Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты



бет2/5
Дата27.05.2022
өлшемі35,38 Kb.
#145260
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауышпен қоштасу мерекесі санду

Мейірбек: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Алина: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге ,
Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!
Бексұлтан: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр-алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арнаралады бұл әнім


Алина: - Дұрыс айтасың , Бексұлтан! Бұл мектептен қаншама адам тәлім
алған десеңші. Енді міне өзімізде осы мектептің бастауышты бітіріп,
орта буынға өткелі отырмыз.


Бексұлтан: Баланың күлкісі мен баланың қуанышына не жетсін!. Бала – өмірдің шуағы мен шаттығы, шырайы мен пәктігі, арайы мен ақ гүлі. Ата-ана — мектеп — отбасы ынтымақтастығы негізінде бала тәрбиесіне кішкентай кезінен бастап көп көңіл бөліп, түпқазығын дұрыс қалаған жағдайда жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан саналы да сауатты ұрпақ екеніміз бәрімізге аян. «Әрбір бала - бір жұлдыз» демекші Мектепте болсын, отбасында болсын әр баланың өзіндік орны бар.


Ақбота: Олай болса, мектебіміздің мақтаныштарын, 4 «Ә» сыныбының жұлдыздарын ортаға шақырайық.


Мейірбек: Бірінші кезекте, бірнеше рет математика пәні мен қазақ тілі пәндері бойынша олимпияда жеңімпаздарын Аманаева Арай, Абдиганиева Назерке, Өркенқызы Ақмарал, Амангелдиева Жаннұр, Жамғырбай Бексұлтан және Жұматай Алинаны қарсы алыңыздар.
Сонымен қатар, Сандуғаш апайымыздың еркелері 4 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.


Мейірбек : Оқу оқып, теп – тегін
Тамыр жайып көктедім.
Дегендей- ақ мейіріммен
Білім берді мектебім!
Олай болса, "Мектебім" әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен Назеркені ортаға шақырайық!
Алина: - Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тындайық.
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет