Таралуы: Оңтүстік Қазақстанн, Алматы, Жамбыл облыстарында суармалы жерлерде, Талдықорған облысы, Шымкент облысы, Қызылорда және Гурьев облыстарында таралған
Таралуы: Оңтүстік Қазақстанн, Алматы, Жамбыл облыстарында суармалы жерлерде, Талдықорған облысы, Шымкент облысы, Қызылорда және Гурьев облыстарында таралған.
Қолданылуы: Жүзімнің жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді.
Дүние: Өсімдіктер Рlantae Бөлім: Жабық тұқымдылар Magnoliophyta Класс:Қос жарнақтылар Мagnoliopsida Тұқымдас: Жүзім Vitis Туыс:Жабайы жүзім Vіtіs vіnіfera Түр:Дақылдық жүзім Vitis
Сипаттамасы: Жүзім (лат. Vitis) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі. Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек..
Қолданылуы: Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді.Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде.