Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет12/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.«Жұмбақтас» - деп аталу себебі:

А) Граниттен пайда болған жартас

В) Жартас қайыққа және қызға ұқсайды

С) Жігіт пен бай қызының махаббаттарының белгісі

Д) Аңыздағы қыздың сұрауы бойынша

Е) Желбіреген шашы бар жас жігітке ұқсайды

2.«Жұмбақтас» аңызының негізгі ойы:

А) Ғашығын жоғалтқан қыздың сұрауы

В) Байдың некеге рұқсат бермеуі

С) Қыз бен жігіттің махаббатының белгісі

Д) Қыз бен жігіттің бір – біріне ғашық болып қалуы

Е) Жастардың көл айдынына серуенге шығуы

3.Тәуелденіп септелген сөзді анықтаңыз.

А) Қыздың

В) Қарындастарын

С) Тасқа

Д) Күннен

Е) Қайықпен

4.«Қазақтың Швейцариясы» атауына ие өлкені белгілеңіз.

А) Қаратау В) Алатау

С) Баянтау

Д) Көкшетау

Е) Айрықтау

5.Мәтінде баяндалған көлікті анықтаңыз.

А) Қайық В) Сүңгуір қайық С) Кеме Д) Зымыран Е) Ғарыш кемесі
Қазақтың зергерлік өнері
Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын-күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.

Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қарапайым әдіспен орындайды. Көбінесе білезік, өңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш (бұрын алтын, күміспен өрнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша, қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемер белдік, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Зергерлікті жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен преске, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға құю, бір металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу арқылы өрнектеу, металдарға алтын, күміс жалату, металды қақтау, қуыстау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бөледі.(145сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Қазақ халқы алтын-қүмісті қайдан алғандығын көрсетіңіз

А) көрші қытай мемлекетінен

В) көрші орыс мемлекетінен

С) өз мемлекетінен

Д) шетел мемлекеттерінен.

Е) нақты жауабы жоқ

2.Халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қандай әдіспен орындағандығын белгілеңіз

А) жоғары

В) сапасыз

С) қарапайым

Д) орташа

Е) нақты жауабы жоқ

3. «Шолпы» сөзі қандай сөз болып табылады.

А) неологизм сөзі

В) диалект сөз

С) кәсіби сөз

Е) кірме сөз

Д) архаизм сөзі

4.Мәтіннің негізгі ойын тап.

А) күміс пен алтын

В) көнерген сөздер мағынасы

С) қақпау,қуыстау әдіс

Д) сауда –саттық

Е) зергерлік өнер.

5.«Алтын,күміс » сөздері қандай сын есім енкендігін анықтаңыз

А) сапалық

В) қатыстық

С) мағыналық

Д) күрделі

Е) туынды.

Түркі тілдес ел рәміздерінің түстері
Әлемдегі мемлекеттің рәміздеріне қарап отырсаңыз, қызыл түсті туларды жиі кездестіресіз. Ақ, көк, сары, қара, жасыл түстер де бар. Мемлекеттік тудың негізгі элементі – оның түсі. Әр түрлі түстердің мағыналары бар.

Қызыл түс – өмір түсі. Қанды, отты, махаббатты, батылдықты, күшті білдіреді. Ол бостандық пен тәуелсіздік жолын бейнелейді.

Ақ түс – бұл тазалық, жарық, даналық, үміт. Ақ ту – келісімді, бейбітшілікті білдіреді. Түріктер үшін қасиетті ақ түс. Ананы кейіптейді, бейнелейді.

Көк түс – аспан мен теңіздің түсі, биіктік пен тереңдікті бейнелейді, сондай-ақ тұрақтылық, әділдік, ерлікті білдіреді. Ежелгі египеттіктер бұл түсті шындықты білдіру үшін пайдаланған. Бұл түс грек, рим құдайлары – Зевс пен Гераның түсі. Көк түстің саяси мәні – азаматтық бірлік, ынтымақ.

Сары түс – Күн түсі, даңқты, тәңірлік билікті, сенімді, тұрақтылықты, бірлік, тұтастықты білдіреді. Бұл өмір түсі. Қытайда сары түс – императорлық түс болып саналады. Сары ту сонымен қатар карантинді білдіреді.

Қара түс – жер мен түннің түсі, сақтықты, тұрақтылықты, мойындамауды, торығу, үмітсіздікті білдіреді. Христиандарда қара түс қайғыны білдірсе, жапондарда қуанышты білдіреді.

Жасыл түс – көктемнің түсі, табиғаттың жаңаруын, қуанышты, үмітті, сенімді, молшылықты, гүлденуді, қайта өркендеуді білдіреді, бұл өмір белгісі. Жасыл түс – исламның қасиетті түсі. ХХ ғасырдың екінші жартысында жасыл түс экологиялық қозғалыстың символы болды. ( 187 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтін мазмұны ... туралы

А) түстер туралы

В) түстер және оның мағыналары

С) түстер және олардың мақсаты

D) түстердің сипаты

Е) сары түс туралы

2. Асты сызылған сөзге сәйкес сөзді табыңыз.

Ежелгі египеттіктер бұл түсті шындықты білдіру үшін пайдаланған.

А) көне кездегі

В) бұрынғыдай

С) бұрын

D) көне

Е) ескіден

3. Келісім, бейбітшілікті қай түс білдіретіндігін белгілеңіз

А) көк

В) жасыл

С) көгілдір

D) ақ

Е) қара

4. Жаңаруды, молшылықты, үмітті қай түс білдіредіретіндігін көрсетіңіз

А) көк В) ақ С) күлгін D) қызыл Е) жасыл

5. Көгілдір түсті туы бар мемлекет

А) Өзбекстан

В) Қырғызстан

С) Қазақстан

D) Түрікменстан

Е) Тәжікстан
Үйлену тойының сыйлықтары
Той жасау біраз шығынды талап еткендіктен, жапондықтар жас жұбайларға ақша салынған конверт сыйлайды.

Тәтті тоқаштары мен бәліштері арқылы кеңінен танымал Франция елі неке қию салтанатында миндаль кәмпиттері мен нан-тоқаштарын сыйға тартады. Бұл дәстүр XVI ғасырда бастау алған. Француздықтардың нанымы бойынша, әдемі қорапқа салынған тағамдар жас жұбайларға балдай тәтті өмір мен құт-береке әкеледі.

Қытай халқының ерекше құрметтейтін түсі – қызыл. Қызыл түс – ырыс пен бақтың нышаны. Сондықтан да, қытай халқы кез келген сыйды қызыл түсті қорап пен қағазға орайды. Әдетте, үйлену тойына олар байлық, бақыт, ұзақ ғұмыр, шаттық сияқты тәңірлердің мүсіндерін сыйлайды.

Папуастардың пайымдауынша, үйлену тойына шошқа, құс терілері мен теңіз ұлу қабыршақтарын сыйлау керек. Шошқа Жаңа Гвинея елінде киелі жануар болып саналады. Ал оның терісін сыйға алу үлкен мәртебе. Доңыз терісі байлық әкеліп,ұрпақ санының артуына оң ықпал етеді деген наным бар.(133 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Жапон еліндегі жас жұбайларға берілетін сыйлықты көрсетіңіз

А) Әшекей

В) Ағаш

С) Тағам

Д) Жануар

Е) Ақша

2.Жас жұбайларға ұсынылатын сыйлықтар ұғымына тән емес мақал

А) Балалы үй базар, баласыз үй мазар

В) Бірлік болмай, тірлік болмас

С) Туған үйдің түтіні ыстық

Д) Бас екеу болмай, мал екеу болмас

Е) Үйлену оңай, үй болу қиын

3.Үйлену тойындағы ұрпақ санын арттыруға қатысы бар сыйлық

А) Ақша

В) Тері

С) Қарбыз

Д) Мүсін

Е) Ағаш

4. Ырыс пен бақ нышанын негізге алатын елді белгілеңіз.

А) Папуастар

В) Жапондықтар

С) Қытайлықтар

Д) Грузиялықтар

Е) Малайзиялықтар

5.Сыйлықтың қорабына мән беретін елдің сыйлығын табыңыз

А) Ағаш

В) Жұмыртқа

С) Ақша

Д) Тағам

Е) Мүсін

Философиядағы құндылықтар
Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таянғанда табиғат азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді.

Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш. Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандық қалдығы», «Тәңір» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан.

Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек қайрат.

(114 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Дулаттың әлеуметтік философиясын белгілеңіз

А) сопылық идеяны уағыздау

В) ғашықтық жайында баяндау

Д) жер, суды, елдің бірлігін сақтау

Е) жесір дауын шешу

С) басқа жұртқа күш көрсетпеу

2. Шортанбай мен Мұрат көзқарастарындағы қарама-қайшылықты табыңыз

А) мырзалық пен сараңдық

В) заман мен адам

Д) білім мен надандылық

Е) жер мен су

С) елдік пен бірлік

3. Абай іліміндегі толық адам мағынасын көрсетіңіз

А) ақыл, жүрек, қайрат

В) ақыл, сезім, үміт

Д) қиял, болмыс, жүрек

С) күш, сезім, үміт

Е) жігер, жүрек, арман

4. Мөңкеұлының шығармасындағы басты мәселені белгілеңіз.

А) оқу – білім мәселесі

В) ғашықтық мәселесі

Д) сопылық мәселесі

С) ата қоныс мәселесі

Е) табиғат мәселесі

5. Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі пікірді белгілеңіз.

А) заманақыр таянғанда табиғат азады

В) адамзатты Алла махаббатпен жаратқан

Д) адам Алласын сүю парыз

С) сыртқы дүние адам санасынан тыс өмір сүреді

Е)даладағы мұсылмандық жөнінде



Пайдаланған әдебиеттер:

Авторы

Басылымы

1

Диктант жинағы

Базылова З.З., Оразбаева Г.Т.

Алматы «Мектеп» 2010

2

Жалпыбілімберетінмектептердіңмұғалімдерінеарналғаноқу-әдістемелікқұрал. Мазмұндамалармендиктанттаржинағы.

ҚалиеваЖ.С.

Қарағанды: Учебная книга, 2005 ж

3

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Мазмұндамалар жинағы.

Қалиева Ж.С.

Қостанай: Центрально-Азиатское книжное издательство, 2007ж

4

Қазақ тілінің диктант және мазмұндама жинағы

Ибраева С.А.,

Қалиева А.О.

«Келешек-2030» Көкшетау 2010 ж

5

Қазақ тілінің грамматикасы

Балақаев М.,Қордабаев Т.

Алматы кітап 2003 ж

6

Қазақ тілінен сын жұмыстары

Ершекова Қ., Ботабаева Ұ., Мұқанова Р.

Алматы-өлке 2008 ж

7

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Артыкова Т.

Атамұра-2008 ж

8

Қазақ тілі

Артыкова Т.М., Ермекбаева Г..

Алматы «Атамұра» 2015 ж

9

Оқушы анықтамасы

Қапасова Б.Қ., С.Т. Елікбаева

Арман –ПВ 2012

10

Сөз жасам мәселелері

Сарбалаев Ж.

Алматы -2012 ж

11

«Ұлттық инциклопедия»

Интернет желісі

Алматы -1998ж

Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет