III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға Жәбірейіл (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы үш саты туралы сүрағандығын айтып беріңіз. Бұл туралы хадисті имам Муслим өзінің «Сахихында» (№8) келтіреді;
Оқушыларға «Ислам» сөзі тілдік мағынасында «мусаләма» (бейбітшілік, татуласу) сөзінен туындағанын, яғни ол «ұрыс-керістер мен жанжалдарды тастау» дегенді білдіретінін түсіндіріңіз. Тура сол сияқты мұсылман да (муслим) – бұл Аллаһқа бой ұсыну арқылы бағынып және көпқұдайшылық пен көпқұдайшылдардан бас тартып, Аллаһтың бұйрықтарына мойынсұнушы;
Оқушыларға Аллаһқа мойынсұнудың және Оған бой ұсыну арқылы бағынудың жемістеріне осы дүниеде салиқалы және бақытты өмір сүру, Аллаһтың разылығы арқылы жетістікке жету, Жәннатқа кіріп, Тозақтан құтылу жататынын түсіндіріп беріңіз;
Оқушыларға Ибраһим (аләйһис-сәләм) хикаясын: ол қалай көпқұдайшылық пен көпқұдайшылдардан бас тартқанын, оларға қатысты қалай жек көрушілік танытқанын және қалай өзіне ілесуге шақырғаны туралы айтып беріңіз. Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, сендерге Ибраһим және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды. Сол уақытта олар елдеріне: "Сендерден де, Аллаһтан басқа табынғандарыңнан да бас тартамыз. Сендермен арамызда мәңгі дүшпандық, өшпенділік басталды. Сендерге Аллаһтың бірлігіне иман келтіргендеріңе дейін қарсымыз", - деген» («әл-Мумтахина» сүресі, 4-аят);
Оқушыларға көпқұдайшылық пен көпқұдайшылдарға деген жек көрушілік оларға қатысты әділетсіздік (зұлымдық) танытуды және олардың үстінен зорлық-зомбырлық жасауды тіпті білдірмейтінін түсіндіріңіз. Олармен дүние мәселелерінде істесуге болады;
Көпқұдайшылдардан бас тартудың кейбір мысалдарын келтіріңіз: оларға деген жек көрушілік және оларға ұқсамауға ұмтылу. Олардың жалған сенімдерін түсіндіріңіз және жалғыз хақ дін Ислам екенін ұғындырыңыз.
Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға діннің үш сатысын түсіндіру;
2 – Оқушыларға «Ислам» сөзінің мағынасын түсіндіру;
3 – Оқушыларға көпқұдайшылдардан бас тартудың кейбір мысалдарын келтіру.
ҮШІНШІ САБАҚ
ИСЛАМНЫҢ ТІРЕКТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |