1о-3о қасиеттер AB, BC, AC көбейтінділері бар болатындай кез келген өлшемді матрицалар үшін де дұрыс болады.
n-ші ретті квадрат матрицалар жиынын Mn(R) деп, матрицалар алгебрасын n(R), +, ·> белгілейді.
Сұрақтар:
Квадрат матрицаның 2, 3, 4 дәрежелерін қалай атайды?
Матрицаны көбейту амалы коммутативті бола ма? Не себепті?
Әдебиеттер: [1], [3].
Тақырып: Кері матрица.
Анықтама. Анықтауышы нолден өзге квадрат матрица нұқсансыз деп аталады.
Анықтама. Берілген квадрат А матрицасының элементтерінің алгебралық толықтырмаларынан құралып, транспонирленген матрица қосалқы деп аталады, оны А* деп белгілейді.
Анықтама. Квадрат А матрицасы үшін А·Х=Х·А=Е шартын қанағаттандыратын Х матрицасы табылса, онда А матрицасы қайтарымды матрица деп, ал Х матрицасы А-ға кері матрица деп аталады, оны А-1 деп белгілейді.
Матрицаның қайтарымды болу шарты оның нұқсансыз болуы, яғни detA≠0 болуы.
Кері матрицаны 2 әдіспен табуға болады.
1 әдіс (анықтауыш арқылы):
Бұл әдіс бойынша берілген n-ші ретті квадрат матрицасына кері матрица А-1: формуласымен табылады.
2 әдіс (элементар түрлендірулер қолдану арқылы):
Достарыңызбен бөлісу: |