Барлығы – 90 сағат


Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар



бет6/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#632
1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1 практикалық сабақ

1.Тақырып ; Кіріспе сабақ. Дәстүрлі орындаушылық төкпе және шертпе мектептері. халық күйі «Түрікпен»



2. Қарастырылатын сұрақтар: Тербеліске дайындық сол қол саусақтарын пернеге дұрыс орналастырып болғаннан кейін , алдымен қағыссыз , 4 – саусақты жекелеп қағыссыз тербеліс қозғалысын үйретіп , сонан соң қағыспен бір пернеде тербелтіп , келесіге ауыстырып , саусақ бір – бірлеп қосылады.

3. мақсаты: Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді.

4.Практикалық сабақ мазмұны ;қағысы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.

(қарастырылатын мәселелер)



Әдебиет; Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы «Өлке» - 1997 ж.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер» Алматы-1992ж. 48-49 бет.

2 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Сақбике «Керілме»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік функциялардың бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдер.

3. мақсаты: Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттері.

4. мазмұны: Қазіргі уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі ертегі-әңгіме тәрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына кеткен өткен ғасырлардың сырлы үнін біздің заманымызға сақтап жеткізген осы аңыз-күйлер екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов,Б.Ысқақов,С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі» «Өнер» Алматы-1992ж. 48-49 бет.

3 практикалық сабақ



1.Тақырып:Көне аңыз-күйлер. Халық күйі «Нар идірген»

2.Қарастырылатын сұрақтар :Күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік функциялардың бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдерді қамтиды. Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің кейбір жұрнақтары сақталған.Қазіргі уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі ертегі-әңгіме тәрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына кеткен өткен ғасырлардың сырлы үнін біздің заманымызға сақтап жеткізген осы аңыз-күйлер екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.

3.мақсаты:Халықтың өткені,тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі мен ой-арманы туралы небір деректерді көне аңыз-күйлерден танып білуге болады. Олар аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның дүбірі, жорғаның жүрісі сияқты небір суреттерді көз алдыңа әкеледі.

4.мазмұны: «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан», «Ақсақ аю», «Ақсақ қаз», «Ақсақ киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы ақсақ аруақтар культімен тығыз байланысты екенін байқау. «Қос келіншектің зары», «Жетім қыз», «Арбиян қоңыр» сияқты жоқтау күйлерде халықтың өзен суларының екі дүниені бөліп тұратындығы жайындағы діни ұғым түсінігі сақталған. : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,94-бет.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6.Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,80-бет.

4 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Боғда «Жем суының тасқыны»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі ( ре-соль ) дыбыстардан басталатын күйлерді үйрену.

3. мақсаты: Кейін жабық ішектен басталатын күйлерді үйренген жөн.Бас буын ( б.б )., орта буын ( о.б.)., кіші және үлкен саға деп аталатын төкпе күйдің құрылымы.

4. мазмұны: Орындаушылық – терминологияға көптеген қағыс әдістерінің аттарынан басқа, домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,121-бет.

5 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дәстүрлі атаулары. Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері. Есбай «Ақжелең»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндірудегі ең басты құрал,яғни домбыраның қағысы – күйдің тілі.Орындаушылық ұстаздық шеберлікке, ептілікке, көрегенділікке, ұңғыттыққа дағдыланады. Домбырашылық өнердегі үйрету әдісі болжамдық және тәжірибелік елеулі мәселелерді шоғырландырады. Әдіспен тәжірибенің іске асуына қайшылықтар кездесуі мүмкін.

3. мақсаты: Теориялық дұрыс деп шешілген үлгілер шын мәнінде істің болмысымен ұшырасқанда әлсіздік көрсетіп, мойып қалмайтындай етіп түсіндіру, ұғындыру үйретуші үшін оңай жұмыс емес, орындаушылар айтылатын ойын сөзбен қалай болса, аспаппен солай жеткізуі керек.

4. мазмұны: шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» «Дайк – Пресс» Алматы-1996ж. 23-37 беттер.

К. Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж.,90-бет.



6 практикалық сабақ

1.Тақырып: Сүгір «Жолаушының қоңыр күйі»

2. Қарастырылатын сұрақтар:

Қаратау аймағының әуен-саздары Сүгі күйлерінің негізгі өзегі. Қазақ күй өнерінде Сүгір өзіндік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Қара шертіс, іліп қағу, төгіп қағу, тұтып алу, лига, флажолет, форшлаг сияқты түрлі әдіс амалдарды Сүгір өз күйлерінде сарқа пайдаланған. Күйшінің бүгінгі күнге дейін жетіп отырған 30-ға тарта күйлерінен біз осыны көреміз.



3. мақсаты: сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу.

4. мазмұны: Күй тақырыбы ре ішегінде жүргенде соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, квинта, кварта интервалдарын бас бармақ пен 2-саусақ арқылы алу. Кварта интервалын 3 және 4-саусақтармен қатар басу. Бір интервалды әр саусақтармен кезектестіре алу.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйшінің бүгінгі күнге дейін жетіп отырған 30-ға тарта күйлерін атап айтқанда.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Әбуғазы «Қаратау шертпесі» Алматы, 2006 ж.3-5-беттер.

7 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Күйсандық сүйемелдеуімен домбырада шығарма орындау. И. Брамс «Бесінші венгер биі»

Практикалық сабақ мазмұны : Шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.

Шығармамен жұмыс – мамандық сабағының негізі, әдістер мен әдістемелік шаралардың бір арнаға топтасуы.



2. Қарастырылатын сұрақтар: Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы.

3. мақсаты: Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек.

4. мазмұны: шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Халқымыздың дәстүрлі өнер жүйесін сақтай отырып, студент танымының орындаушылық шеберлігінің өсуіне зор ықпал етеді,шығарманы үйреткенде неден бастау алады.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: М. Айтқалиев. Домбыраға арналған хрестоматия. «Өнер», Алматы-1980ж.46-50-беттер.

8 практикалық сабақ

1.Тақырып: Қазанғап «Ақжелең»

Практикалық сабақ мазмұны : Қазанғап «Ақжелең» деп аталатын күйлердің негізін салушылардың бірі және оны дамытушы. Ол адам жанын тебірентерлік назға, қуаныш пен махабат лирикасына толы, терең мағыналы, әуен жағынан құбылып, құлпырып тұратын Ақжелеңнің алпыс екі түрін шығарған.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбырашылық өнердегі үйрету әдісі болжамдық және тәжірибелік елеулі мәселелерді шоғырландырады. Әдіспен тәжірибенің іске асуына қайшылықтар кездесуі мүмкін.

3. мақсаты: Күйдің әрқайсысының атына, мазмұнына сәйкес екпінін, өлшемдерін, әуенін өзгертіп дамытады. Өзінің стильдік ерекшеліктерін осы күйлерінің өн бойында сақтап отырады.
4. мазмұны: Шығармада пунктирлі ырғақ кездеседі. Тактідегі ұзартылған әлді үлес пен қысқартылған әлсіз үлестің кезектесіп келуіне негізделген ырғақты пунктирлі ырғақ деп атайды.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Халқымыздың дәстүрлі өнер жүйесін сақтай отырып, студент танымының орындаушылық шеберлігінің өсуіне зор ықпал етеді,шығарманы үйреткенде неден бастау алады.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: С. Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап»,Алматы,

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.



9 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Құрманғазы «Бұлбұл»

Практикалық сабақ мазмұны : Бұл күйді Есен Қазиевтің баласы Ермек Қазиевтан домбырашы-ұстаз Айтжан Тоқтағанов жазып алған. Құрманғазы бұлбұлдың сайрауын тельдер арқылы бере білген. Динаның «Бұлбұлы» ұстазының шалықтауы деп айтсақ артық болмайды.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Тербеліске дайындық сол қол саусақтарын пернеге дұрыс орналастырып болғаннан кейін , алдымен қағыссыз , 4 – саусақты жекелеп қағыссыз тербеліс қозғалысын үйретіп , сонан соң қағыспен бір пернеде тербелтіп , келесіге ауыстырып , саусақ бір – бірлеп қосылады.

3. мақсаты: Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді.

4. мазмұны: шығарма - болашақ күйші-домбырашының шыңдалып сауатты әрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы үшін бірден-бір керек дүние.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Қ. Ахмедияров. Құрманғазы Сарыарқа, Алматы «Өнер» 1995 ж., 51-бет

10 практикалық сабақ

1. Тақырып: Тәттімбет «Сарыжайлау»

Практикалық сабақ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді.Шертпе мектебінде тиектің кейінгі жағына оң қол алақан түбін тигізу арқылы да тербеліс алынады.

Сол қол саусақтары бас буынға қойылғаннан кейін негізгі буынға көшеді. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі.



2. Қарастырылатын сұрақтар: Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы жаттығу керектігін жадында сақтау.

3. мақсаты: Санап ойнағанда студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек.

4. мазмұны: Екі бағыттағы қағыстарды бірден бастауға болмайды. Оң қол бас бармағының домбыра ішегін жұлқа тартуға жол берілмегені жөн. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұрылады да, бас бармақтың бірінші буыны сұқ саусақ 1-ші буынын жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастамас бұрын қолға алған дұрыс.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйшінің бүгінгі күнге дейін жетіп отырған күйлерін атап айтқанда.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов, «Домбыра үйрену мектебі», Алматы, «Өнер», 1992 ж., 55-59 беттер,

А.Тоқтаған «Тәттімбет және Арқа күйлері», Алматы «Білім», 2005 ж., 11-бет.

11 практикалық сабақ

Тақырып :Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) шығармашылығы. Құрманғазы «Адай», «Серпер»

Практикалық сабақ мазмұны: Құрманғазы күрескер-күйші. Құрманғазының өршіл рухы заманалық құбылыстармен үндес. «Адай» рухы биік , аса жігерлі күй және күйші шығармашылығында ерекше орын алатын бірегей туынды. «Серпер » - өте қайратты, батырлық рухты білдіретін, құрылымы аса күрделі туынды.

мақсаты : Бас буындағы ля-си-до дыбыстарын (пернелерді) 1,2,3-саусақтармен алу. Терция интервалдарын бас бармақпен 1-саусақты жылжыту арқылы алу. Күй тақырыбы ре ішегінде жүргенде соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, квинта, кварта интервалдарын бас бармақ пен 2-саусақ арқылы алу. Кварта интервалын 3 және 4-саусақтармен қатар басу. Бір интервалды әр саусақтармен кезектестіре алу.

мазмұны: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысу.Күйлерді орындап жаттау. Жәй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау . Мысалы ; домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы , Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.

Әдебиет: А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Құрманғазы-күйлер»,Алматы «Білім» 2005ж.,13 -185 - беттер.

А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері»Астана «Күлтегін»2002ж.,435-441-беттер.



12 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Тоқа «Саржайлау»

Практикалық сабақ мазмұны :Тоқа Шоңманұлы 1830 жылы Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келіп , 1904 жылы март айында өзінің туған жері Қаратұмсықтағы қыстауында жерленеді.Тоқа көп күй шығарған дарынды домбырашы адам болған.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Екі бағыттағы қағыстардың жаттығулары.

3. мақсаты: Санап ойнағанда студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек.

4. мазмұны: Тоқа күйлерінің халықтың арасына таралып , оның сақталуына оның туысы әрі шәкірті Ұлмағамбет домбырашының зор үлесі болған. Ұлмағамбет – домбырашы Тоқа күйлерін тегіс тартқан.Тоқаның «Саржайлау» , «Ерке қыз» , «Белшешер» , «Қосбасар» (үш нұсқасы) , «Боз торғай» «Аққу» , «Сары өзен» т.б. күйлері бар.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Уәли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы – 1977 , 53 – бет .

13 практикалық сабақ

1. Тақырып: Ладтар. Тоника. Пентатоника.Домбырадағы позициялардың схемасы. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Екі октавалық натуралды , гармониялық және мелодиялық гаммалардың аппликатуралары.(соль минор)

Практикалық сабақ мазмұны: Музыкалық дыбыстардың белгілі бір жүйедегі байланысы, олардың реттік заңдылығы мен жүріс тәртібі лад деп аталады. Музыкада мажорлық (ашық үнді) және минорлық (ұяң) деп аталатын екі негізгі лад бар.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбыра мойнындағы бір позицияның көлемі ( 1-4 саусақтар аралығы ) терция интервалына тең болады. Қос ішектегі тербеліс әдісіне жаттығу.

3. мақсаты: Шығармада пунктирлі ырғақ кездеседі. Тактідегі ұзартылған әлді үлес пен қысқартылған әлсіз үлестің кезектесіп келуіне негізделген ырғақты пунктирлі ырғақ деп атайды.

4. мазмұны: Позиция дегеніміз – берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов,С.Бүркітов, Б.Ысқақов. «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж., 36-бет., 66-бет., 163-бет. А. Тоқтағанов, Т. Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар»

14 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Қ . Ахмедияров «Шынар»

Практикалық сабақ мазмұны: Құрылымы бас буын , тақырып , орта буын саға кода жаңаша байланыстарымен ерекшеленеді . Бас буын қысқа болғанмен жоғарғы ішектегі бір дауысты үстемені бірде қағыспен , бір лигалы төрт дыбыспен күрделендіріп , түрлендіріп отырады. Оң қолда түбек мектебіне тән қағыстық құбылулар мен тақырып күрделене түседі. Автордың өзіндік ерекшелігі тақырып элементтерін қайталап , бас буынға құяды.Тақырып жоғарғы ішекте ойналып төменге ауысады.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу. Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады.

3. мақсаты: Сол қолдағы тұту әдісі; () Бұл әдіс соль ішегін саусақ ішімен тұтып, ре ішегіндегі дыбысты алғанда қолданылады. Глиссандо (сырғи) дыбыстан-дыбысқа тез сырғу әдісі. Әуен сазын әшекейлеу, құлпырту мелизмдер (музыкалық өрнектер) деп аталады.

4. мазмұны: Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Қ . Ахмедияров «Шынар» , Дайк – Пресс , Алматы – 1999 жыл.74 – бет.

15 практикалық сабақ

1. Тақырып: Т. Момбеков «Салтанат»

Практикалық сабақ мазмұны :Күй өнерінің табиғи болмысын жетік меңгеріп , терең сезіне білген Төлеген Момбеков - өзіндік үні қолтаңбасы бар күйші. Т. Момбековтың күйлерінің табиғи бітімі мен орындаушылық шеберлігі де өзгеше.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Мазмұндық стильдік жағынан халықтық дәстүрде құрылған осы күйлерде жаңа леп , тың нақыштармен көмкерілген басқаша бір әуездік сонылық байқалады.

3. мақсаты: Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену.

4. мазмұны: Сыршыл нәзіктігімен, қарапайым саздылығымен құлаққа бірден жағып , көкейге тез қона кететін Т.Момбеков күйлерінің орындалу мәнері де айтарлықтай ерекше көрінеді. Мұндағы перне басу (яғни , аппликатуралық ерекщеліктері) мен оң қолдағы қағыс, дыбыс алу тәсілдерінің сан түрлі шеберлігін атап өту керек.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Т Момбеков «Салтанат» Алматы «Өнер» 1995 ж., 46 – бет.



16 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Шертпе күйлердегі ерекшеліктер. Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер. Раздық«Аңшының зары».

Практикалық сабақ мазмұны:Раздық Ахметжанұлы 1905 – 1949 жылдар аралығында өмір сүрген. Раздықтың «Аңшының зары» , «Шыңырау» , «Сал күрең» күйлері бар. «Аңшының зары» екі ағайынды жігіт ортасындағы өткен тарихи трагедиялық аңызды баяндайды. Бұл күй «Квинталық» бұрауда ойналады. Күй үш бөлімнен құралады.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Арнайы мамандық пәнінде студентті нотаны бірден оқып, ойнап кетуге негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Транспозиция дегеніміз – музыкалық шығарманы бір тональдықтан екіншісіне ауыстырып (көшіріп) орындау.

3. мақсаты: Бірінші бөлім қос ішекте «шалыс – қағу арқылы» , оқиғаның кіріспесін суреттейді. Екінші кезеңі әр ішекті даралап «іліп – шерту» арқылы жүрек шерін қозғап , қаралы жанның қайғылы шағынуын баяндайды.

4. мазмұны: Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады.Өткен сабақтарда үйренген әдістерді қайталау.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйдің соңғы бөлімі жоқтау болып келеді. Бұл бөлім күйден гөрі әнге жақын сарын пайда қылып , қос ішекте нені айтып тұрады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Уәли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы

17 практикалық сабақ

1.Тақырып: Баламайсан «Назым»

Практикалық сабақ мазмұны: Қазақ күйлерінің үлкен бір саласы – мифтік күйлер. Бұл күйлер өте ертедегі ойлау жүйесіне негізделген композициялар болып табылады. Мифтік ойлау жүйесі – конкретті, конвергенциялы (өзіндік туынды) дүние.Қазақ халқы Сақ, Ғұн, Қаңлы, Көк түріктердің (аспан түріктері) және т.б. ру-тайпалардың тарихи отанында отырған ұрпағы, әрі олардан қалған мәдени мұралардың да, рухани байлықтың да бірден-бір иесі болып табылады.

2.Қарастырылатын сұрақтар: Екінші саусақ қойылым кезінде студент альтерация белгілерін өтуі керек. өйткені бүтін перне аралығында саусақтары жетпегендіктен, қол тұрысы бұзылады, әрі таза дыбыс ала алмайды, сол себепті 1-2-ші саусақ аралығы жарты тон мөлшерінде болғаны жөн.

3. мақсаты: 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс.Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре, студент әбден машықтанғаннан кейін ғана, әндер ойнатқан ләзім.

4. мазмұны: Халық музыкасын ың мазмұнын түсіну. Әртүрлі халық әндерінен нота жүргізіп үйрету. Есту және ырғақ қабілеттерін әрі қарай дамуына бірнеше жаттығулар ойнату.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1,2-саусақтар жарты тон аралығына қойылған дұрыс.Ашық ішекте қағыстарды, ырғақты күрделендіре ойнау.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет»-2006ж.,75-77-беттер.

18 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Құрманғазы «Бұқтым-бұқтым»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбыра дыбыс ұзақтығы қағыс ауқымына байланысты және сол қол тербелісіне де тәуелді. Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану қиынға соғады.

3. мақсаты: Домбыра дыбысының негізі осында жатса, оның тәрбиесі өте ұзақ, талмай-тынбай ізденіс арқылы келетін құбылыс. Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру.

4. мазмұны: Динамика – домбыра дыбысы көркемдігінің негізі. Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол тербеліс және әшекей өрнектер (мелизм).

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.,88-90-беттер.,

К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері»,Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 82-83-беттер.



19 практикалық сабақ

1.Тақырып: Психологиялық күйлер. Халық күйі «Ортеке».

Практикалық сабақ мазмұны: Психологиялық күйлер – адамның ішкі жан дүниесі, сезім иірімдерін өз қалпынасуреттеп бере алатын нақты эрос пен мелосты қатар ұстай алатын композициялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет