Балалардың сөйлеу тілінің даму кезеңдері



бет1/2
Дата15.10.2023
өлшемі16,92 Kb.
#185615
  1   2
Байланысты:
Ешентай Асылзат балланың сөйлеу тілі
нурдаулет 2, СОЧ 8-10 кл за 2 четв, 10кл СОР, Metod Sovremenye medicinskie texnologi v sestrinskom dele Sestrinskoe delo-004, Аналитика 2лек 30тест, әлеу 2, Документ (15) (копия), osh sor aza-tili 11 ogn, СЛИВ 2024ж Проб жане 18-25 сәуір

Орындаған:Ешентай Асылзат
Қабылдаған:Айтмурзаев Ф
Тобы:1201-12
1)Балалардың сөйлеу тілінің даму кезеңдері
2)Бала тілін дамыту үшін қолданылатын әдіс тәсілдер
3)Өйлеу тілінде тежеелісі бар балалардың тілін дамытуға арналған әдіс тәсілдер
Балалардың сөйлеу тілінің даму кезеңдері
«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. 1-3 жас аралығындағы бала тілі нормаланған, жүйеленген әдеби тіл қатарында болмаса да, уәжі мен толық мағынасы бар құрылым екені белгілі. Бала өмірге келгеннен дыбыстың арасында дамиды. Сол дыбыстар бала тілінің қалыптауына әсер етпей қоймайды. Соның нәтижесінде бала тілі қалыптасады. Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. «Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады» дейді Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметова. Расымен бала тілі негізінде сөйлеу, есту мүшелеріне, ойлау, түйсіну қабілеттеріне тікелей байланысты. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын болуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала бірден естіген сөзін қайталай алмайды. Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. Бала 1 жас пен 2 жас аралығында «бірсөзді сөйлемді» жиі қолданады. С.Н.Цейтлиннің пікірінше, «баланың алғашқы сөздері – оның алғашқы ойы болады. Бұл – «голофраза» деп аталады.Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым». 2 жас шамасындағы бала біртіндеп екісөзді сөйлем құрастыра бастайды. Ғалым С.Н.Цейтлин «Язык и ребенок: Лингвистика детской речи» атты ғылыми еңбегінде баланың сөйлеу үдерісінде қолданған сөйлемдерді бірсөзді, екісөзді, үшсөзді сөйлемдер деп қарастырған «Бұл сөйлемдер - көбінесе субьект пен оның әрекеті , әрекет және обьект әрекеті немесе әрекет және әрекет орны » дейдіӘр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:

1 ж.6 айда-10-15 сөз;


2 ж. соңында – шамамен 300 сөз;


3 ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.


3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен.
Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабылетіне қарағанда жоғары болады.
4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет