«Бекітемін» №1 «Ақерке» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі: Р.Қарымсақова



Дата15.04.2020
өлшемі31,54 Kb.
#62636
Байланысты:
циклограмма Шманова А

«Бекітемін»

1 «Ақерке» бөбекжай балабақшасының



меңгерушісі: ________ Р.Қарымсақова

Әдіскер:__________ Н. Санкебаева

Циклограмма
5 – апта (16 – 20 Сәуір 2018)
«Айгөлек» ерте жас тобы

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»
Тақырыпша: «Еңбек – бәрін жеңбек»


Тәрбиеші: Шманова А

Перспективалық жоспар

«Айгөлек» ерте жас тобы

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты: қысқа әңгімелер, шағын тақпақтар оқу арқылы кейіпкерлерге жанашырлық танытуға, еңбекті бағалауға баулу.

Міндеттері:

  • Ересектердің басшылығымен жеңіл еңбек әрекеттерін орындап, қарапайым еңбек дағдыларын меңгертуді жалғастыру;

  • Заттарды өлшеміне байланысты салыстыруға үйрету;

  • Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту;

  • Жалпақ, дөңгелек пішінді мүсіндей білу дағдыларын бекіту;

  • Бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөлуге баулу;

  • Көңілді және баяу әндерді тыңдау;



Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

16.04.2018ж


Сейсенбі 17.04.2018ж

Сәрсенбі

18.04.2018ж

Бейсенбі

19.04.2018ж

Жұма

20.04.2018ж

Балаларды қабылдау.

Ата- аналармен әңгімелесу.
Ойындар(үстел үсті, саусақ және т.б)


08:00-09:00


Тәрбиеші балалармен қарым – қатынасы: ата – аналармен жеке әңгімелесу, жеке балалармен жұмыс, дене қызуымен тазалығына қөңіл бөлу, жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар.







Қимылды ойын: «Жаңбыр мен жел» Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалысын жетілдіру, қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»

Мақсаты: Жануарлардың төлдерін ажырата отырып ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

«Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын ояту. Достыққа баулу.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты: Балаларды ұжым болып ойнауға үйрету. Шеңбер жасап айналуды дағдыландыру.

«Еркін ойын»

Мақсаты: Өз бетінше еркін ойнауға мүмкіндік беру (секіру, жүгіру, ойыншықтармен ойнау, жүру)



Таңертеңгі

жаттығу

(5 мин)








  1. Бірінің артынан бірі жүру және жәй жүгіру, алмастырып балалардың қолдарында сылдырмақтар.

  2. Шеңбер бойлап тұру.

  3. Б.қ: аяқтарын алшақ, табандары қатар қойылған. Сылдырмақтарды екі қолмен жоғары көтеріп, аяқ ұшына тұру оларды сылдырату.

  4. Б.қ: Тік тұрып, қолдары төмен түсірілсін. Оңға-солға иіліп сылдырмақтарды бір – біріне соғу. Нұсқаушының соңынан сапқа тұрып жүру.



Таңғы ас мәдени – гигиеналық дағдылар

09:00-09:30

Астарың дәмді болсын! Балаларға ас ішуге көмектесу, қасықты оң қолдарымен ұстауға дағдыландыру. тазалыққа баулу (қолды дұрыс таза жууға, құрғақ сүртуге үйрету ) Ас қайыру

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

09:30-09:40



Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау


Ұйымдастырылған оқу қызметтері




Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09:40- 10:20

1.Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Түлкі мен тышқан»

( Виталий Бианки әңгімесі)



Мақсаты: Балаларға түлкі мен тышқан туралы түсінік беру.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру сұрақ – жауап, ойын технологиясы.

Барысы: балаларды ортаға жинап шаттық шеңберін орындату. Түлкі мен тышқанды әңгімелеу.

Күтілетін нәтиже:

әңгімені толық түсінуді.



Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: бір – біріне қамқор болуды.

2.Денешынықтыру (Негізгі қимылдар)

Шағын топпен жүру. Белгі бойынша тоқтап жүгіру.



Мақсаты: нұсқаушының белгісі бойынша отырып,

бір – бірлеп тізбектеп жүруге, жүкіруге үйрету. Балаларға гимнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеуге үйрету. Жаттығулардың ережесін дұрыс орындауға дағдыландыру.

Көңіл- күйлерін көтеру.

Қимылды ойын:

«Кім тез жетеді?»



Көрнекілігі: гемнастикалық тақтайша.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, жаттығу.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:. белгі бойынша тоқтап жүгіруді.

Нені біледі: ойын ережесін бұзбай ойнауды.

Түсінеді: гимнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеуді.



  1. Музыка

Тақырыбы: «Көбелек»

(А.Досмағамбетова)



Мақсаты: ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындап, ән айту дағдыларын бекіту.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, қайталату.

Корнекілігі: аудио таспалар, баян аспабы.



Ән тыңдау: «Төлдер» (Б.Ғизатов, Ж.Өмірбеков)

Музыкалық ырғақты қимыл: ойын «Құлыншақ»

Күтілетін нәтиже: Музыкалық шығармаға эмоционалды үн қату. Әндегі жоғарғы және төмен дыбыстарды үйрету.


Денешынықтыру

(Негізгі қимылдар)

Тақырыбы:

«Белгі бойынша тоқтап жүгіру. Гемнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеу»



Мақсаты: балаларға гимнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеуге – үйрету. Еденге қойылған текшелерге тиіп кетпей аттап жүруге үйрету. Жаттығулардың ережесін дұрыс орындауға дағдыландыру.

Қимылды ойын:

«Кім тез жетеді?»



Көрнекілігі: гимнастикалық тақтайша, текшелер.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, жаттығу.

Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: гимнатикалық тақтайдың бойымен еңбектеуді.
Түсінеді: текшелерден аттап жүруді.

2. Мүсіндеу

Тақырыбы:

«Күрекше»



Мақсаты: ермексазды жалпақтау тәсілімен күрекше жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: үлгі суреттер, ермексаз.

Барысы: балаларды шаттық шеңберіне жинап шаттық шеңберін жасату. Күрек туралы түсінік беру. Жұмыс барысын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: алақан арасына ермексазды салып, жұмсартып, жалпақтата отырып күрекше жасауды.

1.Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Бөлме гүлдерін күтіп баптаймыз»



Мақсаты: гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөлуге тәрбиелеу. Ересектердің нұсқауларын орындауға баулу. Еңбек сүйгіштікке баулу.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру,

сұрақ – жауап.



Көрнекілігі: әр түрлі бөлме гүлдері, су.

Барысы: балаларға шаттық шеңберін жасату. Бөлме гүлдері туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: Бөлме гүлдеріне қамқор болуды.


Денешынықтыру

(Негізгі қимылдар)

Тақырыбы:

«Гимнастикалық тақтайдың бойымен еңбектеу. Текшелерден аттап жүру»



Мақсаты: жылдам қозғалуды, баяу жылдам жүруді және жол бойымен 2 м қашықтыққа еңбектеуді үйрету.

Қимылды ойын:

«Кім тез жетеді?»



Әдіс – тәсілдері:

көрсету, түсіндіру,

сұрақ – жауап.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: бір қатарда тізбекпен жылдам және баяу жүгіруді.

Түсінеді:

шағын саты бойымен жоғары томен жүруді.





Серуенге дайындық

10:20- 10:40

Балаларды киіндіру. Киінудің реттілігін сақтауға, өз киімін тануға дағдыландыру, серуенге ойын материалдарын дайындау. Балалардың серуенге қызығушылығын туғызу.

Серуен:

10.40-11.10

Бақылау:

«Бүршік жарған талдарды»



Мақсаты: Талдардың көктем мезгіліндегі ерекшелігін түсіндіру.

Қимылды ойын: «Еркін ойын»

Мақсаты:

балаларға еркін, өз бетінше ойнауға мүмкіндік беру.



Бақылау:

«Құстарды»



Мақсаты: Балаларға құстар туралы мағұлмат беру. Көктем мезгілінде жылы жақтан құстар ұшып келетінін түсіндіру.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты: шеңбер бойымен тұрып айнала жүруді үйрету.


Бақылау:

«Көше көліктері»



Мақсаты:

Балаларға көше көліктерінен абай болуды дағдыландыру.



Қимылды ойын:

«Әткеншек»



Мақсаты: Үлкендердің көмегімен әткеншекте тербелу. Көңілдерін көтеру.

Бақылау: «Күн көзін»

Мақсаты: Балаларға күн көзінің бұлтты, бұлтсыз екенін ажырата білуге үйрету.

Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздық қа баулу.

Бақылау:

«Ауа райын»

Мақсаты: Балаларға ауа-райы туралы толық мағұлмат беру.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты:Бала лардың тіл байлығын жетілдіре отырып, ойынға қызығушылығын арттыру.


Серуеннен оралу

11.10-11.30

Балалардың реттілікпен киімдерін шешіп, жинастыруы, қолдарын жуу, тазалыққа баулу

Түскі ас


11:30-12:30

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс әдептілік ережесін үйрету.

Ас қайтару

Рахмет берген дәміңе,

Ризалық берсін бәріңе.

Аман болсын басыңыз,

Жүзге жетсін жасыныз.



Ұйқы

12:30- 15:10

Музыка әуенімен,ертегі оқып балаларды жатқызу, балалардың тыныш ұйықтауларына жағымды жағдай жасау. Тәтті ұйқы.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15:10-16:10

Сергек оянамыз, керілу, созылу жаттығулары. Массажды жолдармен жүргізу.

Балаларға шынықтыру, гигиеналық шараларын жасату.

Балаларды ән әуенмен тәтті ұйқысынан оятып, сергіту жаттығуларын жасау

Балаларды түскі ұйқыларынан ояту.Керілу, созылу жаттығулары. Массажды жолдармен жүргізу.

Көңілді әуенмен тәтті ұйқысынан оятып, сергіту жаттығуларын жасау

Бесін ас

Балалардың назарын тағамға аудару: ұқыпты тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс. Ас қайтару.

Ойындар, дербес әрекет



16.10-17.20

Қимылды ойын: «Жемістермен көкөністерді жинайық»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа жылдамдыққа баулу, қызығушылықтарын арттыру.

Ертегі: «Шалқан» Мақсаты: Балаларға ертегі тыңдауға үйрету. Бірігіп жасаған жұмыс жемісті болатынын ұғындыру.

Қимылды ойын: «Ұшты – ұшты» мақсаты: Балаларды аңғарым паздыққа, ұшатын ұшпайтын заттарды ажырата білуге үйрету.

Ертегі: «Бауырсақ» Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға үйрету, ынталандыру.

Қимылды ойын: «Допты қуып жет»

Мақсаты: Баларларды жүгіруге, допты қуып ұстап алуға үйрету, ұжым болып ойнауға үйрету.

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс




Балаларға түстер туралы әңгімелеп, ажыратуға үйрету.

Балаларға түстер туралы әңгімелеп, ажыратуға үйрету

Балаларға фломастер арқылы суреттер салуды үйрету.

Балаларды музыка ырғағымен билетіп, қимыл – қозғалыстарын дамыту.

Балаларға бірігіп сурет салуды үйрету.



Серуенге дайындық




Балаларды киіндіру. Киінудің реттілігін сақтауға, өз киімін тануға дағдыландыру, серуенге ойын материалдарын дайындау

Кешкі серуен

17.20-18.00


Ауа-райын тамашалау. Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық» Мақсаты: балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру.

Табиғат аясына серуендеу. Қимылды ойын: Әткеншек. Мақсаты:Ересек

тердің көмегімен әткеншекте тербеліп, көңіл күйлерін көтеру.



Таза ауада тыныс алу. Көктем мезгілі туралы әңгімелеу. Қимылды ойын: «сырғанақта сырғанау»

Серуенге қызығушылық туғызу.

Еркін ойындар: Мақсаты: Балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, қызығущылық тарын арттыру

Табиғатқа сүйіспеншілік пен қарау. Қимылды ойын: «Сырғанақ»

Мақсаты: Үлкендердің көмегімен

сырғанақ ойнап көңілдерін көтеру.



Балалардың үйге қайтуы

18:00- 18:30

Сау болыңыздар балалар!

Балалар іс – әрекетін мадақтау. Балабақшадан себепсіз қалмауларын өтіну.



Балалар іс – әрекетін мадақтау. Балабақшадан себепсіз қалмауларын өтіну.

Балаларды ата – аналарына тапсыру. Баласының балабақшада не үйренгенін сұрап, қадағалауларын тапсыру.

Ата – анаға балалардың таза болып келулерін тапсыру. Сау болыңдар балалар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет