А) БесбармақВ) БауырсақС) ШұжықД) Наурыз көжеЕ)Қазы
3. Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы қалай атағанын анықтаңыз.
А) Тусау кесу
В)Жаңа жыл
С) Ұлыстың ұлы күні
Д) Шілдехана
Е) Үлкен мереке
4. Нешінші жылдан бастап, Наурыз мейрамын атап өтетін болды.
А) 1986 жылдан
В) 1945 жылдан
С) 2000 жылдан
Д) 1991 жылдан
Е) 1988 жылдан
5.Оныншы сөйлемде бір- біріне не айтқанын табыңыз.
А) БатаВ) МақалС) ӨлеңД) ӘнЕ) Тілек
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Ұлттың ұлы мұрасының бірі домбыраны ғалымдар қазақ жерінде сақталған жеті қазынаның біріне есептепті. Дұрыс шешім деп бас иіп қосыламыз.
Қазақтың музыкалық аспаптарын шертпелі аспаптар ( домбыра, адырна, жетіген шертер), ыспалы аспаптар ( қобыз, қалқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, т.б). Үрмелі- сілкімелі аспаптар ( дабыл, даңғара, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т.б) деп топтауға болады.
Домбараның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған сүреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне ( б.з.д 4000 мыңжылдық) жатқызаты. Домбыра тым ерте пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі ішекті, 9-16 пернелі болып келетін жұмсақ қоңыр үнімен ерекшеленетін, әр қазақтын үйінің төрінде тұрған аспап. Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Қазақтың төл аспабы
В) Таңғажайып аспап
С) Шолақ сапты
Д) Қысқа мойынды
Е) Көп ішекті
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А) Ертеде домбыра неше пернелі болып келген?
В) Домбырада әсем керемет ойнай ма
С) Домбыраның пайда болу тарихы тереңде жатыр ма?
Д) Домбырада әрбір қазақ ойнай ма?
Е) Домбыраны екінің бірі жасай алады ма?
3.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Домбыра- қазақ халқының ұлттық болмысын, жандүниесін, тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.
В) Домбырада Құрманғазы, Дина сияқты атақты күйшілер өз шығармаларын шығарған, елге таратқан.
С) Домбыра міндетті түрде әр үйде болуы тиіс тиіс.
Д) Домбыраны қырғыз халқы да өз аспабы деп есептейді.
Е) Дина жастайынан домбырада ойнаған.
4. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз.
Ұлтты ұлы мұрасының бірі домбыраны ғалымдар ..... жеті қазынаның біріне есептепті.
А) Орыс жерінде сақталған
В) Египет жерінде сақталған
С) Көне Рим жерінде сақталған
Д) Тигр өзенінің бойында сақталған
Е) Қазақ жерінде сақталған
5. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Ғалымдар домбыраның шығу тарихын палеолит дәуіріне жатқызған.
Д) Темір дәуірінің адамдары музыкалық аспаптар жасаған.
Е) Домбараның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне жатқызған.
Қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.
Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы», т.б. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар. ( 96 сөз) Мәтінге сәйкес тест тапсырмалары:
1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Бейнелеу өнері, мұрасы бай.
В) Ағаш мүсін,асатаяқ, шолпы ілу, ай мүйізді
С) Аспан асты, күні бойы
Д) Сайран салу, даурен
Е) Сөзге шешен, сөзшең
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А) Ол 1904 жылы қайда туған?
В) Ол 1904 жылы Ақтөбе облысында туған ба?
С) Ол 1904 жылы ауқатты отбасында туған ба?
Д) Ол 1904 жылы Костанай облысында туған ба?
Е) Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған ба?
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Ол Хлудов студиясына қатысты.
В) Ол Мәскеуде оқыды.
С) Ол балалық шағынан өнер мектебінде оқыды.
Д) Ол музыкамен шұғылданды.
Е) Ол жақсы ән айтатын.
4. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз. Ол ... жылы Талдықорған облысында туған.
А) 1904
В) 1804
С) 1907
Д) 1902
Е) 1989
5. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы.
В) 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді
С) Оның мыңнан астам туындылары бар
Д) Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған.
Е) Оның азынаулақ туындылары бар.
«Қасым» фильмі
«Қасым» фильмі – соғыс тақырыбына арналған бірінші телефильм.
Фильмді түсіруге екі айдай уақыт кетті. Телесериалда қазақ батыры, жазушы Қасым Қайсеновтің рөлін астаналық актер Қ. Қысытықбаев ойнады. Актер екі ай бойы казармада жүгіру, мен жаттығулар жасап дайындалыпты. Содан соң режиссердің талабы бойынша 10 килограммға арқықтаған екен.Актер фильмді түсіру кезінде уақытында келіпті. Рөлін шын беріле ойнағандықтан, екі реттен артық дубль жасамаған.Бұл фильм Қазақстанда толығымен мамыр, маусым айларында телеарналарда көрсетіледі. (70 сөз) Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Бұл фильм соғыс туралы
В) Бұл фильм басқа елде түсірілді.
С) Бұл фильм тұңғыш телефильм.
Д) Фильмді адамдар теледидардан көрді.
Е) Фильм бірнеше уақытты қамтиды.
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Бұл фильмге көп ақша кеткен.
В) Актер рөлін жақсы ойнаған.
С) Бұл фильм елімізде көрсетілді.
Д) Фильмге көп шетел актерлері қатысты.
Е) Шетел көрермендері фильм туралы өз пікірлерін айтты.
3. Мәтінде жауабы сәйкес келетін сұрақты таңдаңыз.
А) Бұл фильм қашан түсірілді?
В) Сіз фильмді көрдіңіз бе?
С) Бұл фильмнің режиссері кім?
Д) Бұл фильм кім туралы еді?
Е) Осы фильмдегі актерлер жан-жақтан жиналған ба?
4. Контекстегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз.
Бұл фильм Қазақстанда толығымен мамыр, маусым айларында телеарналарда көрсетіледі.
А) Біраз
В) Бүгін
С) Түгелдей
Д) Нақты
Е) Бірнеше
5. Мәтінге мағынасы жақын мақал- мәтелді табыңыз.
А) Отансыз –адам, ормансыз- бұлбұл.
В) Еңбек есең ерінебей, тояды қарның тіленбей.
С) Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
Д) Өзі қонақ болып көрмеген,конақты сыйлай да білмейді..
Е) Өз үйім, кең сарайдай бөз үйім,
Құмырсқа Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден- гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.(124сөз) Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Құмырсқа шыбынмен дос болады
В) Құмырсқа ара, қоңызбен дос болыпты
С) Құмырсқа қайта үйіріне қосылады
Д) Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығады.
Е) Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Құмырсқа жоңа достарынан көмек сұрады.
В) Құмырсқа қайта үйіріне қосылмады
С) Бұл ертегіде орман туралы айтылады.
Д) Жаңа достары көп көмектесті.
Е) Ұялас достаы қайғырды.
3. Мәтінде жауабы сәйкес келетін сұрақты таңдаңыз.
А) Бұл мысалда кім туралы айтылады?
В) Құмырсқа иеленуінен шығып кетті ме?
С) Құмырсқа ормаға кетті ме?
Д) Ол кімдерді іздеді?
Е) Осы мысалда құмырсқа өзіне риза болды ма?
4. Контекстегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз.
Д) Өзі қонақ болып көрмеген,конақты сыйлай да білмейді..
Е) Өз үйім, кең сарайдай бөз үйім.
Потанин атындағы мұражай Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы құрылды. 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потаниннің аты берілді. Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан.
Музей ашық аспан астында жұмыс істейді. Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.
Музей қорының коллекциясы жыл сайын толықтырылуда, олардың ғылыми өңдеуі дамуда. Музейдің негізгі қорында жетпіс мың экспонаттар саналады. ( 94 сөз.)
Мәтінге сәйкес тест тапсырмалары:
1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Тарих, мәдениет ескерткіш.
В) Сона, алпыс, өгіз
С) Сабақ, тапсырма, көлеңке
Д) Аяқ киім, шаш
Е) Ғашық, аспан өмір
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қашан құрылды?
В) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1953 жылы ашылды ма?.
С) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде қанша экспонат бар?
Д) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қай көшеде орналасқан?
Е) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты жаңа ма?.
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А)Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты жаңа
В) Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған.
С) Онда Г. Потанин жиі келетін.
Д) Г. Потанин көпес А.Деровпен дос болды.
Е) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты жаңадан жөндеуден өтті,
4. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз. Музей қорының коллекциясы жыл сайын толықтырылуда, олардың .... өңдеуі дамуда.
А) Ғылыми
В) Кітаби
С) Тарихи
Д) Мұрағат
Е) Суда
5. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы құрылды..
В) 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потанинның аты берілді
С) Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан.
Д) Музей ашық аспан астында жұмыс істейді.
Е) Музей ашық аспан аясында жұмыс жасамайды.
Сән әлемінде Сән- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль– мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.(165 сөз) Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1.Мәтіннеге мағынасы сәйкес келетін ақпаратты табыңыз.
А) Стиль– мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді
В) Жалпы спорттық стильдегі киімдерді қонаққа барғанда киеді.
С) Аңға шыққанда да сәнді киіну керек.
Д) Сәнді киінген адам мәдениетті адам.
Е) Жалпы әр адамның киінгенде өз стилі бар.
2. Мәтінге сәйкес келетін сөйдемдерді анықтаңыз
А)Сән - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
В) Сән әлемінде қаншама модельерлер жұмыс жасайды.
3. Классикалық стильдің басты ерекшеліктерін көрсетіңіз.
А) Өзгеріске онша көп беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
В) Өзгеріске онша көп беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
С) Өзгеріске тез бейімделеді.
Д) Фольклордың кейбір ерекшеліктері кіргізіледі.
Е) Өзгертіп құлпыртқан киім түрі.
4. Спорттық стиль деген не?
А) Саяхатқа шыққанда киілетін киім.
В) Демалысқа шыққанда ғана киілетін киім.
С) Офиста жұмыс істегенде киетін киім түрі.
Д) Семинарлар мен конференцияларда баратын киім түрі
Е) Ойын- сауыққа, жиналысқа киетін киім.
5. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз.
Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, ..., ... стильдер болады
А) Көнерген
В) Кітаби
С) Тарихи
Д) Саяси
Е) Романтикалық және фольклорлық
Отбасы дәстүрлері Әр отбасының өз дәстүрі бар. Оған баланың дүниеге келуіне байланысты мерекелер, отбасы мүшелерінің туған күндері, үйлену тойлары жатады. Үлкенді сыйлау, оларды тыңдау – қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Ежелден-ақ қазақтар қуаныш пен қайғыны бүкіл ру болып бөліскен. Бұл дәстүр қазір де бар. Туысқандар бір-біріне қонаққа, мерекемен құттықтауға немесе үлкендерге сәлем беруге барады. Қонақты сый-құретпен қарсы алады. Қонақжайлылық – қазақ халқына тән дәстүр. Үйге келген кез-келген адамды қуанышпен қарсы алады. Оны ықыласпен күтеді және жақсы тілекпен шығарып салады.
Қазақ халқының жақсы дәстүрлерінің бірі – жылу жинау. «Жылу жинау» арқылы өртке, су тасқынына және басқа да қолайсыз жағдайға ұшырағанда көмек береді. Ол үшін туыс болу міндетті емес. Әркім қиын жағдайға ұшыраған адамға киім, тамақ, үй-жай беріп, қолынан келгенінше көмектеседі. «Жылу» - «жылы» деген сөзден шыққан. Бұл адамгершілік, ізгілік пен мейірбандық көрсету белгісі.(132 сөз)