Бидайбеков Е


Түрлендiру және информатика түрлендiрушiлері



бет11/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87
Байланысты:
treatise13514

Түрлендiру және информатика түрлендiрушiлері

  1. Алгоритм және ақпаратты түрлендiру 12 сағат

  2. Ақпаратты логикалық түрлендiрушiлер 24 сағат

  3. Шектеулі автоматтар 14 сағат

  4. Цифрлық есептеу машиналары (ЦЕМ) 18 сағат

  5. ЦЕМ үшін программалау 14 сағат

Сигнал және ақпарат

  1. Ықтималдықтар теориясының элементтері 8 сағат

  2. Энтропия және ақпарат 8 сағат

  3. Кодтау және хабарлардың берілуі 8 сағат

Басқару жүйесін құру принциптері 12 сағат
Қорытынды 2 сағат

Осы зерттеуде айқын келтіріліп қарастырылған басқару, автоматтандыру, сонымен қатар ақпаратты сақтау, тарату, түрлендiру мен пайдалану сияқты кибернетикалық категориялар мен ұғымдар кейіннен алгоритмдеу мен программалау негіздерiмен қатар мектеп информатикасы курсының негiзгi компоненттерінің қатарына енгендіктен, атап айтқанда, осы теориялық тұрғыда негізделген, тәжірибелік жұмыс үдерісінде әдістемелік тұрғыдан сынақтан өткен кибернетиканың жалпы білім беру курсының негіздері (қазіргі атымен атағанда – информатиканың) қазіргі мектеп информатика курсының іргелі компоненттерін қалыптастырудың алғы шарттарын жасады деп есептеуге болады.


Математикалық логиканы оқитын оқушылардың оқу бағдарламасына кибернетика элементтерін енгізу бойынша тәжірибе жұмыстары біршама басқа тұрғыда – 1960 жылдардың басында, «факультативке» дейінгі кезеңде Ялта қаласының мектебінде және оқушылардың «Ізденуші» Кіші Ғылым Академиясының базасында В.Н. Касаткиннің басшылығымен жүзеге асырылды [31]. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған жаңа оқу әдебиетінің шығуына және кең таралуына мүмкіндік туғызған бұл бастамалар [33, 34] сәйкес факультативтік курстардың енуіне ғана емес, сонымен бірге, жалпы орта білім берудің мазмұнына кибернетика элементтерін енгізу идеясын белсенді түрде қолдауға да негіз болды.


1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу

Жалпы білім беретін білімді тереңдету және оқушылардың жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттіліктерін дамыту мақсатында орта мектептерге факультативтік сабақтар (1966 ж.) – оқу жұмысының жаңа түрі ретінде енгізілгеннен кейін математика мен оның қосымшалары бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру жұмыстары басталды. Олардың қатарында қандай да бір дәрежеде ЭЕМ-дi қолдану ұйғарылған үш факультативтік курс болды: «Программалау», «Есептеуіш математика», «Векторлық кеңістік және сызықтық программалау». Осы факультативтік курстардың, әсiресе, соның ішінде «Программалау» курсының енгізілуі орта мектепке программалау элементтерінің ілгерілмелі түрде енуінің ұзақ та, бірқилы кезеңінiң басталуына түрткi болды. Бұл үдерістің математикалық мамандандырылуы бар мектепке қарағанда өзгешілігі - программалау бойынша факультативтік сабақтардың, көбінесе, «машинасыз» оқыту жағдайларында өткізілуінде, айта кету керек, бұл алгоритмдеу мен программалаудың жалпы білім берудегі мәнін ашуға негізделген, тіпті, әдістемелік тұрғыдан, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдерді іздеуге жиі алып келдi.


Ақырында, сол жылдардағы математикалық орта білім берудi қайта құруды жүзеге асыруға сәйкес факультативтік сабақтарды жүйеге келтіруге байланысты, мектепке ұсынылған факультативтік курстардың қатарына «Есептеу жүйесі және ЭЕМ-нің арифметикалық құрылымы» (7-сынып), «Алгоритмдер және программалау» (8-сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10 сыныптар), «Программалау тілдері» (10-сынып) сияқты жаңа таңдаулы тақырыптар енгiзiлдi.
Сол кездегі арнайы факультативтік курстар шеңберінде ЭЕМ-ге программалау мен кибернетика элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістерiн жасауға байланысты негізгі әдістемелік мәселелер И.Н.Антиповтың 4,5, В.М.Монаховтың 57,58, В.С.Леднев пен А.А.Кузнецовтың 39, 38, 37, 51, 53, 54, В.Н.Касаткиннің, М.П.Лапчиктiң 40-42, Е.Ы.Бидайбековтың 87-96 және тағы басқа ғалымдардың еңбектерiнде, сондай-ақ көптеген басқа әдістемелік жасалымдарда өз шешімін тапты.
Шынын айту керек, ЭЕМ үшiн программалауды және кибернетика элементтерін оқытуға арналған арнайы факультативтік курстар кең көлемде тарала алмады. Бұл басты екі нәрсеге – мұғалімдердің курсты өткізуге дайын еместігіне және материалдық базаның жеткіліксіздігіне байланысты болды. Сонымен бірге, сол кездегі КСРО-ның ЭЕМ-ді шығару саласында артта қала бастауынан туындаған программалау бойынша әдебиеттерді идеялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың ұзаққа созылуы да әсерін тигізді. Осының салдарынан, 70 жылдардың ортасында мектептерге программалаудың ескірген тәсілдері негізінде құрылған оқу құралдары ұсынылды. Не дегенмен, табанды насихатталынып, көп жағдайда, оның ішінде, машинасыз оқыту жағдайында да практик мұғалімдердің тек ынта-ықыласының арқасында сақталынып қалған программалау бойынша арнайы факультативтік курстар, қалай болғанымен, мұғалімдер арасында жаңа қызықты және практикалық мәнi бар сала – ЭЕМ үшiн программалау туралы түсініктің таралуына мүмкіндік туғызды.
Осындай жолмен жиналған тәжірибелер, әсіресе, есептеу техникасымен жабдықталған ғылыми-өндірістік кәсіпорындар мен мектептер арасындағы байланыстардың дамуы оқу-өндірістік комбинаттары базасындағы мектептік білім беру саласына программалау мен есептеу техниканы ендірудің жаңа арнасының дамуына жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет