Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет12/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Ауылдық жерлердегі тірек мектептер (ресурстық орталықтар)

  1. жаңадан салынған мектеп- интернаттар немесе қосымша жатақханасы бар мектептер негізінде құрылады;

  2. бейінді оқыту 2 немесе 3 бағытта жүзеге асырылады: жаратылыстану- математикалық, қоғамдық- гуманитарлық және

технологиялық

2-сурет – Бейіндік мектеп типтері


Бейіндік мектеп оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бейінді пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi.

Бейіндік мектеп оқу жоспарына сәйкес мыналарды оқу қажет:



  • Міндетті базалық пәндер;

  • Таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;

  • Таңдау бойынша 3-тен кем емес элективтік курс;

  • «Зерттеу және шығармашылық әрекет негіздері» арнаулы курсының модулі. Сонымен қатар 11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жиыны рұқсат етілетін жүктеменің 36 сағатынан аспауы тиіс.

Бейіндік мектепте оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:

  • базалық жалпы білім беретін пәндер;

  • бағдарлы пәндер;

  • қолданбалы курстар;

  • таңдау курстары.

Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер – барлық оқушылардың бәріне тегіс міндетті. Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды

«қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді.

Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты: оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау.

Міндеттері:



  • оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;

  • курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін материалды өмірмен байланыстыру;

  • қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі, колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;

  • жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Арнайы курс бағдарламаларының құрылымы төмендегідей:

  1. Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні.

  2. Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау.

  3. Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:

  • курстың мақсаты;

  • оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;

  • пәнаралық кіріктіру;

  • кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;

  • уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.

  1. Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.

  2. Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.

  3. Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).

  4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

  5. Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі).

Ал таңдау курстары – оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т.б.) есебінен жүзеге

асырылады. Оқытуды бейіндеудің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс. Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бейіндері:



  • лингвистика,

  • филология,

  • тарихи-филология,

  • тарихи-құқықтану,

  • тарихи-қоғамтану және т.б.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бейіндері:

  • математика,

  • физика-математика,

  • математика-экономика,

  • физика-технология,

  • биология-химия,

  • география-биология,

  • биология-экология,

  • экология-салауаттану және т.б.

Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей арнаулы курстар болуы ықтимал:

  • шығармашылық ойлауды дамыту;

  • өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;

  • есептеу жүйесі;

  • есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері).

Айқындау курстарында бағдарлы оқытудың мазмұны мен әрекет ерекшеліктері айқын көрініс бергені дұрыс. Мысалы, химия-биологиялық немесе физикалық бағдарда оқушы осы бағдардың теориялық, практикалық және эксперименттік құрамдас бөліктерін меңгеруі қажет. Бұл жерде курстар экспериментальдық практикумдар, ізденіс зертханалары түрінде жүргізілгені тиімді. Мысалы, химиялық эксперимент.

Жаратылыстану-математикалық бағдар үшін оқушылардың таңдауына төмендегідей қолданбалы курстарды ұсынуға болады:



  • логика;

  • дифференциалдық теңдеулер;

  • қолданбалы физика;

  • радиотехника және электроника негіздері;

  • математика және бағдарламалау;

  • молекулярлық биология;

  • биотехнология т.б.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары:

  • Оқу-тәрбие әдістерін қайта қарау, мектеп пәндерін түйсіктік- ұйымдастырушылық деңгейде құрамдастыру;

  • Ұлттық мәдениет, мәдени мұра мәселелерін (дистуттарды,

пікірталастарды) сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру;

  • Қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру;

  • Қосымша білім беру пәндерін ендіру. Күтілетін нәтижелер:

  • Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру;

  • Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесінің оқу- әдістемелік жабдықталуының сапасын арттыру;

  • Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау;

  • Болашақ мамандарды оқыту мен олардың болашақ қызметінің тығыз байланысын ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету;

  • Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу проблемасын шешу.

Технологиялық бағытындағы оқыту бейіндері:

  • химия;

  • биология;

  • физика;

  • технология;

  • графика және жобалау.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында ауыл мектептерінде бейіндік оқытуды қамтамасыз етудің ең тиімді механизмдерінің бірі тірек мектебі (ресурстық орталық) болып табылады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқыту білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден-бір құралы ретінде қарастырылады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытудың мақсаты 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында ресурстарды (қорларды) тиімді басқаруды негіздеу.

Міндеттері:



  • мектеп бітірушілерді бейінді оқытуға және кәсіби өз-өзін айқындауына септігін тигізетін білім беру ұйымдарының желілік байланыс құруына қолайлы жағдай туғызу жолдарын анықтау;

  • білім беру процесін бейінді оқыту (даралап оқыту, білім мазмұны мен әдістемесінің оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттіліктеріне және білім алу қажеттіліктеріне сәйкестігі) міндеттерін шешуге бағыттап құрудың ғылыми-әдістемелік негіздері;

  • оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың кәсіби өзін-өзі айқындауына және сапалы білім алуына жағдай туғызатын бейінді оқытудың оңтайлы үлгісін ұсыну.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу сессияларының мазмұны оқушының шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін арттыру, бейінді оқытуға көшу шараларын жүзеге асыратын бағытта құрылады. Сессиядағы бағдарлы оқыту барлық 10-сынып оқушыларының

қызығушылықтары ескеріле отырып, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытып қана қоймай, ауқымы кең білімдік кеңістік құруға негізделеді.

Осы орайда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай мектебі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет