«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет193/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Есептер:
1.Науқас жас, бала кезінде буын ауруларымен ауырған. Обьективті: сыртқы көрінісі айтарлықтай өзгеріссіз. Өкпеде везикулярлық тыныс. Пульсі ырғақты, 78 рет 1 минутта. Перкуторлы: жүрек шекаралары жоғарыға жіне солға кеңейген. Аускультативті: эпицентрі жүрек ұшы және сол қырымен жатқанда қолтықасты аймағы болып табылатын систолалық шу. Жүрек ұшында І тон әлсіреген, екінші тон жүрек негізінде аздап күшейген.
А. Алдын ала диагнозыңыз.
Б. Берілген аурудың негізгі этиологиялық факторлары.
В. ЭКГ, ФКГ және ЭхоКГ зерттеуде қандай өзгерістер күтуге болады?
2. Науқас 50 жаста, жақында төсінің ортаңғы бөлігінде ауырсынудың пайда болғанына шағымданады. Қысып ауырсыну сипаты, ұзақ жүргенде және тауға шыққанда, баспалдақпен 3-4-ші этажға көтерілгенде пайда болады. Ауырсыну қозғалысы тоқтағанда басылады. Обьективті: артық салмақты, өкпеде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары анық, таза, пульсі ырғақты, 78 рет 1 минутта, АҚ 130/80 мм с.б.б., іш қуысы мүшелері ерекшеліксіз. ЭКГ –де ЖЭО солға ығысқан.
А. Алдын ала диагноз қойыңыз.
Б. Негіздеңіз.
В. Берілген науқастың тексеру жоспарын құрастырыңыз.


1) Тақырып: №18. Аралық бақылау: коллоквиум 8-ші апта «Эндокринді мүшелері ауруларын зерттеу тәсілдері. Жедел аллергоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Жедел аллергоздар кезіндегі жедел көмек және диагностика алгоритмі».
2) Мақсаты: Жіті аллергоздар кезінде диагностика алгоритмі және жедел көмек көрсетуді оқыту.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру

4) Орындалу түрі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет