Бау-бақша өсімдіктері



бет4/16
Дата24.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#187783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
mp264, жадынама , 8-сынып,бжб 3-тоқсан №2, 9-кл.ТЖБ. ӘДЕБИЕТ. 1-токсан

Сипаттама:Баклажанның тамыры шашақты жемісі жұмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не қара күлгін түсті, салмағы 0,4 — 1 кг. Тұқымы ұсақ (үз. 2 — 4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. Баклажан жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның өсіп-жетілуі үшін ең қолайлы температура 20 — 30°С, топырақ ылғалдылығы 80%. Баклажан маусым — шілде айларында гүлдейді, шілде — тамыз айларында жеміс береді. Ең көп тараған сорттары: "Деликатес-163", "Донской-14", «Симферополь-105", "Консервный-10", т.б. Баклажан негізінен көшет арқылы өсіріледі. Көшеттер егістікке қашықтығы 35 — 40 см, қатар аралығы 70 см болатындай етіп отырғызылады. 

Таралуы: Жабайы түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда (ҮндістанБирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі.

Қолданылуы: Топырақты қопсыту, арам шөп отау, суару, үстеп қоректендіру, өсімдік кеселдері мен зиянкестерін құрту жұмыстары жүргізіледі. Баклажанның зиянкестері: дала қандаласы, бұзаубас, т.б., аурулары: шірік, фитофтора т.б. Б. Еуропа елдерінде ертеден дәрілік мақсатта пайдаланылып келген, тек 18 ғасырдан бастап тағамға пайдаланылды. Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қандағы холестеринді азайту үшін колданылады. 

Сілтеме: www.google.kz

Ғалымжанова Алтынгүл

Бөлім: Жабық тұқымдылар – Magnoliophyta Класы: Қос жарнақтылар – Dicotyledoneae Қатар: Розидтар – Rosales Тұқымдас: Раушангүлділер – Rosaceae Туысы: Шие – Prunus Түрі: Далалық шие – Prunus fruticosa

Сипаттама: Раушангүлділер тұқымдасы шие туысына жататын көп жылдық бұта. Биіктігі — 0,2-1, кейде 2 м, өте жиі өскен бұтақтары бөрік баса тығыз орналасады. Өркендері шыбық тәрізді жіңішке, жас кезінде түкті, өсе келе түктері түсіп қалады. Жапырағы ұзынша келген, үстіңгі беті күрең жасыл, жылтыр, астыңғы жағы ақшыл. Ақ гүлі қос жынысты, 3-4 - тен топталып шатырша гүлшоғына жиналған. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеде жемісі піседі. Жемісі — шырынды, сүйекті, диаметрі 8—12 мм-дей. Жемісі жеуге жарамды, түрлі сусындар дайындауға пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет