Емі.
Мақсаты: жүрек-қантамыр, ОНЖ жүйесі, көз дерттерін қалыпқа келтіріп,
тұрақтандыру: ß-адреноблокаторлар (обзидан және б.), калий дәрілері, кең көлемде
витаминдік ем (А, В тобы, С, Е). Ерте жастан уқалау курстарын қайталау, ЕДШ.
Аневризмалардың алдын алу үшін баланы ауыр физикалық жұмыс, дене тәрбиесі
сабағынан босату, тиісті кәсіпке бағыттау маңызды болып келеді. Клапандар пролапсы аса
көрнекті кезде протез жасау, аорта бөлігін алып тастау тиімді болады. Көкіректің
деформациясы хирургиялык коррекцияны қажет етеді. Қажет болса, реттейтін көзілдірік
кию. Тұрақты реабилитацияға қол жеткізу үшін тірек-қимыл, жүрек-қантамыр жүйесіне
арналған мамандандырылған санаторияларға жолдау.
Достарыңызбен бөлісу: |