Таралуы: Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара – 944.
Қолданылуы: Қауынның жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану ұсынылады. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.
Бөлім: Жабық тұқымдылар – Magnoliophyta Клас: Қос жарнақтылар – Dicotyledoneae Қатар: Түтікшегүлділер – Tubiflorales Тұқымдас: Алқалар – Solanaceae Туыс: Қызанақ – Licopersicom Түрі: Кәдімгі қызанақ – Licopersicom esculentum
Сипаттама: Жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері сары түсті. Жемісі – екі немесе көп ұялы жидек жеміс, қызыл немесе сары түсті. Сабағының биіктігі 30 - 40 сантиметрден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Салмағы 25 – 500 грамм, кейде 800 – 900 граммға дейін жетеді. Қызыл – сарғыш жемісінің құрамында 4,5 – 8,1% құрғақ зат, 3,5 – 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар.Кәдімгі қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді.
Таралуы: Кәдімгі қызанақ Қазақстанда кездесетін түрдің бірі. Республикамыздың Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Қолданылуы: Кәдімгі қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездесетін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, шырынынан төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.