Барлығы – 90 сағат



бет3/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#632
1   2   3   4   5   6   7   8

СӨЖ мазмұны: Күйлердің тарихымен танысу. «Ортеке» күйін жаттау.

Шертпе күйлеріне қосымша жаттығулар ойнау керек. Соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1,2-саусақтармен, ал квартаны 4,2-саусақтармен алу. Квинта интервалын – 2,3,содан соң 3,4-саусақтармен алу 3 және 2- саусақтарды қатар басу жеке дыбысты алғанда да қолданады. Дыбыстың табиғатын есту. Сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау. Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау.

20 практикалық сабақ

Тақырып: Сол қолда кездесетін күрделі әдіс-амалдар. Мелизмдер. Форшлаг. Группетто. Мордент. Трель. М.Огинский «Полонез»

Практикалық сабақ мазмұны: Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу. Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады. Мысалы: астыңғы ішектен үстіңгі ішекке лига арқылы алмасу әдісі. Бұл әдісте қағыстан кейін дыбысты ре ішегінде алған кезде басқа саусақтарды босатып, оны сәл тербелтіп қалу керек. Сол қолдағы тұту әдісі; () Бұл әдіс соль ішегін саусақ ішімен тұтып, ре ішегіндегі дыбысты алғанда қолданылады. Глиссандо (сырғи) дыбыстан-дыбысқа тез сырғу әдісі. Әуен сазын әшекейлеу, құлпырту мелизмдер (музыкалық өрнектер) деп аталады. Музыкалық өрнектерге форшлаг, группетто, мордент, трель, флажолеттер жатады. Форшлаг (соққы алдында) негізгі дыбыстан бұрын жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек. Ол бір немесе бірнеше дыбыстардан тұрады. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлері болады. Негізгі дыбыс пен оның алдындағы дыбыстың ұзақтығына құрылған форшлагты қысқа форшлаг (сызылған), ал негізгі дыбыстың ғана ұзақтығына құрылған форшлаг ұзақ форшлаг (сызылмаған) деп аталады. Группетто – 4 немесе 5 дыбыстан тұратын өрнектеу белгісі. Мордент (өткір) үш дыбыстың негізгі қосалқы және қайтадан негізгі дыбыстардың бірінен соң бірінің тез қайталануын айтады. Морденттің түрлері: қос, сызылғанжәне сызылған қос мордент. Трель (дірілдету) – қатар тұрған екі дыбыстың алма – кезек тез қайталануы.

Әдебиет: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,101-103-беттер., 165-бет.

Техникалық оқу құралдары: Оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Форшлаг (қысқа, ұзын) түрлері: нахшлаг, рюкшлаг, юбершлаг. Нахшлаг (соққыдан соң) – негізгі дыбыстан кейін жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек. Рюкшлаг (қайта оралған соққы) - өрнектің негізгі дыбысқа қайта оралатын түрі. Юбершлаг (ауысатын соққы) - өрнектің басқа дыбысқа ауысатын түрі.

СӨЖ мазмұны; Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

21 практикалық сабақ



Тақырып: Флажолеттер. Табиғи флажолеттің орындалуы. Жасанды флажолеттің орындалуы. Паганини тақырыбына вариациялар.

Практикалық сабақ мазмұны: Флажолет – ысқырауық, ішекті аспаптарда алынатын ысқырыққа ұқсас жеңіл дыбыс. Флажолет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Ашық ішектен алынатын флажолет – табиғи, ал жабық ішектен алынатыны жасанды деп аталады. Флажолет таңбалары флажолет алынатын дыбыстың үстіне қойылады. Табиғи флажолет екі түрлі әдіспен; а) қағыстан кейін сол қол саусағын ішекке жеңіл ғана тигізіп қалу арқылы; ә) қажетті перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағы мен бас бармағы арқылы ішекті іліп тарту арқылы орындалады. Жасанды флажолеттің орындағанда, әуелі қажетті пернені тиісті саусақпен басып тұрып, содан кейін бір октава жоғары орналасқан аттас перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағы мен бармағы арқылы ішекті іліп тартып қалады. Жасанды флажолет домбыраның барлық пернелерінен орындалады.

Әдебиет: А. Тоқтағанов «Домбыраға арналған хрестоматия» Алматы «Өнер» 1986ж.58-59-беттер. К. Сахарбаева «Атырау ән – күй мұхиты» Алматы «Дайк-Пресс»,2001ж.,688-бет.

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі», Алматы «Өнер» 1992ж.,104-106-беттер.



Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Сонымен бірге шығарманы жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор. Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.

СӨЖ мазмұны: Домбырада флажолет әдісімен ойнап жаттығу. Күйді ойнап жаттығу.Өткен тақырыптағы күйлерді қайталау. Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру.

22 практикалық сабақ



Тақырып: Нотаны бірден оқып ойнау. Транспозиция. Домбырадағы шартты белгілер. Қожақ «Ақсақ кер»

Практикалық сабақ мазмұны: Арнайы мамандық пәнінде студентті нотаны бірден оқып, ойнап кетуге негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Транспозиция дегеніміз – музыкалық шығарманы бір тональдықтан екіншісіне ауыстырып (көшіріп) орындау. Домбырадағы шартты белгілер – оң қолдағы және сол қолдағы шартты белгілер.

Әдебиет: Б. Каракулов «Асыл мұра» 67-бет.

А.Жайымов,С.Бүркітов,Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,106-109-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Ұстаздық жұмыстың ең жауапты кезеңдердің бірі; студентке нотаны жүргізіп үйрету болып табылады. Студентке қолайлы репертуар таңдау, оның музыкалық қабілетінің өсуіне, дамуына көп әсерін тигізеді. Міндетті түрде қиындықтарды жеңу. Бірақ оны нақты, ұстамды түрде орындау. Студенттің өзіндік жұмысына жақсы баға беру, сабаққа ынтасын арттыра түседі. Жеке дамуына да көп әсерін тигізеді. Домбыра аспабында екі қол үндестігі болуы үшін көптеген жаттығулар жасау керек. Үзбей ойнау, кесіп-кесіп, сыпыртып ойнау т. б. тәсілдер нотаны жүргізіп ойнау арқылы және домбырадағы шартты белгілер арқылы жүзеге асады.

СӨЖ мазмұны: «Ақсақ кер» күйін транспозиция жасау. Домбыраның шартты белгілерін жаттау. Әрбір сабақты оқу процесінің бір бөлшегі етіп қарау. Нотаны көзбен оқуды үйренуге жаттығу. Күйді талдау . Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу. Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады.Өткен сабақтарда үйренген әдістерді қайталау.

23 практикалық сабақ



Тақырып: Сүгір «Майда қоңыр»

Практикалық сабақ мазмұны: «Майда қоңыр» күйі сарысулық домбырашы Дабыл Ажақаевтың орындауында нотаға түсірілген. «Майда қоңыр», «Наз қоңыр», «Жолаушының қоңыр күйі» сияқты шығармалардың ортақ тұсы «қоңыр» жанры. Қазақтың музыка өнерінде «қоңыр» деген атпен байланысты шығармалар баршылық. Мысалы : Ақан серінің «Майда қоңыры», «Естайдың «Жайқоңыры», Мұхиттың «Жайма қоңыры» Әбікеннің «Қоңыры», Әлікейдің «Қоңыраласы» т.б. «Қоңыр» ұғымы жұмсақ ,жағымды әуезділікті білдіреді. «Қоңыр» деп аталатын шығармалардың дені байсалды, мұңды, салиқалы болып келеді.

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет»-2006ж.,75-77-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны: Есту және ырғақ қабілеттерін әрі қарай дамуына бірнеше жаттығулар ойнату.Қандай жаттығу болсада сабақ үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауының студенттің құлағына сіңуінде маңызы зор. Сонымен қатар ашық ішекті көбірек араластыру, студент қолын босатып алуына, студенттің музыка ырғағын бұзбай жөндеп жіберуіне себебі мол. Бірінші саусақты перне бойымен жылжытуға арналған жаттығулар ойнату. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату.

СӨЖ мазмұны: Санап ойнағаннан студенттің ырғақтық қасиетінің қалыптасуына әсері мол. Оң қол бас бармақпен домбыра ішегін жұлқа тартуға жол бермеу. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұру, бас бармақтың бірінші буынын сұқ саусақпен жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастсмас бұрын қолға алған дұрыс. Жаттығу, этюд, әндерді өңдеп түсіру. : Ырғақ музыкада ең көрнекті роль атқарады. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізін құрайтын негізгі желіге айналады.

24 практикалық сабақ



Тақырып: Дыбыс, дыбыс тәрбиесі. А. Хачатурян «Лезгинка»

Практикалық сабақ мазмұны: Домбыра дыбыс ұзақтығы қағыс ауқымына байланысты және сол қол тербелісіне де тәуелді. Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану қиынға соғады. Ең керекті дұрыс домбыра болуы шарт. Домбыра дыбысының негізі осында жатса, оның тәрбиесі өте ұзақ, талмай-тынбай ізденіс арқылы келетін құбылыс. Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру. Динамика – домбыра дыбысы көркемдігінің негізі. Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол тербеліс және әшекей өрнектер (мелизм).

Әдебиет: Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.,88-90-беттер.,

К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері»,Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 82-83-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық, үн-таспа пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Дыбыс табиғаты шулы және музыкалық болып екіге бөлінеді. Музыкалық дыбыс кез келген музыкалық туындының ең кіші бөлшегі. Адам, аспап музыкалық дыбысы, тембрі, әуезіне қарай ерекшеленеді. Дыбыс күші – тербеліс қозғалысына байланысты өлшенеді. Музыкалық дыбыс әуезіне келсек, әр адам, әр аспап табиғатына қарай ерекшеленеді және дыбыс алатын штрихқа байланысты жіктеледі. Музыкалық дыбыс жүйесінде нотада көрінбейтін, құлаққа әр орындаушы түйсігімен тұстары өте көп, сондықтан алғашқы баспалдақта домбырашыны ішкі тыңшылығымен тәрбиелеудің маңызы зор.Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану да қиынға соғады. Дыбыспен жұмыс жасау.

СӨЖ мазмұны: Жоғары қағыс меңгеру. Қағыс төмен қарай салмақпен құлайтын болғандықтан күштірек келеді де, ал жоғары қағыс үшін әдейі қозғалыс жасайды, осы ара жікті ажырату. Екі ішекті қаққанда домбыра қақпағына тигізбеуге жаттығып ойнау. Жаттығулар; 1-ден, босатылған оңтайлы отырыс, 2-ден, әр саусақтың тәуелсіз қозғалысы, 3-ден, оң қолдың қағыс сезімі, 4-ден, дыбыс әуезін ести білу. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдарға жаттығу.

25 практикалық сабақ



Тақырып: Дәулеткерей Шығайұлы (1814-1887) «Қыз Ақжелең»

Практикалық сабақ мазмұны: Дәулеткерей – күй өнеріндегі лирикалық, философиялық дәстүрдің көшбасшысы делінеді. Оның күйлері сүйкімді де нәзік келеді. Дәулеткерей өнерін жалғастырушылар - өз баласы Салауаткерей, Баламайсан, Әлікейлер, ал бізге жеткізушілер – Сейтек, Оразалы, Науша мен Махамбет Бөкейхановтар.Бұрынғы халық домбырашыларының шығарған күйлерінің ішінде қыз-келіншектерге арналғандары да біршама баршылық. Ал, Дәулеткерей болса, өз күйлерінде суреттелген әйелдер бейнесін бұрын соңды болмаған көркемдік сатыға жеткізді. Алуан түрлі сиқырлы сұлу әуен, күй сазының өн бойында жіпке тізілген моншақтай мөлдіреп тұрады. «Қыз Ақжелең» нәзік сезімге толы жайма шуақ жадыраған күндей күйі.

Әдебиет: Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер., Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет.

Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қазақ күйлерінің тартылу дәстүріне, түр-бітіміне және әуездік құрылымына байланысты ел арасында айтылатын «Төре күйлері», «Төре тартыс» дегенді тек қана төре тұқымы тартқан күйлер деп есептесек, онда күйшілік мәдениетіміздегі үлкен үрдісті, өнегелі мектепті елемегендік болып шығар еді. Төре күйлері, төре тартыс дегеніміз ең алдымен музыкалық мәдениетіміздегі күйшіліктің орныққан оқшау дәстүрі. Бұл дәстүрдегі күйлер лирикалық сезімталдығымен ерекшеленеді. Төре күйлері, төре тартыс адам сезімін арқау етуге, адамның ішкі әлемін жырлауға алдымен ден қояды. Адамның ішкі әлемін, сезім-түйсігін қоршаған ортамен, өзі ғұмыр кешкен қоғаммен шендестіріп көрсетуге төре күйлері айрықша икемді.

СӨЖ мазмұны: Дәулеткерей шығармашылығымен танысып оқу. Аталмыш күйді ойнап жаттау. Күй орташа биязы темпте ойналады. Қағыспен , жәй темпте жаттығу. . Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті.

26 практикалық сабақ



Тақырып: Күрделі метрлер мен өлшемдер. Аралас метрлер мен өлшемдер. Ауыспалы өлшемдер. Музыкадағы ырғақтың ерекше түрлері. М.Әубәкіров «Талас»

Практикалық сабақ мазмұны: Күрделі метрлер мен өлшемдер бірдей бірнеше жай метрлер мен өлшемдердің қосындысынан тұрады. Осыған байланысты күрделі метрде бірнеше әлді үлес пайда болады. Мұндағы бірінші үлес - әлді, келесі - әлсіз, ал одан кейінгі үлестер біршама әлсіз үлестер деп аталады. Күрделі метрлер өлшемі күрделі өлшем делінеді. Әр түрлі жай метрлер мен өлшемдердің қосындысы аралас метрлер мен өлшемдер деп аталады. Кейде бір музыкалық шығармада бастапқы метр мен өлшемнің өзгеруі де кездеседі. Мұны ауыспалы өлшем дейді.Егер нотаның ұзақтыққа бөлінуі негізгі бөлінуден (екі немесе үш бөлікке ) өзгеше болып келсе, онда ерекше ырғақты түрлер пайда болады. Мысалы: Үш нотаның орнына екі нота келсе, ол дуоль деп аталады. Триоль – екі нотаның орнына келетін үш нота. Квартоль – үш нотаның орнына келетін төрт нота. Квинтоль – үш немесе төрт нотаның орнына келетін бес нота. М. Әубәкіров «Талас» күйінің мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту. Күйді ойнап көрсету.

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 64-66-беттер.

А.Жайымов,С. Бүркітов,Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі»Алматы «Өнер»-1992ж.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, үн- таспа тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : . Әрбір жаңа саусақ қойылымына аяқ басқанда оң қолда төмен қағыс, ең әуелі тек қана саусақ қойылымына көңіл бөлінеді. 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс.Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден машықтанғаннан кейін ғана, әндер ойнатқан ләзім. Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату. . Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдарға жаттығу. . Дыбыс күші – тербеліс қозғалысына байланысты өлшенеді. Музыкалық дыбыс әуезіне келсек, әр адам, әр аспап табиғатына қарай ерекшеленеді және дыбыс алатын штрихқа байланысты жіктеледі.

СӨЖ мазмұны: Шығарманы музыкалық көркемдік тұрғысынан, оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарманы тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет. Ал оның орындау әдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.

27 практикалық сабақ



Тақырып: Гамма. Арпеджио. Гамма ойнауға арналған жаттығулар. Хроматикалық гаммалар. Позициядан позицияға (буыннан буынға, сағаларға) ауысудың негізгі әдістері. I-V позицияларды меңгеру.

Практикалық сабақ мазмұны: Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығында биіктік тәртібімен орналасқан ладтың дыбыстары гамма құрайды. Арпеджио (бірінен соң бірін) – аккорд дыбыстарын бір мезгілде емес, бірінің артынан бірін жалғастырып, үзбей ойнау әдісі. Гаммалар мен арпеджиолар музыканттың орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату. Мысалы; Cdur,G dur,h moll., т.б., Көршілес сатылардың ара қашықтығы жарты тон болып келетін дыбыстар тізбегі хроматикалық гамма деп аталады. Позициядан позицияға ауысудың мынадай негізгі әдістері бар; бір саусақты жылжыту арқылы ауысу, қатар тұрған саусақтарды өзара алмастыру арқылы ауысу, араға бір немесе екі саусақ тастау арқылы ауысу, ашық ішек арқылы ауысу, бір дыбысты әр саусақпен басу арқылы ауысу, саусақтардың арасын кеңейту немесе тарылту арқылы ауысу.

Әдебиет: А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,84-92-беттер., 73-бет.

Техникалық оқу құралдары; оқулық пайдалану.

ОЖСӨЖ мазмұны : Жаттығуларды , гаммаларды, арпеджионы санап ойнағаннан студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. : Қандай жаттығу болсада сабақ үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауының студенттің құлағына сіңуінде маңызы зор. Сонымен қатар ашық ішекті көбірек араластыру, студент қолын босатып алуына, студенттің музыка ырғағын бұзбай жөндеп жіберуіне себебі мол. Бірінші саусақты перне бойымен жылжытуға арналған жаттығулар ойнату. Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден үйренгеннен кейін ғана, жаттаған күйлерін қайталатып, ойнату. : Домбыра дыбыс ұзақтығы қағыс ауқымына байланысты және сол қол тербелісіне де тәуелді. Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану қиынға соғады.

СӨЖ мазмұны: Домбыра мойны позиция деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Позицияларға жаттығу. Берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуын қадағалап жаттығу. Домбыра мойнындағы бір позицияның көлемі (1-4 саусақтар аралығы) терция интервалына тең болады. Домбырадағы позициялардың схемасын ойнап жаттығу. Жаттығуларды , гаммаларды, арпеджионы санап ойнауға жаттығу. Үстінде кварта аралығымен бастап және аяқтау домбыра бұрауына үйрену. Жоғары қағыстарды бірден тездетуге тырыспаған жөн. Студент қолы жаттыққан сайын, қағыс аралығын жиілете беру керек.

Ең әуелі студент саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз қозғалысқа келтіреді.

28 практикалық сабақ

Тақырып: Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақаралық ерекшеліктері. Есбай Балұстаұлы туралы дерек. Есбайдың орындаушылық мектебінің кейбір ерекшеліктері. Есбай «Терісқақпай»

Практикалық сабақ мазмұны : Домбыраның мойнына қолды дұрыс қою – домбыра үйренудегі ең басты шарт. Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Сол қол саусақтарының белгілері; бас бармақ – бармақ (с.б.)., сұқ саусақ – бірінші саусақ (с.с.)., ортаңғы саусақ – екінші саусақ (с.о.) атсыз саусақ – үшінші саусақ (с.а.)., шынашақ – төртінші саусақ (с.ш.).

«Терісқақпай» күйі Есбайдың ахиреттік өмір табалдырығында тұрғандағы есебі сияқты. Күйші өткен өиіріне өкпе айтпайды. Жаман – жақсылы ғұмыр кешкенін, қолынан келгенше дәурен сүргенін баян етеді. Күй жылдам ойнақы ойналады.Есбайдың 50-шақты күйінің ішіндегі 26 күйдің құрылымында төрт перненің әуендік қалыптық материалы бар. Төрт перне, бас буын мен саға сияқты күйдің ең қалыпты бөлігі болып табылатыны белгілі. Асқан домбырашылар күйдің тек осы бөлімдерін түрлендіруге тырысқан. Бұл тарапта Есбайдың жеткен жетістігі ерекше.



Әдебиет:Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» Алматы « Дайк –Пресс»-1996ж., 63-72-беттер және 191-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, үн-таспа тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері жеке ілім. Бұл заңдылықты толық меңгермейінше, құпиясын ашпайынша кемел күйші шығуы екіталай. Орындаушы деңгейінің асқақтығы содан. Әрбір жаңа саусақ қойылымына аяқ басқанда оң қолда төмен қағыс, ең әуелі тек қана саусақ қойылымына көңіл бөлінеді. 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену.

СӨЖ мазмұны: Есбайдың орындаушылық мектебінің кейбір ерекшеліктерін жаттап оқу және жаттығып домбыра аспабында ойнау. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет ойнап шығу. Өте жай орындап, әрбір сөйлемді талдау. Қиын жерлеріне көбірек тоқталу. Қол қимылына жаттығулар жасау. Ноталарын дұрыс үйрену, аса ұқыптылықпен қарау. Ырғағы мен әуенін бұзбау. Саусақ кестесін дұрыс пайдалану. Дыбыс сапасына жұмыс. Қағыс табиғатын саралау.Күйді жаттау керек. . Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату.

29 практикалық сабақ



Тақырып: Сейтек Оразалиев (1861-1933) шығармашылығы. Сейтек «Сексен ер» күйі.

Практикалық сабақ мазмұны: Сейтек шығармашылығына тән өзіндік ерекшелік десек, композитордың көптеген шығармаларында кездесетін тек сейтекке ғана тән өзіндік қолтаңба, оның музыкалық тілінде фригийлік лад баяуының қабаттаса, ерекше мәнерленген түрмен дамуы. Сейтек өз мелодиясында диатоникалық негіздерді жиі пайдаланады. Әуен дыбыстары көбінесе тізбектеле қатар дамиды. «Сексен ер» күйі 1919 жылы болған оқиғаны суреттейді. Күй тез, жылдам ойналады.

Әдебиет: А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана « Күлтегін» 2002 ж., 621-бет.

А.Есенұлы, Г.Елеусізқызы «Күй – қастерлі әуез» Алматы «Өлке» 1998 ж., 234-237-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Сейтек өзі ғұмыр кешкен кезеңнің ақиқат болмысын барша ақиқат қалпымен күй тіліне түсіре алған. Сейтек үшін жеке бастың көрген қорлығы мен тартқан азабы оның эпикалық толғанысының «сылтауы» ғана. Суреткер Сейтек құлашын кең жайып , алысты шолып, ел қамы, халық тағдыры, уақыт сыны туралы толғанды. Сейтек сол кең қарамды, өресі биік ой-толғамын күй тіліне түсіру үшін өзіндік дара тәсіл, тың әуез, соны әуен, тосын ырғақ таба білген нағыз дарынға тән өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра алған.

СӨЖ мазмұны: Күйді бірнеше рет ойнап шығу. Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу. Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан динамикалық белгілерді игеру. Күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта,тебірене орындау – көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу. Домбыра мойнындағы бір позицияның көлемі (1-4 саусақтар аралығы) терция интервалына тең болады. Домбырадағы позициялардың схемасын ойнап жаттығу.

30 практикалық сабақ



Тақырып: Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні. Артикуляция. Агогика. Акустика. Х. Күйі «Жайма қоңыр»

Практикалық сабақ мазмұны: Ырғақ музыкада ең көрнекті роль атқарады. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізін құрайтын негізгі желіге айналады. Белгілі орыс ғылыми зерттеушісі Б.М.Тепловтың пікірі бойынша ырғақ музыкалық шығармадағы дыбыстардың белгілі бір уақыт аралығында алма-кезек ауысуы, музыкалық көркемдік тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік. Ырғақ арқылы музыканың айтайын деген ойын, шығарманың негізін, тынысын бейнелейтіндігін естуге болады. Агогика- тыңдаушыны иландыратын, жүрегіне ұялата жеткізудегі күйдің тынысы. Акустика- Музыкалық дыбыстардың биіктігін, күшін, әуезін және ұзақтығын бұрау, жағымды-жағымсыз (консонанс, диссонанс) зерттейді. Артикуляция – бөлшектеу деген ұғымды береді.(стаккато және легато). Күйді орындау кезінде оның ырғағына көңіл бөлу, көркемдік дәрежесін түсіну, динамикалық белгілерге ден қою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет