Телеангиоэктазиялар,алақындық эритемалар,тырнақтардың ағаруы мен барабан таяқшаларының пайда болады.Көбіне биллиарлық циррозда кездеседі.Сонымен қатар, геморрагиялық диатездер кездеседі,лас,сұрғылт түсті терінің пайда болуы байқалады.Кеш белгілерге эндокринді бұзылыстар жатады.
Вирус бөлшектерінің репликациясын басу үшін келесі вирусқа қарсы дәрмектер қолданылады:
Интерферондар
Көп жағдайда интерферондар цитокиндермен бірге қолданғанда жақсы нәтиже береді.
Интерлейкиндер- иммундық реакцияның медиаторлары мен модуляторлары болып табылады. Вирусты гепатиттің созылмалы түрлерін емдеуде интерлейкин-2 пайдаланылады.
Аденин-арабинозид (видарабин)- HbsAg жойылуын шақыратын вирусқа қарсы дәрмек.
Флуороарабинозид созылмалы вирустық гепатитті емдеуде қолданылады.
Глюкокортикойдтық дәрмек;
Глюкокортикойдтық дәрмек;
Гормональды емес иммунодепресанттар.
Преднизолон- алғашқы тәуліктік дозасы 20-30мг.Өршу белгілері пайда болса,оның дозасын ұлғайтады.Аурудың белсенділігін көрсететін биохимиялық тесттер қалыпты деңгейге жеткен соң дәрінің дозасын 10-15мг-ға дейін төмендетіп (ұстамалы дозасы) 8-10ай бойы береді.Эффектісін күшейту үшін азатиопирин 100-150мг тәулігіне 3-6 айдан көп уақыт береді.
Иммунды жүйенің жұмысын реттеу үшін тимус дәрмектері: тималин, натрий нуклеинаты,D-пеницилламин қолданылады.Фиброзды тіннің дамуын тежеу барысында метотрексат,урсодезоксихолий қышқылы,азатиоприн береді.