кезкелген кілегей алынады да, 5% қант сиропы қосылады. Себебі, сиыр сүтіндегі қант
қайнатып пісіргенде азаяды. Бұл қоспалар қандай қайнатпалар қолданылатына
байланысты Б - күріш (күріш қайнатпасы), Б - сұлы (сұлы қайнатпасы), Б - қарақұмық
(қарақұмық қайнатпасы) деп аталады.
2 аптадан 3 айға дейінгі аралықтағы балаларды тамақтандыру үшін және 3 айдан
асқан балаларға ауыспалы қоспа ретінде №3 қоспалар (В қоспалар) тобы қолданылады.
Бұл қоспалардың екі бөлігі сүт, бір бөлігі қайнатпалар болып келеді. Қоспаға 5 % қант
қосады. Сүтті ұйытқанда құрамындағы
кейбір амин қышқылдары, галактоза әжептәуір
азаяды, сондықтан қоспаларды толықтыру қажет болады. Мысалы, шикі қаймақпен. Бірақ
бұлай толықтыру жетіспейтін көптеген заттарды толық қалыптастыра алмайды.
В - тобындағы тәтті қоспаларда қандай қайнатпалармен сұйытылуына байланысты В-
күріш, В-сұлы, В-қарақұмық деп аталады.
3 айдан бастап жасанды тамақтандыру үшін 5% қантпен толықтырылған сиыр сүті
қолданылады. Тәтті сүт қоспаларына «Крепыш», «Здоровье», сияқты қоспаларда жатады.
Достарыңызбен бөлісу: