Қолданылуы: Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді.
Сілтемелер: 1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім 171-172 бет Құдайбергенова Жазира
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер-Magnoliphyta Класс: Қос жарнақтылар-Dicotyledoneae Қатар: Асқабақтар қатары-Curcubitae Тұқымдасы: Асқабақтар тұқымдасы-Curcubitaceae Туысы:Асқбақ -Curcubita Түрі: Кәдімгі асқабақ-Curcubita pepo
Сипаттама: Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады.
Таралуы: Асқабақтар ылғалды және қоңыржай құрғақ Азия, Африка және Американың тропикаларында өседі. Қоңыржай климатты елдерде шектеулі түр сандары кездеседі, олар асқабақ, қияр, қауын сорттарының түрлерімен белгілі.
Қолданылуы: Көптеген асқабақтардың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Тұқымдас жемісі тамаққа қолданылатын бақшада өсетін түрлерімен бағалы. Өкілдері: қарбыз, қауын, асқабақ, люффа. Көкөністік өкілі – қияр. Асқабақтар тұқымдасы бағалы бау-бақшалық, тағамдық, сондай-ақ мал азықтық, дәрілік, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.