Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Құрсақ ішілік инфекциялану



Pdf көрінісі
бет579/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Құрсақ ішілік инфекциялану
тек ұрықтың инфекциялық зақымдануы құрсақ
ішілік даму кезеңінде немесе босану кезінде болғанын ғана дәлелдейді.
Егер ұрыққа анасынан инфекция анте- немесе интранатальды кезеңде еніп,
микроогранизмнің құрсақ ішілік кезеңде енгені дәлелденген болса, ұрықтың және жаңа
туған нәрестелер организмінде инфекциялық ауруға тән патофизиологиялық өзгерістер
анықталған жағдайда құрсақ ішілік инфекция термині қолданылады. 
Құрсақ ішілік инфекция –
анте- немесе интранатальды кезеңінде жұққан
ұрықтың инфекциялық ауруы, ол нақты лабораториялық зерттеу нәтижесі болса ғана
инфекциялық ауру болып аталады. 
Ғылыми әдебиеттерде «туа пайда болған инфекция» деген де термин бар. Бұл термин
тек бала туылған кезінде, жаңа туылған балада құрсақ ішілік инфекцияның клиникалық
белгілері болса ғана қолданылады. 
Туа пайда болған инфекция – инфекциялану және аурудың клиникалық кезеңдері
құрсақ ішінде жүрсе ғана инфекциялық ауру деп табылады. 
Инфекцияланудың қандай гестациялық мерзімінде болғанына байланысты,
инфекциялық бластопатия, эмбриопатия және фетопатия ажыратылады.
Гематогенді жолмен ұрыққа енген қоздырғыш қабынуды шақырады. Зақымданған
зиготалар алғашқы ұрықтанғаннан соң 2 аптадан кейін ұрықтың өліміне талып келеді,
жатырдан тыс жүктілікке, генетикалық ауруларға ұқсас патологиялық өзгерістердің
дамуына, ұрықтың өсінің түзілуіндегі бұзылыстарына, ақауларға әкеледі. Эмбрионның
қабыну реакциясының ерекшелігі және альтеративті компоненттерге байланысы,
жүктіліктің алғашқы 3 айында құрсақ ішілік инфекцияда пайда болатын ұрықта даму
ақауларымен ерекшеленетін эмбриопатияның дамуына, біріншілік плацентарлық
жетіспеушілікке, жүктіліктің дамымауына және өздігінен болған түсікке әкеледі. 
Клетка ішілік циклді микроорганизмдердің (көбіне вирустердің) эмбриопатия туды-
руы эмбриональды тканьдердің микроорганизмдерге жоғарғы троптығымен түсіндіріледі.
Осы аурулардың қысқаша сипаты
№ 63 кестеде
көрсетілген. 
Ұрықта ерте фетальды кезеңде қабынудың альтернативті компонентімен қатар
жинақталған склерозға әкелетін пролиферативті компонент те бар. Бұл ерте фетальды
кезеңде қабыну процессінің жергіліктенуі болмай, ҚІИ-ның жайылған түрде жүріп, ана-
плацента қан айналымының бұзылысына, дистрофиялық реакцияларға, дәнекер тіндер
арасындағы жинақталған процесстердің түрлі бұзылыстарымен жүреді (ми глиозы, фибро-
эластоз). Демек, жалған ақаулар пайда болады. Пролиферативті өзгеріспен жүретін қабы-
ну процесстері қалыптасқан мүшелердегі ақауларға әкеледі (гидроцефалия, гидронефроз). 
366


63 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет