Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


Тірі және өлі табигат объектілері, сабақта қолдану ерекшелігі



бет52/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
ДӘРІС

Тірі және өлі табигат объектілері, сабақта қолдану ерекшелігі.

Тірі табиғат обьектілеріне тірі табиғат мүйісін жатқызады. Өлі табиғат обьектілеріне минералдар коллекциясы, т.б.жатады. Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.

Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.

Әрбір өсімдіктердің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық өсімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, өсімдік жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зеріттей алады.

Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылымының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын тудыруға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында өсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, өсімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жағдайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп шығады. Алынған деректерді оқушылар табысты түрде пайдалана алады.

Сынып бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын аквариум мен шағын террариум құруға болады.Олар жергілікті және аквариум балықтарының, бауырымен жорғалаушылардың немесе қос мекенділердің жеке өкілдерін ұстауға қолайлы. Оқушылар аквариумның шынысы арқылы су асты патшалығының бір бұрышын көре отырып, табиғаттағының бәрі өзара тығыз байланысты екендігіне көрнекті түрде көздерін жеткізеді. Дұрыс жабдықталған аквариумде хайуанаттар табиғи жағдайда жақын жағдайда болады, сондықтан аквариумдегі бақылау олардың тіршілігі мен мінез құлқы туралы, сонымен бірге су ортасына алуан түрлі бейімделулері туралы қызық деректер береді.

Аквариумде валлеснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ, бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, элодея өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар қапаста жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар, семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары, шілте құйрықтар, телескоптар, т.б.

Кейбір су жәндіктерін үлкен су сүйгішті, су қандаланы, кәдімгі катушканы, тірі туатын шалғыншыны жеке банкіде ұстаған дұрыс, өйткені олардың көпшілігін балық жеп қояды. Оқушылар аквариумды күткенде суын уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын пайдалануы; Өсімдіктерді жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы; аквариумнен жемнің қалдығын және балықтардың қиын тазартып отыруы; балықтарға белгілі бір уақытта, дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы; өсімдіктердің күйін және балықтардың мінез құлқын бақылап отыруы керек.

Аквариум балықтар тіршілігін: шабақтардың бірте бірте дамуын, температура мен қоректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін; қоректенуге байланысты шартты рефлекстың тууын, балықтар тәбетпен жейтін жемдердің тізімін жасауды; балықтардың ауа райын болжауын, т.б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Тірі табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар; құрбақа, шөп, көл, бөген бақасы, сергек және тірі туатын кесіртке ұстайды.

Егер тіршілік бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар ұстауға болады.Бәрінен де шымшқтар, қараторғайлар, қарғалар, ұзақ қарғалар жақсы көндігеді. Құстар мен сүтқоректілерді ұстау үшін түбі жылжымалы, астаушасы және суаратын ыдысы бар әр түрлі мөлшердегі торлар қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет