Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет9/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тоқтар Әубәкіров
Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі – Тоқтар Әубәкіров. Ата – анасынан жастай жетім қалған ол апасынын колында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ен алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті.

Тоқтар 50 – ден астам жаңа ұшақтарды сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпты сынақтарды жүзегі асырғаны үшін ер жүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығы алдында дәлелдеуін осылай бастап, өз дегеніне жете алды.

Өз өміріндегі ең бір шуақты сәт жайлы Тоқтар былай деп әнгімелейді: «Жалпы, ғарышкерлердің арасында жазылмаған мынадай заң бар. Ғарыш кемесі көтерілер сәтте «поехали» деп айту керек. Ол сөз Ю.Гагариннен қалған. Бірақ мен осы дәстүрді бұзып: «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!» — дедім. Қазақша айттым, ол сөздерім таспада бар».

(155 сөз )

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтінде кездеспейтін ақпаратты көрсетіңіз.

А) Атақ берілуі

В) Оқуға түсуі

С) Дәстүрді бұзуы

Д) Отта жануы

Е) Үйірмеге қатысуы

2.Тоқтардың арманы туралы қай абзацта айтылғанын табыңыз.

А) Тек III

B)IIжәнеIII

C) Тек I

D)I және III

E)I және II

3.Соңғы абзацты Тоқтардың іс - әрекетінен нені аңғаруға болатынын көрсетіңіз.

А) Қазақ тілін жетік білетіндігін

В) Елі үшін кез келген іске дайын екендігін

С) Аспанға өздігімен ұша алатындығын
Д) Оттан да, судан да қорықпайтындығын


Е) Орыс тілін мойындамайтындығын

4. Екінші абзацқа тән сиппатаманы көрсетіңіз.

А) Есейген бала.

В) Өтелген борыш

С) Жарқын болашақ

Д) Орындалған арман

Е) Шуақты күн

5. Мәтін мазмұнына сай келетін қатарда табыңыз

А) Халқың үшін ерлік жасасаң, оның қайтарымын сұрап алуың керек.

В) Қыз арманыңды білу үщін, ауылда тұруың қажет.

С) Мақсатың мен арманың болса, ала алмайтын қамал жоқ.

Д) Жас кездегі қойған мақсатың мен арманыңды өсе келе өзгертуің керек.

Е) Арманыңа жету үшін, міндетті түрде ауыр сынақтан өтуің керек.

Мәтін

Кішкентай баланың балға аллергиясы болды. Бірақ балаға ата-анасы «бал жеме!» деген сайын, бала балдың екі есесін жейді. Денсаулығына уайымдаған ата-ана баланы үлкен бір ақсақалдың үйіне апарады да «Баламызға бал зиянды, бірақ қанша жеме десек те, тілімізді алмайды. Сіз айтсаңыз бәлкім тыңдар» - дейді. Ақсақал: «Қазір ештеңе айта алмаймын. Балаңызды 40 күннен кейін қайтып алып келіңдер» - дейді де үйге қайтарып жібереді. Қырық күн өтіп, ата-ана балаларын қайтып әкелген кезде, ақсақал баланы қолға алып көзіне қарайды да «бал жеме» деп ақыл айтады. Бала бірден басын иіп «мен енді бал жемеймін» деп сөз береді. Таң қалған ата-ана ақсақалдан «айтқаныңыз бір ауыз сөз ғана, неге 40 күн күткіздіңіз?» - деп сұрайды. Ақсақал: «Балаңызбен бірге келген күні таңғы асыма бал жеген едім. Сол кезде егер өзім жасаған нәрсені оған жасама деп ақыл айтқан болсам, бала мені де тыңдамас еді. Денемдегі бал толық жоқ болу үшін 40 күн күту керек еді, сонда ғана ақыл айтуға толық хақым болатын еді» - дейді.

(156 сөз )

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Ақсақал ата-анаға баланы неліктен 40 күннен кейін алып келуін айтты, табыңыз.

А) Баланың балды жемей тура алмайтынын сезгендіктен

B) Өзінің балды жемей тура алмайтынын болғандықтан

C) Ешқандай жауап таба алмағандықтан

D) 40 күннен кейін ғана босайтынын айтады

Е) Өзі де балды жақсы көргендіктен, уақытты созу үшін айтады.

2. Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болады, табыңыз.

А) Айтқан әрбір сөзінді міндетті түрде іске асыруының керегі жоқ

B) Кез келген бала ақсақалдардың айтқанын екі етпеуі керек

C) Балаға ата-анадан артық ешкім мейірім көрсете алмайтының түсіну керек

D) Ақсақалдардын мазасын алып, сұрақ қоя бермеу керек

Е) Айтқан әрбір сөзінді іс жүзінде жасамайынша, ешкімге ақыл айтудың керегі жоқ

3. Мәтін мазмұнына жауап бола алатын нұсқаны көрсетіңіз.

А) Ақыл айтудан қашпа

B) Кез келген істі өзіңнен баста

C) Ата-ананың байлығын босқа шашпа

D) Денсаулығыңның қадіріне жет

Е) Үлкендерді сыйла

4. Мәтін не туралы, табыңыз.

А) Баланың теріс мінезі

B) Ата-ананың қамқорлығы

C) Сөз бен істің бір болуы

D) Тәтті бал

Е) Ата-ана мен ақсақал

5. Асты сызылған тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз.

А) Жей береді

B) Ашылып сөйлемейді

C) Айтқанды орындайды

D) Берген затымызды алмайды

Е) Айтқан сөзді тыңдамайды
Қазақ театры

Қазақ театры – ұлттық сахналық өнер саласы. Қазақ кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына, ежелден келе жатқан әдет- ғұрып пен тұрмыс – салтқа , ойын – сауық пен Алдаркөсе , Қожанасыр т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне негізделген. Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2- жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, Орынборда, Омбыда орыс театрларының негіздері қаланып, жұмыс істей бастады.Осы жылдары ұлттық драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көрді және оның бірқатары әуесқойлар күшімен сахнада қойылды.1917жылы Ойқұдық жайлауында М. Әуезовтің « Еңлік – Кебек» трагедиясы алғаш рет қойылды.Спектакльдердің көпшілігін сахнада қойған Жұмат Шанин мен Жүсіпбек Аймауытов болды. 1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби ұлт театры ашылды. 1928 жылы Қазақ драма театры республиканың жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Әсіресе осы кезендегі Қазақстан театр өнерінің қалыптасуы жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің режиссер қызметінің мәні зор болды.Әуезовтің « Қарагөз», «Айман – Шолпан» , « Абай» шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті.

1970-1980 жылдары қазақ театрларында осы заман тақырыбына арналған Тахауи Ахтановтың «Күтпеген кездесу», «Махаббат мұны» , О.Бөкейдің «Құлыным менің», Ә. Нұрпейісовтің « Қан мен тер» трилогиясы қойылды. Ұлттық театрдың негізін салушылардың бірі Серке Қожамқұлов, Әзірбайжан Мәмбетов, Елубай Өмірзақов.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жаңадан 13 театр ашылды. Астана мен Шымкет, Орал, Петропавл, Көкшетау, Ақтау, Түркістанқалаларындағы қазақ драма театрлары, Шымкенттегі әзіл –сықақ театры, Сайрамдағы өзбек театры, Петропавлдағы қуыршақ театры – тәуелсіздіктің жемістері. Мәдениет пен өнер қайраткерлері заман талабына сай жаңа опера, балет,драма және кино туындыларын дүниеге әкеліп, тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Астанада опера және балет театры бой көтерді. Көпұлтты Қазақстанда өзге халықтар мәдениетінің дамуына да айрықша көңіл бөлінеді.

( 250сөз )

1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар.

1. Екінші абзацтың тақырыбын анықтаңыз.

А) Қазақ кәсіби театрының негізі.

В) Қазақ театрының тарландары.

С) Қазақ кәсіби театрының тарихы.

Д) Заманауи театр қойылымдары. Е) Павлодар театрлары.

2. Мәтін мазмұны бойынша театр не екенін белгілеңіз.

А) Білім саласы. В) Мәдениет саласы.

С) Әдебиет саласы. Д) Өнер саласы. Е) Қолөнер саласы.

3) Қазақ театрында алғашқы қойылған пьесаны табыңыз.

А) « Еңлік – Кебек». В) « Қан мен тер».

С) « Айман – Шолпан». Д) « Махаббат мұны». Е) « Абай»

4. Ұлттық театрдың негізін қалаған өнер қайраткерлерін көрсетіңіз.

А) Жұмат Шанин, Жүсіпбек Аймауытов.

В) Серке Қожамқұлов, Ермек Серкебаев.

С) Шара Жандарбекова , Асанали Әшімов.

Д) Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы.

Е) Әзірбайжан Мамбетов,Күләш Байсейітова.

5. Тұңғыш қазақ кәсіби театры қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

А) Алматыда.

В) Түркістанда.

С) Қызылордада.

Д) Орынборда.

Е) Омбыда.

Қазақтың музыка аспаптары

Қазақ музыка аспаптары – халық арасына кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып, жалғасын тауып келе жатқан рухани мұра. Қазақ музыка аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар.Мұның аттарын халқымыздың жыр – аңыздарынан , 15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады.

Халқымыздың бүгінгі таңдағы белгілі болып отырған 40 астам музыкалық аспаптары бар.

Музыкалық аспаптар тек той – думандарда ғана пайдаланып қоймай, жау шапқанда дабыл, ұран, керней сияқты түрлері арқылы елге хабар беріліп отырған.Ал бақсы – балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыздарды пайдаланатын. Әнші – күйшілер өлең , жыр, терме айтқанда немесе күй шерткенде домбыра, сыбызғы, сырнай, қылқобыз сияқты шекті аспаптармен сүйемелдеген.

Музыка аспаптарын ағаштың қайың, шырша, емен сияқты түрлерінен жасаған.Ертеде аспапарды ағаштан ойып , малдың терісінен сүйегінен ,мүйізі мен қылынан жасаған. Сонымен қатар аспап жасауға қамыс, саз балшық пайдаланылған.

Балшықтан, қамыс, мүйізден үрмелі музыкалық аспап сазсырнай, сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады.

Ішекті музыкалық аспаптар – жетіген, шертер,екі және үш ішекті домбыралар, қобыз, шаңқобыз, соқпалы аспаптар – даңғара, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері.

Қазақ музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 жылы Алматы қаласында, 1947 жылы Осакаровкада , 1957 жылы Алматы консерваториясының жанынан шеберханалар ашылды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор Ахмет Жұбанов болды.

(200сөз)

1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар

1.Мәтіндегі бас ақпарат не туралы екенін белгілеңіз.

А) Өнер, білім, әдебиет

В) Музыка, театр, кино

С) Музыкалық аспаптар, зергерлік бұйымдар.

Д) Кино өнері, бейнелеу өнері

Е) Музыкалық аспаптар, оның түрлері

2. Қазақтың ішекті аспаптарын анықтаңыз.

А ) Даңғыра, асатаяқ

В) Сыбызғы, сазсырнай, даылпаз

С) Домбыра, қобыз, жетіген

Д) Ауызсырнай, сырнай

Е) Дабыл, асатаяқ, шаңқобыз.

3. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

А) Әйгілі, атақты. В) Көрнекті, ұлы.

С) Маңызды. Д) Алғашқы, тұңғыш. Е) Керекті

4. Қазақ музыкалық аспаптар неден жасалатынын көрсетіңіз.

А) Алтын, малдың терісі.

В) Шыны, балшық. С) Ағаш, күміс.

Д) Малдың мүйізі, қылы. Е) Мата, жібек.

5. Қазақ музыка аспаптары қайда, қашан пайдаланатынын анықтаңыз.

А) Күй шерткенде, серуенде.

В) Зікір салғанда, бата бергенде.

С) Жау шапқанда, той – думанда.

Д) Би кешінде, кездесуде.

Е) Терме айтқанда, алғыс айтқанда

Аға достар арасында

Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Кітапханада корпус балаларына көбірек ұсынылатын кітаптар патша генералдарының өмірінен жазылған шығармалар болатын. Ондай кітаптар Шоқан, Григорий сияқты ойшаң балаларды қызықтырмайды. Шоқанның, Григорийдің қызығып оқитындары ел, саяхат туралы. Осы кітаптардың әсерінен болар, Шоқан мен Григорий екеуі Азияны аралап, жер сырын, ел жайын білгілері келеді.

Екеуі қиялдап көп әңгімелеседі.

Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің кластарындағы көп балаларға әсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар арасында жақсы өрістеді.Соның арқасында Шоқан бастаған кластың балалары озық, тәртіпті класқа , үлгілі оқушылар атына ие бола берді.

Шоқанның суретшіл талабы сурет сабағының оқытушысы Померанцев деген жас офицерге қатты ұнайды. Ол Шоқанды ерекше сүйіп, қызыға үйретеді. Әдебиет сабағын жүргізетін оқытушы Гонсевский де Шоқанның алғыр, дүние тануға, әдебиет тануға сезімділігін ерекше ұнатып, үлкен ілтипат етеді.

( 157 сөз)

1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар

1.Мәтіндегі басты ақпарат....туралы екенін көрсетіңіз

А) Достар туралы

В) Білімге деген құштарлық

С) Кітаптарды зерттеу

Д) Елдерге саяхат

Е) Барлық жауаптар дұрыс

2. Мәтіннің бас кейіпкері Шоқан кім болғанын анықтаңыз

А) Әйгілі жазушы, музыкант

В) Дарынды суретші, мүсінші

С) Аудармашы, журналист

Д) Ұлы ғалым, ағартушы

Е) Зерттеуші, археолог

3. Мақалдың жалғасын табыңыз

Ақыл озбайды, әділдік.....

А) Озбайды

В) Тозбайды

С) Айнылмайды

Д) Сатылмайды

Е) Білдірмейді

4. Жинақтық сан есімді табыңыз

А) Екеу

В) Үшеу

С) Төртеу

Д) Біреу

Е) Бесеу

5. Шоқанның сурет сабағын беретін оқытушыны белгілеңіз

А) Хлудов

В) Померанцев

С) Гонсевский

Д) Потанин

Е) Алексеев
Кім кінәлі?

Бір жолы бір жақтан жол жүріп келсе, Бәкизат үйде жоқ екен. Анасы әлгінде теңіз жаққа кеткен деді. Бұл тізе бүкпестен ауылдың бет алдында шалқып жатқан теңізге жүгіріп барса, Бәкизат жағада жалғыз өзі...шолақ жең шыт көйлектің етегін жоғары көтеріп, тізесіне дейін су ішінді тұр екен. Бұган бұрылып қарады да, түк демей құр жымиды да қойды...

Бұлар сонан қас қарайғанша жағада болды... Сонан бері бұлар екі балалы болды. Екі баланың екеуі де ана жатырында індетке шалдығып, кемтар боп туды.Әсіресе, он екіге қарап бара жатқан бұнын дәл өзіндей денелі, ірі, қара баланың тілі әлі дұрыстап шыққан жоқ, ақыл – есі кем. Ал екінші баласы Бекизаттың аузынан түскендей аппақ әдемі қыз баланыңсол қолы іштен үш саусағы кем туды. Бұған кім кінәлі? Құдай ма? Адам ба? Жоқ әлде мына заман ба?

Ала – бөле бұның жеке басына түсіп отырған қасірет болса екен – ау. Әрілесе тек Арал өңіріне келген қасірет болса бір сәрі ғой. Онда неге көнбеген сорлы бас, Құдайдың салғаны осы шығар дер еді де, бұған да шыдам жеткенше төзіп бағар еді. Ал мынау күллі қазақтың, қазақ халқының басына қара түн орнатқан, сұм заманның сұмдық зауалына айналып, етек алып барады. Әсіресе, кеше Арал тартылып, ана жақта Семей, мына жақта Байқоңыр, ол аз дегендей Маңғыстаудың мидай жазық даласы мен Ақтөбенің қатпар – қатпар кәрі таулары, Орал мен Орданың шағыл құмдарына үсті – үстіне бомба жарып, ұлан – байтақ жер – су, ел – жұрт жаппай полигонға айналғалы бері бұл дүниеде қазақ татпаған у мен дерт қалды ма?Әне жас ана құрсақ көтерсе ауыру, кеміс бала тауып, ұрпақ азып барады....( 245 сөз)

( Ә. Нұршайықов)

2.Мәтінге сәйкес тапсырмалар

1.Мәтіннің бас тақырыбын анықтаңыз

А) Әлеуметтік жағдай

В) экологиялық мәселе, махаббат

С) Жаhандану үрдісі

Д) Өнер, Арал мәселесі

Е) Ұлан-байтақ жер, су, ел – жұрт – жаппай полигонға айналды

2. Экологиялық зардап шеккен қазақтың жерлерін қөрсетіңіз

А) Арал , Семей, Маңғыстау

В) Қарқаралы, Павлодар

С) Астана, Алакөл

Д) Байқоңыр, Баянауыл

Е) Шымкент, Аяқөз

3. Үшінші абзацтың өзекті ойын табыңыз

А) Қазақ елінің табиғаты

В) Арал мәселесі

С) Күллі қазақтың қасіреті

Д) Байқоңыр ғарыш айлағы

Е) Заманның азуы

4. Мәтіннің жанрын анықтаңыз

А) Ғылыми

В)Публицистикалық

С) Ресми

Д) Көркем

Е) Ауызекі

5. « Аузынан түскендей» тұрақты сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз

А) Ұқсас В) Сезімтал

С) Кінәлі Д) Зауал Е) Жазық
Баянауыл

Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеуден секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді.Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіне енеді. Сондай туған жер мен үшін Баянауыл.

Баянауылға біз күн түске тармаса жеттік. Оның сыртқы жобасы Бурабайға ұқсас. Бурабайдың төбесінен төмен түскен қарағайлы қалың орман етегі арқылы жазық далаға кең жайылып кетеді. Баянның орманы алысқа ұзап бармайды. Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған. Баянның ығындағы атақты Сабынды көлдің айналасы жалаңаш. Бурабайда кең шалқар көп. Баянда ондай көлдер үшеу- ақ : Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр. Торайғыр көлінің жағасында қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қабірі бар. Баянауыл тауларында үңгірлер кездеседі. Кейбір үңгірлерде ежелгі адамның тасқа салынған суреттері мен жазбалары сақталған. Оларды « Драверттің жазбалары» деп те атайды. Осы өлкені зерттеген ғалым Драверттің фамилиясы бойынша.

Жол бізді Жасыбай көліне әкелді. Бұл тамаша көркем көлдің жағасында жаңа орнаған өндірістер Екібастұз, Майқайың, Бозшакөл. Олардың жұмысшылары тынығатын салтанатты үйлер бар. Біз соларды аралап көп жүрдік. Қарақаралыға беттеп шыққанда , біз « Жалаңтас» асуынан өттік. Алдымызда бұйратты кең дала. Соған сүңгіген көркем Баянауылдың шоқтығы биіктей берді.

( 190 сөз )

2. Мәтінге сәйкес тапсырмалар

1.Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

А) Драверртің жазбалары

В) Туған жерсіз адамның күні жоқ

С) Баянауылдың табиғаты

Д) Баянауыл әйгілі тумалары

Е) Баянауыл көлдері


Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет