Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет11/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
3.Автордың ойынша қасиетті адам деген қандай адам екенін анықтаңыз

А) Аш кедейдің жайын ойламай, арын таза ұстайтын адам.

В) Өзгеге пайдасы мол, залалы жоқ, күшін орынды іске жұмсайтын, орынсыз істен бойын аулақ ұстайтын адам.

С) Пайданы іздеп, залалдан қаша алмайтын, ғылымды игере алмайтын адам.

Д) Жақсылыққа елжіреп ерімейтін, жаманшылықтан жиренбейтін адам.

Е) Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болатындығын түсінетін адам.

4.Мәтіннің тақырыбына сай келетін мақал-мәтел.

А) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

В) Адаспаймын деген ер тал түсте жолдан адасады.

С) Досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмас.

Д) Жақсы аттың тісін ашпа. Е) Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

5. Шығармадағы негізгі ой қай кейіпкердің пікірінде екендігін анықтаңыз.

А) Ғылымның сөзінд В) Ақылдың сөзінде С) Бастың сөзінде Д) Қайраттың сөзінде

Е) Жүректің сөзінде

Балуан Шолақ
...Балуан түскен ауылдың адамдары осы ауылға келген қонақтардан Көбекең деген ақсақалға ерекше құрмет көрсетті. Қасына ере келген адамдар осы Көбекеңнен:

- Егер рұқсат етсеңіз, мәжілісімізді көріктендіруге Кененді алдырсақ қайтеді? – деп өтінді.

–Алдырсаңдар, алдырыңдар! – деді Көбекбай.

Бар, тап та, шақырып кел! – деп жұмсаған жігіт кеткеннен кейін, бұл ауылға жиналған қалың жұрттың аузында Кенекеңнің кім екендігі сөз болды....

–Үлгіні кімнен алды екен бұл?

-Балуан Шолақтан!...

Не дейсің? Жолығып па екен Балуан Шолаққа?!Арқадан Жетісуға келе жатқан Балуан Шолақ Сати – Боти елін аралап жүріп, Долаңқара тауына келгенде, қой жайылып жүрген тас арасынан әдемі ән естіледі.Айтушыны Балуан Шолақ таптырып алса, он бестер шамасындағы қойшы бала екен дейді... Қасқарауда ол Ноғайбай дейтін байдың үйіне түссе керек.Әнін мақтаған Қасқарауға Балуан: «Менен де зор әнші өздеріңнің араларыңда жүр, бірақ ән айтып жүрген жоқ, қой бағып жүр» деп Кененді өлердей мақтап: «Нанбасаңдар, көріңдер» деп әдейі ат жібертіп алдырса керек.Балуанның айтқаны расқа шыққан соң, қалың Қасқарау Кененді басына көтеріп әкетсе керек...(154сөз)
1. Мәтіндегі негізгі ойды тап.

А) Балуан Шолақтың ауылға қонақ болуы

В) Көбекбайдың Кененді шақыртуы

С) Кененнің Балуан Шолақтан үлгі алуы

Д) Ноғайбайдың үйіндегі кездесу

Е) Кененді елге таныстыру

2. «Менен де зор» сөйлемі қандай мағынада айтылып тұр?

А) тікелей мағынада

В) жанама мағынада

С) астарлы мағынада

Д) жапсарлы мағынада

Е) ауыспалы мағынада

3. «Көрікті» сөзі қандай сын есім?

А) дара

В) күрделі

С) негізгі

Д) туынды

Е) сапалық

4. Мәтіндегі «Сати – Боти» сөзі қандай есім болып табылады?

А) Жалпы есім

В) Жалқы есім

С) Атаулы есім

Д) Сын есім

Е) Күрделі есім

5. «Менен де зор әнші өздеріңнің араларыңда жүр, бірақ ән айтып жүрген жоқ, қой бағып жүр» сөйлемі салаластың қандай түріне жатады?

А) себеп – салдар салалас

В) жалғаулықты салалас

С) жапсарлас салалас

Д) талғаулықты салалас

Е) қарсылықты салалас

Дулат Бабатайұлы

Ол 1802 жылы Семей өңірі,Аягөз маңында дүниеге келген.Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады. Дулат халықтық шығармаларды, ұлттық поэзия үлгілерін жаттап өскен, көне түркі поэзиясынан тағылым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан.. Дулат – қазақ әдебиеті тарихында ұлттық санасы алғаш оянған жаңашыл ақын. Дулат туындыларының ішінде арнау өлеңдер, нақыл - өсиет ретінде айтылатын дидактикалық жырлар, ертегі-аңыз сюжетіне жазылған толғаулар, мысал сөздер, тағыбасқалары бар. Бір кезеңнің тарихи шындықтарын сөз етеді. Дулат – қазақ елінің патша үкіметіне тәуелді болғанына наразы ақын. Қазақтың өз алдына бөлек хандық құрып, дербес өмір сүруін көксейді, хан басқарған феодалдық тұрмысты жақтайды.Қоғамды, дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген үлкен қорытындылар жасайды. Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына бөленген Дулат 1871 жылы қайтыс болады.

(139сөз)
1. Дулат ақын . . . . көксейді

А) шығармаларының идеялық мазмұны ашу

В) өнер жолына ерте түсу

С) ел ықыласына бөлену

Д) тарихи шындықтың бетін ашу

Е) хандық құрып, дербес өмір сүруін көксейді
2. Д. Бабатайұлы қандай үлгідегі поэзияға басымдық берді?

А) дәстүрлік

В) салттық

С) ұлттық

Д) халықтық

Е) республикалық
3. Ақын кімге наразы болды?

А) хандық басқаруға

В) патша үкіметіне

С) ауыл молдасына

Д) түркі жұртшылығына

Е) патша қоғамына
4. «Тәуелді» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) басыбайлы

Б) жолаушы

В) қашқын

Г) күрделі

Д) егеменді
5. «Мұсылманша» сөзі қандай сөз табына жатады?

А) сын есім

Б) етістік

В) есімдік

Г) үстеу

Д) одағай
Жақсы дәстүр жайында

Дәстүрсіз халық жоқ. Қазақ халқының да өзіне тән ғұрып-салттары, тамаша дәстүрлері бар. Сондай жақсы дәстүрлердің бірі – қонақжайлылық.Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынатын біздің халықтың мырзалығы жайында шет жұрттық білімпаздар, саяхатшылар тамсана жазған. Қонақты ақжарқын көңілмен – күту адамгершілік қана емес, міндет боп саналған.Сыйлы қонақ келгенде, ол кісінің денсаулығы, көңіл-күйі ескеріліп отырған. Онымен болатын әңгіме тақырыбына да мән берілген.Мейманға мал сою, барып беру – оны тойғызып жіберу мақсатын емес, кісіні сыйлау, арадағы достықты, жақындықты жалғастыруды көздейді. Қонақжай адамның жора-жолдастары, дос-жарандары көп болады.«Бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем бер» деген мақал бер.

Қонақжайлылық – адам өркениетіндегі негізгі ұғымдардың бірі.Ол қазіргі кезде ғылыми-техникалық үдерістің ықпал етуімен адам атаулыға жайлы ахуал мен комфорт жасаумен айналысатын миллиондаған кәсіпқойлар еңбек етіп жүрген әлуетті индустрияға айналды. Қонақжайлылық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақүй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтану, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлылық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлылық индустриясы - қонақтардың, олардың ішінде туристердің, жергілікті тұрғындардың, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы. ( 187сөз)

1.Мәтінге сәйкес мақалды таңда

А) Қыз – қонақ

В) Бал тәтті, балдан да бала тәтті

С) Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал

Д) Ас атасы – нан Е) Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

2.Болымсыз жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз

А) Халық жоқ

В) Келмейтін

С) Аясы емес

Д) Қарсы алмайды

Е) Дәстүрсіз

3.Қонақжайлылық қызметінің түрлері

А) Байланыс, көлік, телефон

В) Туризм, демалыс пен ойын-сауық

С) Көрме, өркениет, дәстүр

Д)Келушілер, тұтынушы, жолаушылар

Е)Заманауи, атқарушы, адамгершілік

4.Қонақжай деп саналатын халықты белгіле

А) Қазақтар

В) Қырғыздар

С) Орыстар

Д) Ұйғырлар

Е) Гректер

5.Қонақжайлылық индустриясы - ...

А) Жайлы ахуал мен комфорт жасау.

В) Бұл келушілерді кішіпейілділікпен күтіп алу мен сыйлау, қонақ қабылдау.

С) Қызмет көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.

Д) Қонақтардың, туристердің түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.   

Е) Қонақтардың, олардың ішінде туристердің келіп-кетуі.

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқаларға қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын,- дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ, сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады.Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым, - дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген-осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,-деп түсіндірді әкесі.(147cөз)

1. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа:

А) Қыз есейіп, бойжеткен атанады.

В) Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.

С) Ал кітап оқысаң білімің артады

Д) –Міне, жақсылардың жақсысы деген-осылар.

Е) – Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.

2. Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтел:

А) Еңбегіне қарай өнбегі

В) Еңбек етсең – емерсің

Ерінбесең – жеңерсің.

С) Еңбек ет те міндет ет.

Д) Кәсіп, кәсіп түбі –нәсіп.

Е) Жалқаулық – жаман ауру.

3. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»

А) Жарық бөлме, жабық бөлме.

В) Әсем үй, жабық бөлме

С) Ұршық, кітап

Д) ата-ана, ас

Е) бау-бақша, байлық.

4. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы

А) бала В) бозбала С) Қыз Д) бойжеткен Е) сәби

5. Негізгі ой айтылған сөйлемді анықта:

А) Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен.

В) Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ, сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем.

С) Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді.

Д) Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқаларға қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын.

Е) Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,-деп түсіндірді әкесі.
Жастардың қызықты өмірі
Үлкендер жапон туралы ең жақсы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Олар бүгінге бас ауыртпайды, болашақты ойлайды. Жаны тыным таппай, жаңалық іздейді. Қысқасы, мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған жанкештілігімен, адал еңбегімен жауап береді.

Бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады екен. Токионың қақ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Бұл жердегінің бәрі жастарға арналған. Тамақ та, киім де арзан. Үкімет болашақтан үміт үзбес үшін жастарға бар жағдайды жасап қойған. Жастар осы жерде өзін қызықтырған, толғандырған шаруалармен айналысады. Провинцияда тұратын жастар, мектеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. Сол үшін де мектеп оларға жағдай жасап, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады.

Жастардың арманы орындалар жер осы. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу, оларды басың жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастардың алдында ең ақылды данагөй шешен шалдары, Нобель сыйлығының иегерлері, жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады. Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. Жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істейді.

Қазақ халқы да жастарына «Ақыл жастан» деп, үлкен үмітпен қараған. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» - деген А.Байтұрсыновтың дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарапынан үлкен қолдаудың әрқашан керектігін есімізге түсіреді.

Бес жасқа дейін баласын патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке баулып, үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, біліктілігін бөліскен, үлкен өмірге шыңдаған. ( 223 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіндегі басты ақпарат ... туралы.

А) жастар туралы В) жапон елі және жастары С) жастар және қарттар

D) үлкендер жайында Е ) жастар көшесі

2. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу күндері өтеді.

А) үлкенге

В) үлкендерге

С) іні-сіңіліге D) досқа Е )бауырға

3. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

Жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады.

А) шынайы В) көп С) дана D) ақыл Е )актер

4. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады.

А) толғанады

В) ойланады

С) сырласады

D) пікір береді

Е )айтады

5. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Ақыл жастан, ..........

А) жастардан

В) асыл тастан

С) жақсылық жасаудан

D) даналықтан

Е )бастан

Жеті қазынаның бірі

Аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысқа ормандағы аңдарды жинауды бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, әрі ақылды, епті кім екенін білгісі келіпті. Аңдар лезде жинала қалады. Арыстанның сөзін естіген соң түлкі алға шығып:

- О, әлемде теңдес жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды,епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, — депті. Басқа аңдар да арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіреді. Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті көреді. Дереу гүрілдеп итке төне түседі де:

- Әй, сен оңбаған, мыналардың айтып жатқанын естіп отырсың ба? Неге үндемейсің? — дейді.Ит салмақты қалпын бұзбастан:

- Ә, сен бе едің. Сонша неге орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтап бас ұруым керек пе? — деп, басын көтерместен тәкаппарлана сөйлейді.

- Ал сонда дүниедегі ең қайратты, әрі ақылды, әділ әрі епті кім? — дейді арыстан.

- Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек — адамзат!

Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа:

- Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда бұдан былай оған орын болмауға тиіс. Дереу орманнан кетіріңдер! — депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржола қүйрық үзіп кете барған екен. Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Кейін «Ит — жеті қазынаның бірі» деген сөз қалыптасыпты. (203сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтінге сай келетін тақырып:

А) Аң патшасы – арыстан

В) Түлкінің мақтауы

С) Қайратты, ақылды – ол адамзат

Д) Иттің орманнан кетуі

Е) Жеті қазынаның бірі

2.Мәтін қандай үлгіде жазылғандығын анықтаңыз.

А) Диалог

В) Баяндау

С) Суреттеу

Д) Зерттеу

Е) Монолог

3.Асты сызылған сөздің қосымшасын анықтаңыз

А) Сын есім тудырушы жұрнақ, жіктік жалғау

В) Сан есім тудырушы жұрнақ, көптік жалғау

С) Зат есім тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау

Д) Етістік тудырушы жұрнақ, септік жалғау

Е ) Зат тудырушы жұрнақ, көптік жалғау

4.«Иттігін» сөзіндегі буын түрін белгілеңіз.

А) Ашық, тұйық, бітеу

В) Тұйық, ашық, ашық

С) Бітеу, тұйық, ашық

Д) Тұйық, ашық, бітеу

Е) Бітеу, ашық, тұйық

5.«Кейін» сөзінің сөз табын белгілеңіз

А) Оқшау сөз

В) Шылау

С) Үстеу

Д) Есімдік

Е) Етістік

Жұмбақтас

Бурабай көлінің (Әулиекөл) солтүстік бөлігінде Көкше мен Теміртау тау сілемдерінің арасында терең жағаға қарай шығанақ бар. Шығанақтың дәл ортасында граниттен пайда болған таулы-тасты арал бар. Бұл жартас-Жұмбақтас. «Жұмбақтас» құпия сырын жасырған Сфинксті ұқсатады, бір жағынан шашы желмен желпінген шөмеле шашы бар жас ойдағы жігітті келтіреді. Көкшетау аңыздарға толы. Солардың бірі ...

Ертеде бір күшті байдың көп ұлдары мен өте сымбатты, сұлу, ақылды жалғыз қызы болыпты. Бір күні осы ауылға бір тамаша сымбатты жігіт, күміс көмей әнші, домбыра тартудың шебері, жігіттердің ішіндегі жігіттің сұлтаны келіпті. Жігіт пен байдың қызы бір көргеннен ғашық болып қалады. Байдың некеге рұқсат бермейтінін білген ғашықтар қараңғы түсе қашып кетеді. Бурабайдың маңындағы хош иісті жердің біріне Әулиекөл маңына күрке құрады. Жігіт қайық жасап, жастар жиі көл айдынына серуенге шығады екен.

Осы кезде қыздың ағалары тыным таппай қарындастарын іздеуде болады. Бірде жастар, иісшіл итті көріп қалып, қолдарына керекті ұстап, қайықпен қашады. Жас ғашықтар жағаға жақындап келіп қалған кезде арам қолдан келген жебенің оғы жас жігіттің жүрегіне дәл тиеді. Ғашығын жоғалтқан жас қыз аясына отырып жатқан Күн мен Алладан оны жігітінің қолымен жасалған қайықпен бірге тасқа айналуын қатты жалынып сұрайды. Қыздың шынайы қайғысын көріп оның сұрағаны орындайды.

Кейінірек, бабаларымыз бұл тасты Жұмбақтас деп атап кетіпті. Шынында да жартас - жұмбақ. Жартасты бір жағынан қарасаңыз, ол қайықты көзге келтіреді, ал басқа жағынан қарасаңыз шашы желге ұшырылған қызды көресіз. Ал егерде сәл ұзақтау кетіп жартасқа қарасаңыз, онда оны басқа сипатта көресіз, онда бүкірейген кәрі кемпірді көруге болады. (235сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет