«Балқаш қаласының гимназиясы» кмм бекітемін: Келісемін: Ә/б отыр. қаралды



бет3/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#4510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


І. ТҮСІНІК ХАТ
«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиетік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.

Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.

Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.

Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.



«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

  • ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

  • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;

  • талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;

  • әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

  • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

  • оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;

  • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.



ІІ «ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ» ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
2-СЫНЫП

Оқу материалдары төмендегідей 7 тарауды құрайды:

  1. Туған елім - Қазақстан.

  2. Асыл сөз.

  3. Адам болам десеңіз.

  4. Еңбек түбі - береке.

  5. Өнегелі өмір.

  6. Табиғат- тіршілік бесігі.

  7. Біздің тілегіміз- достық.

Оқу аясы екі бөлімнен тұрады:

  • Көркем шығарма бөлімі.

  • Ғылыми-танымдық шығармалар бөлімі.

Көркем шыгарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:

  • Ауыз әдебиеті үлгілері.

  • Жазба балалар әдебиеті үлгілері.

Ауыз әдебиеті үлгілерінен:

  • балаларға арналған тақпақтар;

  • төрт-түлік жырлар (мысалы, «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», «Түйе», «Сиыр»);

  • өтірік өлендер (үзінділер);

  • мақал-мәтелдер (әр түрлі тақырыптағы);

  • жұмбақ-жаңылтпаштар (әр түрлі тақырыптағы);

  • ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер (мысалы, «Байлық пен ақыл», «Ұр, тоқпақ», «Жақсылық пен Жамандық», т.б.);

  • Аңыз-әңгімелер (мысалы, «Қожанасыр мен Алдар
    көсе», «Үш сом», «Кімнің баласы?», «Бала Жиренше», «Күй
    құдіреті»);

  • шешендік сөздер (мысалы, «Кедейлік неден?», «Жақсы жігіт белгісі», «Ананың арқасы», «Қазыбектің Төле бимен кездесуі», «Не қымбат?», «Әйтеке бидің айтқаны», «Жігіттің жақсысы»).

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

  • өлеңдер (Отан, отбасы, туған ел, туған жер, табиғат құбылысы, ел еңбегі, балалар өмірі суреттелген көркем шығармалар);

  • мысалдар (адалдық пен аярлық, еңбекқорлық пен жалқаулық, зұлымдық пен мейірімділік, достық пен қастық сияқты қарама-қайшы мінез-құлықтар суреттелген көркем шығармалар);

  • әңгімелер (отбасы береке-бірлігі, Отан тыныштығы, табиғат құбылыстары, жан-жануар тіршілігі, ел адамдарының ерен еңбегі, еддің тарихы мен тарихи тұлғалары суреттелген көркем шығармалар;

  • мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік ( аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2-сыныпты бітірген оқушы:

  • ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;

  • мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;

  • мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;

  • көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;

  • мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;

  • өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.

  • Мәтіннің негізгі ойын;

  • мәтіндегі оқиға желісін;

  • мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.

  • Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  • оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс

белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта

– 50-55 сөз оқуды меңгереді.

Ана тілі.

Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат

Авторлары: Б.Т.Қабатай, С.Р.Рахметова, П.Қ.Жаманқұл.

Алматы «Атамұра» 2009





Жазба балалар әдебиеті үлгілері

3. Туған елім - Қазақстан.

15 сағат

1

Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері.

1




2

Ж. Смақов. Отан.

1




3

М. Мақатаев.Отан туралы.

1




4-5-6

С. Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?

3




7

К. Ахметова. Астана.

1




8

Астана қаласы-жаңа астана.

1




9

Д. Әділев. Туған тілім.

1




10

Тұрманжанов. Туған өлкем.

1




11-12

Б. Момышұлы. Ұшқан ұя.

2




13

Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.Қайраттың жазу дәптерінен.

1




14-15

Қ.Аманжолов. Қазақстан. С.т.о. Ғ.Жайлыбай Ләззат пен Сабира

2




Ауыз әдебиеті үлгілері.

Асыл сөз

1

Аңқау арыстан (ертегі).

1




2

Байлық пен ақыл (ертегі).

1




3-4

Қасқыр мен түлкі (Ауған ертегісі).

2




5-6

Ұр, торпақ (ертегі).

2




7

Сақина (ертегі).

1




8

Шибұт, Қылмойын, Қарынбас (ертегі).

1




9

Төрт түлік туралы жырлар. Қой

1




10

«Торы құлын.» өлеңі.

1




11

«Сиыр.» өлеңі.

1




12

«Түйе.» өлеңі.

1




13

Төрт түліктің кеңесі.

1




14

Аңыздар.Қожанасыр мен ашқарақ.

1




15

Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом.

1




16

Алдаркөсе мен салт атты.

1




17-18

Өтірік өлең.

2




19

Үш арыстың үлгілері. С.т.о. Асыл сөз

1





Көркем шығарма бөлімі

Жазба балалар әдебиеті үлгілері

Адам болам десеңіз


1

Ы. Алтынсарин. Кел балалар, оқылық!

1




2

Ы. Алтынсарин. Малды пайдаға жарату.

1




3

Ө. Тұрманжанов. Мектеп – біздің анамыз.

1




4

А. Байтұрсынұлы. Мен қалаға оқуға бардым?

1




5

І. Жансүгіров. Күн шыққанда.

1




6

Н. Айтов. Оқулық..

1




7

Ж.Аймауытов.Кітап оқу. СТО. Ы.Алтынсарин Жаман жолдас.

1




8

С. Бегалин. Зеректік.

1




9

Ә. Дүйсенбиев. Ақылшым – мұғалім.

1




10

Ж. Қашқынов. Ұнатам күзді мен.СТО С.Сейфуллин.Жазғы дала

1




11

А. Тоқмағанбетов. Бидай мен қаңбақ.

1




12

Абай. Ғылым таппай мақтанба.

1




13

Ф. Оңғарсынова. Білім керек бәріне.

2




14

Ғ. Қайырбеков. Алғашқы қоңырау.

1









Еңбек түбі – береке








1

Ш. Смаханұлы. Тәкаппар.

1




2

М. Гумеров. Көк кептер.

1




3

М. Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?

1




4

Ж. Кәрбозин. Жиырма тиын.

1




5

Ә. Дүйсенбиев. Атай.

1




6

М. Әлімбаев. Көктем келді.

1




7-8

М. Төрежанов. Еркіннің еңбегі.

2




9-10-11

Қ. Жұмаділов. Ұзынсары.

3




12-13

Н. Қазыбеков. Наурыз көже.

2




14-15

Наурыздағы тілек.

2




16-17

Ө. Ақылбеков. Наурыз – жыл басы.

2




18-19

Үйшік. .

2






5.Өнегелі өмір


1

С. Мәуленов. Ата ақылы.

1




2

С. Көбеев. Атасы мен немересі

1




3

С. Көбеев. Шал мен балалар.

1




4

Мысық пен тышқандар. (Ертегі)

1




5

Ж. Смақов. Айтшы әжетай.

1




6

Ж. Смақов. Апамның тілін алса егер. С.т.о. Ананың сүюі Ы Алтынсарин

1




7

Ы. Алтынсарин. Ата - әжеме хат.

1




8

Қайқаус. Ата – ананы құрметтеу туралы.

1




9-10

Ф. Оңғарсынова. Жылу.

Ф. Оңғарсынова. Әже.



2




11-12

М. Әуезов. Әбілмансұр.

2




13-14

Атан түйе шөккен жер.

2




15-16

ҚЖ. М. Әуезов. Бала Абай.

2




17

М. Әуезов. Бала Абай мен Барлас ақын.

1




18-19

Т. Жұртбай. Қоңыр қозы.

2




20

Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

1




21-22

Ш. Мұртаза. Бала Тұрар.

2




23

С. Сейфуллин. Біржан.

1




24-25

М. Ғабдуллин. Батырдың мінезі.

2




26-27

С. Машақов. Мәншүк. С.т.о. Ә.Нұршайықов. Мәншүк әні

2




28

С. Жиенбаев. Әлия.

1




29

Қ. Әбдіқадіров. Алып бала.

1




30-31

С. Мұқанов. Батылдық.

2




32-33 Н. Жүсіп. Гиннес кітабына кірген қазақ.. 2

34-35

Қ. Рысбекұлы. Бекзат.

2




36

С. Сейфуллин. Көлде.

1




37

Жамбыл. Алатау

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет