Таралуы: Көп өсірілетін аймағы негізінен – Кіші Азия. Жүзімдіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында суармалы жерлерде орналасқан. Елімізде жүзімнің 28 сұрпы аудандастырылған (оның ішінде 12 сұрпы – асханалық, 2 сұрпы – әмбебап, 14 сұрпы – техникалық). Жалпы жүзімдіктер көлемінің 75%-ын тех. сұрыптар құрайды. Ең көп тараған сұрыптар: ркацители жүзімі, саперави жүзімі, рислинг жүзімі, т.б. Сілтемесі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Жүзім_шаруашылығы Сайлау Райымбек Бөлім: Жабық тұқымдылар - Magnoliophyta Класс: Қосжарнақтылар – Dicotyledoneae Қатар: Розидтер – Rosales Тұқымдас: Раушангүлділер – Rosaceae Тұқымдас тармағы: Алмалар – Pomoideae Туыс: Алма- Malus Түр: Сиверс алмасы- Malus sieversi Сипаттамасы: Раушангүлділер тұқымдасына жтатын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сі шаруашылықты маңызы бар. Қазақстанда негізінен, Сиверс алмасы, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300ц өнім алынады. Таралуы: Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы тау сілемдерінде (Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Талас Алатауларында, Кетпентау, Қаратау, Қырғыз, Уғам жоталары, Қаржантау) кездеседі. Қолданылуы: Алма құрамында су, қант, қышқыл А,В1,В2,В6,С,РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамғағ салаттарға қосып пайдаланады. Сілтемесі: oldconf.neasmo.org. kk.wikipedia.org. Дарбаева Т.Е. Өсімдіктер систематикасы (Орал-2007ж 56-58бет) Бәкір Нәзік Бөлім: Жабық тұқымдылар – Magnoliophyta Класы: Қос жарнақтылар - Picotyledoneae Қатар: Алқалар - Solanales Тұқымдас: Алқалар - Solanaceae Туыс: Solanum Түрі: Solanum melongena - Баклажан
Достарыңызбен бөлісу: |