Отбасылық-қоғамдық тәрбие беруде қолданатын әдістерім, амалдарым және тәсілдерім
Қазіргі кезде балаға отбасылық-қоғамдық тәрбие беруде мектептің, отбасының және қоғамның мақсат пен міндеттері бірдей. Кез келген ата-ана өз баласының жан – жақты дамыған, бойларында рухани байлық, жан дүниесінің тазалығының және дене бітімінің әсемділігінің үйлесімді болуын қалайды. Бірақ та бұл тілектерін жүзеге асыру өте қиын. Бұл жерде ата-аналарға қоғамның көмегі қажет. Мұндай көмек Қазақстан Республикасының Ата Заңымен ескерілген. ҚР «Білім беру туралы» заңында «Ата-аналардың жаппай педагогикалық оқытылу жүйесінің кеңейюі отбасы тәрбиесін жақсартуда маңызды рөл атқарады» деп көрсетілген.
Сонымен, оқушылардың отбасындағы тәрбиесінің әсерлі болуы алдымен мектепалды мекемелердің және мектептің көмегі негізінде ғана ойдағыдай бола алады.
Мектеп және ата-ананың бірлескен қызмет үрдісі ата-аналарды оқу-тәрбие жұмысына, мектепішілік және қоғамдық жұмыстарға, сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастыруға, балалар мен мұғалімдердің бірлескен қызметтеріне белсенді қатысуына бағытталуға тиісті.
Тәрбие- тұлғаны қалыптастырудың тұтастық идеясына бағынатын, тәрбие үрдісінің мақсат, міндет, мазмұн, форма, әдістер бірлігін білдіреді.
Өзімнің жұмысымда ата-аналармен бірлескен қызметті келесідей ұйымдастырып аламын:
Бірінші кезекте, сынып оқушыларын және өзінің балаларын отбасылық-қоғамдық тәрбиелеу бойынша мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасыларды зерделеу жұмыстарын жүргіземін. Бұл бағыттағы жұмысымда алдымен ата-аналарды мектепке шақырып жеке әңгімелесулер жүргіземін. Әңгіме тақырыптары сан алуан болуы мүмкін, мысалға: «Балаңыз мектепке барғанда», «Балаңыздың мектептен алған әсерлері», «Отбасыңыздағы бос уақыт» немесе «Балаңыздың қызығушылығы» т.б.
Екіншіден, өзінің балаларын отбасылық-қоғамдық
тәрбиелеуге қажетті адамгершілік әлеуеттілігіннің мүмкіндіктері қағидалары бойынша отбасыларын топтастырып аламын. Мұндай жұмыс жүргізген өте қолайлы. Осындай жұмыс барысында өзіме келесідей кесте ретінде сыныптың әлеуметік паспортын құрып аламын:
-
Аз қамтылған отбасы
|
Көп
балалы отбасы
|
Жетім балалар
|
Толық
емес отбасылар
|
Тұрмысы төмен
отбасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мектептің және отбасының бірлескен қызметі отбасы тәрбиесінің микроклиматы мен жағдайларын, ата-аналар мен балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерделеп алудан басталады.
Тәрбие жұмысымның барысында ата-аналармен жұмыстың мазмұны негізгі үш топқа бөліп аламын: ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жоғарлату, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту, ата-аналарды мектептің басқару жүйесіне қатыстыру. Әрбір блокты қызметтің түрі мен үлгілер жүйесі ретінде ұсынғым келеді.
-педагогикалық білімдер университеті
-дәрістер, семинарлар,тәжірибе алмасу
-конференциялар
-ашық сабақтар мен сыныптық шаралар
-жеке тақырыптық кеңестер
-шығармашылық топтар
-ата-аналар жиналыстары
-үйірмелер, секциялар, бірлескен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
-материалдық-техникалық қорды нығайту
-отбасылық-қоғамдық істерге қатыстыру
-игіліксіз отбасыларға қамқоршы болу
-мектеп кеңесі
-қоғамдық бақылау комитеті
-сынып кеңестері, сыныптық ата-аналар комитеті
-отбасы мен мектепке қызмет көрсету кеңесі
Сонымен қатар ата-аналармен көпшілік, топтық және жеке жұмыс түрлері мен әдістерін жүргіземін. Олардың барлығы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарлатуға, мектеп, отбасы және қоғам арасындағы қарым-қатынасты жоғарлатуға, олардың тәрбиелік әлеуетін нығайтуға және сыныптағы балаларды тәрбиелеуге ата-аналарды тартуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |