4.Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтелді белгілеңіз
А) Судың да сұрауы бар
В) Туған жердің ауасы да шипа
С) Ырыс алды ынтымақ
Д) Бірлік болмай тірлік болмайды
Е) Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы
5. Жасыбай көлінің жағасындағы өндірістерді көрсетіңіз
А) Майқайың, Бозшакөл
В) « Зенит» зауыты, Орал механикалық зауыты
С) « Омега», « Металлист» зауыттары
Д) « Қазмұнайгаз», « Атыраубалық»
Е) « Сарқырама» каналы, Сәтбаев атындағы канал
Әнші Қабиба
Үйдегі лық толған жұрт тым-тырыс. Барлық жұрттың көзі Қабибада. Сылдыраған әдемі дауыспен Қабиба шырқады. Әннің, дауыстың ырғағына ертіп, домбыраны да шырқатты... Жаз күні жырлаған бозторғай шырқап-шырқап, мың құбылтып дауысын құйқылжытып, көкке қарай өрлейді. Қалтыраған, сылдыраған дауыспен бірге қанаттарын қалтыратып қағып, биік шарыққа көтеріледі. Бір уақытта шарқ ұрып серпілген дауыспен қайта көкке шығады. Көкте жүріп шыр көбелек айналып, тағы мың құбылтып жырлайды. Бір уақытта дөңгеленіп тұра қалып, бір ноқатқа қадалып, қанаттарын қалтыратып, әдемі, зарлы сұлу дауыспен жырды үзілтііп – үзілтіп, түйдек – түйдек тізбектейді. Сөйтіп, бозторғай мың құбылтып жырлайды...
Бозторғайдың жырын тындайсың. Жалғыз сен емес, бозторғайдың жырын жер мен көк те тыңдайды. Бозторғайдың жыры маужыраған жер мен көкті тербетеді... Міні, тап сол бозторғай Қабиба да, бозторғайдай шырқап, сұлу даысын көкке өрлетті. Бұл да даусын көкте неше түрлі құбылтып, төңкереді. Бұл да даусын қалтыратып, неше түрлі құбылтты, неше түрлі ойнатып, даусын төмен қалықтатты. Және неше рет шарқ ұрып серпілдіріп даусын көкке шығарды... бір уақыттадаусын үзіп Қабиба тоқтатты. Отырған жұрт әрең қозғалды. Әнге сұқтанды. Әдемі дауысқа сұқтанды. ( 165 сөз)
( Ж. Аймауытов)
1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар
1.Автор Қабибаның дауысын қандай құстың дауысымен салыстыратынын қөрсетіңіз
Байқоңыр – ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан дан астам ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында Төретам стансиясынан 18-20 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шарашы шақырым жерді алып жатыр. Ғарыш алаңы, космодром – ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандары: техникалық позиция, старттық және командалық өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады.
Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болащақ ғарышкерлерқаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарынын болуы, т.б. факторлар ескеріледі.
Байқоңыр айлағын алғаш құруды ұсынып, басқарған А.И. Нестеренко болатын. Сонымен қатар ғарышкерлер айлағының алғашқы объектілері мен қаланың құрылысы Георгий Максимович Шубниковтің де есімімен тығыз байланысты. Ол полигон құрылысына 1955 жылы сәуірдің 10-да келді. Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді, сол жылы Р-7 зымыранының бірінші рет эксперементальды ұшырылуы болды. Мақсаты: старт техникасын тексеру және 1-ші мен 2-ші сатыларының бөлінуі болды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин « Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар старттық орнына айналды.
1991 жылы 2 қазанда қазақ ғарышкерлігінде жаңа парақ ашылды. Сынақшы- ұшқыш Тоқтар Әубәкіров алғаш қазақ елінен ғарышқа жол тартты. Бұл күн тарихта Қазақстан ғарышкерлік күні болып табылады. Тоқтар Әубәкіровтен кейін ел мақтанышына айналған Талғат Мұсабаев болды. ( 245 сөз) 1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар
1.Байқоңыр ғарыш айлағы қай жерде бас көтергенін көрсетіңіз
А) Сарыарқада
В) Плисецкиде
С) Қызылорда облысында
Д) Қостанай жерінде
Е) Арал төңірегінде
2. Байқоңыр ғарыш айлағы қанша километр жерді алып жатқанын белгілеңіз
А) 7360
В) 7361
С) 7362
Д) 7364
Е) 7356
3. Ғарыш алаңның басты нысандарын табыңыз
А) Герметикалық кабина, ғаламтор
В) Зымырандар, анықтамалықтар
С) Техникалық позиция, старттық және командалық өлшеу кешендрі
С) Елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы
Д) Қазақ жерінің байлығы
Е) Кеңес үкіметінің бұйрығы
5. Байқоңырдан тұңғыш рет кім ұшқанын көрсетіңіз
А) Т. Әубәкіров
В) Т. Мұсабаев
С) Ю. Гагарин
Д) В. Жәнібеков
Е) Г. Титов
Мен менеджермін
Қазіргі уақытта жастар арасында ең негізгі мәселе жұмыссыздық. Бұл жастардың нарықта қандай мамандық сұранысқа ие екендігінен хабары болмағандықтан. Мамандықты таңдаған әрбір адам бір сұраққа жауап беруі тиіс: «Мен неге осы мамандықты таңдадым?».
«Мен неліктен менеджер маманыдығын таңдадым?». Ең бірінші, «менеджмент» сөзінің мағынасын ашып, менеджерлердің алатын орнын анықтап алайық. Бірде-бір компания менеджерсіз өмір сүре алмайды, себебі ұйым пайда болған сәтте оны басқаруға қажеттілік те пайда болады. Менеджерлердің атқаратын қызметі - басқару: персоналды басқару, қаржылық ағымды басқару, жобаларды басқару, ұйымды басқару және тағы басқа.
Менеджер – кез келген персонал деп есептеу қате. Жоғары білімсіз, белгілі бір тауарларды сатушы адам сату бойынша менеджер бола алмайды, дұрыс ол - сату маманы. Ал, менеджер - бұл қарамағындағы персоналды басқарып, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыратын басқару маманы. Ұйымның кадрларын жинақтаусыз, персоналды басқарусыз ұйым табысты дами алмайды. Менеджер - жоспарлау, бақылау, ынталандыру, басқару, шешім қабылдау қызметтерін атқаратын маман.
Мен «менеджер» мамандығын таңдадым. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Экономика және Бизнес жоғары мектебінде 4-курста оқимын. Оқу барысында болашақ менеджерлер үшін қажет, әрі қызықты пәндерден дәріс жүргізіледі: менеджмент негізі, экономика, бухгалтерлік есеп, персоналды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнесті ұйымдастыру, жобаларды басқару және т.б. Басқару саласының мамандары, ірі компаниялардың басшылары дәріс жүргізіп, тәжірибелі менеджер болуда қиын белестерден өтіп, ұйымды тиімді басқаруда қандай шараларды қолдану қажет екендігін түсіндіреді. Осы алған біліміміз арқылы біз де тәжірибеге ие болдық. Бар ынтасын, қабілетін, құштарлығын білімге жұмсаған адам болашақта елінің мақтанышы бола алады.
Болашақта қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын мамандардың пайда
болуы жастардың қолында. Әр адам дұрыс таңдау жасау керек. Менің таңдауым – менеджмент!(243 сөз)
1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар
1.Қазіргі уақытта жастар арсындагы ең негізгі мәселені белгілеңіз
А) Бәсекеге қабілетті мамандардың жоқтығы
В) Жоғары білім беру жүйесінің дамымағаны
С) Жұмыссыздық
Д) Ақпарат, мәліметтің болмауы
Е) Барлық жауаптар дұрыс
2. Менеджердің атқару қызметін анықтаңыз
А) Үйрету, меңгерту В) Емдеу, сынау
С) Қарым – қатынас орнату
Д) Басқару, жоспарлау, ынталандыру
Е) Жүйелеу, санау
3. Менеджерлер нені басқаратынын көрсетіңіз
А) Қаржылық ағым, жобалар, ұйымды
В) Қонақүй, персонал, ақпарат
С) Жүйе, кешен, сыйластық
Д) Хабарлама, қызметкерлер,
Е) Өнеркәсіп,қоғам
4. Болашақ менеджерлерге қажет пәндерді табыңыз
А) География, менеджмент негізі В) Тарих, философия
Д) Стратегиялық менеджмент, әдебиет Е) Математика, тарих Жаһандану үрдісі ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында «жаһандану идеясы» бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Бірде-бір мемлекет жаһандану үрдісінен тыс қалмауда. Жаһандану дегеніміз қашықтықтың қысқаруы, бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.
Қазір барлық елдер мен мемлекеттер жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл белгілі мәселе.Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіру керек.
Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр. Алғашқысы – бір өрістіліктің (однополярность) белгіленуі, екіншісі – әлемдік экономиканың жаһандануы, үшіншісі – ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі, төртіншісі – өркениеттік сәйкестілікті іздестіру, бесіншісі – әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі. Яғни, біздер мұнда әлемнің бес басты түрткісі - күш-қуаттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Жаһандану барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіретін әлемдік байланыстардың жаңа түрі пайда болады. Қазақстандағы жаһандану турасында қазіргі кезде көп зерттеліп, айтылып та жатыр.
Жаһанданудың қазіргі заманғы қоғамдарға экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда тікелей жаңа серпін беретіні баршаға аян. Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі. Сонымен қатар, жаһандану үрдісі біршама бүкіладамзаттық теріс салдары бар проблема тудырады. Ең бірінші орында ядролық соғыс қаруының жетілуі мен халықаралық шеңберінен шығып кетуі. Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыты негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстардың өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. (250 сөз)
1. Мәтінге сәйкес тапсырмылыр
1. Жаhандану не екенін белгілеңіз
А) Жаңа технологиялар
В) Бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас қалыптасуы
С) Ядролық соғыс қаруының жетілуі мен халықаралық шенберінен шығып кетуі,табиғи ресурстардың өлшемсіз пайдалануы
Д) Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың кенінен қолдануы
Е) Нанотехнологиялардың дамуы
3. Жаhандану сөзінің аудармасын табыңыз
А) Интеграция
В) Индустриализация
С) Инвестиция
Д) Глобализация
Е) Научно-техническая революция
4. ІІІ абзацтың өзекті ойын табыңыз
А) Жаhандану идеясы бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алды
В)Жаhандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындану,ұлттық мәдениет жетістіктерімен алмасу
С)Жаhандандыру барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіру
Д) Қоршаған ортаны ластаумен күрес
Е) Бірде бір мемлекет жаhандандыру үрдісінен тыс қалмауда
5. Жаhандану үрдісінің кезеңін анықтаңыз
А) ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы
В) ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы
С) ХХ ғасырдыңбасы мен ХХІ ғасырдың аяғы
Д) ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың аяғы
Е) ХХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың аяғы
Қазақстан тәуелсіздігіне – 25 жыл
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жанын ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан терінді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа» (Н. Назарбаев) Талай- талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші? Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. « Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері 25 жыл да өте шықты.
Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін , қазақ ел үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бұл ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махабатты жоғалтпай, әрі қарайжастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып , жаңа биіктерге ұмтылу – біздің халқымыздың бағыты, мақсаты болуы керек. ( 256 сөз)
1. Мәтінге сәйкес тапсырмалар
1.Қасиетті Отанымыз Қазақстан ненің куәгері болғанын көрсетіңіз( Мәтін бойынша)
А) Депутаттар бірлестігіне В) Электронды сайлау жүйесіне
С) Парламент құруына Д) Тәуелсіздікке Е) Бейбітшілікке
4. Бүгінгі күні халқымыз қандай мәселелерге көңіл бөлуі керек екенін табыңыз
А) Парламент жүйесінің дамуына
В) Ауыл шаруашылықтың дамуына
С) Халықтың жағдайына
Д) Сыртқы саясатқа Е) Отансүйгіштік, патриоттық сезімге
5. Халқымыздың қазіргі бағытын, мақсатын көрсетіңіз
А) Жаңа биіктерге ұмтылу В) Мемлекетті дамыту
С) Қазақ тілін нығайту
Д) Сайлау жүйесін жетілдіруЕ) Әлеуметтік жағдайды жақсарту
Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.Қайрат айтыпты: - Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
-Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бірі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман
-Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі де рас-ақ. Сенсіз ешнәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да - бәрі сенен шығады.
Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. (163 сөз)
1.Қайраттың өзі туралы айтқан пікірі
А) «Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе?»
В) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен».