Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту



бет4/11
Дата04.07.2020
өлшемі315,5 Kb.
#74882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
2. Умарова Гульнора
Зерттеу объектісі: 2 сыныптың қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық қабілеттері.

Зерттеу әәдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану., және т.б.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.



1 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

    1. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін

қалыптастыру

2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасы қоғамның экономикалық және әлеуметтік маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағыт алу ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарын көздейді. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігін, қабілетін арттыруды талап етеді. Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы: тірек сигналдары арқылы оқыту технлогиясының ерекшелігі.

- үнемі қайталау, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- ізгілік, ықпал, жеке бағдарлы қарым-қатынас;



Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі;

- ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизм жеке

- бастың өзіндік талап - талғамына сүйену;

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі:

- Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

- Ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; т.б.

Ұлы неміс педагогы А.Дистерверг әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" атты еңбегінде "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді" деген.

Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызғушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген. 1) Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды. 2) Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. 3) Адамның қызығулары ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. 4)Сыртқы дүниемен байланыспайды. т.б. Қызығу мектепте оқу-тәрбие үрдісінде өте қажетті шарттар, яғни мәселелер болып табылады. [3;4]

Қызығудың кіші мектеп жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын ары қарай дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы зор.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз оқушылардың сабағын тартымды, әрерлі, қызығушылығын артыру арқылы ұйымдамтыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегеміз жемісті болар еді. Психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде еңбек үстінде сондай болады деген. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған орта мен араласуы, еңбекке, үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалар өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, тапқырлық, іскерлік, ізгілік, шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонмен қатар бала ойын кезінде қуанады, ренжиді, біреуге қамқор болады, ызаланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыны сабақта, ойын барысында көңілін шаттандыратындай, ойын, қиялын оятатындай, іскерлігін дамытып, қалыптастыратындай болу керек. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу мұғалімнің негізгі міндеті. Бастауыш сыныпта оқушының қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады.

а) мадақтау;

ә) бағалау;

б) көрнекілік түрлерін қолдану;

в) ойын элементтерін пайдалану;

г) дидактикалық материалдар;

д) деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін "қабілет" деген ұғымды түсініп алуымыз керек. ""Қабілет ұғымына психологиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т.Тәжібаев "қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдығыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті" деп түсінік берді. Сонымен қатар қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе көптеген психолог ғалымдар Джунисбеков.А, Дүйсебаева М., Жұбанов Қ., өз пікірлерін былай деп тұжырымдады. қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол онда ұзақ процеске айналатынын айтты. Қабілеттер күні бүгінге дейін көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесінің назарын аударып, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ [5;7;8]

Джунисбеков.А, "қабілеттер" оның құрамы үш түрлі қасиеттер тобынан тұратынын анықтап, дәлелдеп, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетті. Жұбанов Қ “қабілеттерге берген пікірі” дамытудағы әлуметтік-жағдайлардың шешуші роль арқаратындығына назар аударды. Ильминский Н. И. “іс-әрекеттің” қабілетті дамытуындағы ролін анықтады. Осы негіздерге сүйене отырып ғалымдардың пікірлерін теорияда қалыптасқан біртұтастықта қарастырылатын яғни, “қабілеттердің әрекетте дамитындығы” жөнінде қағида қалыптасқан. Осы еңбектердегі теориялық түсініктерге сүйене отырып, осы проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отыратындығын, оларда бір-біріне деген қарама-қайшылықтың жоқ екендігін байқадық. Осы еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, оны ары дамытуға, белгілеуге үлесін қосады. Қабілеттер туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып, жетіліп отырады. Қабілеттердің дамуы әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Бала бойындағы қабілеттер жалпы және арнайы болып табылады. [6;9;10]

Психолог ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі бар екенін дәлелдеді:



  1. репродуктивті іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.

  2. Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

  1. “Шығармашылық” сөзінің этимологиясы “шығару, ойлап табу” дегенді ұғындырады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау педагогика, психология ғылымдары өте ертеден зерттеген. “Шығармашылық” әлемдік мәдениет пен білімнің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғанын, “шығармашылық теориясын” жасауға деген ізденістердің болғанын байқауға болады.

Ұлы ойшылдарымыз Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ, Абайды да “шығамашылық”, “қабілет” деген ұғым-түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты – озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу боып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Т. Қордабаевтің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал Мелиоранский П. М оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұмына негізген ғалым-педагог болды. [12;13;14;15]

Ал ғалым Мырзабеков С өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы “оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындаған”. Неталиева Қ. “шығармашылық қабілетті” “даму” ұғыну мен қатар деп түсіндіреді. М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. “Шығармашылық әрекет” өмірде оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда “даму” сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. “Даму” сөзінің психологиялық анықтамасы “жаңару”, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады. “Даму” процесінде үш түрлі фактор бар.[16;17]



  1. Биологиялық фактор

  2. Әлеуметтік фактор

  3. Баланың белсенділігі

Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсініік беретін болсақ: биологиялық фактор – бұл ата-анадан берілетін, дененің барлық мүшелерінің құрылысы мен еркешелігіңн білдіретін бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, денсаулықты қамтамасыз етеді;

  • әлеуметтік фактор – бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.

  • Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол адамдардың мінез-құлқы, ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары, еңбекке деген көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекеттері, дағдылары, ұмтылыстары яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды.

  • Баланың белсенділігі – бұл даму процесіндегі әрекет ететін үшінші, негізгі күш болып табылады. Шығармашылық қабілет негізінен кіші мектеп жасындағы балаларда қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаны, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. “Бұлақ көрсең көзін аш” деген халқымыз. Жалпы шығармышылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, досы, бапкері болуға тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта буынның шығармашылық дамуын басқарудың педагогикалық -психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет