Бейорганикалық


 Әлсіз электролиттің диссоцияциясын біртекті ионды



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ
PRAKTIKUM KAZ

2. Әлсіз электролиттің диссоцияциясын біртекті ионды 
қосу  жолымен  әлсірету.  2  н  сірке  қышқылының 
ерітіндісіне  2  тамшы  метилоранж  қосып,  индикатордың 
түсін байқылаңдар. Содан кейін сынауыққа ерітіндінің түсі 
өзгергенге 
дейін 
аммоний 
ацетатының 
бірнеше 
кристалдарын  қосыңдар.  Ерітіндінің  рН-ы  қалай  өзгереді? 
Сірке қышқылының диссоциялану реакциясының теңдеуін 
жазыңдар  және  Ле-Шателье  принципін  қолданып  ерітінді 
түсінің өзгергендігін түсіндіріңдер.  
2  н  NH
4
OH  ерітіндісіне  екі  тамшы  фенолфталеин, 
одан  кейін  ерітіндінің  түсі  өзгергенше  аммоний 
ацетатының  бірнеше  кристалын  қосыңдар.  NH
4
OH 
ерітіндісінің  pН-ын  CH
3
COONH
4
  қосқанға  дейін  де  және 
қосқаннан  кейін  де  белгілеңдер.  Аммиак  ерітіндісінің 
диссоциациялануының  реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Ле-
Шателье  принципі  негізінде  бақылаған  құбылысты 
түсіндіріңдер. 

 
148 
3.  Ерітіндінің  рН-ын  әмбебап  индикатор  көмегімен 
анықтау.  рН-тың  жуық  мәнін  анықтау  үшін  әмбебап 
индикаторларды  қолдану  қолайлы.  Олар  рН  мәнінің  кең 
интервалында  ерітіндінің  түсін  өзгеретін  бірнеше 
индикаторлар  қоспасынан  тұрады.  Әмбебап  индикаторы 
сіңірілген және кептірілген  
 
Тексерілетін ерітінді 
Әмбебап 
индикатордың түсі 
рН 
Тұз қышқылы 
 
 
Сірке қышқылы 
 
 
Натрий гидроксиді 
 
 
Аммиак ерітіндісі 
 
 
Су құбырының суы 
 
 
қағаз  әмбебап  индикатор  қағазы  деп  аталады.  Әмбебап 
индикаторлар ерітінді түрінде де қолданылады.  
Жұмыстың  орындалуы:  0,1  н  тұз  қышқылы,  сірке 
қышқылы,  натрий  гидроксиді,  аммиак  ерітінділерінің, 
сонымен бірге судың рН анықтаңдар. Нәтижелерді кестеге 
енгізіңдер. 
Осы  электролиттердің  диссоциялану  реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  
Әмбебап  индикаторлардың  ортаның  рН  мәніне 
байланысты өзгеруінің түсі кестеде берілген. 
 
рН 
Түсі 
рН 
Түсі 

Құлпынай түсті 

Жасыл-сары  

Күлгін-сары 

Сары-жасыл 

Қызыл-сары 

Жасыл 

Сарғыш-қызғылт 

Көкшіл-жасыл 

Сары  
10 
Сұрғылт-көк 
 
ғ 32 жұмыс. Әмбебап иономердің көмегімен рН-ты 
электрометриялық анықтау 

 
149 
 
Сәйкес  ионселективті  электродтары  бар  әмбебап 
иономерлер  жиынтығы,  ерітінділердегі  бір  және  екі 
валентті  аниондардың  және  катиондардың  активтілігін 
анықтау  үшін  (рХ  мәндері),  сонымен  қатар  тотығу-
тотықсыздану  потенциалдарын  (Е  мәндері)  өлшеу  үшін 
қажет.  Қазіргі  кезде  әртүрлі  елдердің  атақты  фирмалары 
түрлі маркалы иономерлер шығаруда. Қазақстанда рН-340; 
ЭВ-74;  И-120;  И-130    маркалы  иономерлер  және  Ресейде, 
ТМД  елдерінде  шығарылатын  иономерлер  кеңінен 
таралған.  Әмбебап  иономерде  рН  мәнін  өлшеу  үшін 
сутекті шыны электродты 
 
жүйе,  (әрі  қарай  тек  сутекті 
функциялы 
шыны 
электрод 
туралы  айтылады)  және  39-
суретте 
сызбанұсқасы 
келтірілген 
көмекші 
(күміс 
хлорлы) 
электрод 
пайдаланылады.  Шыны  электрод 
түтіктен,  оның  ұшы  өте  жұқа 
шыны  шариктен  (1)  жасалған. 
Шарикте 
рН 
мәні 
белгілі 
қышқыл 
39-сурет.  
Әмбебап иономер 
ерітіндісі  бар,  ол  хлоркүмісті 
электродқа  батырылған  (толық 
күміс 
хлоридімен 
қапталған 
күміс  
сым).  Күміс  хлорлы  электрод  ішкі  жанасу  (3)  рөлін 
атқарады  және  шыны  электродтың  (2)  ішкі  бөлігін 
толтыратын  ерітіндімен  электрлі  байланыс  жасайды. 
Электродты ерітіндіге батырғанда шарик бетімен (1) шыны 
электрод  ерітінділердің  арасында  ион  алмасу  жүреді, 
нәтижесінде литий немесе натрий иондары шыны бетіндегі 
сутек  иондарымен  алмасады,  шыны  электрод  сутекті 

 
150 
электрод  қасиетін  көрсетеді.  Шыны  беті  мен  зерттейтін 
ерітінді  арасында  Е
х
  потенциал  айырымы  пайда  болады, 
оның  мәні  еріткіштегі  сутек  иондарымен  және  оның 
температурасымен  анықталады.  Бірақ  шыны  электрод 
бетінде  пайда  болатын  Е
х
  потенциалын  өлшеу  мүмкін 
емес.  Сондықтан  шыны  электродты  басқа  белгілі  және 
потенциал  секірмесін  жақсы  көрсететін  электродпен 
қосады. Мұндай электродтар көмекші электрод (4) немесе 
салыстыру  электроды  деп  аталады.  Әмбебап  иономерде 
көмекші  электрод  ретінде  күмісхлорлы  электродтан  (4), 
белгілі  бір  ыдыстан  (8)  және  тесіктері  бар  электролиттік 
кілттен  тұратын  электрод  қолданылады.  Көмекші 
күмісхлорлы 
электродпен 
зерттейтін 
ерітіндінің 
арасындағы  байланыс  белгілі  бір  ыдыс  (қаныққан  KCl 
ерітіндісімен  толтырылған)  және  шыны  талшықты 
тығынмен  аяқталады.  KCl  ерітіндісі  арқылы  тығынның 
шыны  талшығы  үздіксіз  өтіп,  зерттейтін  ерітіндіден 
электродты жүйеге басқа ионның өтуіне кедергі жасайды. 
 
Шыны  беті  және  зерттелетін  ерітінді  арасында 
потенциал  айырымы  туады.  Оның  мәні  ерітіндідегі  сутек 
иондарының 
концентрациясымен 
және 
оның 
температурасымен анықталады.  
 
Иономерді жұмысқа дайындау.   
Жұмысқа  кіріспес  бұрын  қондырғыдағы  нұсқау 
бойынша  басқару  жүйелерімен  және  тетіктерімен, 
сонымен  бірге  қондырғыны  қосу  ережесімен  және 
ерітіндінің рН-ын өлшеумен танысу қажет. 
 
Жұмыстың  алдында  қондырғыны  ток  көзіне  қосып 
және 30 минут бойы қыздыру керек. Ерітіндінің рН мәнін 
өлшеу  кезінде  сутектік  функциялы  электродты  таңдау 
керек.  Жұмыстың  алдында  электродтың  паспортында 
көрсетілген  нұсқауларға  сәйкес  электродтарды  дайындау 

 
151 
қажет. Сутекті функциялы электродтарды бір тәулік уақыт 
0,1М тұз қышқылы ерітіндісінде ұстау керек.  
Өлшеу  алдында  бақылау  ерітінділерінің  көмегімен 
иономер  калибровкасын  жасау  қажет.  рН  бақылау 
ерітінділері  ретінде  рН  өлшеу  үшін  ГОСТ  8.В5-74 
бойынша стандарт титрден даярланған стандартты буферлі 
ерітінділер  пайдаланылады,  олар  әлі  күнге  дейін 
Қазақстанда  бар.  Буферлі  ерітінділердің  рН  мәні  кестеде 
берілген. 
 
Т
0
 С 
ғ1 
ерітінді 
ғ2 
ерітінді 
ғ3 
ерітінді 
ғ4 
ерітінді 
ғ5 
ерітінді 
20 
1,675 

4,002 
6,881 
9,225 
25 
1,688 
3,557 
4,008 
6,865 
9,180 
 
ғ1 ерітінді - калий тетраоксалатының 0,05М ерітіндісі; 
ғ2  ерітінді - 20
0
С температурада калий  гидротартратының 
қаныққан ерітіндісі; 
ғ3 ерітінді - 0,05 М қышқылды гидрофталат ерітіндісі; 
ғ4 ерітінді - 0,025 М калий гидрофосфат ерітіндісі және  
0,25 М натрий дигидрофосфат ерітіндісі; 
ғ5 ерітінді - 0,01 М натрий тетроборат (бура) ерітіндісі. 
Электродтарды  ерітінділерге  батырмас  бұрын 
дистилденген  сумен  шайып,  қалдықтарын  сүзгі  қағазбен 
құрғату  керек.  Дәл  өлшеу  үшін  электродтарды  тәжірибе 
жасайтын ерітіндімен шаю керек.  
Әдетте  рН  мәндерін  анықтау  уақыты  3  минуттан 
аспайды.  Бірақ  сұйытылған  ерітінділердің  рН-ын  өлшеу 
кезінде,  сонымен  қатар  0
0
С  температурада  күшті 
қышқылды  және  күшті  негізді  ерітінділердің  рН  өлшеу 
кезінде  көрсеткіштің  тұрақтау  уақыты  10  минутқа  дейін 
өсуі мүмкін.  
Қондырғыны  қалпына  келтіру  екі  бақылау 
ерітінділерімен 
жүргізіледі, 
олардың 
рН 
мәндері 

 
152 
қолданылатын  электродты  жүйенің  өлшеу  диапазонында 
жатуы керек. 
 
Қондырғының көрсетулерін тексеру және 
ерітінділердің рН-ын анықтау 
1.  Калий  тетраоксалатынан  дайындалған  стандартты 
буферлі  ерітінді  бойынша  құралдың  көрсеткішін  тексеру 
қажет.  20
0
  температурада  0,05  М    калий  тетраоксалаты 
ерітіндісінің  рН  мәні  0,68-ге  тең.  Электродтарды  0,05  М 
калий  тетраоксалат  ерітісіндісіне  батырып,  “Құралдарды 
қосу және ерітіндінің рН анықтау реті” тарауында берілген 
ережелерді  басшылыққа  ала  отырып,  оның  рН-ын 
өлшеңдер. Құралдың бағдаршасы 1,68 рН бірлігін көрсету 
керек, егер басқаша болса мұғалімнен кеңес сұраңдар. 20
0
С 
температурада  рН=9,22  натрий  тетраборатының  0,01  М 
ерітіндісі бойынша құралдың көрсетуін тексеріңдер. 
2.  Жаңадан  дайындалған  0,1  н  тұз  қышқылы  және  натрий 
гидроксиді ерітінділерінің рН анықтау керек. Табылған рН 
мәндерді көрсетілген ерітіндінің есептелген рН мәндерімен 
салыстырыңдар. 
3. 0,1 н сірке қышқыл ерітіндісінің рН мәнін анықтап оны 
0,1  н  тұз  қышқылы  ерітіндісімен  салыстырыңдар.  Сірке 
қышқылы  мен  тұз  қышықылы  ерітіндісінің рН  мәндерінің 
айырмашылығын  түсіндіру  қажет.  0,1  н  ерітіндідегі  рН 
мәні  бойынша сірке  қышқылы диссоциациясының К  және 
(G
0
 константасын есептеңдер. 
4. 0,1 н сірке  қышқылының ерітіндісі бар стаканға сондай 
көлемде  0,1  н  натрий  ацетаты  ерітіндісін  қосыңдар. 
Ерітіндіні  жақсылап  араластырып  рН  мәнін  анықтаңдар. 
Анықталған  рН  мәнді  0,1  н  сірке  қышқылының  рН-мен 
салыстырыңдар.  Натрий  ацетаты  ерітіндісін  қосқан  кезде 
сірке 
қышқылы 
ерітіндісінің  рН-мәнінің  өзгеруін 
түсіндіріңдер. 

 
153 
 
рН  мәнін  электрометрлік  анықтау  теориясы  мен 
практикасы  толығымен  берілген  монография  бар. 
Сонымен  қатар  онда  ғылыми  зерттеу  жұмыстарында 
және  өндірісте  рН  өлшеу  үшін  қажет  шыны 
элетродтарының  теориясы  мен  практикасы  туралы 
толығымен айтылған.  
 
ғ 33 жұмыс. Тұздар гидролизі 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  әмбебап 
иономер,  электр  плитасы,  Бюхнер  құйғысы,  сынауықтар, 
0,1 н NaCl, Na
2
SO
4
, MgSO
4
, AlCl
3
, CH
3
COONa ерітінділері; 
0,5  н  AlCl
3
,  CH
3
COONa,  MgCl
2
,  ерітінділері;  0,5  н  SbCl
3

SnCl
2
    ерітінділері,  0,1  н  Na
2
CO
3
,  NaHCO
3
,  NaH
2
PO
4

Na
2
HPO
4
,  Na
3
PO
4
  ерітінділері;  0,5  н  ZnSO
4
,  FeCl
3
  
ерітінділері,  2  н  HCl  ерітіндісі;  индикаторлар:  әмбебап 
индикатор  қағазы;  бейтарап  лакмус  ерітіндісі  немесе 
лакмус 
қағазы; 
фенолфталеин 
ерітіндісі; 
ерітінді 
араластыру үшін шыны таяқшалар. 
 
“Тұз-су”  жүйесінде  еру  процесі  мен  электролиттік 
диссоциациядан  басқа,  химиялық  реакция  болуы  мүмкін. 
Бұл  туралы  газ  бөлуінен,  аз  диссоциацияланатын  немесе 
қиын  еритін  қосылыстар  түзілуінен  және  рН  ортаның 
өзгеруінен  білуге  болады.  Тұз  молекулаларының  сумен 
химиялық 
әрекеттесу 
нәтижесінде 
түзілетін 
аз 
диссоциацияланатын  қосылыстарды  және  судың  ионды 
туындысының араласуын гидролиз деп аталады. Гидролиз 
процесінің  болу  жағдайы  мен  тереңдігі  қышқыл  мен 
негіздің  күшімен  анықталады  немесе  негізді  тұздар 
түзіледі. Көп зарядты гидролизденетін иондары бар тұздар 
гидролизі  сатыланып  жүреді  және  нәтижесінде  қышқыл 
және  негіз  тұздар  түзіледі.  Гидролиздің  сандық  мәні 
гидролиз  дәрежесімен  (Һ)  және  гидролиз  тұрақтысымен 
(K
r
)  сипатталады.  Гидролиз  дәрежесі  гидролизденген  тұз 

 
154 
молекулары  санының  жалпы  тұз  молекулалар  санына 
қатынасымен 
анықталады. 
Егер 
ерітіндінің 
концентрациясы аз болса гидролиз дәрежесі соншалық көп 
болады және ерітіндіні қыздырғанда тез өседі. 
1.Әртүрлі  тұздар  ерітінділеріндегі  реакция  ортасын 
индикатор көмегімен анықтау. 
Жұмыстың  орындалуы:  5  сынауыққа  2-3  мл-ден  0,1М 
натрий  хлориді,  натрий  сульфаты,  магний  сульфаты, 
алюминий  хлориді  және  натрий  ацетаты  және  лакмус 
ерітіндісінің  бірнеше  тамшыларын  қосыңдар.  Шыны 
таяқшаның  көмегімен  ерітінділерді  араластырыңдар 
(таяқшаларды 
бір 
ерітіндіден 
екінші 
ерітіндіге 
дистилденген сумен шайғаннан кейін ғана салыңдар). 
Әрбір  тұздың  ерітіндісіндегі  реакцияның  ортасы 
туралы  қорытындыны  лакмус  түсінің  өзгеруі  бойынша 
жасаңдар.  Зерттелген  тұздардың  қайсысы  гидролизге 
ұшырайды? 
Көрсетілген 
тұздардың 
гидролиз 
реакциясының  молекулалық  және  иондық  теңдеулерін 
жазыңдар. Сатылы гидролиз жағдайында реакция теңдеуін 
тек  бірінші  саты  үшін  ғана  жазыңдар.  Тұздардың 
ерітінділеріндегі реакцияның ортасы туралы  
а) күшті негіз және күшті қышқылдан; 
ә) күшті негіз және әлсіз қышқылдан; 
б) әлсіз негіз және күшті қышқылдан; 
г)  әлсіз  негіз  және  әлсіз  қышқылдан  түзілгендерден  ортақ 
қорытынды  жасаңдар.  Көрсетілген  тұздардың  типі  үшін 
гидролиз константасын жазыңдар. 
2.  Гидролиз  кезінде  негіздік  және  қышқылдық 
тұздардың түзілуі 
а) Алюминий ацетатының гидролизі.  
Сынауыққа 7-8 тамшы алюминий хлориді ерітіндісін  және 
осындай  мөлшерде  натрий  ацетаты  ерітіндісін  құйыңдар. 
Сынауықты  тұрғыға  бекітіп  және  оны  қайнағанға  дейін 
қыздырылған  сулы  жылытқышқа  орналастырыңдар. 

 
155 
Алюминийдің  негіздік  тұзының  Al(OH)
2
CH
3
COO  тұнбасы 
түзілгенін  бақылаңдар.  Алюминий  ацетаты  түзілуінің 
молекулалық  реакция  теңдеуін  және  оның  гидролизінің 
иондық  теңдеуін  жазыңдар.  Түзілген  негізгі  тұздың 
тұнбасы  гидролиздің  қай  сатысының  өнімі  болып 
табылады?  Қандай  тұздардың  гидролизінде  негізгі  тұздар 
түзілуі мүмкін? 
б) Натрий сульфитінің гидролизі. 
Сынауыққа  3-5  мл  су  құйыңдар,  оған  натрий  сульфитінің 
кристалын 
салыңдар 
және 
шыны 
таяқшамен 
араластырыңдар.  Түзілген  ерітіндінің  екі  тамшысын 
индикатор  қағазына  тамызып,  рН  мәнін  анықтаңдар. 
Анықталған  рН  мәні  ерітіндіде  қандай  иондардың  бар 
екенін  көрсетеді?  Бұл  иондар  қандай  процесстің 
нәтижесінде пайда болды? 
 
Иістің байқалмағандығынан натрий сульфиті толық 
гидролизге  ұшырамағанын  көруге  болады.  Гидролиздің 
бірінші сатысының өнімі қандай тұз болып табылады?  
Натрий  сульфиті  гидролизінің  молекулалық  және 
иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Қандай тұздардың 
гидролизі кезінде қышқыл тұздар түзіледі?  
в) Темір (ІІІ) карбонатының гидролизі. 
Химиялық стакақанға 10 мл 2 н FeCl
3
 ерітіндісін құйыңдар 
да,  10  мл  2  н  натрий  карбонаты  ерітіндісін  қосып, 
қыздырыңдар.  Қандай  газ  бөлінеді?  Бюхнер  құтысында 
тұнбаны  сүзіңдер  және  артық  Na
2
CO
3
  жою  үшін  ыстық 
сумен  жақсылап  шайыңдар.  Одан  кейін  тұнбаны 
сынауыққа  ауыстырып  2-3  мл  HCl  ерітіндісін  қосыңдар. 
CO
2
  газының  бөлінуі  байқалады  ма?  Не  себепті  FeCl
3
 
ерітіндісіне  Na
2
CO
3
  ерітіндісімен  әсер  еткенде  темір  (ІІІ) 
карбонаты түзілмейді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
3. Тұздардың толық (қайтымсыз) гидролизінің мысалы 
Екі  сынауыққа  6-8  тамшыдан  алюминий  хлориді 
ерітіндісін  құйыңдар.  Бірінші  сынауыққа  көлемі  сондай 

 
156 
аммоний  сульфиді  ерітіндісін,  ал  келесісіне  -  натрий 
карбонаты  ерітіндісін құйыңдар. Бірінші  сынауықтан  (иісі 
арқылы)  күкіртсутек  бөлінгенін,  екіншісінен  көміртек 
диоксидінің көпіршіктері түзілгенін байқаңдар.  
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін 
жазыңдар.  Екі  жағдайда  да  тұнбаға  не  түседі?  Неге 
алюминий сульфиді және карбонаты түзілмейді? 
 
4. 
Тұздардың  гидролиз  дәрежесіне  әсер  ететін 
факторлар. 
а)  Тұз  түзуші  қышқыл  немесе  негіз  күшінің  гидролиз 
дәрежесіне әсері. 
Екі  сынауыққа  3-5  мл-ден  дистилденген  су  құйыңдар.  Бір 
сынауыққа бір микроқалақша натрий сульфиті кристалын, 
екіншісіне  дәл  сондай  натрий  карбонаты  кристалдарын 
салыңдар. 
Натрий 
сульфиті 
мен 
натрий 
карбонаты 
гидролизінің  (бірінші  саты  бойынша)  молекулалық  және 
иондық  реакция  теңдеулерін  жазыңдар.  Қандай  тұздың 
ерітіндісінде  фенолфталеин  түсі  қанығырақ?  Қандай 
ерітіндіде  ОН
-
  иондарының  концентрациясы  жоғары?  Қай 
тұздың гидролиз дәрежесі көбірек? Не себепті?  
Бірдей концентрация мен температурада қай тұздың 
AlCl
3
  және  MgCl

гидролиз  дәрежесі  көбірек?  Қай  тұздың 
ерітіндісінде  Н
+
  иондарының  концентрациясы  жоғары? 
Осы  тұздардың  рН-ын  индикатор  қағазының  көмегімен 
жобалап  анықтау  арқылы,  өздеріңнің  болжамдарыңды 
тәжірибемен  тексеріңдер.  Тұз  түзуші  қышқыл  мен  негіз 
күшінің  гидролиз  дәрежесіне  әсері  туралы  ортақ 
қорытынды жасаңдар. 
б) Гидролиз дәрежесіне температураның әсері.  
Сынауыққа  7-8  мл  дистилденген  су  құйыңдар  және  оған 
натрий ацетаты кристалын салыңдар. Тұздың гидролизінің 
молекулалық,  иондық  реакция  теңдеулерін  жазыңдар.

 
157 
 
Натрий ацетаты ерітіндісі қандай рН мәнін көрсету 
керек: 7-ден кіші немесе жоғары ма?  
Тұз  ерітіндісі  бар  сынауыққа  бір  тамшы 
фенолфталеин  тамызыңдар  және  қайнағанға  дейін 
қыздырылған сулы жылытқышқа сынауықты батырыңдар. 
Қыздырғанда фенолфталеин түсінің өзгеруін негізге 
ала  отырып  ОН
-
  иондары  концентрациясының  өзгеруі 
туралы  қандай  қорытынды  жасауға  болады?  Гидролиз 
тепе-теңдігі  қай  бағытқа  ығысады?  Сынауықты  суық  суда 
суытыңдар.  Гидролиз  тепе-теңдігінің  ығысуы  тағы  да 
байқала ма?  
Тұз  гидролизі  дәрежесіне  температураның  әсері 
туралы  қорытынды  жасаңдар.  Бұл  құбылыстың  себебін 
түсіндіріңдер. 
в) Тұз гидролизінің дәрежесіне ерітіндінің сұйылуының 
әсері.  
Сынауыққа  2-3  тамшы  сүрме  (ІІІ)  хлориді  ерітіндісін 
құйыңдар  және  оксосүрме  хлоридінің  SbOCl  ақ  тұнбасы 
түзілгенге  дейін  тамшылатып  су  қосыңдар.  Бұл  тұнба 
гидролиздің  екінші  сатысында  Sb(OH)
2
Cl-дан  суды  бөліп 
алу салдарынан түзіледі. 
Сүрме  (ІІІ)  хлориді  гидролизінің  бірінші  және 
екінші 
сатысындағы 
молекулалық 
және 
иондық 
теңдеулерін  жазыңдар  және  оның  гидролизінің  Sb(OH)
2
Cl 
түзілгенге  дейінгі  жалпы  теңдеулерін  жазыңдар.  Сүрме 
(ІІІ)  хлориді  бірінші  сатысының  гидролиз  константасын 
анықтаудың 
формуласын 
көрсетіңдер. 
Гидролиз 
дәрежесіне  ерітіндінің  еруінің  әсерін  осы  константа 
көмегімен  анықтаңдар.  Қай  реактивті  қосуымен  сүрме 
хлоридінің  гидролиз  дәрежесін  төмендетуге  болады. 
Өздеріңнің қорытындыларыңды тәжірибемен тексеріңдер. 
Тұздардың  гидролиз  дәрежесіне  сұйылтудың  әсері 
туралы  ортақ  қорытынды  жасаңдар.  Қандай  тұздардың 
гидролиз дәрежесі ерітіндіні сұйылтқан кезде өзгермейді? 

 
158 
г) 
Тұздар 
гидролизіне 
сутек 
иондарының 
концентрациясының өзгеруінің әсері.  
Сынауыққа  8-10  тамшы  дистилденген  су  құйыңдар 
және  қалайы  (ІІ)  хлоридінің  кристалын  қосыңдар. 
Ерітіндіні  шыны  таяқшамен  араластырыңдар.  Түзілген  ақ 
тұнба  қалайының  негіздік  тұзы  SnOHCl  болады.  Осы  тұз 
қандай процесс нәтижесінде түзіледі?  
Молекулалық  және  иондық  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар? Гидролизді басу үшін ерітіндіде қай иондардың 
концентрациясын  өсіруге  болады?  Осы  иондарды 
қосыңдар. Тұнба еріді ме? 
 
5.  Әмбебап  иономер  немесе  Н
+
-функциялы  шыны 
электроды 
бар 
рН-метрдің 
көмегімен 
тұз 
ерітінділерінің рН-ын анықтау. 
1. 
Әмбебап  иономердің  көмегімен  0,1  М  натрий 
хлориді,  натрий  сульфаты,  магний  сульфаты,  алюминий  
хлориді  және  натрий  ацетаты  ерітінділерінің  рН-ын 
анықтаңдар.  Алынған  мәліметтер  негізінде  зерттелген 
ерітінділердегі 
сутек 
ионының 
концентрациясын 
есептеңдер.  Осы  тұздардың  гидролиз  реакциясының 
молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. 
2. 
Әмбебап  иономердің  көмегімен  натрий  карбонаты 
және  гидрокарбонаты,  натрий  -гидро,  -дигидро,  -
ортофосфаттары  ерітінділерінің  рН-ын  анықтаңдар. 
Гидролиз  реакциясының  молекулалық  және  иондық 
теңдеулерін 
жазыңдар. 
Алынған 
нәтижелерді 
түсіндіріңдер. 
Сәйкес 
қышқылдардың 
диссоциация 
константасының мәнін пайдаланып көрсетілген тұздардың 
гидролизінің  Kr  тұрақтысын  және  (G
0
  изобаралық-
изотермиялық потенциалын есептеңдер.  
3. 
1 М  натрий  ацетаты  ерітіндісінің рН-ын  өлшеңдер. 
Содан  соң  бұл  ерітіндіні  қайнағанға  дейін  қыздырып,  рН-
ын  қайтадан  өлшеңдер.  Қыздырылған  ерітіндінің  рН-ын 

 
159 
өлшеу  кезінде  иономердің  "ерітіндінің  температурасы" 
деген  жазуы  бар  тетігін  температураның  сәйкес  мәніне 
қою керек. Қыздырғанда ерітіндінің рН-ы неге өзгеретінін 
түсіндіріңдер.  Осындай  ұқсас  тәжірибені  0,5  М  мырыш 
сульфаты  ерітіндісімен  жасаңдар.  Натрий  ацетаты  және 
мырыш  сульфаты  гидролиз  реакциясының  теңдеулерін 
молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
 
ғ 34 жұмыс. Амфотерлі электролиттер. Тұнбалардың 
түзілу және еру жағдайлары 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  4  сынауық, 
мырыш,  хром,  алюминий,  бериллий  тұздарының  0,1  М 
ерітінділері,  10  %  NaOH,  HCl  ерітіндісі  (1:3),  KClO
3
,  KCl, 
NaClO
3
 қаныққан ерітінділері, ZnS, CuS құрғақ тұздары. 
 
1. 
Төрт  сынауыққа  мырыш,  хром,  алюминий, 
бериллий 
тұздарының 
ерітінділерін 
құйып, 
әрбір 
сынауыққа 10 % натрий гидроксидінің бірнеше тамшысын 
қосыңдар.  Ақ  тұнбаның  түзілгендігін  бақылаңдар.  Әрбір 
жағдайда 
тұнбаларды 
екі 
сынауыққа 
бөліңдер. 
Сынауықтардың  біреуіне  тұз  қышқылын  (1:3(,  екіншісіне 
10  %  сілтінің  артық  мөлшерін  құйыңдар.  Неліктен  екі 
жағдайда  да  тұнба  ериді?  Реакция  теңдеуін  молекулалық 
және иондық түрде жазыңдар. 
2. 
Екі  сынауыққа  3  мл  калий  хлоратының  (KClO
3

қаныққан  ерітіндісін  құйыңдар  да,  біреуіне  2-3  мл  калий 
хлоридінің  қаныққан  ерітіндісін,  екіншісіне  натрий 
хлоратының 
қаныққан 
ерітіндісін 
қосыңдар. 
Не 
байқалады? 
Ерігіштік  көбейтіндісі  туралы  түсініктерді  қолдана 
отырып,  қандай  жағдайда  тұнба  түзілетініне  түсініктеме 
беріңдер.  Оқулықтан  KClO

және  NaClO
3
  ерігіштік 
көбейтіндісінің мәнін жазып алыңдар. 

 
160 
3.Екі  сынауыққа  мырыш  сульфиді  мен  мыс  сульфидін 
салып, оған 2 мл су құйып араластырыңдар. Екі сынауыққа 
да  3  мл  тұз  қышқылын  құйыңдар.  Тұнба  неге ұшырайды? 
Реакция  теңдеулерін  молекулалық  және  иондық  түрде 
жазыңдар. 
Оқулықтан 
ZnS 
және 
CuS 
ерігіштік 
көбейтіндісін,  Н
2
S  диссоциациялану  константасын  жазып 
алыңдар. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет