпталады.
360. Басылымның өндірістік ерекшелігі осы Санитариялық қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, мектеп оқулықтарын шығару және өткізу тоқтатылады.
361. Мектеп оқулықтарының басылымдарына мемлекеттік санитариялық қадағалау мына жолмен жүзеге асырылады:
1) оқулықтардың әрбір басылымына олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік ерекшелігінің осы Санитариялық қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне ішінара тексеру. Оқулық сыртының, қапсырмасының безендірілуінің негізгі элементтері, жинақталу және бекітілу әдістері (брошюралау), атауы және нөмірі, терім тығыздылығы, гарнитурасы, негізгі кәріп кегелі, мәтінде бөлінуі салыстырылады;
2) басылған оқулықтарды іріктеп таңдау және кейін оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу схемасы осы Санитариялық қағидаларға 19-қосымшада берілген.
362. Оқулықтарды дайындауға арналған қағаз баспа мәтінінің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді және оқулықтың санитариялық жағдайын қанағаттандырады. Шағылысу коэффициенті 70 %-дан 80 %-ға дейінгі ақ немесе сәл сары түсті қағаз пайдаланылады.
363. Қағаздың беті тегіс (машиналық тегіс қағаз үшін кемінде 30 – 40 сек және жылтыр қағаз үшін 100 – 150 сек), таза, қылшықсыз және дақсыз, біркелкі бөлінген, жылтыры елеусіз болуы тиіс.
364. Қағаз кейінгі парақтағы немесе беттің екінші жағындағы басылған мәтінді көрсетпеуі тиіс.
365. Оқулықтарды шығару үшін іріктеп алынған және арнайы дайындалған қағаз саны кемінде бір баспа парағында қара – ақ және түсті нұсқаларда жасалған таза түрінде және оған мәтін жазылған немесе сурет салынған күйінде іріктеліп гигиеналық бағаланады.
Зерттеу үшін қолданылатын аспаптар осы Санитариялық қағидаларға 20-қосымшада көрсетілген.
366. Мектеп оқулықтары нақты, қанық қара түсті және біркелкі басылуы тиіс.
367. Оқулықтар жеңіл оқылу талаптары мен көріп қабылдау ерекшеліктеріне жауап беретін гарнитуралармен теріледі.
368. 1-сыныпқа арналған әліппе және басқа да оқулықтар негізгі және біріктірілетін штрихтердің қалыңдығындай кішкене ғана айырмашылықпен тік ақшыл жазбамен жазылған Әліппелік немесе Журналдық ұсақ гарнитурамен теріп жазылады.
Әліппенің барлық негізгі мәтіні (басылған) бір гарнитурамен терілуі тиіс. Әліппе ішінде кәріп суретін ауыстыруға жол берілмейді. Әліппелердегі жаңа әріптер сурет болып салынбай, 48 кегльден ұсақ емес теріліп жазылуы тиіс.
369. Оқулықтардағы негізгі мәтін тік ашық кәріппен терілуі тиіс.
370. Мәтіндегі сөз бен сөйлемді бөлу үшін жартылай майлы немесе майлы кәріппен теру ұсынылады; ақшыл немесе жартылай майлы курсивпен теруге жол беріледі. Бөлек сөздер үшін әріптерді сиректетіп теруге жол беріледі.
371. Оқулықтың тақырыбын теру үшін титулда 2,0 және одан жоғары кегельмен теру ұсынылады.
Титул мен шмуцтитулды теру үшін ірі терме кегельдік кәріптер пайдаланылады.
372. Оқулықтардағы кәріпің көлемі көріп қабылдаудың жас ерекшеліктеріне және оқу дағдыларының даму дәрежесіне сәйкес келеді. 8 – 11 (12)-сыныптардың оқулықтарындағы негізгі кәріп кемінде 10 кегель болып көзделеді.
Әр түрлі жастағы мектеп оқушылары үшін кәріп көлемінің гигиеналық нормалары осы Санитариялық қағидаларға 21-қосымшада берілген.
373. Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықтарда барлық қосымша мәтіндерді петитпен (кегель 8) теруге жол беріледі, тұтас мәтін 12 жолдан аспауы тиіс. Петит әдебиеттер тізімін, сілтемелерді, сөздіктерді теру кезінде шектеусіз қолданылуы мүмкін.
374. Өлеңмен жазылған мәтінді петитпен 8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда төрт жолға дейін, ал 8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда бір бетте 16 жолдан асырмай басуға жол беріледі. Петитпен терілген өлеңмен жазылған мәтінді бір бет ішінде кемінде екі рет қарапайым мәтінмен алмастыруға жол беріледі.
375. Сұрақ пен тапсырмаларды петитпен теру тек қана 7 – 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтарда әр сұрақтың (тапсырманың) мәтіні екі жолдан аспайтын, ал петиттің тұтас мәтіні бір бетте 16 жолдан аспаған жағдайда жол беріледі.
376. Тақырыпта петитпен параграфтың соңын теруге жол беріледі (8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда). Барлық жағдайда тақырып жаңа жолдан басталады.
377. 5-сыныпқа дейінгі карталарда (барлық түрдегі) және атластарда жазбаны теру үшін петитті пайдалануға жол берілмейді, ал одан кейінгі сыныптарға арналған карталар мен атластарда 8-ден төмен кегельді пайдалануға тыйым салынады.
378. Төменгі сынып оқушылары үшін ірі кәріпте 20, 16, 14 кегельмен терген кезде жол ұзындығы 126 – 130 мм құрайды. Жасына қарай кәріпті 12 – 10 кегельге кішірейткен кезде жолдың 98 – 113 мм болуы ұсынылады.
379. Төменгі және орта буын сынып оқушыларына арналған оқулықты безендіру кезінде екі бағанда теруге жол берілмейді.
380. Қосымша мәтінге ескертулер, түсіндірмелер, сілтемелер, сөздіктер, әртүрлі тізімдер, әр түрлі атластар мен карталардағы жазбалар және т.б. жатады.
381. Ұзақ үзбей оқуды талап етпейтін пәндер (анатомия, физиология және адам гигиенасы, география және т.б.) бойынша 8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда бағандағы жол ұзындығы кемінде 63 мм және бағандардың арасындағы аралық кемінде 9 – 10 мм болған жағдайда, 10 кегельмен екі бағанда теруге жол беріледі.
Барлық оқулықтарда сөздіктер мен сілтемелерді екі бағанда теруге жол беріледі.
382. Оқулықтардың мәтінін үш бағанда теруге тыйым салынады.
383. Мәтінді оқудың жеңілдігі көбіне терім жолының анық шектейтін жиектердің бар болуымен айқындалады. Жиектер терім жолымен анық бөлінеді, ақ түсті және көлемді болады.
384. Бос орынның шекті минимумы реңді және штрихті иллюстрация үшін 12, түрлі – түстілер үшін 18 тармақты құрайды.
385. Теру тығыздығы – 1 шаршы сантиметр (бұдан әрі – см2) алаңда белгілердің саны жалпы теру сапасын айқындайды және осы Санитариялық қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес келеді.
Егер 1 см2 көрінетін жол саны екіден аспаса, теру тығыздығы қанағаттанарлық деп есептеледі.
386. Тақырып пен абзацты қоспағанда, барлық жолдар бір тік деңгейден басталады.
387. Төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтарда бетке тасымалдау саны 3 – 4-тен аспайды.
388. Оқулықтарда иллюстрацияның түрлі-түсті болуы ұсынылады. География мен тарихқа арналған карталарды ақшыл, қанықтығы аз бояулармен бояу керек. Егер картаның мазмұны мен функционалдық құрамы талап ететін болса, ашық түсті бояумен картаның жеке элементтері боялады.
389. Оқулықтардың мұқабаларын көп ластанбайтын мықты материалдан жасау көзделеді.
390. 12-ге дейінгі көлемдегі парағы бар оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық материалдар үшін (бастауыш сыныптардан басқа) мұқаба ретінде полимерлі жабындысы бар қағаз немесе матасыз негіздегі қапсырма материалын пайдалану ұсынылады, ал 6 беттен аспайтын құралдар үшін мұқабалық қағазды пайдалануға жол беріледі.
391 Қатты қаптамада шығарылатын оқулықтар дәкедегі жіппен бекітіледі немесе жіпсіз дәкені түбірге желімдеу арқылы бекітіледі. Жіппен тігілген блок түбірін материалды 20 мм блок форзацына шығарып, тегіс жиектеу ұсынылады; жіпсіз жалғауға және сыммен жалғауға жол берілмейді.
392 Мұқабада шығарылатын оқулықтар дәкесіз жіппен тігіледі, бетбелгі қойылады; түбірге қосымша желімдеу ұсынылады; блоктарын тігу кезінде дәптер түрінде желімдеуге жол беріледі.
393 1 – 4 сынып оқушыларына арналған бір басылымның салмағы 200 граммнан (бұдан әрі – г); 5 – 6-сынып үшін 300 г; 7 – 9-сынып үшін 400г; 10 – 11-сынып үшін 500г аспайды. Оқу басылымының салмағының 5%-ға өсуіне жол берілмейді.
394 Жазу құралдары жиынтығымен бірге бір оқу күнінде оқушыларға арналған оқулықтардың салмағы (иыққа асатын сөмкенің немесе портфельдің салмағынсыз) мынадан аспауы тиіс: 1 – 3-сынаптар үшін 1,5–тен 2,0 кг дейін; 4 – 5-сыныптар үшін 2,0–ден 2,5 кг дейін; 6 – 7-сыныптар үшін 3,0-ден 3,5 кг дейін; 8 – 9-сыныптар үшін 4,0-ден 4,5 кг дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |