Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты


XIV ғасырдың аяғында Қазақ хандығын құрған Шыңғыс ханның ұрпақтарын атаңдар



бет6/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
4. XIV ғасырдың аяғында Қазақ хандығын құрған Шыңғыс ханның ұрпақтарын атаңдар.

А) Абылай хан

В) Жәнібек пен Керей Қазақ

С) Арыс би

Д) Тәуке хан

Е) Әйтек би

5.Ұлы  Далада неше жылға тыныштық орнады.

А) 10 жылға

В) 200 жылға

С) 310 жылға

Д) 400 жылға

Е) 500 жылға
«Жеті жарғының» негізін қалаған қазақтың үш биі

Дала халқы – түркілерде әрдайым білім мен даналықтың шырақшылары – билер болған. Олар ар мен әділеттілік өсиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Адамдар даулы істерді шешу үшін билерге жүгінген. Билер сотты әділ түрде жүргізген. Олар тұрақты жалақы алу құқығына ие болмай, табыстары сот істеріндегі ұтыстан құралған. Шағын дауларды ру билері, ал аса күрделі істер мен аумақтық келіспеушіліктерді тайпа мен жүздер билері шешкен. Тәуке хан тұсында Билер кеңесі Қазақ хандығының ең маңызды мемлекеттік құрамына айналды. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде–Қазыбек би,Кіші жүзде – Әйтеке би төрелік етті.
Тәуке хан (1680 - 1718) билік құрған кезең қазақ тарихында «қой үстіне бозторғай ұялаған заман» атымен белгілі. Үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой дала көркі еді. Кедейлер болған емес. Халық оны Әз-Тәуке, яғни даналардың данасы Тәуке деп атаған. Қазақ даласында XX ғасырдың басына дейін басшылыққа алынған Тәуке ханның тұсында жазылған заңдар жинағы – «Жеті жарғы». «Жеті жарғының» үзінділері бізге этнограф А. Левшин жазбалары арқылы жетті.
«Жеті жарғыдағы» ең ауыр қылмыстар: адам қанын төгу, тонау, ұрлық, зорлау, зинақорлық, жақынына үйлену, біреудің әйелін оның келісімінсіз алып қашу өлім жазасына бұйырылған. Жеті куәгер болған жағдайда Құдайды әшкерелеген адамның жазасы да – өлім. Қазақ заңына сәйкес, мал ұрлап әшкереленген ұры алдымен малды қайтарып берген және оның үстіне 3 «тоғыздан» тұратын айып тағылған. Мысалы, түйе ұрлағаны үшін бірінші тоғыз – 9 бас түйе, екінші тоғыз – 9 бас ат, үшінші тоғыз – 9 бас сиыр, барлығы 27 мал айып төленуі тиіс болған. Бүгінгі тілмен айтқанда би дегеніміз сот және басқа құқық мәселелерімен айналысатын әділет жаршысы, заң адамы болып есептеледі. Ш.Уәлихановтың айтуынша, «Жеті жарғының» ең білгірі, Абылайдың жас кезіндегі тәрбиешісі Төле би болған.


( 256сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Тәуке ханның билік құрған заманын корсетіңдер.

А) 1860-1871

В) 1680-1718

С) 1562-1582

Д) 1617-1688

Е) 1771-1780

2. «Жеті жарғы» заңының үзінділерін бізге жеткізген этнографты көрсетіңдер.

А) А.Левшин

В) А.А.Аргынбаев

С) Х.Б.Аргынбаевич

Д) И.В.Захарова

Е) Е.А.Масанов

3. Тәуке ханның тұсында құрылған заң атауын айтыңдар.

А) «Жасақ»

В) «Жеті жарғы»

С) «Білік»

Д) «Әдет»

Е) «Дала заңдары»

4. 3 «тоғызға» жататын малдарды атаңдар.

А) ат, жылқы,ит

В) түйе, сиыр, ат

С) сиыр, ат, бұзау

Д) ешкі, қой, ат

Е) қой, сиыр, ат

5. «Жеті жарғыдағы» ең ауыр қылмыстарға жатпайтын қылмысты атаңдар.

А) адам қанын төгу

В) тонау

С) ұрлық Д) зорлау, Е) мал сою

Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру
Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Елбасы мемлекетімізді әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.Сондай-ақ, Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы жеке жетілдіру бағыты ретінде көрсетілген . Өйткені, білім – ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады.Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. Білім беру саласына бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы халықтың білім алуы, кәсіби білікті дағдылары мен қабілетіне инвестицияны бөлу болмақ. Халыққа білім беруді экономикадағы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, тиімді инвестициялар ретінде түсіну қажет. Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер ретінде экономиканың макро және микро деңгейлерінде халықаралық зерттеулерді шолу, білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңінде инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады. Зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.

( 216сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Қазақстандағы білім беру реформаларының мақсатын айтыңдар.

А) жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу

В) білім беруді дамыту

С) халықаралық зерттеулерді шолу

Д) жұмсалған инвестицияның

Е) жылдам өзгеретін

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының нақты бағыты.

А) маңызды рөл атқарады

В) мемлекеттің жаңа саяси

С) маңызды жақтарын растайды

Д) құралы болып табылады

Е) бейімдеу болып табылады

3.Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсатын белгілеңдер.

А) ауылшаруашылығын дамыту

В) білім беру жүйесін дамытуС) өндірісті дамыту

Д) экономиканы дамыту Е) қаржыны дамыту

4. Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы күшіне енгенуақытты көрсетіңдер.

А) 2012 жылғы 14 қаңтар

В) 2012 жылғы 14 қараша

С) 2012 жылғы 14 наурыз

Д) 2012 жылғы 14 тамыз

Е) 2012 жылғы 14 желтоқсан

5. «жаңа» сөзінің антонимын табыңыз.

А) әдеміВ) жасылС) ескіД) суықЕ) керемет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Алматы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің 76-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Оқытушы-профессорларқұрамы – 2500 мыңадамнанасады, олардыңарасында 400-ден аса ғылымдокторы, профессорлар, 800-ден астамғылымкандидаттары, доценттер бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. ҚазҰУ-дың 75-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылым ғариясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.


(188сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орналасқан жерін белгілеңдер.

А) Астана

В) Қызылорда

С) Маңғыстау

Д) Алматы

Е) Талдықорған

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындаудағы санын көрсетіңдер

А) 150 В) 160 С) 170 Д) 180 Е) 190

3.Университеттің аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасқанына.

А) 65-жылдық

В) 15-жылдық

С) 76-жылдық

Д) 24-жылдық

Е) 72-жылдық

4.Университеттіңнешефакультетіндебеделдіғылымимектептершоғырланған.

А) 10 факультетінде

В) 20 факультетінде

С) 14факультетінде

Д) 11 факультетінде

Е) 13 факультетінде

5. Оқытушы-профессорларқұрамы неше мыңадамнанасады

А) 1500 мың

В) 3500 мың

С) 2500 мың

Д) 1000 мың

Е) 4500 мың

Қазақ –қонақжай халық

Қазақ – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күндегідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауып алу деген болмаған.

Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылап келіп, түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстағы ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-кұрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны андып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.

Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сыяпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайды жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. (217 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Қазақ халқы қонақтарды «Құдайы қонақ» деп атау себебін көрсетіңдер

А) сүйкімсіз қонақ

В) арнайы қонақ

С) бір күн түнеп шығатын қонақ

Д) алыстағы ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келген қонақ

Е) жолаушылап келген қонақ

2. Халқымыздың ең жауапты ісін белгілеңдер.

А) тойға бару

В) шілдеханаға бару

С) қонақ күту

Д) сәлем беру

Е) бата беру

3. Бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшырағау себебін белгілеңдер.

А) тамақ пісіре алмау

В) үйді дұрыс тазаламау

С) үлкенге құрмет көрсетпеу

Д) шайды дәмдеп құяалмау

Е) балаға көңіл бөлмеу

4. Келген қонақтарға ең алғашқы берілетін сусынды белгілеңдер.

А) қуырдақ

В) палау

С) шұбат

Д) құймақ

Е) бесбармақ

5. «Қонақжай» ұғымына сипаттама беріңдер

А) сыйластық таныту

В) дөрекілік таныту

С) сыйламау

Д) құрметтемеу

Е) тәрбиесіздік таныту

Қонақ келсе – құт
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі – қонақжайлық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей, шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Қонақ болуы үшін оның таныс болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез-келген қазақ үйінде қонақасын «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған.

Қонақасыны «бөлінбеген енші» деудің өзі қазақ арасына кең тарап, дәстүрге айналып қалыптасқан халық жорасы. Бұл дәстүрдің шығу тегін халық аңызы Алаша ханның атымен байланыстырады. Қартайған шағында Алаша хан бар мал-мүлкін теңдей төрт бөлікке бөліп, үш бөлікті үш баласы - Ұлы, Орта және Кіші жүзге беріп, төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты.

Қазақ «Қырықтың бірі қыдыр» дейді. Бұл қонақты кума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен болса керек. «Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан. Қазақтың дәстүрі бойынша қонақ үй иесінің қамқорлығында болуы керек. Қонақ болып отырған адам ол үйдің жауы болса да өз үйінде оған өзі түгіл басқаға да қиянат жасатпайды. «Өз үйінде таудай дауыңды айтпа» дейді қазақ халқы. (173сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. «Бөлінбеген енші» деген халық жорамасын байланыстырған ханның есімін көрсетіңдер.

А) Алаша хан

В) Абылай хан

С) Жәңгір хан

Д) Әбілқайыр хан

Е) Тәуке хан

2. «Қонақжайлық» ұғымына сипаттама беріңдер

А)сыламау

В) құрметтемеу

С) сыйластық көрсету

Д) дөрекілік таныту

Е) құрметтемеу

3. Алаша хан бар мал-мүлкінің төртінші бөлігінің атауын белгілеңдер.

А) Ұлы жүз

В) Кіші жүз

С) Орта жүз

Д) Қонақ сыбағасы

Е) Жай мүлік

4. «Қырықтың бірі қыдыр» ұғымына сипаттама беріңдер.

А)құт берекелі

В) шақырылмаған қонақ

С) құтсыз, берекесіз

Д) тәрбиесіз

Е) қадірлемеу

5. Берілген сөздерден күрделі сөздерді анықтаңдар.

А) қонақжайлылық

В) тәрбиелі

С) құдайы

Д) қамқорлық

Е) сыбаға


Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойынша,жас нәрісте туған кезде ата-анасы ең сыйлы,қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады.Кейде олар келісе отырып,бала есімін өздері таңдайды.Егер де әке- шешесі,ата-әжесі тірі болса,өз немере,шөбелерінің есімдерін солар қояды.Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны-заң.Олар айтқан есімді ата-аналасың азан шақыртып,сәбиіне қоюы- бұлжытпай орындалатыны міндет.

Ырымдап ат қою –қазақтың қанына сіңген дәстүрі.Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою бұрындары жақсы ырым саналғн.Және ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін,өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықсыз есімдерді де қойған.Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес,орыстарда да бар.Орыс халқы Клавдия(ақсақ),Ардалион(лас),қазақ халқында Жаман,Қиқым,Шоқпыт,Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған.Олай болса,ырымдап ат қоюды айыбы жоқ.Қайта,ол- жақсы дәстүр.Тек қазіргі заманда бұрыңғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс.

Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді.Олар негізінен мынандай:атақты,белгілі,ғұлама,жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою,бала тілеп,тілеуі қабыл болғандашүкіршілік айтып,соған лайықты атау.Ондай есімдер:Тілеуқабыл,Аллаберген,Құдайберген,Тілеуберген,Тәнірберген.Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп,жағымсыз аттарды қою.Ат ұстар ер бала тумай,қыз өмірге келе бергенінде қыздың есіміне «ұл»сөзін тіркес етіп,сәбиді Ұлмекен,Ұлтұар,Ұлжан тәрізді есімдермен атап,ұл күту.Егер де баланың бойында меңі,қалы бар болса,қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай,Мендігүл,Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған./117 сөз/
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Қазақ салты бойынша жас әке-шешенің өз ата-аналарының алдындығы бұлжытпай орындауға тиіс міндеті ...

A) ата-әжесінің атын қоюB) арғы аталарының атын қою

C) өз әке-шешесінің атын қоюD) бала есімін нағашыларына қойғызу

E) бала есімін әке-шешелеріне қойғызу

2. Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдердің қойылу себебі ...

A) жақсы адамдарға тартсын деген ниет

B) көз тимесін, аман болсын деген ниет

C) өмірі жақсы өзгеріске толы болсын деген ниет

D) арғы аталарының есімін жаңғырту ниеті

E) қай рудан тарағандығын білдіру ниеті

3. Балаға ат қоюда қазақ халқы мен орыс халқына ортақ ерекшелік

A) ескі салт-дәстүрлерге мән бермеуB) басқа ұлт есімдерін қою

C) ертедегі ырым-нанымдарға сену

D) ескі ырым-нанымдарға сенбеу

E) ғалымдар пікірлеріне жүгіну

4. «Ұлтуған», «Ұлмекен», «Ұлбосын», «Ұлтуар», «Ұлжан» есімдерінің қойылу себебі

A) ұл мінезді қыз болсын деген ниет

B) шаңырақта сәби тұрсын деген ниет

C) болашақта ұл тусын деген ниет

D) есімнің мағынасы ұнағандықтан

E) басқа балаларының есімдеріне ұқсас болғандықтан

5. Ырым-сенімге қатысты автордың ойы

A) ырымды түбегейлі еш өзгеріссіз сақтау

B) мағынасы жақсы есімдер таңдап, ырымды сақтау

C) ескі ырымдар мен наным-сенімдерді түбегейлі жою

D) заман ағымына сәйкес жаңашыл ат қою

E) ұлттық нақыштағы тек ескі есімдерді қою

Ғалым туралы естелік


Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады. Потанин – қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез үйреніп алды. Екеуміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы дос болып кеттік. 
Мен қазақ даласы мен географиясы туралы білгенімді дәптерге жазып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен толықтырады. Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық. 
Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып кетті. Ақылды, дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы өнерлі, білімді адамдармен көп араласып тұрды. 
Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын. Қаладағы кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген кітаптарды мен де оқитынмын. 
Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылған терезе» секілді еді». /161 сөз/





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет