Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЕКІНШЛІК ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет1377/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1373   1374   1375   1376   1377   1378   1379   1380   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

18.9. ЕКІНШЛІК ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ
Екіншілік иммундық дефицит
– 
бала немесе үлкен кісінің постнеонатальдық
кезеңінде дамыған және гендік кемістіктердің нәтижесімен байланысы жоқ иммундық
жүйенің бұзылыстары.
Өте жиі таралған жағдай, орайласу негіздері – иммуноглобулиндер жоғалуы
(нефротикалық синдром, экссудативті энтеропатия, Крон ауруы т.б.), олардың жеткіліксіз
түзілісі (гипотрофия, протозойлық және гельминттер инвазиялары, бауыр аурулары, кейбір
вирустық инфекциялар т.б.) немесе Т- лимфоциттердің пайда болу тежелісі, олардын В-
лимфоциттермен ара қатынасы (ЖИТС-СПИД), лимфогранулематоз, цитостатиктер
тағайындау, тағамдар, сыртқы орта ксенобиотиктері, бөгде заттар, рентгенемі, лейкоз,
қатерлі ісіктер, ауыр перинатальдық дерттер мен құрсақішілік қызамык, цитомегалия,
герпес, тамақ кемістігі, гиповитаминоздар, цинк мальабсорбциясы, күйіктер, уремия т.б.
Иммунитет бұзылысы, әдетте, дертті емес флора (комменсал, адам сапрофиті деп
аталатындар: ішек таяқшасы, протей, көк-ірің таяқшасы, провиденция т.б.) ауыр
инфекциялық құбылыстар туғызады.
Белгілі эпидемиолог О.В. Бароян стафилококкоздардың көптеген инфекциялық
аурулар түрін бере тұра қоздырғыш қасиеттері мен одан болған аурудын клиникалық
реактивтілік ерекшелігінде, бірақ онын қайсысы – әзірше белгісіз екендігін көрсетті.
Иммунологтар мен клиницистердің ерекше көңіл аударатын жайы – латенттік және
баяу вирустық инфекциялар, олардың қоздырғыштары организмде ұзақ тұрақтап (он
жылдан астам немесе бүкіл өмір бойы), оқтын-оқтын түрлі клиникалық дерт туғызады.
Бұлар – жай герпес, цитомегалия, Эпштейн-Барр вирустары айналыстағы иммундық
комплекстер туғызады, тіндердің түрлі бұзылысына әкеліп, әрқилы ауруларға қатынасы
болады: ДТДА-лары, бүйрек аурулары, энцефалопатиялар, ең алдымен перинаталдық т.б.
Барлық нәрестелердің ең кемінде 5% анте- және интранатальды кезеңде түрлі вирустар
жұқтырады, оның ішінде 1,5-2% цитомегалия вирусы. Әдебиет деректері бойынша
балалардың 15-20%-да ақыл-ес кемістігі тек цитомегалияға байланысты. Кұрсақішілік
инфекция жұғуының жалпы биологиялық мәні қаншалықты? Баяу вирустық инфекциялар-
дағы реактивтілік кемістігі неде, оны қалай емдеуге болады, оның керегі бар ма? Баяу,
оның ішінде құрсакішілік вирустық инфекциялар қандай жағдайларда жайылмалы немесе
орнықты инфекциялық немесе аутоиммундық құбылыс туғызады? Т-супрессорлар
кемістігі аутоиммундық ауруларда біріншілік пе әлде екіншілік пе (әсіресе белгілі ауруға
байланысты)? Бұл сұрақтар жауабы келешек ісі, көптеген зерттеулер нәтижесі болмақшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1373   1374   1375   1376   1377   1378   1379   1380   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет