Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Т-лимфоидтык жүйе кемістігіне



Pdf көрінісі
бет1343/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1339   1340   1341   1342   1343   1344   1345   1346   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Т-лимфоидтык жүйе кемістігіне
күдік мына жағдайларда тууы орынды: балаға тірі
вирустық вакцина, ВСG жасағаннан соң жүйелі ауру пайда болуы; қызамық (гигантклет-
калық), желшешектегі ауыр пневмония, созылмалы рецидивті тері және кілегей қабаттары
кандидоздары (мысалы, кетпейтін «сүт шірік қабықтарының» 6 айдан асқан балаларда бо-
луы); рецидивті, көбінесе қоздырғышы оппортунистік бактериялар болатын инфекциялар;
«қожайынға қарсы трансплантат әсерінің» (төменнен қараңыз) қан құюдан кейін байқалуы
немесе кұрсақішілік эритродермия, тұтас шаш түсу, әсіресе қастың болмауы; өсу тоқтауы
мен тұракты гипотрофия; лимфоциттері кішкентай анық лимфоцитопения: лимфоциттер
саны 1 мкл-де 1500-ден аз немесе лейкоцитарлық формулада 8-10 %-дан кем.
ИТС жөнінде ойландыратын, бірақ Т-немесе В-клеткалык кемістіктің анық
дәлелдері жоқ жағдайлар: Карини пневмоцистасы негізді пневмония; ем қонбайтын
экземалар; диарея немесе жаралы колит; түсініксіз гематологиялық кемістік; терінің
рецидивті ірінді инфекциялары, остеомиелиттің созылмалы ағымы.
Біріншілік иммундық кемістік диагностикасын жеңілдету үшін тек ауруда ғана емес,
оның отбасы мүшелерінде жоғарыда аталған дерттер спектрін түгел қарастыру абзал. Бұл
үшін шежіре жинастырып, барлық (!) туыстарының ауруларын (ата-анасы білетін) мұқият
екшеу керек. Әдетте, дәрігердің балаға қатысты (не анықталған) ауруды басқа отбасы
мүшелерінде, туыстарында кездесті ме деген сұрағына көбіне «жоқ, болған жоқ» деген
жауап айтылады. Иммундықтапшылық жөнінде күдік молаюы отбасында басқа
балалардың сәбилік кезде өлуі, кез келген инфекция, егу немесе қан құюдан кейінгі өлім
жайлары; ауруда (немесе ен кемі екі туысында) ем қонбайтын диарея, экзема, жаралы
колит, тері мен кілегей қабаттарының кандидозы, созылмалы бронх-өкпелік құбылыстар
немесе олардың өте ауыр ағымы, түсініксіз гематологиялық тапшылықтар (анемия,
лейкопения), аутоиммундык және дәнекер тін ауруларында (әсіресе олардың аралас келуі)
орынды. Мұқият жиналып, екшелген генеалогиялық анамнезі – көптеген тұқым
қуалайтын аурулардың дер кезінде анықталуына, сонымен катар, біріншілік ИТС
диагнозын қоюға да көмек береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1339   1340   1341   1342   1343   1344   1345   1346   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет