Балалардың туа біткен жүрек ақаулары



бет7/15
Дата16.11.2022
өлшемі57,97 Kb.
#158511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ТБЖА

Рентгенограммада өкпе суреті және жүрек мөлшері екінші реттегі мүкісте қан айналуының көлемімен анықталады. Көбіне кішірек мүкістерде орташа күшейген, ал сол жақтан оңға қарай қан айдалу көп мөлшерде болатын жағдайларда жүрек түрі шар тәрізденіп, кардиомегалия байқалуы мүмкін. Аорта жіңішке, сол жүрекше мен қарынша кеңімеген, ал өкпе артерияларында, жүректің сол жақ бөліктерінің қалыпты түрінен үлкейгені байқалады. Кейбір оң қарыншаның үлкейгені соншалық, тіпті жүректің ұшын құрауға дейін барады.
Эхокардиография. Екіншілік жүрекше аралық переднің мүкістігінің (ЖАПМ) тікелей белгісі болып эхобелгілердің үзілуі және жүрекшеаралық перденің атриовентрикулярлық қақпақтық бөлігінің дистальды жағында бос қырының болуы есептеледі. Қосымша белгілер болып жүрекше деңгейінде қанның артериовенозды құйылуы, жүректің оң бөлігінің ұлғаюы және оған шектен салмақ түсуінің белгілері, өкпе артериясы арқылы өтетін қан ағымының жылдамдық көрсеткіштерінің артуы есептеледі.
Емі. Екіншілік ЖАПМ-де аурудың «белгісіз» сатыларында, ақаудың негізгі белгісі аускультациямен және эхокардиграфиямен ғана анықталатын жағдайда оталық ем жүргізілмейді. Клиникалық белгілері айқын білінетін, консервативті ем туа болған ақауды компенсациялық сатыда ұстап тұра алатын жағдайларда, ақауды оталық қалыптастыруды 5-10 жаста жүргізген жөн. Терминальды сатыдағы, айқын өкпе гипертензиясы және веналық-артериялық қан құйылу байқалатын науқастарға оталық ем жасалмайды.
9.1.3. Ашық артериялық (Боталло) өзек


Ашық артериялық өзек (ААӨ) ол «ұрыққа тән құрылымды жабылу мезгілі өткеннен кейін сақтайтын» аорта мен өкпе артериясын қосатын тамыр. Бұл ақау туралы мәліметтер ІІ ғасырдағы Гален еңбектерінде кездеседіміс, бірақ алғашқы хабарлар 1564 ж еңбектерінде кездеседі. Ақауды алғаш суреттеген итальян дәрігері Л. Боталло құрметіне берілген. Барлық ақаулардың ішінде 10-18% жағдайларда кездеседі.
Алғашқы айларда дене салмағы 1700 граммнан кем болып туылған балалардың 50% жуығында ААӨ байқалады. 20% жуық балаларда 1-2 жыл бойына жабылмайды. Артериялық өзектің туылғаннан кейін 1-2 аптадан кейін жабылмағандығының клиникалық белгілері байқалса, ақау (аномалия) болып есептелінеді.
ААӨ-те оттегіге қаныққан қан аортадан өкпе артериясына айдалатын болғандықтан, бұл ақау ақшыл ақауларға жатады. Өзек өте үлкен болса өкпе артериясына одан тыс күш түсуіне әкеліп соқтырады. Өкпе гипертензиясы дамығанда оң қарыншаға да шектен тыс күш түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет