Барлығы – 90 сағат



бет7/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#632
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Қарастырылатын сұрақтар: Эрос – дегеніміз жануарлық инстинкт емес, адамға тән махаббат сезімі болып табылады.

3. мақсаты: Мелос – дегеніміз сол сезімнің ырғаққа айналған түрі.

4. мазмұны: «Ортеке» қазақ фольклорында кең орын алған кейіпкер – Құламерген аңшының атымен тартылады.Күй орташа екпінде ойналады.Өте көркем , шұрайлы тез ұғынылады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке»-1997ж., 72-74-беттер.



20 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Сол қолда кездесетін күрделі әдіс-амалдар. Мелизмдер. Форшлаг. Группетто. Мордент. Трель. М.Огинский «Полонез»

Практикалық сабақ мазмұны: Сол қолда кездесетін әдістер – ішекті саусақпен іліп тарту әдісі, қағыстан кейін алу, қағыссыз алу. Шығармадағы көркемдік талап, мақсатқа байланысты және дыбыс бояуын өзгерту үшін фраза немесе толық бір сөйлем әр ішекте жеке орындалады. Мысалы: астыңғы ішектен үстіңгі ішекке лига арқылы алмасу әдісі. Бұл әдісте қағыстан кейін дыбысты ре ішегінде алған кезде басқа саусақтарды босатып, оны сәл тербелтіп қалу керек.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Форшлаг (соққы алдында) негізгі дыбыстан бұрын жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек. Ол бір немесе бірнеше дыбыстардан тұрады. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлері болады.

3. мақсаты: Сол қолдағы тұту әдісі; () Бұл әдіс соль ішегін саусақ ішімен тұтып, ре ішегіндегі дыбысты алғанда қолданылады. Глиссандо (сырғи) дыбыстан-дыбысқа тез сырғу әдісі. Әуен сазын әшекейлеу, құлпырту мелизмдер (музыкалық өрнектер) деп аталады. Музыкалық өрнектерге форшлаг, группетто, мордент, трель, флажолеттер жатады.

4. мазмұны: Негізгі дыбыс пен оның алдындағы дыбыстың ұзақтығына құрылған форшлагты қысқа форшлаг (сызылған), ал негізгі дыбыстың ғана ұзақтығына құрылған форшлаг ұзақ форшлаг (сызылмаған) деп аталады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы,

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,101-103-беттер., 165-бет.

21 практикалық сабақ

1.Тақырып: Флажолеттер. Табиғи флажолеттің орындалуы. Жасанды флажолеттің орындалуы. Паганини тақырыбына вариациялар.

Практикалық сабақ мазмұны: Флажолет – ысқырауық, ішекті аспаптарда алынатын ысқырыққа ұқсас жеңіл дыбыс. Флажолет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Ашық ішектен алынатын флажолет – табиғи, ал жабық ішектен алынатыны жасанды деп аталады. Флажолет таңбалары флажолет алынатын дыбыстың үстіне қойылады.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Табиғи флажолет екі түрлі әдіспен; а) қағыстан кейін сол қол саусағын ішекке жеңіл ғана тигізіп қалу арқылы; ә) қажетті перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағы мен бас бармағы арқылы ішекті іліп тарту арқылы орындалады.

3. мақсаты: Жасанды флажолеттің орындағанда, әуелі қажетті пернені тиісті саусақпен басып тұрып, содан кейін бір октава жоғары орналасқан аттас перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағы мен бармағы арқылы ішекті іліп тартып қалады. Жасанды флажолет домбыраның барлық пернелерінен орындалады.

4. мазмұны: Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра мойны позиция деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Позицияларға жаттығу. Берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуын қадағалап жаттығу.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А. Тоқтағанов «Домбыраға арналған хрестоматия» Алматы «Өнер» 1986ж.58-59-беттер. К. Сахарбаева «Атырау ән – күй мұхиты» Алматы «Дайк-Пресс»,2001ж.,688-бет.

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі», Алматы «Өнер» 1992ж.,104-106-беттер.



22 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Нотаны бірден оқып ойнау. Транспозиция. Домбырадағы шартты белгілер. Қожақ «Ақсақ кер»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбыраның мойнына қолды дұрыс қою – домбыра үйренудегі ең басты шарт. Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Сол қол саусақтарының белгілері; бас бармақ – бармақ (с.б.)., сұқ саусақ – бірінші саусақ (с.с.)., ортаңғы саусақ – екінші саусақ (с.о.) атсыз саусақ – үшінші саусақ (с.а.)., шынашақ – төртінші саусақ (с.ш.).

3. мақсаты: Домбырадағы шартты белгілер – оң қолдағы және сол қолдағы шартты белгілер.

4. мазмұны: Арнайы мамандық пәнінде студентті нотаны бірден оқып, ойнап кетуге негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Транспозиция дегеніміз – музыкалық шығарманы бір тональдықтан екіншісіне ауыстырып (көшіріп) орындау.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Төрт перне, бас буын мен саға сияқты күйдің ең қалыпты бөлігі болып табылатыны белгілі. Асқан домбырашылар күйдің тек осы бөлімдерін түрлендіруге тырысқан. Бұл тарапта Есбайдың жеткен жетістігі ерекше.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Б. Каракулов «Асыл мұра» 67-бет.

А.Жайымов,С.Бүркітов,Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,106-109-беттер.



23 практикалық сабақ

1.Тақырып: Сүгір «Майда қоңыр»

2. Қарастырылатын сұрақтар:

3. мақсаты: Қазақтың музыка өнерінде «қоңыр» деген атпен байланысты шығармалар баршылық. Мысалы : Ақан серінің «Майда қоңыры», «Естайдың «Жайқоңыры», Мұхиттың «Жайма қоңыры» Әбікеннің «Қоңыры», Әлікейдің «Қоңыраласы» т.б. «Қоңыр» ұғымы жұмсақ ,жағымды әуезділікті білдіреді. «Қоңыр» деп аталатын шығармалардың дені байсалды, мұңды, салиқалы болып келеді.

4. мазмұны: «Майда қоңыр» күйі сарысулық домбырашы Дабыл Ажақаевтың орындауында нотаға түсірілген. «Майда қоңыр», «Наз қоңыр», «Жолаушының қоңыр күйі» сияқты шығармалардың ортақ тұсы «қоңыр» жанры.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбырадағы позициялардың схемасын ойнап жаттығу.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет»-2006ж.,75-77-беттер.

24 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Дыбыс, дыбыс тәрбиесі. А. Хачатурян «Лезгинка»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру.

3. мақсаты: Дыбыспен жұмыс – домбырашының үйрену кезеңдерін қамтиды: сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуы, қол саусақ буындарының жеке-жеке сезінуі, керекті дыбысқа байланысты қсзғалыс жүйесін қалыптастыру. Динамика – домбыра дыбысы көркемдігінің негізі. Динамикалық белгілер – қойылым дұрыс болғанда ғана нәтижелі болады. Домбыра бөлігінің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол тербеліс және әшекей өрнектер (мелизм).

4. мазмұны: Домбыра дыбыс ұзақтығы қағыс ауқымына байланысты және сол қол тербелісіне де тәуелді. Домбыра әуезінің қыр-сырына қанықпайынша – күйшілік деңгейін меңгеру, жақсы домбырашы атану қиынға соғады. Ең керекті дұрыс домбыра болуы шарт. Домбыра дыбысының негізі осында жатса, оның тәрбиесі өте ұзақ, талмай-тынбай ізденіс арқылы келетін құбылыс.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде қай жылдардан бастап оқытыла бастады?

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Т.Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен « Қазақ күйлерінің тарихы»,Алматы-2000ж.,88-90-беттер.,

К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері»,Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 82-83-беттер.



25практикалық сабақ

1.Тақырып: Дәулеткерей Шығайұлы (1814-1887) «Қыз Ақжелең»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Бұрынғы халық домбырашыларының шығарған күйлерінің ішінде қыз-келіншектерге арналғандары да біршама баршылық. Ал, Дәулеткерей болса, өз күйлерінде суреттелген әйелдер бейнесін бұрын соңды болмаған көркемдік сатыға жеткізді.

3. мақсаты: Алуан түрлі сиқырлы сұлу әуен, күй сазының өн бойында жіпке тізілген моншақтай мөлдіреп тұрады. «Қыз Ақжелең» нәзік сезімге толы жайма шуақ жадыраған күндей күйі.

4. мазмұны: Дәулеткерей – күй өнеріндегі лирикалық, философиялық дәстүрдің көшбасшысы делінеді. Оның күйлері сүйкімді де нәзік келеді. Дәулеткерей өнерін жалғастырушылар - өз баласы Салауаткерей, Баламайсан, Әлікейлер, ал бізге жеткізушілер – Сейтек, Оразалы, Науша мен Махамбет Бөкейхановтар.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Динамика,динамикалық белгілер (мелизм).

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Қ.Ахмедияров «Жігер»Алматы «Өнер» 1996ж., 4-11-беттер., Т.Мерғалиев, С.Бүркіт, О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,255-бет.

26практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Күрделі метрлер мен өлшемдер. Аралас метрлер мен өлшемдер. Ауыспалы өлшемдер. Музыкадағы ырғақтың ерекше түрлері. М.Әубәкіров «Талас»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Әр түрлі жай метрлер мен өлшемдердің қосындысы аралас метрлер мен өлшемдер деп аталады. Кейде бір музыкалық шығармада бастапқы метр мен өлшемнің өзгеруі де кездеседі. Мұны ауыспалы өлшем дейді.Егер нотаның ұзақтыққа бөлінуі негізгі бөлінуден (екі немесе үш бөлікке ) өзгеше болып келсе, онда ерекше ырғақты түрлер пайда болады. Мысалы: Үш нотаның орнына екі нота келсе, ол дуоль деп аталады. Триоль – екі нотаның орнына келетін үш нота. Квартоль – үш нотаның орнына келетін төрт нота. Квинтоль – үш немесе төрт нотаның орнына келетін бес нота.

3. мақсаты: М. Әубәкіров «Талас» күйінің мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту. Күйді ойнап көрсету.

4. мазмұны: Күрделі метрлер мен өлшемдер бірдей бірнеше жай метрлер мен өлшемдердің қосындысынан тұрады. Осыған байланысты күрделі метрде бірнеше әлді үлес пайда болады. Мұндағы бірінші үлес - әлді, келесі - әлсіз, ал одан кейінгі үлестер біршама әлсіз үлестер деп аталады. Күрделі метрлер өлшемі күрделі өлшем делінеді.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Домбырадағы позициялардың схемасы.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»-2006ж., 64-66-беттер.

А.Жайымов,С. Бүркітов,Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі»Алматы «Өнер»-1992ж.



27 практикалық сабақ

1. Тақырып: Гамма. Арпеджио. Гамма ойнауға арналған жаттығулар. Хроматикалық гаммалар. Позициядан позицияға (буыннан буынға, сағаларға) ауысудың негізгі әдістері. I-V позицияларды меңгеру.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Гаммалар мен арпеджиолар музыканттың орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Гаммалар мен арпеджиоларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта ойнату. Мысалы; Cdur,G dur,h moll., т.б.,

3. мақсаты: Көршілес сатылардың ара қашықтығы жарты тон болып келетін дыбыстар тізбегі хроматикалық гамма деп аталады. Позициядан позицияға ауысудың мынадай негізгі әдістері бар; бір саусақты жылжыту арқылы ауысу, қатар тұрған саусақтарды өзара алмастыру арқылы ауысу, араға бір немесе екі саусақ тастау арқылы ауысу, ашық ішек арқылы ауысу, бір дыбысты әр саусақпен басу арқылы ауысу, саусақтардың арасын кеңейту немесе тарылту арқылы ауысу.

4. мазмұны: Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығында биіктік тәртібімен орналасқан ладтың дыбыстары гамма құрайды. Арпеджио (бірінен соң бірін) – аккорд дыбыстарын бір мезгілде емес, бірінің артынан бірін жалғастырып, үзбей ойнау әдісі.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Позициядан позицияға ауысудың мынадай негізгі әдістері.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж.,84-92-беттер., 73-бет.

28 практикалық сабақ

1. Тақырыбы: Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақаралық ерекшеліктері. Есбай Балұстаұлы туралы дерек. Есбайдың орындаушылық мектебінің кейбір ерекшеліктері. Есбай «Терісқақпай»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбыраның мойнына қолды дұрыс қою – домбыра үйренудегі ең басты шарт. Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты. Сол қол саусақтарының белгілері; бас бармақ – бармақ (с.б.)., сұқ саусақ – бірінші саусақ (с.с.)., ортаңғы саусақ – екінші саусақ (с.о.) атсыз саусақ – үшінші саусақ (с.а.)., шынашақ – төртінші саусақ (с.ш.).

3. мақсаты: Төрт перне, бас буын мен саға сияқты күйдің ең қалыпты бөлігі болып табылатыны белгілі. Асқан домбырашылар күйдің тек осы бөлімдерін түрлендіруге тырысқан. Бұл тарапта Есбайдың жеткен жетістігі ерекше.

4. мазмұны: «Терісқақпай» күйі Есбайдың ахиреттік өмір табалдырығында тұрғандағы есебі сияқты. Күйші өткен өиіріне өкпе айтпайды. Жаман – жақсылы ғұмыр кешкенін, қолынан келгенше дәурен сүргенін баян етеді. Күй жылдам ойнақы ойналады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Есбайдың 50-шақты күйінің ішіндегі 26 күйдің құрылымында төрт перненің әуендік қалыптық материалы.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: Айтжан Есенұлы «Күй – тәңірдің күбірі» Алматы « Дайк –Пресс»-1996ж., 63-72-беттер және 191-бет.

29практикалық сабақ

1.Тақырып: Сейтек Оразалиев (1861-1933) шығармашылығы. Сейтек «Сексен ер» күйі.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйдің көркем, әуезді болуы оң қолдың саусақ қағысымен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына тығыз байланысты.

3. мақсаты: Сейтек өз мелодиясында диатоникалық негіздерді жиі пайдаланады. Әуен дыбыстары көбінесе тізбектеле қатар дамиды. «Сексен ер» күйі 1919 жылы болған оқиғаны суреттейді. Күй тез, жылдам ойналады.

4. мазмұны: Сейтек шығармашылығына тән өзіндік ерекшелік десек, композитордың көптеген шығармаларында кездесетін тек сейтекке ғана тән өзіндік қолтаңба, оның музыкалық тілінде фригийлік лад баяуының қабаттаса, ерекше мәнерленген түрмен дамуы.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Позициядан позицияға ауысудың мынадай негізгі әдістері.

6. Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана « Күлтегін» 2002 ж., 621-бет.

А.Есенұлы, Г.Елеусізқызы «Күй – қастерлі әуез» Алматы «Өлке» 1998 ж., 234-237-беттер.

30 практикалық сабақ

1.Тақырып: Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні. Артикуляция. Агогика. Акустика. Х. Күйі «Жайма қоңыр»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйді орындау кезінде оның ырғағына көңіл бөлу, көркемдік дәрежесін түсіну, динамикалық белгілерге ден қою.

3. мақсаты: Ырғақ арқылы музыканың айтайын деген ойын, шығарманың негізін, тынысын бейнелейтіндігін естуге болады. Агогика- тыңдаушыны иландыратын, жүрегіне ұялата жеткізудегі күйдің тынысы. Акустика- Музыкалық дыбыстардың биіктігін, күшін, әуезін және ұзақтығын бұрау, жағымды-жағымсыз (консонанс, диссонанс) зерттейді. Артикуляция – бөлшектеу деген ұғымды береді.(стаккато және легато).

4.мазмұны: Ырғақ музыкада ең көрнекті роль атқарады. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізін құрайтын негізгі желіге айналады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:Белгілі орыс ғылыми зерттеушісі Б.М.Тепловтың пікірі бойынша ырғақ музыкалық шығармадағы дыбыстардың белгілі бір уақыт аралығында алма-кезек ауысуы, музыкалық көркемдік тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік.

6.Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж., 52-59-беттер.,119-бет. А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке»-1997ж., 85-87-беттер.

31 практикалық сабақ



1.Тақырып:Динамикалық дыбыс күші өзгешеліктері. М. Әубәкіров «Фантазия»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Он алтылық ноталармен алма-кезек қағыспен ойналады да, кейін екпіні бәсеңдетіледі.

3. мақсаты: Шығарманың тақырыбы вариациямен өрбиді.Фантазия асықпай, әндете басталады. Кейін бірте-бірте фантазияның екпіні күшейеді.

4.мазмұны: Фантазия – қиял болжам деген ұғымды білдіреді, еркін құрылымдағы шығарма. Шығарма вариациялы түрде жүреді. Фантазиянының кіріспесі қағыспен басталады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Фантазияда кездесетін динамикалық белгілер: p (ақырын, жай), f (қатты), ff (өте қатты).

Әдебиет: К.Сахарбаева «Домбыраға арналған шығармалар» хрестоматиясы. Алматы «Мектеп»,2002ж., 141-157-беттер.

32 практикалық сабақ



1.Тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау.Қазақ күй өнері және А.Жұбанов.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының күй өнері – Ахмет Жұбановтың өмірімен тығыз байланысты.

3. мақсаты: Күйшілік өнердің тәжірибесіне сүйене отырып, күйлерді болашақта қалай дамытудың жолын сілтеді. Өзінің терең білімін, жан – жақты жетілген ғылыми тәсілін, парасатты ақыл – ойын – халқының өнері үшін алға қойған мақсатын орындап шығуға жұмсады.

4.мазмұны: А.Жұбанов – қазақ күйлерін қорғап, оның ұлттық өнер ретінде қалыптасуына баға жетпес ұшан теңіз еңбек етті. Көп жағдайда А.Жұбанов жайлы сөз бола қалса – Құрманғазы оркестірін құрушы, соның негізін қалаушы деп бағалайды. Құрманғазы оркестрі қазақ халқының рухани өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Қазақ домбырасының академигі А.Жұбанов – қазақтың күй өнерін, белгілі бір ғылыми жүйемен тиянақталған қағидалар дәрежесінде алып қарайды.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Позициядан позицияға ауысудың мынадай негізгі әдістері.

6.Әдебиет: А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы, «Жазушы»-1975ж., 4-10 беттер.,

Т.Мерғалиев,С.Бүркіт,О.Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы-2000ж.,44-50 беттер.

33 практикалық сабақ



1.Тақырып:Байжігіт «Көкбалақ»(XVI-XVII ғғ.) Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер.

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күй өзінің атынан көрініп тұрғандай жорғаның жүрісін бейнелейді. Күй екпіндете жүрдек ойналады.

3. мақсаты: Қазақ тіршілігінің көзі жылқы екені белгілі. XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі жырауы Ақтамберді өзінің бір толғауында: «Қыздың көркі – құлпыда, жігіттің көркі – жылқыда», - дейді.

4. мазмұны: Домбыраның соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, секста интервалын – 1, 2 – саусақтармен, квинтаны – 3, 2 – саусақтармен, ал квартаны 4,2 – саусақтармен алу. Квинта интервалын - 2, 3, содан соң 3, 4 – саусақтармен алу.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Байжігіттің «Көкбалақ» күйін ойнап талдау

6.Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,113-117-беттер.

34 практикалық сабақ



1.Тақырып : А. Жайымов «Желдірме»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйде «до» пернесінің бас буында «соль» ішегінде тұтылып орындалуы, кодада бас буында екінші тақырыптың параллельдік терциямен орындалуына мән беру.

3. мақсаты: Жылдам ырғақпен интонациялар термелердегідей түйдектеле қайталанып, белгілі бір сюжеттік аңыз-әңгіме айтылып жатқандай әсер береді.Күй көтеріңкі көңілде, сергек сезіммен жіті орындалады.

4.мазмұны : Күй – халық әуендері негізінде «желдірмелер» жанрындағы , шертпе күй дәстүріндегі шығарма. Күй басталғаннан-ақ суырып салмалық айқын аңғарылады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Ашық ішектердің үздіксіз естіліп тұруына жаттығу. Формасы рондо тектес.

Әдебиет: А. Жайымов «Шаттанамын» Дайк – Пресс- Алматы, 1997. 27-бет.

35 практикалық сабақ



Тақырып: Қазанғап «Домалатпай Ақжелең»

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйде ой көзімен көру басым, әрі нақты. Күйдің негізгі сарыны ақырзаман емес, өміршең тума ниеттегі үмітке бай жасампаз арда күш.

3. мақсаты: Қазанғап Ақжелеңдерінің ішінде көркемдік жағынан үлкен орын алатын күйлерінің бірі «Домалатпай». Бұл күйінде композитор қазақ әйелдерінің арқан есіп, жіп иіріп жүгіріп жүріп өрмек тоқыған өмірлерін суреттесе бір жағынан елеусіз өтіп жатқан өмірдің өзі де қилы-қиян домалап өтеді екен ғой деп жеті түрлі күй шығарған екен.

4.мазмұны : Тағдырдың тәлкегіне қарсы шығу бүкіл қазақ күйлеріне тән, дегенмен «құмырсқа тасқа басса тәңірге аян», бұл күйдің атқан жайдан озық тұрар жебе екені естіген құлаққа кәміл. «Домалатпай» - аты айтып тұрғандай елгезек шора емес, қарысып қалған тағдыр емес, налу да, жалығу да емес, ұланғайыр үмітін қажырлы қайратқа ұластыра алған танымды, тындырымды, жігерлі күй.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктерін сақтау.

Әдебиет: С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» Алматы – 2001ж. 22-бет.

36 практикалық сабақ



1.Тақырып: Н. Тілендиев «Алтын дән»

2. Қарастырылатын сұрақтар: «Алтын дән» поэмасында қарама-қарсы екі бейне бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа құрылымдық, көркемдік жетістікке жеткен.

3. мақсаты: дәстүрлі нұсқадан аспай, шеберліктің әдіс, амалдарын іздей отырып, негізгі бөлімді «Allegro» кең дамыған классикалық күй формасында батыс өңірінің тегеурінді төкпе әдісінде алған.Бұл шығармаға алыптық, батырлық сипат береді.

4.мазмұны: Н. Тілендиевтің «Алтын дән» поэмасы аспаптық музыка жанрындағы тамаша туындыларының бірі. Шығармада қазақ халық аспаптарының барлық орындаушылық мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып, қазақ халқының күй жанрын асқан шеберлікпен дамыта білген. Поэма – еркіндік құрылыммен ерекшеленетін аспаптық шығарма. Оның мақсаты, жоспары, анық болжамы болады.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Поэма – еркіндік құрылыммен ерекшеленетін аспаптық шығарма. Оның мақсаты, жоспары, анық болжамы болады.

6.Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.

37 практикалық сабақ



1.Тақырып: Мәмен «Ақшолпан» (1859 – 1931)

2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйді өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Күймен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу.

3. мақсаты: Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдерді жеке – жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі.

4.мазмұны : Мәмен күйші, Әлікей, Түркеш сияқты дарынды күйшілер мен ұлы ұстазы Құрманғазы дәстүрін жалғастыра отырып, өзі де күйлер шығара бастайды. Мәмен өз күйлерінде әрбір әуендік фраза мен күй құрылысындағы детальдарды шеберлікпен өңдеп жетілдіруі соншалық, оған импровизациялық иірімдер қосып, күй формасындағы бөлімдердің бірін ауыстырып немесе алып тастау мүмкін емес.Композитор жалпы төкпе құрылысындағы заңдылықтарды сақтай отырып, күй формасын өзінше дамыта түскен.

5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: есту, есте сақтау, шығарманы әр тональдықта ойнай білу, нотаны бірден оқып – ойнап кету қабілеттерін үнемі қадағалап, дамытып отыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет