Бас редакторы: Даукенова Айдана


«САНАЛЫ-ҰРПАҚ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ»



бет38/48
Дата22.04.2022
өлшемі1,72 Mb.
#140396
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
Жаркын болашак
formUDO

«САНАЛЫ-ҰРПАҚ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ»



Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Келешек» бөбекжай балабақшасының Тәрбиешісі
Капаева Алия Жумабаевна

Жас ұрпақтың дамуы ерте жастан бастап негіз алады. Еліміздің ертеңі, жас ұрпақтың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етеді.


Жас өспірімге білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің қайнар көзі балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды және міндеттемелері басшылыққа алынды.
Мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Осының бәрі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жас өспірімдердің жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Педагогтың жан-жақты болуы заман талабының үрдісі. Тәрбие мен білім – егіздей, бір-бірін толықтыратын ажырамас бөлік. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде болып отыр.
Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, жаңа ұғымдармен терминдер пайда болып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, ойлау қабілеттерін дамытуда жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Білімді ұрпақ – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Біздің Балабақшада «Роботехника- балабақшада және «Құм терапиясы» саласы бойынша балаларды оқытып, жас ізденушілерді тәрбиелеп отырмыз. Балабақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Жаңартылған бағдарлама бойынша ойынның 3 тәсілін қолдануда баланың ойлау қабілетін дамытатын ең тиімді тәсілі болып табылады. Мектепке дейінгі мекеме балаларына тәрбие мен білім беру, келешек ұрпақтың еркін дамуына, белсенді, жан-жақты білім алуына, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері.
Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шебер- лікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, ой түйсігін, қабілетін, икемділігін, ептігін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз, бала-ұрпағымыз. Сол себептен мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.

Білім беру саласы: Қатынас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет