Барлығы – 90 сағат


Тақырып: Қазанғап «Ақжелең» Практикалық сабақ мазмұны



бет2/8
Дата05.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#632
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып: Қазанғап «Ақжелең»

Практикалық сабақ мазмұны : Қазанғап «Ақжелең» деп аталатын күйлердің негізін салушылардың бірі және оны дамытушы. Ол адам жанын тебірентерлік назға, қуаныш пен махабат лирикасына толы, терең мағыналы, әуен жағынан құбылып, құлпырып тұратын Ақжелеңнің алпыс екі түрін шығарған. Күйдің әрқайсысының атына, мазмұнына сәйкес екпінін, өлшемдерін, әуенін өзгертіп дамытады. Өзінің стильдік ерекшеліктерін осы күйлерінің өн бойында сақтап отырады.

Әдебиет: С. Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап»,Алматы,

А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қазанғап «Ақжелең» - деп аталатын күйлерінің негізін салушылардың бірі және оны дамытушы. Ақжелең дегеніміздің өзі шат көңілді, жеңіл сырғағымен тартылатын күй жанры. Міне Қазанғап басқа күйлерін былай қойғанда осындай бір тақырыпқа арнап Ақжелеңнің 62 түрін шығарған. Күйдің әрқайсының атына, оқиғасына сәйкес қағыстарын, өлшемдерін, әуенжасаған СССР суретшілер одағының мүшесі Ш. Мұхамеджанов. Ол, арнайы Алматыдан барып күйшінің бейнесін көнекөз қариялардың айтуы бойынша жасап шыққан.

Қазанғаптың күйлері басқа халық композиторларының күйлерімен қатар консерваторияның оқу программасына енгізілді, көптеген майталман орындаушылардың репертуарынан берік орын алып, үлкен сахналарда тартылып жүр. Бұның барлығы күйші мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу бағытында істеліп жатқан игі істер деп білеміз.



СӨЖ мазмұны: сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу.

Күй – қайратты, жігерлі, сабырлы. Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық ашылады). Бұл кезеңде күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай орындап, әрбір сөйлемді талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына жаттығулар жасау, қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса ұқыптылықпен қарау. Күйдің әуенін және ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде саусақ кестесін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып үйренуге дағдылану.

9 практикалық сабақ

Тақырып:Құрманғазы «Бұлбұл»

Практикалық сабақ мазмұны : Бұл күйді Есен Қазиевтің баласы Ермек Қазиевтан домбырашы-ұстаз Айтжан Тоқтағанов жазып алған. Құрманғазы бұлбұлдың сайрауын тельдер арқылы бере білген. Динаның «Бұлбұлы» ұстазының шалықтауы деп айтсақ артық болмайды. Ермек Қазиев 1946 ж. туған. Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында тұрады. Қазақстанда өткен көптеген күй сайыстардың жүлдегері. Шебер дәстүрлі орындаушылардың бірі. Айтжан Тоқтағанов 1946 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Алматы консерваториясының доценті.

Әдебиет: Қ. Ахмедияров. Құрманғазы Сарыарқа, Алматы «Өнер» 1995 ж., 51-бет

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : . Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық ашылады). Бұл кезеңде күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай орындап, әрбір сөйлемді талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына жаттығулар жасау, қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса ұқыптылықпен қарау. Күйдің әуенін және ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде саусақ кестесін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып үйренуге дағдылану.

10 практикалық сабақ



Тақырып : Тәттімбет «Сарыжайлау»

Практикалық сабақ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді.Шертпе мектебінде тиектің кейінгі жағына оң қол алақан түбін тигізу арқылы да тербеліс алынады.Санап ойнағанда студенттің ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек. Екі бағыттағы қағыстарды бірден бастауға болмайды. Оң қол бас бармағының домбыра ішегін жұлқа тартуға жол берілмегені жөн. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұрылады да, бас бармақтың бірінші буыны сұқ саусақ 1-ші буынын жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастамас бұрын қолға алған дұрыс. Сол қол саусақтары бас буынға қойылғаннан кейін негізгі буынға көшеді. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы жаттығу керектігін жадында сақтау.

Әдебиет: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов, «Домбыра үйрену мектебі», Алматы, «Өнер», 1992 ж., 55-59 беттер,

А.Тоқтаған «Тәттімбет және Арқа күйлері», Алматы «Білім», 2005 ж., 11-бет.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Бұл күйді бізге жеткізуші, орындаушы, дүлдүл күйші Әбікен Хасенов. «Сарыжайлау» күйінің шығу тарихы бізге белгісіз. Бұл күй табиғат қоршаған орта көрінісінен гөрі адам өмір белестерін суреттейтін дүниетанымдық ойға құрылған туындыға ұқсайды. «Сарыжайлау» күйінде көрініс тапқан, яғни күй адам өмірін ешқашан тоқтамас ұлыкөшке теңеп, оның жайлауға жеткен тұсын дыбыс тілімен өрнектейді. Немесе таратып айтатын болсақ бұл күй азаматтың кемеліне келген шағын, ақыл тоқтатқан парасатты кезеңін кейде баяу, кейде буырқана аққан сезім толғаныстарын сипаттайды. «Сарыжайлау» күйші шығармашылығының шыңы, халқымыздың күй өнеріндегі айшықты туындылардың бірі.

СӨЖ мазмұны: 1-2-3-саусақтарды жиі қолдануға жаттығу. 3-4- саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басумен жаттығу. Күйлерді орындап жаттығу.Саусақтар үлгідегі көрсетілгенінен ауытқымауы керек. Жай екпінде жаттығулар ойнау.Музыкалық дыбыстың ұзақ болуы , болмаса паузамен келуіне көңіл бөлу.Сол қол иық, шынтақ буындарының табиғи қалыпта тұруының, кеудемен арадағы бұрыш қатысының үлкен маңызы бар. Бас бармақ қойылымына арналған жаттығуларды ойнап жаттығу. Бас бармақ ең әуелі жеке, сонан соң бас бармақ пен 1-ші, бас бармақ пен 4-ші саусақтар қойылады. әр буынның, әр саусақтың қасиетін ұғынықты бағытпен, талғаммен үйрену.

11 практикалық сабақ



Тақырып :Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) шығармашылығы. Құрманғазы «Адай», «Серпер»

Практикалық сабақ мазмұны: Құрманғазы күрескер-күйші. Құрманғазының өршіл рухы заманалық құбылыстармен үндес. «Адай» рухы биік , аса жігерлі күй және күйші шығармашылығында ерекше орын алатын бірегей туынды. «Серпер » - өте қайратты, батырлық рухты білдіретін, құрылымы аса күрделі туынды.

Әдебиет: А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Құрманғазы-күйлер»,Алматы «Білім» 2005ж.,13 -185 - беттер.

А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері»Астана «Күлтегін»2002ж.,435-441-беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Бас буындағы ля-си-до дыбыстарын (пернелерді) 1,2,3-саусақтармен алу. Терция интервалдарын бас бармақпен 1-саусақты жылжыту арқылы алу. Күй тақырыбы ре ішегінде жүргенде соль ішегінде бір дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, квинта, кварта интервалдарын бас бармақ пен 2-саусақ арқылы алу. Кварта интервалын 3 және 4-саусақтармен қатар басу. Бір интервалды әр саусақтармен кезектестіре алу.

СӨЖ мазмұны: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысу.Күйлерді орындап жаттау. Жәй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау . Мысалы ; домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы , Тербеліс – сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту әдісі.Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады. Кейде шертпе дәстүрінде оң қолды тиек артына қойып, ішектерді тербелте қағу әдісімен дыбысты тербелту барысында оны ширек тонға дейін көтеру де (сол қол саусағымен ) кездеседі.Тербеліс дыбысқа әуездік бояу береді. Жалаң , қатаң , өмірсіз дыбыс тербеліспен тіріледі , жаңаша бояу табады. Тербеліс жиілігі , пәрмені шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді екенін пысықтап оқу және жаттығу.

12 практикалық сабақ



Тақырып:Тоқа «Саржайлау»

Практикалық сабақ мазмұны :Тоқа Шоңманұлы 1830 жылы Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келіп , 1904 жылы март айында өзінің туған жері Қаратұмсықтағы қыстауында жерленеді.Тоқа көп күй шығарған дарынды домбырашы адам болған. Тоқа күйлерінің халықтың арасына таралып , оның сақталуына оның туысы әрі шәкірті Ұлмағамбет домбырашының зор үлесі болған. Ұлмағамбет – домбырашы Тоқа күйлерін тегіс тартқан.Тоқаның «Саржайлау» , «Ерке қыз» , «Белшешер» , «Қосбасар» (үш нұсқасы) , «Боз торғай» «Аққу» , «Сары өзен» т.б. күйлері бар.

Әдебиет: Уәли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы – 1977 , 53 – бет .

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күй өзінің идеялық көркемдік мазмұны жағынан эстетикалық талғамға сай терең ойлы болып келеді.Тоқаның «Саржайлау» күйі өз құрылысы жағынан онша күрделі емес ойнақы , ұғымға жеңіл , шертуге оңай түседі.Күйдің саз – сарыны Тәттімбет «Саржайлауынан» бөлек. Композиторларын анықтау үшін ең алдымен домбырада шерте біліп , күй табиғатын терең түсінген жөн.

СӨЖ мазмұны: Жәй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау .Күйді жатқа ойнау.

13 практикалық сабақ



Тақырып : Ладтар. Тоника. Пентатоника.Домбырадағы позициялардың схемасы. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Екі октавалық натуралды , гармониялық және мелодиялық гаммалардың аппликатуралары.(соль минор)

Практикалық сабақ мазмұны: Музыкалық дыбыстардың белгілі бір жүйедегі байланысы, олардың реттік заңдылығы мен жүріс тәртібі лад деп аталады. Музыкада мажорлық (ашық үнді) және минорлық (ұяң) деп аталатын екі негізгі лад бар. Позиция дегеніміз – берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы. Домбыра мойнындағы бір позицияның көлемі ( 1-4 саусақтар аралығы ) терция интервалына тең болады. Қос ішектегі тербеліс әдісіне жаттығу. Шығармада пунктирлі ырғақ кездеседі. Тактідегі ұзартылған әлді үлес пен қысқартылған әлсіз үлестің кезектесіп келуіне негізделген ырғақты пунктирлі ырғақ деп атайды.

Әдебиет: А.Жайымов,С.Бүркітов, Б.Ысқақов. «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Өнер» 1992ж., 36-бет., 66-бет., 163-бет. А. Тоқтағанов, Т. Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар»

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ; қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы аппликатуралық үлгіні сақтау, әр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық – буындарының көмегін саралау, дәстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі заңдылықтарын сақтау.

Аппликатураны меңгергенде пернелердің ара қашықтығына байланысты бірінші екі нотаға 1 – саусақпен жылжиды , сондықтан бірінші саусақты өте қалқыта (плавно) , домбыра пернесінің бойымен сырғытып жылжыту керек.Сол сияқты ноталарының араларын да осы тәртіппен ойнау керек. Домбыра құрылымы, дене мүшелерімен таныстықтан кейін қол қойылымдары бастауында халықтық мектепке, дәстүрде қалыптасқан домбыра мойын бөліктері атауларын әр домбырашы үйренуі де баршаға ортақ заңдылық. Бұл негіз күй өнерімізге байланысты ертеден қалыптасқан. Бас буын, орта буын, саға (кіші саға), үлкен саға. Позиция қалып орналасу деген мағынада. Сол қол саусақтарының домбыра мойнында орналасу қалпы. Домбыра аспабында позиция европалық классикалық аспаптар негізінде жүйеленген. Саусақтарды қозғамай орындау, болиаса басу қалпы. Домбыра мойнындағы позиция (1,2,3,4) саусақ басылымына байланысты терция интервалына тең төменгі ішек – (g ) соль .Ре ішегінде – D



СӨЖ мазмұны: Позициядан позицияға көшудің негізгі әдістері: бір саусақты жылжыту арқылы ауысу, қатар тұрған саусақтарды өзара алмастыру арқылы ауысу, ашық ішек арқылы ауысу, бір дыбысты әр саусақпен басу арқылы, саусақтардың арасын тарылту арқылы және кеңейту арқылы жаттығу. Аппликатура – шығарма болмысын ашу кілті, дұрыс аппликатуралық дағды жоғары орындаушылыққа бағыт. Аппликатураны нақты мақсатпен таңдау домбырада қиындықтарды жеңуге, шығпрманың көркемдік мазмұнын ашуға жеткізеді. Оңтайлы табылған аппликатура тез арада белгілі көздеген мақсатқа жеткізеді.

14 практикалық сабақ



Тақырып:Қ . Ахмедияров «Шынар»

Практикалық сабақ мазмұны: Құрылымы бас буын , тақырып , орта буын саға кода жаңаша байланыстарымен ерекшеленеді . Бас буын қысқа болғанмен жоғарғы ішектегі бір дауысты үстемені бірде қағыспен , бір лигалы төрт дыбыспен күрделендіріп , түрлендіріп отырады. Оң қолда түбек мектебіне тән қағыстық құбылулар мен тақырып күрделене түседі. Автордың өзіндік ерекшелігі тақырып элементтерін қайталап , бас буынға құяды.Тақырып жоғарғы ішекте ойналып төменге ауысады.

Әдебиет: Қ . Ахмедияров «Шынар» , Дайк – Пресс , Алматы – 1999 жыл.74 – бет.

Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Қ Ахмедияровтың композиторлық шығармашылығымен танысу. Қ . Ахмедияров Қазақстан халық әртісі , Мемлекеттік сыйлық пен «Парасат» орденінің иегері. Қ . Ахмедияровтың күйлерінің ішінде өзгеше бітімді , шоқтығы биік туындылар бар. Автордың дәстүр аясында туындаған күй желісін әртүрлі байланыстар арқылы жалғастырып , музыкалық полифония дестелерімен өрнектеп , дәстүр мен жаңашылдық арасын дәл кіріктіре білуі өте сәтті шыққан. Осы тұрғыда «Нұрғиса» , «Сағыныш» , «Нарын» , «Атырау» , «Атамекен» , «Ғазиза» күйлері .

СӨЖ мазмұны: берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.Ілме қағыс-сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс. Тұтпа қағыс- қағыстан соң немесе қағыстан бұрын ішекті саусақтармен тұтып қағу.Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.

15 практикалық сабақ



Тақырып:Т. Момбеков «Салтанат»

Практикалық сабақ мазмұны :Күй өнерінің табиғи болмысын жетік меңгеріп , терең сезіне білген Төлеген Момбеков - өзіндік үні қолтаңбасы бар күйші. Т. Момбековтың күйлерінің табиғи бітімі мен орындаушылық шеберлігі де өзгеше. Мазмұндық стильдік жағынан халықтық дәстүрде құрылған осы күйлерде жаңа леп , тың нақыштармен көмкерілген басқаша бір әуездік сонылық байқалады. Сыршыл нәзіктігімен, қарапайым саздылығымен құлаққа бірден жағып , көкейге тез қона кететін Т.Момбеков күйлерінің орындалу мәнері де айтарлықтай ерекше көрінеді. Мұндағы перне басу (яғни , аппликатуралық ерекщеліктері) мен оң қолдағы қағыс, дыбыс алу тәсілдерінің сан түрлі шеберлігін атап өту керек.

Әдебиет: Т Момбеков «Салтанат» Алматы «Өнер» 1995 ж., 46 – бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Т Момбековтің «Салтанат» күйі адамның ішкі жан – дүниесіндегі сезімдік толқуды суреттейді.Күйдің қағыстары мен аппликатуралық тәсілдеррін, түрлі ырғақтық ерекшеліктері мен динамикалық амалдарын үйрену. Саусақты пернеге қағыссыз басу , астыңғы ішекті тұтып ойнау , түрлі мелизмдерді жіктеу. Күйдің негізгі қасиеті қағыс қағу тәсілі – сұқ саусақтың іш жағымен жоғары бағытта қос ішекті бірінен – соң бірін тізбектей қағу әдісі.Автор күй көркемдігі үшін осы амалды барынша сарқа пайдаланып , сол арқылы құлаққа жағымды , әдемі үндестік беретін тың нақыш , жаңа иірімдер тудыра білген.

СӨЖ мазмұны:Қағыс қағу мәнерімен жаттығу . Екі ішекте кезек теріліп орындалатын күй саздарын бағытына қарай ажырату.Күйдің әуендік құрылымы мен ырғақтық өлшем – есептеулері аса еркіндікті қаламайтындығын ескеру. Күйді ойнап жаттығу.

16 практикалық сабақ



Тақырып: Шертпе күйлердегі ерекшеліктер. Теріс бұраулы күйлердегі ерекшеліктер. Раздық«Аңшының зары».

Практикалық сабақ мазмұны:Раздық Ахметжанұлы 1905 – 1949 жылдар аралығында өмір сүрген. Раздықтың «Аңшының зары» , «Шыңырау» , «Сал күрең» күйлері бар. «Аңшының зары» екі ағайынды жігіт ортасындағы өткен тарихи трагедиялық аңызды баяндайды. Бұл күй «Квинталық» бұрауда ойналады. Күй үш бөлімнен құралады. Бірінші бөлім қос ішекте «шалыс – қағу арқылы» , оқиғаның кіріспесін суреттейді. Екінші кезеңі әр ішекті даралап «іліп – шерту» арқылы жүрек шерін қозғап , қаралы жанның қайғылы шағынуын баяндайды. Күйдің соңғы бөлімі жоқтау болып келеді. Бұл бөлім күйден гөрі әнге жақын сарын пайда қылып , қос ішекте «Қайран менің ағам – ай , қапы кеткен ағам – ай» деп бебеулейді.

Әдебиет: Уәли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы – 1977 , 61 – бет .

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Шертпе күй өнері Арқада, Қаратау мен Тарбағатай өңірінде қалыптасқан.Шертпе күй өнерінің ерекшелігі, ғажайып әуендігі, оның психологизмге толы реңкінде ойналады.

СӨЖ мазмұны: Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. «Аңшының зары» күйін жеткізуші Уәли Бекенов . Күйдің тарихымен танысу, әдебиеттен оқу,есте сақтау. Раздықтың «Аңшының зары» күйі күйші шығармашылығындағы ең көрнекті, айшықты туындылардың бірі. Дыбысты табиғатын есту. Сол қол саусақтарының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау.

17 практикалық сабақ



Тақырып: Баламайсан «Назым»

Практикалық сабақ мазмұны: Қазақ күйлерінің үлкен бір саласы – мифтік күйлер. Бұл күйлер өте ертедегі ойлау жүйесіне негізделген композициялар болып табылады. Мифтік ойлау жүйесі – конкретті, конвергенциялы (өзіндік туынды) дүние.Қазақ халқы Сақ, Ғұн, Қаңлы, Көк түріктердің (аспан түріктері) және т.б. ру-тайпалардың тарихи отанында отырған ұрпағы, әрі олардан қалған мәдени мұралардың да, рухани байлықтың да бірден-бір иесі болып табылады. Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздарды әр ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді. Қазақтың күй сазын сөз еткенде, оның молдығы мен көркемдігі жайлы «Санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де, екі шектен ескен күй, мақтауға тұрарлық қымбат дүниеміз.», деп А.Жұбанов айтқандай, күйлердің санын сөз етсек – сонау XX-ғасырдың басындағы қазақтың ән-күйін жинаушы А.Затаевичтен бастап бүгінгі таңға дейін бір ғасырға жуық күй жинау тәжірибесінде нотаға түскенқазақ күйлері шамамен 4-5 мыңдай болып қалады. Солардың ішінде 500-дейі ескі сарынды көне күйлер. Бұларды қазақтың халық күйлері деп атайды. Сонымен қоса, бұл күйлердің 200-ден астам аңыз-әңгімелері де бар. 2000-ға тарта күйлер халық сазгерлерінің шығармасы, яғни, авторлары белгілі күйлер. Мың жарымдайы қазіргі заман күйлері, демек соңғы ғасырдың жемісі. Миф – ойлау жүйесі мен тәжірибенің нәтижесі. Мифология – мифтің әдеби мүлдеге бағындырылған түрі. Миф бір жағынан қарағанда анық – танығын тексеруге болмайтын ертегі- қиял сияқты.Ал мифологияда мифтер мысалдық, метафоралық, сюжеттік, т. б. Тұрғыда қолданылады. Миф – танып-түсінуге болмайтын ішкі сезім-түйсіктің нәтижесі болса, мифологияға мифтер саналы түрде арқау болады. Баламайсан «Назым» күйінің аңызы белгісіз.Зерттеушілердің ойынша бұл күй қобызбен тартылатын белгілі «Қамбар батыр» күйінің бір тармағы. Шамасы , «Қамбар – Назым» күйі қобызда да, домбырада да тартылған болуы керек. Кейіннен әлдеқалай бір нұсқасы Назым деп аталып кетуі мүмкін.

Әдебиет: А.Есенұлы,Г.Елеусізқызы «Күй -қастерлі әуез» Алматы «Өлке»-1998ж.,4-15-беттер.

А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана «Күлтегін»,2002ж.,161-165 беттер.



Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Күй аңыздарының ішінде кездесетін мифтік сюжеттердің, мотивтердің немесе таным түсініктердің мән-мағынасын ең алдымен осы тұрғыда бажайлап, олардың бәрі де күйші-композитордың шығарар күйіне саналы түрде арқау болатынын атап өту қажет. Күйші мифке сенбейді, бірақ ондағы қиял-ғажайып оқиғанығибрат етеді, бүгінгі өмірді реттеу үшін мысал ретінде айтады. Мифтік күй аңыздары күйші-композитордың мифтік санасының немесе мифтік таным-түсінігінің жемісі емес. Керісінше, күйші-композитор мифтік таным түсінікті жаңғыртушы, мифтік сюжетті ой-ниетінің қажетіне жаратушы. Былайша айтқагда, мифті мифологияға айналдырушы.

СӨЖ мазмұны: Күйлердің тарихымен танысу, Күйлерді ойнап жаттығу Күй аңызының мазмұндық, оқиғалық, себептік бітімдеріне қарап, мифтік сипатын бірден тануға болады. Жалпы себепті сипат күй аңызының да, мифтің де дербес жанр ретіндегі айқын белгілерді айыру. Күйлердің аңызында сюжеттік желіден ежелгі мифтік сананың да, одан кейінгі, екінші кезеңде толыса түскен мифтік сананың да нышанын байқауға болады. Мифтік күй аңыздардың өн-бойында ежелгі мифтік сананың да, одан кейінгі толыса түскен мифтік сананың да, берідегі толысқан мифтік сананың да айғақ белгілері айқын екені байқалады.

18 практикалық сабақ



Тақырып:Құрманғазы «Бұқтым-бұқтым»

Практикалық сабақ мазмұны: Замана зобалаңы Құрманғазыны да от жалынмен шарпып бағады. Жоқшылық, қорлық – зорлықпен беттесу, әділетсіздікке ширыға қарсыласу, дүлей күштің темір құрсауына түсу, көкірегін кернеген запыран зары мен мұң-сырын күй етіп сыртқа шығару, міне, Құрманғазының маңдайына жазылған тағдыр осындай еді.Оның «Бұқтым-бұқтым» күйі замана басқа салған зобалаңның белгісі.

Әдебиет: А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Құрманғазы-күйлер»,Алматы «Білім»2005ж., 84 -87 - беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Бұл күйді алғаш жеткізуші домбырашы Зәмзәм Есжанова. «Бұқтым-бұқтым» - әуені көтеріңкі, жүрдек,аса қызғылықты шығарма. Жәй темпте жаттығу.Домбырашының сол қолының аспап мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуын қадағалау. Ол орындаушылық дәстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек көмегімен орындалады. Кейде шертпе дәстүрінде оң қолды тиек артына қойып, ішектерді тербелте қағу әдісімен дыбысты тербелту барысында оны ширек тонға дейін көтеру де (сол қол саусағымен ) кездеседі. Шығарма мазмұны , болмысына екпініне , ырғағына тәуелді екенін пысықтап оқу және жаттығу.

СӨЖ мазмұны: Күйлердің тарихымен танысып оқу. Күйлерді ойнап жаттығу. Есте сақтайтын қағидалар; қазақтың күй тілін жоруға жат – жұрттық, әсіресе еуропалық музыка тану тәсілдерінің сай келмейтіні, яғни, қазақ күйлерін танып жоритын төл талғам – тәсілдердің бар екені, ондай талғам тәсілдердің өзі ғылыми жүйелеуді, айғақтауды қажет ететінін білу.

19 практикалық сабақ



Тақырып: Психологиялық күйлер. Халық күйі «Ортеке».

Практикалық сабақ мазмұны: Психологиялық күйлер – адамның ішкі жан дүниесі, сезім иірімдерін өз қалпынасуреттеп бере алатын нақты эрос пен мелосты қатар ұстай алатын композициялар. Эрос – дегеніміз жануарлық инстинкт емес, адамға тән махаббат сезімі болып табылады. Мелос – дегеніміз сол сезімнің ырғаққа айналған түрі. «Ортеке» қазақ фольклорында кең орын алған кейіпкер – Құламерген аңшының атымен тартылады.Күй орташа екпінде ойналады.Өте көркем , шұрайлы тез ұғынылады.

Әдебиет:А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке»-1997ж., 72-74-беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Біздің заманға жеткен көптеген көне күйлермен аңыз әңгімелердің мазмұны 30-ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мұндай сазды – сарындарды шығарған күйшілердің бірінің өмірбаяны ел ішінде аңызға айналса, енді біреулері эпостық жырлардың кейіпкерлері, немесе, көбінің есімдері ұмыт болып, шығармалары сақталған. Кезінде тыңдаушысын тамсандырған бұл әуендер, әсіресе, қазіргі көне күйлер сазының құрамында жиі кездеседі. Бұлардың ішінде әуелгі замнадардағы нұсқаларынан хабар беретін: «Аққу», «Сары өзен», «Ертіс толқыны», «Боз айғыр», «Шұбар ат», «Шыңырау» сияқты халық күйлері жүздеп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет