Бау-бақша өсімдіктері



бет10/16
Дата24.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#187783
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Таралуы: Ауа райы жылы аймақтарда Орта Азия республикаларында, Закавказьеде, Қырымда, Дағыстанда, Молдовада, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалауында және Қазақстанның оңтүстік облыстарында будандастырылған 50-ден астам сорты өсіріледі.

Қолданылуы: Шабдалы ағашының жемісі пайдалы әрі тәтті. Шабдалы қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға,С,В1,Р,РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Әсіресе, Қырым шабдалысында В2, өзбек шабдалысында Е дәрумені көп болады. Шабдалы жемісін асқазан аурулары, жүрек ауруы, қан аздық кезінде жеу өте пайдалы. Шабдалыдан тосап, компот, джем жасайды. Шабдалы сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды.

Сілтеме:https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D0%B1%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%8B

Утаров Манас

Бөлімі: Гүлді өсімдіктер-Magnoliophyta Табы: Гүлді өсімдіктер-Magnoliopsida Сабы: Раушангүлділер-Rosales Тұқымдасы: Раушангүлділер -Rosaceae Туыс::Өрік-Prunus Түрі:Кәдімгі өрік-P. armeniaca

Сипаттама: Кәдімгі өрік -биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Таралуы: Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі. Қазақстан мен Орта Азияда өсіріледі. Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі – кәдімгі өрік (A. vulgarіs) өсіріледі.

Қолданылуы: Қантқа,органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1,Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Кептірілген кәдімгі өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Кәдімгі өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет