«Балқаш қаласының гимназиясы» кмм бекітемін: Келісемін: Ә/б отыр. қаралды



бет10/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#4510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-сынып, Бейнелеу өнері

2 сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат;

Авторы: Н.А. Раупова, Ә.Т. Төлебиев


реті


Сабақтың тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі


1

Кескіндеме-12сағат
Түстану (2 сағат).

Көркемдеуші материалы - акварелъ (2 сагат)

Көркемдеуші материал - гуашь (4 сагат)

Көркемдеуші материалдары - темпера немесе майлы бояу (4 сагат).



Қондырғылы кескіндеме. Кескіндеменің көркемдік материалдарымен танысу (акварель, гуашь, темпера).

Түстану (2 сағат). Негізгі түстер. Қосымша түстер. Аралас түстерді өз бетімен құрастыру. Ассоциативті ойлауға композиция құрастыру. Колорит. Көкжиек сызығы. Композициялық орталық. Салқын түстер басым болатын «Жабырқаңқы көңіл» колоритиндегі тақырыпқа ассоциациялар («Аяз», «Жаңбырлы күн» және т.б. тақырыптары). Жылы түстер басым болатын «Қуаныш» тақырыбына ассоциациялар «Қуанышты күн», «Мереке» және т.б. тақырыптар.

Көркемдеуші материалы - акварелъ (2 сагат). Ылғал қағаз бетінде сурет салу техникасы, а ля прима. Тақырыптық ком-позицияларды орындау: «Хайуанаттар паркінде». Лессировкалау техникасы. Сәндік тақырыптық композицияға сурет салу «Қысқы орман ертегілері», «Көктем көріністері», «Құстар әлемі», «Жаз бояулары» және т.б. «Колорит» тақырыбын қайталау.

Көркемдеуші материал - гуашь (4 сагат). Пастозды техника тәсілімен сурет салуды орындау. Композициялық орталық. Композицияда қосалқының басты нәрсеге бағы-нуы. Ертегі кейіпкерлерінің портреттерін қағаз бетіне сурет салудың өр түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы орындау. «Алдар көсе», «Сараң бай», «Алпамыс», «Күн астындағы Күнекей қыз» және т.б.

Көркемдеуші материалдары - темпера немесе майлы бояу (4 сагат).

Пазтозды кескіндеме техникасы. Қала пейзажы жанрымен танысу. Сызықтық және ауа перспективасы. Көкжиек сызығы. Жыл мезгілдерінің әр түрлі кезеңдерінде табиғатты бақылау және бейнелеу. Суретші-кескіндемешілер шығармаларымен танысу: И.Левитан, О.Таңсықбаев және т.б.


2
2
4


4




3

Графика (6 сағат)

Көркемдеуші материалдары – түрлі-түсті қарындаштар (2 сагат).


Көркемдеуші материалдар - майлы тусті борлар (2 сагат)


Көркемдеуші материалдар - гель сиялы немесе қара пасталы қаламсаптар (2 сагат).
Көркемдік материалдар қара фломастер (2 сагат).

Орындаудың бейнелеу мәнерлеу құралдары -туштау. Көкжиек сызығы. Жер беті көрінісін қабылдау. Қозғалыс. Композициядағы ең басты нәрсе. Түрлі түстерді көрсету. Жануарлар бейнесінің қозғалыстағы қалпы («Жайылым» және т.б. тақырыптар).

Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралдары - туштау. Аралас түстерді алу. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. Калорит. «Мереке» тақырыптарына вариация жасау («Ту-ған күн», «Мереке қарсаңында» және т.б. тақырыптар).

Орындау техникасының бей-нелеу- мәнерлеу құралдары - сызық, штрих, дақ. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. Фактура. Үй жануарларын бейнелейтін көп фигуралы композиция құрастыру («Менің қошақаным» және т.б. тақырыптар).

Бейнелеу - мәнерлеу құралдарымен орындау - сызықтық сурет. Портрет жанры. Қосарланған портрет. Компановка. Типизациялау. Бейне. Суретші мен көрермен арасындағы қатынасты ашатын композиция құрастыру («Мен және менің мамам», «Менің құрбым» және т.б.). Суретші-графиктер шығармаларымен танысу.

2


2

1

1






4

Мүсіндеу (4 сағат)
Көркемдік материалдар сазбалшық (2 сагат).

Көркемдеуші материалдар сазбалшық немесе ермексаз (2 сагат).





Жұмыр және рельефті мүсіңдермен (майда пластикамен) танысу.

Рельеф. Плинт. Натюрморт жанры. Сазбалшықпен жұмыс. Көркем материал ретінде сазбалшық, пластилин жайлы, пайдаланылатын құрал-саймандар (стека, тақтайша, су құятын ыдыс, мүсіндік жұмыстарды әрлеуге қажетті басылымдар- сазбал-шықтан жасалған жұмыстарды сәндеу) жайлы мәлімет беру.


Бос майда пластикалық денелерді орындау техникасы: иірілген, есілген жіпшелер немесе сазбалшықтан жасалған пластинкалар. Стилизациялау. Форма үйлесімділігі. Дизайн. Халық шеберлері (көзеші, ағаш шебері, зергерлер) шығармаларымен танысу. Шеберлер жасаған кіші формадағы мүсіншелердің орыңдау техникасымен танысу: сазбалшықты цилиңдр формасыңда дайындау; ойыншық фигураларды (ат, қозы, ит және т.б.) созу, ию, жұмырлау әдісімен жасау; мүсіндеу жұмыстарын жеке бөліктерді (дене, бас, құлақ, құйрық) жапсырмалау әдісімен аяқтау. Суретші-мүсіншілер шығармаларымен танысу


2
2





5

Сәндік-қолданбалы өнер (12 сағат)
Көркемдеуші материалдар - турлі-тусті қарындаштар (4 сагат).
Көркемдеуші материалдар - гуашь (4 сагат).

Көркемдеуші материалдар - турлі-тусті қагаздар (4 сагат).




Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралы - туштау. Стилизациялау. Өрнектік композиция. Өрнек құрасты-ру және олардың түрлері. Шеңбер ішіндегі қазақ ұлттық өрнектері.

Таяу шетел халықтарының салт-дәстүрлерімен, ұлттық киімдері үлгілерімен танысу. Композициялық орталық. Тұтастық заңы. Адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты ашатын композициялық құрылым құрастыру («Бәріміз бірге ән шырқаймыз», «Менің достарым» және т.б. тақырыптар).

Орындау техникасы - пастозды кескіндеме, шашырату, монотипия. Ұлттық калоритте орындалған натюрморт. Орналастыру (компановка). Натюрморттағы композициялық орталық. Колорит. Табиғат көрінісін сәндік сурет түрінде салу («Дала», «Ертегілер елінде» және т.б. тақырыптар). Түрлі түсті реңктер үйлесімділігі. Шырын», «Ащы дәм» және т.б. тақы-рыптарға ойды байланыстыра отырып сәндік композиция-лық сурет салу. Басу арқылы түскен таңбаның (оттиск) қара-пайым түрімен танысу. Монотипия.

Орындау техникасы - жапсырмалау (аппликация). Пішіңдерді түрлендіру. Мотив. Композициялық орталық. Түс пен форманың үйлесімділігі. Жыл мезгілдері жайлы тақы-рыптарға композиция құрастыру. «Күз симфониясы», «Қыс өрнектері» және т.б. Стилизациялау. Ойды байланыстыру (ассоциация). Бейне. Әлем халықтарында тәжіктерде, өзбектерде, түркімендерде шеңбер ай белгісінде кездеседі. Лотос гүлі — египеттіктердің жолақты өрнектерінде кездеседі. «Тіршілік ағашы» - әлем халықтарының өнеріндегі мәңгілік бейне. Бұталарына құстар қонып отырған ағаш көрінісі. Гүлді, жемісті ағаш. Гүлдеп тұрған ағаш. Өрнектік композиция құру. Өрнектегі симметрия. Жолақты өрнек.



4

4



4




2-СЫНЫП

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат саны

Күні

І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ




1-2

Біз осындай баламыз

1-сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан үйренгендерін еске түсіру. Өзін және айналасын тануға қызығушылық. Оқуға, білім алуға деген құштарлық.

2




3-4

Көңіл күйімізді басқара білейік

Жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік. Ұстамдылық іскерліктерін дамыту. Әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

2




5-6

Оқуға құштарлық

«Білім», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ұстаздарды бағалауға, сыйлауға тәрбиелеу.

2




7-8

Менің ұстаздарым

«Білім», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктер. Ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру; мұғалім еңбегі туралы түсінік, оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігі; ұстаздарды бағалау, сыйлау.

3




ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК




9-10

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Құрмет, ізет, сыйластық туралы түсінік беру. Қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.

1




13-14

Кешірімді бала – кішіпейіл бала


«Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Кішіпейілділік, кешірімділікке бейім қабілеттерін дамыту.

2




11-12

Келісім түбі – жарастық


Келісім, жарастық туралы түсінік беру. Достаса білу, қасиеттерін дамыту. Өзара татулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

2




15-16

Күш бірлікте


Бірлік туралы түсінік беру, көпшіл болу іскерліктерін дамыту. Бір-біріне көмектесуге,
бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу. Өзара түсінісе білу іскерліктерін дамыту, өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

2




ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...




17-18

Текті білу тегін емес

Ата-тек, жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. Атадан өнеге-үлгі, тәлім-тәрбие алу. Ата-текті құрметтеу, қастерлеу. Ұрпақ жалғастығы.

2




19

Ұятты бала – арлы бала

Ұят, ар, намыс туралы түсінік беру. Сыпайы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

1




20

Обал мен сауап

«Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Обал мен сауап туралы түсінік беру. Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру. Мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.

1




21-22

Еңбек бәрін жеңбек

Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік. Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту. Алдына қойған мақсат жолында қажыр-қайрат, жігерлілік, өзіне-өзі талап қоя білуге үйрету.

2




23-24

Жүрек жылуы

Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсінік. Өзгелерге қамқорлық жасау, ата-анасына, бауырларына деген сүйіспеншілік.

2







IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ

25

Халық даналығы

«Даналық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі халық даналығы екендігін түсіндіру. Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны құрметтеп, сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.




1

26

Халқым менің қонақжай

Туған халқының дәстүрін танып-білуге қызығушылық, қонақжайлылық дәстүрі, қонақты күтіп-сыйлау, бата алу. Отбасылық дәстүрлерді қастерлеу, жалғастыру.




1

27

Табиғат – әсемдік әлемі

Табиғат», «сұлулық» тәрізді адамгершілік құндылықтар туралы түсінік. Табиғат сұлулығы туралы түсінік беру; табиғат әсемдігіне қызығушылықтарын арттыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу.




1

28

Табиғат – денсаулық мекені

«Табиғат», «денсаулық» адамгершілік құндылықтары туралы түсінік. Табиғаттың денсаулыққа әсері туралы түсінік беру; денсаулығын нығайтуға ұмтылысын арттыру; денсаулығын бағалауға тәрбиелеу.




1

29

Табиғатпен біргеміз

Адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсінік беру. Табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.




1

30

Атамекен табиғаты анамдайсың

Атамекен табиғаты туралы түсінік беру. Табиғатқа қамқорлық жасау, іскерліктерін дамыту. Атамекенін қадірлей білуге тәрбиелеу.




1

31

Қазақстан – менің елім

«Отан», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктер. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың Отаны Қазақстан екендігін түсіндіру. Отанға сүйіспеншілігін арттыру; Отанын сүюге тәрбиелеу.




1

32

Үйренгенім көп менің

2-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен алған білімдерін жинақтау, жағымды қарым-қатынастарын дамыту.




1

33-34

Қорытынды сабақ

Өзін-өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, әңгімелесу, жағдаяттарды шешу, т.б.




2







Барлығы:




34


Оқушылар 2-сыныптың соңында:

  • бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, махаббат, шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;

  • оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын бағалауды, отбасылық дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана тілін құрметтеуді үйренеді;

  • адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері болады;

  • қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;

  • адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы бастапқы түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;

  • адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді, көңіл күйін басқара алуды біледі;

  • денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;

  • өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алады.

2-сынып оқушыларының білімін бағалау

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 2-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.



Оқушы 2-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет