Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1183/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1179   1180   1181   1182   1183   1184   1185   1186   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагноз
 
клиникалық (синдромдардың болуы), лабораториялық (лейкоцитоз,
нейтрофи-лез, эозинофилия, тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, айналымдағы иммундық
кешендердің артуы, зәр анализіндегі өзгерістер, қажет болса функциялық сынамалардағы
өзгерістер) мәліметтер, коагулограммадағы өзгерістер (гиперфибриногенемия, фибрин
деградция өнімдерінің артуы) негізінде қойылады. 
Ажырату диагнозы
ревматизммен, тері ауруларымен, ішек-қарын жолдарының
ауруларымен жүргізіледі. Геморрагиялық васкулитті басқа васкулиттен науқастарда триада
белгісі арқылы ажыратылады: терінің өзіне тән зақымдалуы, буын және абдоминальды
синдромдар.
Бүйрек зақымдалуына байланысты барлық науқастар зәр анализін тапсыру керек.
ТІШҰ-синдромы даму қалпына байланысты тромбоцитті анықтау қажет. Гемморагиялық
васкулитте қан ағу жылдамдығы мен қан ұю уақыты өзгермейді. 
Емі.
Жедел кезеңде емдәмде жануарлар ақуызы, ас тұзы, экстрактивті тағамдар
шектеледі. Абдоминальды синдромда механикалық аяушылық түрде жартылай салқын
тағамдар сұйық немесе жартылай сұйық күйде берілу ұсынылады. Ішек перистальтикасын
күшейтетін тағамдарды қоспау керек (қара нан, сүт, капуста, газдалған сусындар және т.б).
Көп мөлшерде витаминделген сұйықтық беріледі.
Төсектік режим 2-3 апта, кейін оны пурпураның рецидиві болуына байланысты
(ортостатикалық пурпура) бірте-бірте кеңейтеді.
Емдеу ауруханада жүргізеді. Егер бактериальды инфекциямен байланысы бар болса
немесе науқаста созылмалы инфекцияның декомпенцацияланған ошағы байқалса
антибиотикпен емдеу курсы тағайындалады. Егер тағамдық, дәрілік аллергендер болса,
рационнан, ем жоспарынан алынып тасталынады. Десенсибилизациялаушы заттар
(супрастин, тавегил, диазолин, фенкарол), тамыр қабырғасын нығайтатын (кальций
хлориді, кальций глюконат, аскорбин қышқылы, аскорутин), дезагреганттар (курантил,
трентал, индометацин) қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда симптоматикалық
терапия жүргізіледі. Ауыр жағдайда преднизолон мен гепарин қосады. 
710


Гепарин тағайындау көрсеткіштері: 1. Қайталанған қосылған, әсіресе жаралы-
некротикалық элементтері бар тері бөртпелері; 2. Абдоминальды және бүйректік синдром-
ның болуы; 3. Гиперкоагуляциялық ығысудың болуы; 4. Паракоагуляциялық тестердің оң
болуы (этанолдық, протаминсульфаттық). Гепарин күніне 4 рет теріастына немесе венаға
енгізледі. Ауырлық дәрежесіне сәйкес 100 бірліктен 350-400 бірлік/кг салмағына дейін
қоладылады. Егер гепаринмен емдеу барысында қанның ұюу уақыта қысқа болып қала
берсе гепариннің дозасын 1,5 есе көтерген дұрыс. Науқаста қайталайтын терілік, бүйрек-
тік, абдоминальды синдром байқалса, ол преднизолон (1-2 мг/кг есебінен) тағайындаудың
көрсеткіші болады. 
Преднизолонды жеке тағайындау қауіпті, өйткені гиперкоагуляция дамуына
икемдейді, ал бұл ауру – ТІШҰ-синдромы дамуына бейім болы келеді.
Барлық науқастарға активтелген көмір, энтеросорбент, полипефан ішке
тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1179   1180   1181   1182   1183   1184   1185   1186   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет