Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет8/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты таңдаңыз

А) Петропавл – Солтүстік Қазақстан облысының қаласы.

В) Ол 1936 жылдан облыс орталығы.

С) Петропавлда Іле Алатауы орналасқан.

Д) Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған.

Е) Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді.

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

А) Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды.

В) Петропавлда алюминий зауыты бар.

С) Қала оңтүстікте ортналасқан.

Д) Қаланың одан әрі дамуына Павлодар темір жолының салынуы үлкен әсер етті.

Е) Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етпеді.

3. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.

А) қала, сауда, даму

В) мекеме, темір жолы, мекен

С) Солтүстік Қазақстан, Транссібір темір жолы, ықпал етті

Д) орталық, 19 ғасыр, кейін

Е) мал шаруашылық,сауда-саттық,мекен

4. Асты сызылған сөздің синонимін табыңыз

Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.

А) жұмыс істедіВ) қаланғанС) болдыД) ықпал еттіЕ) дамыды

5. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін сұраққа жауап беріңіз

18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) неге ірі сауда орталығына айналды?

А) 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды.

В) Өйткені ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан.

С) Сондықтан 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды.

Д) Өйткені қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған.

Е) Себебі Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді.


Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы

Қазақ мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы – Орта және Орталық Азиядағы белгілі әрі маңызды мәдениет мекемесі. Мұражайда Қазақстанның, Ресейдің, Батыс Еуропаның, сондай-ақ Азия мен Шығыс халықтарының мәдениетін көрсететін ежелден бүгінге дейінгі келе жатқан бейнелеу өнері мен қолданбалы өнердің таңғажайып коллекциясы орын алған. Мұражайда бүгінгі таңда 22000-нан астам жәдігер бар.

1976 жылы Алматыда ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы құрылды. 1984 жылы мұражайға Қазақ КСР халық суретшісі Ә.Қастеевтің (1904-1973) есімі берілді. Қастеев атындағы Өнер мұражайының негізі қаланған сәттен бастап, ол республиканың көркем өнерінің басты орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта мұражай сурет өнері саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі болып отыр. Мұражай барлығы 14 экспозициялық залдан тұрады.

Мұражайдың басты міндеті – әлемдік бейнелеу және қолданбалы өнер коллекциясын қалыптастырып, оны халыққа танытып-таныстыру және ғылыми зерттеп-зерделеу. Мұражайдың бай, жан-жақты, баға жетпес коллекциясы Қазақстанның, Еуропа және Азия елдерінің өткен кезеңдегі және қазіргі уақыттағы шеберлерінің көркем мәдениеті туралы жарқын түсінік береді. Қазақ бейнелеу өнерінің барынша толық жинағын қалыптастыру ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының басым бағыты болып келді және солай болып қала бермек./168 сөз/
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты таңдаңыз

А) Қазақ мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы - Еуропадағы белгілі әрі маңызды мәдениет мекемесі.

В) Мұражайдың басты міндеті – әлемдік бейнелеу және қолданбалы өнер коллекциясын қалыптастыру.

С) Қастеев атындағы Өнер мұражайының негізі қаланған сәттен бастап, ол республиканың көркем өнерінің басты орталығы болып табылады.

Д) 1984 жылы мұражайға Қазақ КСР халық суретшісі Ә.Қастеевтің (1904-1973) есімі берілді.

Е) 1976 жылы Алматыда ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы құрылды.

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

А) Қазақ бейнелеу өнерінің барынша толық жинағын қалыптастыру ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының басым бағыты болып келді.

В) Ә. Қастеев атындағы мұражай Павлодарда орналасқан.

С) Ол қаланың орталығында.

Д) Мұражай - ойын-сауық орталығы.

Е) Мұражайда бүгінгі таңда 22000-нан астам жәдігер жоқ.

3. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз

А) мемлекеттік,сызба,көрме

В) мұражай, келді, 13 экспозиция

С) бай, баға жетпес, толық емес

Д) коллекция, әлем, туған

Е) өнер мұражайы, Орталық Азия, құрылды

4. Асты сызылған сөздің синонимін табыңыз

Мұражай барлығы 14 экспозициялық залдан тұрады.

А) болды

В) негізделген

С) бар

Д) әсер етті

Е)жиналған

5. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін сұраққа жауап беріңіз

Қазіргі уақытта мұражай сурет өнері саласындағы ең ірі қандай мекемелерінің бірі болып отыр?

А) Ірі өнер мекемесі.

В) Өйткені ол Алматыда орналасқан.

С) Сондықтан мұражай барлығы 14 экспозициялық залдан тұрады.

Д) Өйткені мұражайдың іргесі 1752 жылы қаланған.

Е) Өйткені ол Орта және Орталық Азиядағы орналасқан емес.

Екібастұз
Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада бір тұстарға келгенде аялдап, ас ішіп, ауқаттанбақ болады.

Біраз адамдар даланы шарлап, тезек іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде бір тышқанның інінен шығып жатқан түйір түйір қара домалақ тастарды көреді. Қызық көріп жинап, қап түбіне салып алып келеді. Шамалы жиналған тезекпен тағы от жағып қойып, қара тастарды бір топ адам қызығып қарайды. Біреуі уыстаған күйінде жанған отқа қарай лақтыра салады. Отқа түскен түйір қара тастар қызуы күшейіп, жанады.

Көрген керуеншілер:

- Жанатын тас шығатын жер екен. Бір белгі қойып кетейік. Елге барған соң, басқаларды ертіп келіп, өнім аламыз дейді. Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен екі кесек тұзды бірінің үстіне бірін қойып қалдырып кетеді.

Кейін көпшілік жиналып, белгілеп кеткен жерін, орынды екі тұз қалған жер деп іздейді. Содан Екібастұз аталып кеткен. Көмір кен ашылып, қала пайда болады.

(130 сөз )

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді

А) Саудагерлер тоқтаған жерден тұз табылды.

В) Айтылған оқиға көмір кенінің ашылуына себепкер болды.

С) Мәтіндегі сипатталған оқиға Екібастұз қаласының атауына әсер етті.

Д) Тезектің пайдасы.

Е) Саудагерлер тоқтаған жерден тышқанның іні табылды.

2.Жаңа отын түрінің табылуына себеп болған жағдай

А) Саудагерлердің жол жүруі

В) Тұзды қалдырып кетуі

С) Жылтыр тастарға қызығуы

Д) От жағу үшін отын іздеуі

Е) Тышқанның інін табуы

3.Мәтінде сөз етілмеген ақпаратты көрсетіңіз.

А) Саудагерлердің жол жүруі

В) Тұзды өнім алды

С) Жылтыр тастар қалдырып кетті

Д) От жағу үшін гүл іздеуі

Е) Көмір кен ашылуы

4.Мәтіндегі асты сызылған етістіктің шағын анықтаңыз

А) Ауыспалы осы шақ

В) Ауыспалы келер шақ

С) Жедел өткен шақ

Д) Бұрынғы өткен шақ

Е) Мақсатты келер шақ

5.Мәтіндегі «тас» деген сөздің синонимын анықтаңыз

А) Тұз

В) Оқиға

С) Көмір

Д) Қоныс

Е) Саудагер
Ит пен шал
Бір дәулетті кісінің иті болыпты. Ол иесінің үйін күзетіп өмір сүріпті. Қара тікен еттен өтіп, сүйекке жетіпті. Бір күні қора жақтағы есіктен кіріп келе жатқан бір қайыршы шалды көріп қалады. Ит бар дауысымен үре бастайды. Сонда шал:

- Аяшы мені, ит-ау, мен қатты ашықтым, - депті. Сонда ит шалға былай деп жауап беріпті:

- Мен де сол үшін үрем, менің дауысыммен үй иесі шығып,сені көрер,тамақтандырар, бәлкім.
(60 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар :

1. Мәтіннің мағынасын бұзып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

Е) 5

2. Мәтінге сай тақырыпты көрсетіңіз.

А) Дәулетті кісі

В) Қайырымды ит

С) Қайыршы шал

Д) Аштық

Е) Үрген ит

3. Мәтіндегі асты сызылған етістіктің шағын анықтаңыз.

А) Ауыспалы осы шақ

В) Ауыспалы келер шақ

С) Жедел өткен шақ

Д) Бұрынғы өткен шақ

Е) Мақсатты келер шақ

4. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз.

А) Дәулетті кісі

В) Қайырымды ит

С) Тазы ит

Д) Аштық

Е) Үрген ит

5. Мәтіндегі «шал» деген сөздің синонимын анықтаңыз.

А) Жас

В) Қарт

С) Кемпір

Д) Қоныс

Е) Тікен

Асықтың пайдасы
Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті, жауапкершілігі мол жұмыскер шығады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен

бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Онда йога мен биде қолданылатын позициялар қолданылады. Фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша, тегін аулада асық ойнаған пайдалырақ. Күнде компьютер алдында отырып, буыны былжырап, толудың аз-ақ алдында тұрған адамдарға бір мезгіл асық ойнатса, денелері құрыштай шынығар еді. Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа тәрбиелейді.

(135 сөз )

Мәтінге сәйкес тапсырмалар :

1. Мәтіндегі негізгі ойын табыңыз.

А) Асық ойнының пайдасы

B) Асық топтық ойын

С) Асық қол ойыны

D) Асық балалар ойыны

Е) Ақ сүйек ойыны

2. Сөйлемді толықтырыңыз.

Асық ойнағанда адамның ........ қабілеті дамиды.

А) Сөйлеу

B) Ойлау

С) Жүру

D) Тәрбиелеу

Е) Беймәлім

3. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

А) Асық ойнағанда бұлшық ет дамиды

B) Асық ойнау денсаулыққа пайдалы

С) Асық ойнағанда қолдарың дамиды

D) Асықты компьютерде ойнау керек

Е) Асықты армандау керек

4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) Пайдасы, топтық, жауапты

В) Сабырлық, қабілет, жеңімпаз

С) Пайдалы, тәрбие, денсаулық

Д) Асық, ұстамды, пайдалы

Е) Асық , арман , денсаулық

5. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Асықты үлкендер ғана ойнайды

B) Асықтың денсаулыққа пайдасы

С) Асықты көп адамдар ойнайды

D) Асықтың бірнеше түрі бар

Е) Асықты даладан тауып алды

Ана
Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі ескі, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі, ісмер болыпты. Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас-суға айырбастап, күндерін көріпті. Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті. Балалар да ер жетеді. Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын. Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді. Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді. Суреттегі әдемі бау-бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін-әлсін қарап таңданады. Суретшінің қиялына дән риза болады. Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады. Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

- Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз? — деп балаларына күрсіне қарады.

- Егер бәріміз бірлесіп жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды.

Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды. Оқып, білім алады. Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады. Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады. Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады. Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас

алады. Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.

(256 сөз )

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Арманның шындыққа айналуы

B) Үлкен шеберхана салу

С) Балалардың білім алуы

D) Өмірге риза болу

Е) Балаларды өсіру

2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Балалар анасына не сыйлады?

B) Суретті қаншаға сатып алды?

С) Анаға не қатты әсер етті?

D) Шеберханада кімдер жұмыс істеді?

Е) Шеберханада қандай қаржы жинайды? 3. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ана қиялын.... …..

А) Шеберхананы жасайды В) Бата береді С) Ұлдарынан жасырмайды Д) Ойыншық береді Е) Қаржы жинайды 4. Мәтінде ілік септігінде тұрған тіркестерді белгілеңіз. А) Баланың қуанышы В) Шеберханадағы станоктарда С) Қазақстанның табиғаты Д) Суретшінің қиялына Е) Саябақтың сұлулығы 5. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. А) Ұялы телефон, ақпарат, құралдар В) Ана, қиял, шеберхана С) Адамдар, мектеп, жанұя Д) Интернет жүйесі, балалар, бос уақыт Е) Заман, ғаламтор, адамдар

Екі дос

Араларынан қыл өтпейтін екі дос бар еді. Тату - тәттілігіне ел қызығатын. Екеуінің сыртқы кескін-келбеттері ғана бөлек еді. Бірі екі күнде бір рет ауыз ашатын өте арық болса, екіншісі тамақ жегенді ұнататын толық еді. Бір күні осы екеуі бір елге сауда мақсатымен жол тартты. Біраз күн жүріп бір мейрамханада аялдап, сол жерге түнейді . Кезек тамаққа келеді. Тапсырыстарын беріп, дастарқанды неше түрлі тамаққа толтырып тастады. Осы кезде көрші дастарқанда отырған кісі алдында отырған біреуден: «Бір күнде негізі қанша жеу керек?» - деп сұрайды. Түрінен ғалым екендігі байқалған ол: «Үш жүз грамм жеткілікті ғой»,- дейді. Бергі дастарқандағы толық кісі сөз өзіне тиіп отыр деп түсінгендіктен: «Соншалықты аз нәрсе адамға не күш береді?»- деді. Ғалым кісі болса оған күлімсіреп :«Осыншалықты ғана жесең,ол сені көтеріп жүреді,ал бұдан көп жесең сен оны көтеріп жүресің.Осыны ғана жеуің сенің бойыңды тіктеуіңе жетеді. Бұған тағы қоссаң, соны көтеріп жүретін жүк тасушысына айналасың. Тамақ өмір сүру үшін керек, бірақ тамақ үшін өмірді құртпауымыз керек»,- дейді.

(146 сөз )
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіндегі соңғы сөйлем салаластың қай түріне жататынын табыңыз.

А) Ыңғайлас салалас

В) Кезектес салалас

С) Талғаулы салалас

D) Түсіндірмелі салалас

Е) Қарсылықты салалас

2. Мәтінге сай тақырыпты қойыңыз.

А) Тамақ жемеу.

В) Дұрыс тамақтану.

С) Бай дастарқан.

D) Екі дос.

Е) Артық салмақ.

3. Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз.

А) Тамақты талғап жеу керек.

В) Тамақ үшін өмір сүру керек.

С) Керекті мөлшерде ғана тамақ жеу керек.

D) Ғалым кісілер тамақты көп жеу керек.

Е) Өмір сүру үшін көп тамақ керек.

4. Мәтін бойынша адам қай кезде жүк тасушы болады, табыңыз.

А) Адамның күші көбейгенде.

В) Мөлшермен тамақтанғанда.

С) Жұмыстан жалыққан кезде.

D) Сауда-саттықпен айналысқанда.

Е) Мөлшерден тыс жегенде.

5. Мәтінде сөз етілмеген мәліметте көрсетіңіз.

А) Ғалымның айтқан насихаты.

В) Тамақтың болашақ үшін маңыздылығы .

С) Тамақ жегенді ұнататын дос.

D) Бір - күнде жеу керек тамақтың мөлшері.

Е) Татулығымен елді қызықтырған достар.

Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет